Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • fg 6-саб. 1—5 сұр.
  • Қайтыс болған адамдар үшін қандай үміт бар?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қайтыс болған адамдар үшін қандай үміт бар?
  • Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өмірден өткен сүйіктілермен не болады?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Өлген соң адаммен не болады?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Өмірден өткен адамдарға арналған нағыз үміт
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Өлген сүйіктілер үшін қандай үміт бар?
    Өлген сүйіктілер үшін қандай үміт бар?
Көбірек мәлімет
Құдайдан келген қуанышты хабар
fg 6-саб. 1—5 сұр.

6-САБАҚ

Қайтыс болған адамдар үшін қандай үміт бар?

1. Өлген адамдар туралы қандай қуанышты хабар бар?

Қайта тірілген Елазар бауырлары Марта мен Мәрияммен қайта қауышуда

Иса жердегі қызметін атқарып жүрген кезінде оның Елазар есімді досы қайтыс болады. Елазар Иерусалимнің маңындағы Бетанияда тұратын. Иса сол жерге жеткенде, Елазардың қайтыс болғанына төрт күн болған еді. Содан Иса марқұмның Марта мен Мәриям есімді әпкелерімен бірге қабірге барады. Көп ұзамай сол жерге халық жинала бастайды. Иса Елазарды қайта тірілтеді. Сонда оның әпкелері қалай қуанды десеңізші! (Жохан 11:21—24, 38—44 оқыңыз).

Марта өлгендер жайлы ізгі хабармен таныс болатын. Ол Ехоба Құдайдың өлгендерді жерде өмір сүру үшін қайта тірілтетінін білетін. (Әйүп 14:14, 15 оқыңыз).

2. Өлген адамдар қандай күйде?

Адам атаның жаратылуы, кейін өлімі

Құдай Адам атаға былай деді: “Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың” (МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 3:19).

Адам баласы топырақтан жаратылған (Мұсаның 1-жазбасы 2:7; 3:19). Адам өлгенде оның жаны аман қалып, тіршілік етуін жалғастырмайды. Оның өлмес жаны жоқ. Қайтыс болған адамның миы өз қызметін тоқтатады, сол кезде оның ой-санасы да ғайып болады. Мысалы, қайта тірілген Елазар өлгеннен кейін не істегенін айтып берген жоқ, өйткені өлгендер ештеңені сезбейді. (Зәбүр 146:4; Уағыздаушы 9:5, 6, 10 оқыңыз).

Құдай өлгендерді тозақ отында азаптай ма? Киелі кітапта марқұмдардың ештеңені сезбейтіні айтылған, сондықтан тозақ оты Құдайдың атына кір келтіретін жалған ілім болып табылатыны сөзсіз. Иә, адамды азаптау жайлы ойдың өзі Құдайға жеркенішті. (Еремия 7:31 оқыңыз).

“Өлген адамдар қандай күйде болады?” деген бейнероликті көріңіз.

3. Өлгендер бізбен сөйлесе ала ма?

Өлгендер сөйлей де, ести де алмайды (Зәбүр 115:17). Бірақ кейбір жын-перілер өлген адамдардың кейпіне еніп, бізге сөйлеуі мүмкін (Петірдің 2-хаты 2:4). Біз өлген адамдармен байланысуға тырыспауымыз керек, өйткені Ехоба Құдай бұған тыйым салады. (Мұсаның 5-жазбасы 18:10, 11 оқыңыз).

4. Кімдер қайта тіріледі?

Жұмақта қайта тірілген ер адам Құдай жайлы білім алуда. Сосын ол қайта тірілген басқа адамдарға үйретуде.

Қабірде жатқан сан миллиондаған адам жер бетінде өмір сүру үшін қайта тіріледі. Тіпті Құдайды білмегендер және оған ұнамсыз нәрселерді істегендер де қайта тіріледі. (Лұқа 23:43; Елшілердің істері 24:15 оқыңыз).

Қайта тірілгендердің Құдай жайлы шындықты білуге және Исаға деген сенімдерін оған мойынсұну арқылы көрсетуге мүмкіндіктері болады (Аян 20:11—13). Олар Құдайға ұнамды нәрселерді істейтін болса, жерде мәңгі бақи бақытты ғұмыр кешеді. (Жохан 5:28, 29 оқыңыз).

5. Қайта тірілудің болатыны Ехоба Құдай жайлы не айтады?

Құдай өзінің Ұлын біз үшін құрбан етуі арқылы өлгендердің қайта тірілуіне жол ашты. Бұл Ехобаның сүйіспеншілігі мен рақымы мол Құдай екенін көрсетеді. Өлгендер қайта тірілгенде, әсіресе кімді көргіңіз келер еді? (Жохан 3:16; Римдіктерге 6:23 оқыңыз).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі жазбалардан не білеміз?” басылымының 6, 7 және 10-тарауларын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу