Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.5. 6—7 бет.
  • Қарттарды құрметтейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қарттарды құрметтейік
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба қарт қызметшілерін қамқорлайды
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Араларыңдағы қарт бауырластарды құрметтеңдер
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қарттарға қамқорлық көрсету — мәсіхшілердің борышы
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Өзгелерді құрметтеңдер
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.5. 6—7 бет.

Қарттарды құрметтейік

КАЛИФОРНИЯ жағалауында (АҚШ) жалғыз өсіп тұрған сауыр ағашынан көп суретке түсірілетін ағаш дүниеде жоқ шығар (“The Lone Cypress”). Елдің сөзіне қарағанда, оның өсіп тұрғанына 250 жылдан астам уақыт болған. Ұзақ жасауымен көпке танымал болған бұл ағашқа ерекше көңіл бөлінеді. Оның діңгегі сымнан есілген арқанмен тартып байланып, айналасы таспен қаланған.

Бұл мысал біздің арамызда жүрген қарт бауырластарымызды есімізге түсіреді. Өйткені олар да керемет табандылық танытуда. Мысалы үшін олардың уағыздау ісіндегі табандылығын айтуға болады. Жоел кітабында “қарттардың” Киелі кітаптағы хабарды жариялайтыны алдын ала айтылған (Жоел 2:28—32; Ел. іс. 2:16—21). Қарт бауырластарымыздың ‘Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды’ жариялау ісіне қосып жатқан үлестері неткен зор! (Мат. 24:14). Олардың кейбірі тіпті көп жылдар бойы қуғын-сүргінге және басқа да қиындықтарға кезіккеніне қарамастан, уағызды доғармаған. Төзгіштігімен белгілі ағашқа соншама көңіл бөлініп жатса, қарт бауырластарымызға қаншалықты құрмет көрсетілу керек десеңші!

Ехоба Құдай ежелде қызметшілеріне мынаны өсиет еткен: “Ақ шашты адамның алдында отырмай, орныңнан тұр және қарттың жүзін сыйла, сөйтіп, өз Құдайыңнан қорық, Мен Жаратушымын” (Леуі. 19:32). Құдай халқының қатарында оған ондаған жылдар бойы адал ‘құлшылық’ етіп келе жатқан бауырластар көптеп саналады (Миха 6:8). Киелі жазбалардағы басшылыққа сай өмір сүріп жатқан олардың ақ шалған шаштары, расында да, “салтанатты тәж” іспетті (Нақ. с. 16:31).

Елші Пауыл жас Тімотеге: “Жасы үлкен адамды сөкпе, қайта, өз әкеңе айтқандай ілтипатпен ескерт”,— деп кеңес берді. Ал егде әйелдерге Тімоте анасына қарағандай қарау керек-тін (Тім. 1-х. 5:1, 2). Тімоте, былайша айтқанда, ақ шашты адамның алдында “орнынан тұруы” керек еді. Ехоба біздің де жасы үлкен адамдарға құрметпен сөйлегенімізді қалайтыны анық.

Римдіктерге 12:10-да: “Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар”,— делінген. Әрине, қауым ақсақалдары қарт бауырластарға зор құрметпен қарайды. Дегенмен бәріміз де бір-бірімізді сүйіп, барынша сыйлауымыз керек.

Ата-аналары мен ата-әжелеріне қамқорлық көрсету — ең алдымен отбасы мүшелерінің борышы. Жоғарыда аты аталған сауыр ағашы әлі ұзақ тұру үшін адамдар көп нәрсе істеуде. Сол сияқты, біз де жасы келген ата-анамыз бен ата-әжеміздің көңіліне қарауымыз керек. Мысалы, мұқият тыңдайтын болсақ, олардың сезімдерін түсініп, шешім қабылдағанда ескеретін боламыз (Нақ. с. 23:22; Тім. 1-х. 5:4).

Қарт бауырластарымыз Ехобаның көзінде аса бағалы. Ол оларды ешқашан жалғыз қалдырмайды (Заб. 70:18). Қайта, өзіне адал қызметтерін жалғастыра алуы үшін шынайы Құдай оларға күш дарытады. Олай болса, біз де оларға қамқорлық пен құрмет көрсетейік.

[7-беттегі суреттер]

Жалғыз сауыр ағашын күтіп-баптау керектігі сияқты, қарт бауырластар да қамқорлық пен құрметке мұқтаж

[Түпдерек]

American Spirit Images/age fotostock

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу