Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.1. 23—25 бет.
  • “Өлі жебемей, тірі байымайды” деген рас па?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Өлі жебемей, тірі байымайды” деген рас па?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өлгендер тіршілігін жалғастыра ма?
  • Адамның өлмес жаны бар ма?
  • Патшаның өлген кісіден көмек іздеуі
  • Тірі және өлген адамдар үшін нағыз көмектің қайнар көзі
  • Қайтыс болған адамдар үшін қандай үміт бар?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Марқұмдар қандай күйде?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Исраилдің алғашқы патшасы
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • “Мойынсұну артық сый-тарту атаулыдан”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.1. 23—25 бет.

“Өлі жебемей, тірі байымайды” деген рас па?

АФРИКАНЫҢ батысында тұратын Тамба деген жас жігіт емтихан тапсырғалы жатқан-дыa. Анасы оны емтиханды жақсы тапсыру үшін өлген ата-бабаларының көмегіне жүгінуге мәжбүрлегісі келді. Сицилия аралының Палермо қаласындағы жер асты қабірлерін көруге жыл сайын көптеген туристер келеді. Кейбіреулердің ойынша ондағы жақсы сақталған мүрделер тірілерге Құдайдың ықыласына ие болуға көмектеседі-міс. Орта Азияда көптеген адамдар ата-баба аруағын риза етіп, қолдауына ие болғылары келеді. Сондай-ақ бала көтеру, аурудан сауығу мақсатында ата-бабалары жерленген “киелі жер” деп есептелетін орындарда түнеп, құрбандық шалып жатады.

Көріп отырғанымыздай, өлгендер тірілерге көмектеседі дегенге сенетін адамдарды дүниенің төрт бұрышынан да кездестіруге болады. Ал сіз бұл жайында не ойлайсыз? Мүмкін бала күніңізден “өлі жебемей, тірі байымайды” дегенді естіп өскен шығарсыз немесе жақындарыңыз осыған сенетін болар. Әрине, барлығымыз да қайтыс болған жақындарымызды көруді аңсаймыз. Ал бақсы-балгерлер болса, оларды көрудің мүмкіндігін жасаймыз деп уәде етеді. “Тайм” журналында бір бақсы кісінің: “Аруақтар көмек сұраған адамға қол ұшын беруге әрқашан дайын”,— деген сөздері жазылған. Шынында да солай болғаны ма? Өлгендер тірілерге қол ұшын бере ала ма? Құдай Сөзінің бұл сұрақтарға қалай жауап беретіні сізді таңғалдыруы мүмкін.

Өлгендер тіршілігін жалғастыра ма?

Өлгендердің қандай күйде болатыны Киелі кітапта анық түсіндірілген. Сүлеймен пайғамбардың не дегеніне назар аударыңызшы: “Тірілер өлетінін біледі, ал марқұмдар ештеңені болжай алмайды” (Екклесиаст 9:5). Ал олар әлденені сезе ме? Әрі қарай Сүлеймен былай дейді: “Олардың махаббаттары да, олардың өшпенділіктері де және олардың қызғаныштары да өшіп бітеді және сөйтіп оларға бұдан былай ешқандай істен ғұмыр бойы үлес тимейтін болады” (Екклесиаст 9:6). Сонымен қатар оның “ертең өзің баратын қабірде жұмыс та, ой тұңғиығы да, білім де, кемеңгерлік те кездеспейді” деген сөздері де көңіл қоюға тұрарлық (Екклесиаст 9:10).

Иса пайғамбар жерде болған кезінде көп адамға жақсылық жасады. Ол өлгеннен кейін де адамдарға көмектесе аламын деп ойлады ма екен? Жоқ. Ол өзінің өлетін кезін түнгі уақытпен салыстырған. Ал адамдар әдетте түнде жұмыс істемейтінін бәріміз де білеміз (Жохан 9:4). Иә, Иса пайғамбар адамдар өлген кезде, ештеңе де істей алмайтынын білген (Забур 145:3, 4).

Досы Елазар қайтыс болғанда, Иса өлімді ұйқыға теңеді (Жохан 11:11—13). Біз ұйқыда жатқан адамнан көмек күтпейміз ғой, солай емес пе? Ұйықтап жатқан адам ештеңе сезбейді, ол ешкімге көмектесе де алмайды.

Адамның өлмес жаны бар ма?

Көпшілік адамның өлмес жаны бар дегенге сенеді. Ал Құдай Сөзі мүлдем басқа нәрсеге үйретеді. Киелі жазбалардағы “Жаратылыстың басталуы” деп аталатын кітапта жанның не екені нақты айтылған. Жаратылыс 2:7-де алғашқы адам жаратылғанда ‘тірі жан болып шыға келгендігі’ жазылған. Демек, адамның өзі жан, жануарлар да жандар (Жаратылыс 1:20—25). Олай болса, адам не жануар өлгенде, жан да өледі. Киелі кітапта “Күнә жасаушы жан өледі” деп жазылған (Езекиел 18:4 ЖД).

Алайда әлдекім: “Ал адамдардың аруақтармен байланысқаны, олардың даусын естіп, өздерін көргені туралы әңгімелер ше?”— деп сұрауы мүмкін. Мұндай жайттар туралы жер-жерлерде айтылып жатады. Оларды естіген көп адам қайтыс болған жақындары мен достарын көреміз деген үмітпен бақсы-балгерлердің көмегіне жүгінеді.

Адамдар шынымен аруақтармен байланыса ала ма? Егер олай болса, бұл жоғарыда келтірілген Киелі кітаптың сөздеріне қайшы келмей ме? Иса пайғамбар Құдай Сөзін шындық деп атаған (Жохан 17:17). Ал екі шындықтың болуы мүмкін емес. Құдай Сөзінде өлгендер тірілерге көмектесе алады дегенге қалай қарауымыз керек екені түсіндіріледі. Онда өлген кісінің көмегін іздеген адам туралы оқиға жазылған. Бұл оқиғаны мұқият қарастырғанымыз шындықтың бетін ашады.

Патшаның өлген кісіден көмек іздеуі

Исраилдің солтүстігінде Саул патша мен оның әскері філістірлермен соғыспақшы болды. Саул філістірлердің мықты әскерін көргенде ‘шошып, жүрегі қатты дірілдеп кетті’. Бұның алдында Саул Құдайдың ықыласынан айырылған болатын, сондықтан оның дұғалары жауапсыз қалды. Ал Самуил пайғамбар қайтыс болып кеткен еді. Саул енді көмекті қайдан іздер екен? (Патшалықтар 1-жазба 28:3, 5, 6).

Саул Айн-Дор деген жердегі бақсы әйелге барып, Самуилдің аруағын шақырып беруді сұрады. Бақсы әйел шақырған “Самуил” філістірлердің жеңіске жететінін және Саул мен ұлдарының ұрыс даласында қаза болатынын айтты (Патшалықтар 1-жазба 28:7—19). Саулмен сөйлескен шын мәнінде Самуилдің аруағы ма еді?

Ойлап көріңізші, Киелі кітапта өлген адамның ‘демі бітіп, жерге қайта оралатыны, сол күні-ақ ой-ниеті ада болатыны’ айтылған (Забур 145:4). Саул мен Самуил екеуі де бақсы-балгерлерге жүгінуге Құдай тыйым салатынын білген. Бұның алдында Саул барлық бақсы-балгерлерді елден қуып жіберген болатын (Леуіліктер 19:31).

Егер адал пайғамбар Самуилдің жаны тірі болғанда, Саулмен сөйлесу үшін бақсы әйелмен байланысып, Құдайдың заңын бұзар ма еді? Ехоба Құдай Саулмен сөйлесуден бас тартқан болатын. Олай болса, бақсы әйел Құдіреті күшті Құдайды қаза болған Самуил арқылы Саулмен сөйлесуге мәжбүрлей алар ма еді? Әрине жоқ. Ол “Самуил” Құдайдың адал пайғамбары емес, оның кейпінде көрінген зұлым рух, яғни жын-пері еді.

Жын-перілер адамзат тарихының басында Құдайдың билігіне қарсы шыққан періштелер (Жаратылыс 6:1—4; Яһуда 6). Олар адамды тірі кезінде бақылап, қалай сөйлейтінін, түр-әлпетінің қандай екенін және қалай жүріп-тұратынын біліп алады. Жын-перілер Құдай Сөзін теріске шығару үшін жанын салады. Сол себепті Киелі кітап мұндай рухтармен еш байланыс жасамауды ескертетіні таңғалдырмайды (Заңды қайталау 18:10—12). Бұл зұлым рухтар бүгінгі күні де белсенді әрекет етуде.

Сонымен біз қайтыс болып кеткен жақындарымызды “көрдік”, олардың даусын “естідік” деген сөздердің түп-төркінін білдік. Әрине, кейде мұндай жайттар жағымды көрінер, бірақ зұлым рухтардың мақсаты бізді жолдан тайдыруb (Ефестіктерге 6:12). Сондай-ақ мына жайлы ойланып көріңізші: Ехоба сүйіспеншілігі мол Құдай, ол біздің қамымызды ойлайды. Егер өлген адамдар әлдебір жерде өмір сүретін болса және олар бізге көмектесе алса, бізді сүйетін Құдай олардың көмегін іздеуді жексұрын нәрсе деп атап, оған тыйым салар ма еді? Әрине, жоқ! (Петірдің 1-хаты 5:7). Олай болса, көмекті қайдан іздеуіміз керек?

Тірі және өлген адамдар үшін нағыз көмектің қайнар көзі

Жоғарыда айтылғандардан өлілердің тірілерге көмектесе алмайтынына көз жеткіздік. Олардан көмек іздеу өте қауіпті, өйткені бұл Құдай заңын бұзушылық болып табылады әрі жын-перілердің құрсауына түсіп қалуымыз мүмкін.

Киелі кітапта Жаратушымыз Ехоба Құдай ғана нағыз көмекшіміз екені айтылған. Ол бізді тіпті өлімнен де құтқара алады (Забур 32:19, 20). Құдай бізге қол ұшын беруге дайын. Бақсы-балгерлерден айырмашылығы ол бізге нағыз үміт сыйлайды.

Мақаланың басында аты аталған Тамба зұлым рухтар ұсынатын жалған үміт пен Ехоба Құдай ашып отырған шындықтың айырмашылығын өз өмірінде көрді. Бақсылар оған өлген ата-бабаларының аруағын шақырып, құрбандық шалмаса, емтихан тапсыра алмайсың деп айтқан болатын. Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеуді бастаған Тамба өлген адамдардың қандай күйде болатынын және өлген кісі болып көрінетін зұлым рухтар екенін білді. Анасының қатты қысым жасағанына қарамастан, Тамба құрбандық шалудан бас тартты. Ол: “Егер тапсыра алмасам, келесі жылы тағы көремін”,— деді.

Ал мұның нәтижесі қандай болды екен? Тамба емтиханды өте жақсы тапсырды. Бұған таңғалған анасы бақсыларға деген сенімін жоғалтып, ұлына құрбан шалу туралы айтпайтын болды. Тамба ‘болашақты білу үшін өлгендермен ақылдасудың’ қауіпті екенін білді (Ишая 8:19). Сондай-ақ Жаратқанның тәліміне қуанатын адамның табысты болатынына көз жеткізді (Забур 1:1—3).

Ал дүниеден өткен жақындарымыз туралы не деуге болады? Олар үшін үміт жоқ па? Ехоба тірі адамдармен қатар қабірдегілерге де қол ұшын беретінін уәде етеді. Өлген адамдардың дәрменсіз болатынын суреттеген соң Ишая пайғамбар өзінің кітабының 26-тарауының 19-тармағында: “Өліктерің тіріледі... Күлге айналғандар сілкініңдер және қуаныңдар”,— деген.

Көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Қабірде ұйқыда жатқан миллиардтаған адам қайта тірілетін болады. Киелі кітапта Ехоба Құдай өлілерді қайта тірілтуді ‘аңсайтыны’ (ЖД) жазылған (Әйүп 14:14, 15). Бұл уәдеге сену сіз үшін қиын ба? Иса пайғамбардың бұған сенімді болғаны соншалық, Ехоба Құдайдың көз алдында өлгендер тіріліп қойғанмен бірдей екенін айтқан (Лұқа 20:37, 38).

Сіз де осындай үмітке ие болғыңыз келе ме?c Олай болса, Құдай туралы біліміңізді тереңдете беріңіз. Сонда Ехоба Құдайдың тірілерге де, өлілерге де көмектесе алатынына және оның уәделері “сенуге тұрарлық шынайы” екеніне көзіңіз жетеді (Аян 21:4, 5).

[Сілтемелер]

a Есімі өзгертілген.

b Бұл туралы көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Өлілердің рухтары саған көмек не зиян келтіре ала ма? Олар расында да бар ма?” (ор.) деп аталатын кітапшаны қараңыз.

c Қайта тірілу жайында көбірек білгіңіз келсе, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” деп аталатын басылымның 7-тарауын қараңыз.

[23-беттегі сөздер]

Барлығымыз да қайтыс болған жақындарымызды көруді аңсаймыз

[24-беттегі сурет]

Саул патшамен сөйлескен шын мәнінде қайтыс болып кеткен Самуил пайғамбар ма еді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу