Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.6. 6—10 бет.
  • Құдай халқының арасынан пана тап

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай халқының арасынан пана тап
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Мен тура жолдан тая жаздадым”
  • Достарды даналықпен таңда
  • “Сендер күнәдан тазарып... ақталдыңдар”
  • Динаның бақытсыздыққа ұшырауы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Қауым Ехобаны дәріптесін
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • ‘Азғындықтан аулақ жүріңдер’
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Қауымдағы орнымызды бағалайық
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.6. 6—10 бет.

Құдай халқының арасынан пана тап

“Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын” (ЗАБ. 34:18).

1—3. а) Кейбір мәсіхшілер қалай рухани қауіпті жағдайға ұшырауы мүмкін? ә) Құдай халқы қай жерден қорғаныш таба алады?

ТРОПИКАЛЫҚ аймақта демалыста болған кездерінде Джо әйелімен бірге су астында сан алуан балықтар мен маржан жартастарды тамашалап жүрген еді. Олар сәл тереңірек жатқан маржан тастарды қызықтау үшін алыстау жүзіп кетеді. Сонда теңіздің терең тұсына кетіп қалғандарын сезген әйелі: “Біз тым алысқа кетіп қалдық-ау деймін”,— дейді. “Уайымдама,— деп жауап қатады Джо.— Мен не істеп жатқанымды білемін”. Бірақ көп кешікпей-ақ “балықтардың бәрі қайда кетіп қалды” деп таңданады. Сөйтсе, теңіздің тұңғиығынан тіке өзіне қарай бір акула жүзіп келеді екен. Сол сәтте өзіне қауіп төнгенін сезген Джоның жүрегі тоқтап қала жаздайды. Бірақ жанына жақындап қалған акула кенеттен кілт бұрылады да, жоқ болып кетеді.

2 Көңіл көтеру, жұмыс, байлық сияқты Шайтан дүниесінің қызығын қуған мәсіхші қауіпке толы “терең суларға” кетіп қалғанын байқамай да қалуы мүмкін. “Басымнан өткерген осы оқиға кіммен араласатыным жөнінде ойлануыма түрткі болды,— дейді ақсақал болып қызмет ететін Джо.— Бәріміз де өзімізді қауіпсіз, бақытты сезінетін суда жүзейік, яғни қауымнан алыстап кетпейік”. Иә, “терең суларға” жүзіп кетіп, бауырластардан бөлініп қалып, қауіп-қатерге ұшырап жүрмейік. Ал олай болған жағдайда, жылдам кері қарай “қауіпсіз суға” жүзейік. Олай етпейтін болсақ, Ехобамен қарым-қатынасымызды жоғалтып алуымыз ықтимал.

3 Осы зұлым дүние мәсіхшілер үшін өте қауіпті (Тім. 2-х. 3:1—5). Уақытының аз екенін білетін Шайтан, сергектік танытпағандарды жалмап қоюға әзір (Пет. 1-х. 5:8; Аян 12:12, 17). Алайда біз қорғансыз емеспіз. Ехоба өз халқы үшін мәсіхшілер қауымын ұйымдастырған. Онда әрқайсымыз өзімізді қауіпсіз сезінеміз.

4, 5. Көптеген адамдар болашаққа қалай қарайды және неліктен?

4 Бүгінгі қоғамда ешкім өзін тәндік және эмоционалдық жағынан толықтай қауіпсіз сезіне алмайды. Қылмыс, зорлық-зомбылық, қатыгездік, қымбатшылық және тіпті қоршаған орта мәселелерінің себебінен көп адамның бойын үрей билеген. Бәріміз де жастың ұлғаюы мен денсаулықтың нашарлауынан туындайтын қиыншылықтарға кезігеміз. Тіпті жұмысы, баспанасы бар, қаржы жағдайы мен денсаулығы жақсы адамдардың өздері қашанға дейін осылай болады екен деп уайымдайды.

5 Бүгінде көптеген адамдар жан тыныштығын жоғалтқан. Өкінішке қарай, некеде не балалы-шағалы болғанда тыныштыққа кенелеміз деп ойлаған адамдардың көбісінің үміті ақталмады. Рухани жағын алатын болсақ, дінге бас ұрғандардың көбі тығырыққа тірелген сияқты. Өйткені дінбасылары Киелі кітап ілімдеріне қайшы келетін істер жасайтындықтан олардың тәліміне күмәнмен қарайды. Діннен қайран болмағандықтан, көп адамның ғылымға және адамдардың жақсы ниеті мен адамгершілігіне арқа сүйеуден басқа амалы қалмады. Сондықтан адамдардың өзін қауіпсіз сезіне алмайтынына немесе болашақ туралы терең ойланғысы келмейтіндігіне таңғалмаса да болады.

6, 7. а) Құдайға қызмет ететіндер мен қызмет етпейтіндердің болашаққа деген көзқарастары не себепті әртүрлі? ә) Біз нені қарастырамыз?

6 Шынайы мәсіхшілердің көзқарасы осы дүниелік адамдардікінен қаншалықты өзгеше десеңші! Олардың кезігіп жүрген проблемалары біздің басымызда да бар. Десе де Ехобаның халқы болғандықтан, біз қиыншылықтарға басқаша қараймыз (Ишая 65:13, 14; Малахи 3:18 оқыa). Неліктен? Өйткені біз Киелі кітаптан адамзаттың неге осындай күй кешіп жатқандығының нақты себебін және өмірдегі проблемаларды қалай жеңуге болатынын білдік. Сол себепті болашақты ойлап, уайымға салынбаймыз. Ехобаға ғибадат еткеніміз бізді Киелі кітапқа негізделмеген пайдасыз ой қалыптан, азғындықтан және солардың зиянды салдарынан қорғайды. Иә, мәсіхшілер қауымы мүшелерінің өзгелерден ерекшелігі — олар жан тыныштығына кенелген (Ишая 48:17, 18; Філіп. 4:6, 7).

7 Ехобаның қызметшілері өздерін қауіпсіз сезінетінін көрсететін көптеген мысалдар бар. Оларды қарастырғанымыз ой қалпымыз бен жүріс-тұрысымызды тексеруге және бізді қауіп-қатерден қорғайтын Құдайдың кеңестеріне барынша құлақ түруге талпындырады (Ишая 30:21).

“Мен тура жолдан тая жаздадым”

8. Ехобаның қызметшілері әрдайым қалай әрекет етулері керек еді?

8 Ехобаға қызмет етуді таңдаған адамдар оған қызмет етпейтіндермен етене араласудан қашанда аулақ болған. Өзінің қызметшілері мен Шайтанға ергендердің арасында өштік болатыны жөнінде Ехоба алдын ала айтқан болатын (Жар. 3:15). Құдайдың принциптерін берік ұстанғандықтан оның қызметшілері елден ерекше әрекет ететін (Жох. 17:15, 16; Жох. 1-х. 2:15—17). Бұлай ету оларға әрқашан оңай бола бермеген. Тіпті кейбір Ехобаның қызметшілері таңдаған өмір жолдарының дұрыстығына күмәндана бастаған.

9. Забур жыршысын қандай ойлар мазалады?

9 Асафтың әулетінен шыққан 72-забур жырының жыршысы таңдаған жолының дұрыстығына күмәнданды. Ол күнәкарлар өркендеп жатқанда, не себепті Құдайға құлшылық етуге тырысып баққандар зәбір көруге тиіс деген сұрақ қойды (Забур 72:1—13 оқы).

10. Забур жыршысы көтерген сұрақтардың үстінен ой жүгірткенің неліктен маңызды?

10 Забур жыршысын мазалаған сұрақтар сенің де көкейіңде жүрген шығар. Егер солай болса, өзіңді кінәлап, сенімнен тайып жатырмын деп ойлама. Құдай қызметшілерінің біразы, оның ішінде Киелі кітаптың жазылуына үлес қосқандары да бар, осындай сұрақтар қойған (Әйүп 21:7—13; Заб. 36:1; Ерм. 12:1; Абб. 1:1—4, 13). Құдайға қызмет еткісі келетін адамдар өздеріне міндетті түрде келесі сұрақты қоюлары керек: Құдайға қызмет ету ең жақсы өмір жолы ма? Бұл сұрақ Шайтан Едем бағында көтерген бүкіләлемдік билікке қатысты даулы мәселемен тығыз байланысты (Жар. 3:4, 5). Олай болса, бәріміз де забур жыршысы қойған келесі сұрақтардың үстінен ой жүгірткеніміз абзал: еш жапа шекпей жүргендей көрінетін менмендердің өміріне қызыға қараймыз ба? Тура жолдан бас тартып, олардың жолын қуғанымыз дұрыс бола ма? Бұлай ететін болсақ, Шайтанды қуантатынымыз сөзсіз.

11, 12. а) Забур жыршысы көзқарасын қалай өзгертті және бұдан біз не нәрсеге үйренеміз? ә) Забур жыршысы сияқты тоқтамға келуге саған не көмектеседі?

11 Забур жыршысына көзқарасын өзгертуге не көмектесті? ‘Тура жолдан тая жаздаған’ ол соңында ‘Құдайдың үйіне’, яғни киелі шатырға немесе ғибадатханаға кірді. Сонда ол рухани мықты адамдармен араласты және Құдайдың ниеті жайлы ой жүгіртті. Осының арқасында күнәкарлардың жолы жақсылыққа апармайтынын және олардың кебін кигісі келмейтінін түсінді. Зұлымдардың ‘тайғақ жолда’ екендіктеріне көзі жетті. Забур жыршысы күнәкарлардың ‘зәрелері ұша қорқып, жоғалғанда’, Ехобаның қызметшілері оның панасында тұратынын білді (Заб. 72:16—19, 27, 28). Мұның растығына сенің де көзің жеткеніне күмән жоқ. Көпшілікке Құдайдың заңдарын елемей, тек өзі үшін өмір сүру ұнайды. Алайда мұның арты жақсылыққа апармайды (Ғал. 6:7—9).

12 Забур жыршысымен болған жағдайдан біз не нәрсеге үйренеміз? Ол қауіпсіздік пен даналықты Құдайдың қызметшілерінің арасынан тапқан. Ехобаға ғибадат ететін жерге барғанда ғана ол дұрыс бағытта ойлана бастады. Сол сияқты, біз де дана кеңестер мен пайдалы рухани тағамды қауым кездесулерінде аламыз. Міне, сол себептен Ехоба өз қызметшілерін қауым кездесулеріне қатысуға шақырады. Мұндай кездесулер жігер беріп, даналықпен әрекет етуге талпындырады (Ишая 32:1, 2; Евр. 10:24, 25).

Достарды даналықпен таңда

13—15. а) Дина қандай бақытсыздыққа ұшырады және бұдан қандай сабақ алуға болады? ә) Мәсіхші бауырластарымызбен араласу не себепті қорғаныш болады?

13 Жақыптың қызы Дина осы дүниелік адамдармен араласып, бақытсыздыққа душар болды. Жаратылыс кітабында оның көрші қанахандық қыздармен жиі араласып тұрғаны айтылған. Ол жердің тұрғындары Ехобаның қызметшілері сияқты жоғары құлықтылық нормаларын ұстанбаған. Зерттеушілердің айтуынша, Қанахан жерінде пұтқа табынушылық, азғындық, жыныстық қатынасқа түсуден тұратын діни рәсімдер және зорлық-зомбылық кең етек алған (Мыс. ш. 23:23; Леуі. 18:2—25; Заң. қ. 18:9—12). Динаның сондай адамдармен араласқаны неге әкеп соққанын еске түсірейікші.

14 “Әкесінің үйіндегілердің ең беделдісі” болған Сихем есімді жігіт Динаны “көріп қалып, алып кетіп, зорлап тастады” (Жар. 34:1, 2, 19). Не деген сұмдық! Осындай жағдайға тап болатыны Динаның ойына да кіріп-шықпаған болса керек. Бәлкім, ол жергілікті жастармен араласқанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаған шығар. Бірақ Динаның бұл аңқаулығы басын бәлеге душар етті.

15 Бұл оқиғадан қандай сабақ аламыз? Ехобаға қызмет етпейтін адамдармен қоян-қолтық араласып, еш жапа шекпеу мүмкін емес. Жазбаларда: “Араммен араласқан жан адал әдетінен айырылады”,— делінген (Қор. 1-х. 15:33). Ал өзің сияқты жоғары құлықтылық нормаларын ұстанатын және Ехобаны сүйетін бір сенімдегі адамдармен араласқаның саған қорғаныш болады әрі даналықпен әрекет етуге көмектеседі (Нақ. с. 13:20).

“Сендер күнәдан тазарып... ақталдыңдар”

16. Елші Пауыл Қорынттағы мәсіхшілердің кейбірі жөнінде не деді?

16 Мәсіхшілер қауымы көптеген адамдарға арам құмарлықтардан арылып, тазаруға көмектесті. Елші Пауыл Қорынт қаласындағы мәсіхшілер қауымына жазған бірінші хатында Құдайдың талаптарына сай болу үшін өмірлерін өзгерткендерін айтып, оларды мақтады. Кезінде бұл адамдар азғын, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, неке адалдығын бұзушы, нәпсіқұмар, еркекжанды еркек, ұры және маскүнем болған. Пауыл оларға: “Алайда сендер күнәдан тазарып... ақталдыңдар”,— деді (Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқы).

17. Киелі кітап принциптеріне сай өмір сүргендері көптеген адамдардың өмірлерін қалай өзгертті?

17 Ехобаға қызмет етпейтін адамдарда өмірлеріне дұрыс бағыт беретін басшылық жоқ. Олар қалай өмір сүретіндерін өздері шешеді, я болмаса айналасындағы ар-ұяттан жұрдай адамдардың айдауымен жүреді. Ежелгі Қорынттағы бауырластардың кейбірі де мәсіхші болмас бұрын солай істеген (Ефес. 4:14). Дегенмен Құдай Сөзінен тура білім алып, оны іс жүзінде қолданатын адамдар өмірлерін түбегейлі өзгерте алады (Қол. 3:5—10; Евр. 4:12). Бүгінде мәсіхшілер қауымының мүшелері болып табылатын көптеген адамдар Ехобаның әділ принциптерін білмеген кездерінде өнегесіз өмір кешкен. Олар сол кезде қанағат сезіміне бөленіп, бақытты өмір кештік деп айта алмайды. Ал Құдай халқымен араласып, Киелі кітап принциптеріне сай өмір сүре бастағанда, олар нағыз жантыныштығына бөленді.

18. Бір қыз бауырлас қандай жағдайды бастан кешті және бұл нені дәлелдейді?

18 Кезінде “қауіпсіз судан”, яғни мәсіхшілер қауымынан алыстап кеткен адамдар кейін мұнысына қатты өкінген. Бір қыз бауырлас, оны Тоғжан деп атайық, шындықты біліп өскенін, бірақ 16 жасқа келгенде “осы дүниенің қызығын қуып кетіп”, қауымнан алыстағанын айтады. Кейін ол қалаусыз жүкті болып қалды да, түсік жасатты. Қазір ол былай дейді: “Қауымнан тыс өткен үш жылдың ішінде жанымды жазылмастай жаралап алдым. Ішімдегі баламды өлтіргенім әлі есімнен кетпейді... Осы дүниенің “дәмін татып” көргісі келетін жастарға олай етпеңдер дегім келеді. Алғашында ол тәтті көрінеді, бірақ оның салдары удай ащы. Бұл дүниенің қайғыдан басқа берері жоқ. Мен мұны өз басымнан өткердім. Ехобаның ұйымынан ажырамаңдар! Осында ғана нағыз бақытқа қол жеткізе аласыңдар”.

19, 20. Мәсіхшілер қауымы қандай қорғаныш береді және қалай?

19 Мәсіхшілер қауымынан алыстасаң, өмірің қандай болатынын ойлап көрші. Көптеген бауырластар шындықты білмеген кездерін тіпті еске алғылары да келмейді (Жох. 6:68, 69). Әрі қарай да мәсіхшілер қауымын пана етсек, Шайтан дүниесінде жиі орын алатын қайғы-қасіреттен аман боламыз. Бауырластарымызбен тығыз қарым-қатынаста болып, кездесулерге үзбей қатысқанымыз Ехобаның әділ принциптерін ұстанудың даналық екенін әрдайым есте ұстауға және соларға сай өмір сүруге көмектеседі. Иә, забур жыршысы сияқты ‘үлкен жиында Жаратушыны даңқтауға’ бізде барлық негіз бар (Заб. 34:18).

20 Әрине, кез-келген мәсіхшінің мінсіздігі сыналатын кез болады. Ондай кезде оларға керегі жай ғана дұрыс бағытты сілтеп жіберу болар. Мұндай жағдайда сен және бүкіл қауым не істей аласыңдар? Келесі мақалада бауырластарымызды ‘жігерлендіріп, сенімдерін нығайту’ үшін не істей алатынымызды қарастырамыз (Сал. 1-х. 5:11).

[Сілтеме]

a Малахи 3:18: “Міне, сонда тақуа мен күнәһардың арасында, Құдайға құлшылық етуші мен Оған құлшылық етпеушінің арасында қандай айырмашылық бар екенін тағы да көресіңдер”.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Забур 72-забур жырының жыршысы мысалынан қандай сабақ аламыз?

• Динаның басынан өткен оқиғадан не білеміз?

• Мәсіхшілер қауымы қалай қауіпсіз пана бола алады?

[7-беттегі суреттер]

Қауіпсіз жерде жүз, қауымнан алыстап кетпе!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу