Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.7. 15—19 бет.
  • Исаға еліктеп, сүйіспеншілікпен тәлім беріңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исаға еліктеп, сүйіспеншілікпен тәлім беріңдер
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ең маңыздысы — сүйіспеншілік
  • Ехобаны жақсы көруіміз керек
  • Шындықты жақсы көруіміз керек
  • Адамдарды жақсы көруіміз керек
  • Сүйіспеншілікке бөленіп нығайыңдар
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сені сүйетін Құдайды сүй
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сүйіспеншілік — асыл қасиет
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • “Ехоба Құдайыңды сүй!”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.7. 15—19 бет.

Исаға еліктеп, сүйіспеншілікпен тәлім беріңдер

“Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес!” (ЖОХ. 7:46).

1. Исаның уағызы адамдарға қалай әсер еткен?

ИСАНЫҢ уағызы қаншалықты жан тебірентерлік болған десеңші! Киелі кітаптан оны тыңдаған адамдардың қандай әсер алғаны жайлы білеміз. Мысалы, Ізгі хабардың жазушысы Лұқа жерлестері Исаның ‘аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалғанын’ жазған. Матай Исаның Таудағы уағызы адамдарды ‘қатты қайран қалдырғанын’ айтқан. Ал Жохан болса Исаны тұтқындамай оралған сақшылардың: “Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес!”— дегеніне көңіл бөлген (Лұқа 4:22; Мат. 7:28; Жох. 7:46).

2. Иса адамдарға қалай тәлім берді?

2 Сақшылар қателеспеген еді. Шынында да, Иса бұрын-соңды дүниеде болмаған ең ұлы Ұстаз болды. Ол адамдарға анық, қарапайым сөздермен және қисынды ой түзу арқылы тәлім берді. Сұрақтар мен мысалдарды шебер қолданды. Сондай-ақ, тыңдаушыларына бейімделіп, білімділерді де, қарапайымдарды да үйрете алды. Терең мағыналы шындықтарды адамдар оңай түсіне алатындай етіп жеткізе білді. Алайда Исаның ұлы Ұстаз болуына басқа да себептер бар.

Ең маңыздысы — сүйіспеншілік

3. Ұстаз ретінде Исаның дінбасылардан айырмашылығы неде болды?

3 Исаның кезінде білімді әрі тәлім беруге шебер дін мұғалімдері мен парызшылдардың болғаны сөзсіз. Алайда Исаның тәлім беру әдісі олардыкінен несімен ерекше еді? Дінбасылары қарапайым халықты жақсы көрмеді, керісінше оларды төмендетіп, “қарғыс атқан халық” деп атады (Жох. 7:49). Ал Иса “бағушысы жоқ қойлардай қалжыраған бейшара” халыққа аянышпен қарады (Мат. 9:36). Оларға жылулық, жанашырлық және мейірімділік танытты. Дінбасылары Құдайға деген шынайы сүйіспеншіліктен жұрдай еді (Жох. 5:42). Иса болса Әкесін жақсы көрді, әрі оның еркін қуанышпен орындады. Дінбасылары бас пайдасы үшін Құдай сөзін бұрмаласа, Иса “Құдай Сөзін” сүйгендіктен, оны түсіндірді, қорғады және соған сай өмір сүрді (Лұқа 11:28). Иә, Исаның бойына терең сіңген сүйіспеншілік адамдармен қарым-қатынасынан, оларға қалай тәлім бергені мен түзеткенінен анық көрінді.

4, 5. а) Сүйіспеншілікпен тәлім беру неге маңызды? ә) Тәлім бергенде неге білім мен үйрету қабілеттері де маңызды?

4 Біз туралы не деуге болады? Мәсіхтің ізбасарлары болғандықтан, қызметімізде және жеке өмірімізде оған еліктегіміз келеді (Пет. 1-х. 2:21). Сондықтан біздің мақсатымыз адамдарға Киелі кітаптан білім беріп қана қою емес, Ехобаға тән қасиеттерді, әсіресе сүйіспеншілікті таныту. Себебі біліміміз көп болса да, тәлім беруге өте қабілетті болсақ та, сүйіспеншіліксіз шындықты адамдардың жүрегіне жеткізе алмаймыз. Демек, шәкірт дайындау ісінде жемісті болу үшін, Иса сияқты сүйіспеншілікпен тәлім беру маңызды.

5 Әрине, жақсы тәлімгер болу үшін білім мен үйрету қабілеті қажет. Иса шәкірттеріне осылардың екеуіне де қол жеткізуге көмектесті. Ехоба ұйымы арқылы бізге де көмектесуде (Ишая 54:13; Лұқа 12:42 оқы). Сондай-ақ тәлім бергенде ақыл-ой қабілеті ғана емес, сезім де қажет. Адамда білім, қабілет және сүйіспеншілік — үшеуі де болса, керемет нәтижеге қол жеткізе алады. Ендеше, қалай сүйіспеншілікпен тәлім бере аламыз? Иса мен оның шәкірттері қандай үлгі көрсетті? Қазір осыны қарастырып көрейік.

Ехобаны жақсы көруіміз керек

6. Жақсы көретін адам жайлы қалай сөйлейміз?

6 Әдетте біз өзімізге жағымды тақырыпта әңгімелесуді ұнатамыз. Тіпті сол жайлы айтқанда беріліп, шабыттанып сөйлейміз. Қандай да бір адамды жақсы көргенде де ол туралы басқаларға айтқымыз келіп тұрады. Оны мақтап, құрметтеп, қорғап сөйлейміз. Себебі оның басқалар үшін де тартымды болғанын қалаймыз.

7. Құдайға деген сүйіспеншілігі Исаны қандай істерге талпындырды?

7 Әлдекімге Ехобаны сүюді үйретпес бұрын, алдымен оны өзіміз жақсы білуіміз және сүюіміз керек. Өйткені шынайы ғибадат Құдайға деген сүйіспеншілікке негізделген (Мат. 22:36—38). Иса Ехобаны шын жүрегімен, бүкіл жан дүниесімен және барлық ақыл-ойымен сүйіп, бізге кемелді үлгі көрсетті. Әкесімен миллиондаған жыл бойы көкте бірге болып, оны жақсы білгендіктен ол: ‘Әкемді сүйемін’,— дей алды (Жох. 14:31). Бұл сүйіспеншілігі оның сөзінен де, ісінен де көрініп тұрды және үнемі Әкесіне ұнайтынды істеуге талпындырды (Жох. 8:29). Құдайдың атын жамылып сөйлеген екіжүзді дінбасылардың айыбын беттеріне басуға қозғау салды. Сонымен қатар адамдарға Ехоба жайлы айтуға, оны жақыннан танып білуге және жақсы көруге көмектесуге құлшындырды.

8. Құдайға деген сүйіспеншілік Исаның шәкірттерін қандай іске талпындырды?

8 Бірінші ғасырдағы шәкірттер де Ехобаны жақсы көрді, сондықтан ізгі хабарды батыл әрі құлшына уағыздады. Тіпті ықпалы күшті дінбасылардың қарсылығына қарамастан, олар шындықты бүкіл Иерусалимге таратты. Себебі көргендері мен естігендері туралы үнсіз қала алмады (Ел. іс. 4:20; 5:28). Олар Ехобаның өздерімен бірге екенін және істеріне батасын төгетінін білді, әрі солай болды да. Иса өлгеннен кейін отыз жыл өтер-өтпес, елші Пауыл: ‘Ізгі хабар аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік жарияланды’,— дей алды (Қол. 1:23).

9. Құдайға деген сүйіспеншілігімізді қалай арттыра аламыз?

9 Егер біз жақсы тәлімгер болғымыз келсе, Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсуіміз керек. Қалайша? Құдайға дұға айту арқылы. Сондай-ақ Құдайдың Сөзін зерттейміз, оған негізделген әдебиеттерді оқып, қауым кездесулеріне қатысамыз. Осылайша Құдай туралы көбірек біле түсіп, оған деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз. Нәтижесінде, адамдар сөзіміз бен ісімізден сүйіспеншілікті байқап, Құдайға жақындауға талпынуы мүмкін (Забур 103:33, 34 оқы).

Шындықты жақсы көруіміз керек

10. Жақсы оқытушы қандай болады?

10 Жақсы оқытушы өзі үйретіп жатқан пәнді жақсы көреді. Сондай-ақ ол үйретіп жатқандарының шындық әрі тыңдаушылары үшін өте маңызды да пайдалы екеніне сенімді. Егер оқытушының түсіндіріп жатқандары өзіне қызықты болса, ол шабыттанып сөйлейді, ал бұл оқушыларына да әсер етеді. Керісінше, ол үйретіп жатқан пәнін өзі бағаламаса, оқушылары қалай бағаласын?! Ал сен Құдай Сөзінің оқытушысысың, сондықтан өз үлгіңнің маңызды екенін ұмытпа. Иса: “Білімін жетілдірген әркім өз ұстазындай болады”,— деген (Лұқа 6:40).

11. Иса өзі үйреткен шындықтарды неге жақсы көрді?

11 Иса адамдарға үйреткен шындықтарды өзі де жақсы көрді. Себебі Әкесі туралы шындықтың, ‘Құдай хабарының’ және ‘мәңгілік өмірге жеткізетін сөздердің’ өте құнды екенін білді (Жох. 3:34; 6:68). Бұл шындықтар жарық нұр сияқты жаман істерді әшкерелеп, жақсы істерді анық көрсетті. Сонымен қатар жалған діннің шырмауында және Ібілістің қыспағында жүрген момын жандарға үміт пен жұбаныш сыйлады (Ел. іс. 10:38). Исаның шындыққа деген сүйіспеншілігі тәлім бергенде ғана емес, барлық істерінде де көрінді.

12. Елші Пауыл ізгі хабарға қалай қарады?

12 Шәкірттерінің де Ехоба мен Иса туралы шындықты жақсы көргені әрі бағалағаны соншалық, қарсыластар олардың уағыздаудағы құлшыныстарын бәсеңдете алмады. Пауыл Римдегі бауырластарға былай деп жазды: “Уағыздауға деген ықылас менде жетерлік. Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды... құтқаратын Құдайдың құдіреті!” (Рим. 1:15, 16). Ол шындықты жариялауды мәртебе санап: “Тәңірдің рақымымен Мәсіхтің шексіз зор рухани байлығы туралы басқа халықтарға уағыздау үлесіме тиді”,— деген (Ефес. 3:8). Олай болса, Пауылдың адамдарға Ехоба мен оның еркін үйреткенде зор шабытпен сөйлегенін елестету қиын емес.

13. Ізгі хабарды жақсы көруге қандай себептер бар?

13 Киелі кітаптағы ізгі хабардың арқасында біз Жаратушыны жақыннан таныдық және онымен тығыз қарым-қатынас дамыттық. Өмірлік маңызы бар сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алып, болашаққа үмітпен қарайтын болдық. Қиыншылықтарға төтеп берудеміз және өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін күшке иеміз. Сондай-ақ мәңгі жалғаса беретін мағыналы өмірге жеткізетін жолды таптық. Олай болса, ізгі хабардан құнды яки маңызды білім жоқ. Бұл — баға жетпес, зор қуаныш беретін сый, әрі онымен бөлісуден де біз көп қуаныш алып жүрміз (Ел. іс. 20:35).

14. Ізгі хабарға деген сүйіпеншілікті қалай арттыра аламыз?

14 Ізгі хабарға деген сүйіспеншілікті арттыру үшін не істеуіңе болады? Құдай Сөзін оқығанда, бір сәт кідіріп, оқығаныңның үстінен ой жүгіртіп отыр. Мысалы, Исаның қасында жүргеніңді немесе елші Пауылмен бірге сапарға шыққаныңды елестет. Сондай-ақ жаңа дүниені және ондағы өмірдің қандай тамаша болатынын көз алдыңа келтір. Ізгі хабарға мойынсұнудың арқасында ие болған баталарың жайлы ой жүгірт. Егер өзің жариялап жүрген ізгі хабарды қатты жақсы көрсең, Киелі кітапты сенің көмегіңмен зерттеп жүрген адамда да осындай сезім оянады. Сондықтан да өзіміз білетін және басқаларға үйретіп жүрген шындықтарға мұқият ықылас қоюымыз керек (Тімотеге 1-хат 4:15, 16 оқы).

Адамдарды жақсы көруіміз керек

15. Оқытушы неге оқушысын жақсы көруі керек?

15 Жақсы оқытушы оқушысына өзін еркін сезіне алатындай жағдай жасайды. Сонда ол Киелі кітапты талқылауға ықыласпен қатысып, ойын ашық айтуға қысылмайтын болады. Сондай-ақ оқушысын жақсы көретіндіктен, оқытушы білімімен бөліседі. Оның қажеттілігіне және түсіну деңгейіне бейімделеді, қабілеті мен жағдайын ескереді. Оқытушының мұндай сүйіспеншілігін оқушы міндетті түрде сезеді. Нәтижесінде оқыту да, үйрену де қуаныш әкеледі.

16. Иса адамдарға қалай сүйіспеншілік көрсетті?

16 Иса осындай сүйіспеншілік танытқан. Адамдар үшін өмірін құрбан еткені оның сүйіспеншілігінің ең зор көрінісі болды (Жох. 15:13). Жердегі қызметі кезінде Иса адамдардың қажеттілігін, әсіресе рухани қажеттілігін қамтамасыз етуден қажымады. Өздері келсін демей, өзі жүздеген шақырым жол жүріп, адамдарға ізгі хабарды жеткізді (Мат. 4:23—25; Лұқа 8:1). Оларға шыдамдылық танытты әрі түсінушілікпен қарады. Қажет кезінде шәкірттерін сүйіспеншілікпен түзетіп отырды (Мар. 9:33—37). Олардың ізгі хабарды жақсы үйрете алатынына сенімді екенін білдіріп, шәкірттерін жігірелендірді. Дүниеде шәкірттерін Исадан артық жақсы көрген тәлімгер болған емес. Осындай сүйіспеншілік шәкірттерін де Исаны сүюге және өсиеттерін орындауға талпындырды (Жохан 14:15 оқы).

17. Исаның шәкірттері қалай адамдарға сүйіспеншілік танытты?

17 Исаға ұқсап шәкірттері де өздері уағыздаған адамдарға бауыр басып, сүйіспеншілік танытты. Қуғын-сүргінге қарамастан бастарын өлімге тіге жүріп өзгелерге қызмет етті және ізгі хабарды уағыздау ісінде жемісті болды. Олар рухани көмек беріп жүрген адамдарды қаншалықты жақсы көрді десеңші! Мұны елші Пауылдың келесі сөздерінен анық көруге болады: “Сендерге балаларын қамқорлаған мейірімді анадай жылы жүзбен қарадық. Осылай жақсы көріп, Құдайдың Ізгі хабарын ғана жеткізген жоқпыз, жүрегімізді де алдарыңа жайып салдық, өйткені сендер бізге сүйкімді болып кеттіңдер” (Сал. 1-х. 2:7, 8).

18, 19. а) Неге біз уағыздау ісін атқару үшін құрбандыққа баруға дайынбыз? ә) Сүйіспеншілігіміз адамдардың назарынан тыс қалмайтынын көрсететін мысал келтір.

18 Қазіргі уақытта да Ехоба куәгерлері жердің түкпір-түкпірін шарлап, Құдайды танып-біліп, оған қызмет еткісі келген адамдарды іздеуде. Соңғы 17 жыл қатарынан жыл сайын біз ізгі хабарды уағыздау және шәкірт дайындау ісіне бір миллиардтан аса сағат жұмсадық, жұмсай береміз де. Уағыздау ісі үшін күш-қуатымыз бен қаржы-қаражатымызды да шын ықыласпен құрбан етудеміз. Адамдардың мәңгі өмірге жетелейтін білімге ие болғаны көктегі Әкеміздің қалауы екенін Иса сияқты біз де түсінеміз (Жох. 17:3; Тім. 1-х. 2:3, 4). Сүйіспеншілік бізді ақжүректі адамдарға Ехобаны танып-білуге және оны сүюге көмектесуге талпындырады.

19 Сүйіспеншілігімізді адамдар байқайды. Мысалы, Кұрама Штаттарда тұратын ізашар әйел бауырлас жақындарынан айырылған адамдарды жұбату үшін хат жазып тұрады. Жақында бір ер кісі оған былай деп жауап жазып жіберіпті: “Алғашында өзі танымайтын адамдарға қиын кезеңде жұбаныш беріп, хат жазуға соншама күш салған бұл не қылған адам деп таңғалдым. Әсте, сіз адамдарды және өмір жолымен жетелейтін Құдайды жақсы көрсеңіз керек”.

20. Сүйіспеншілікпен тәлім беру қаншалықты маңызды?

20 Сүйіспеншілік пен қабілеттің арқасында адам керемет өнер туындысын жасай алатыны белгілі. Біз тәлім бергенде адамдардың Ехоба туралы терең білім алғанын, жүректерінде оған деген сүйіспеншілік оянғанын қалаймыз. Сондықтан жақсы тәлімгер болу үшін бізге Құдайға, шындыққа және адамдарға деген сүйіспеншілік қажет. Осындай сүйіспеншілікті дамытып, оны қызмет кезінде танытқанымыздың арқасында біз беруден келетін қуанышқа кенелеміз. Сондай-ақ Исаға еліктегенімізді және Ехобаға ұнамды болғанымызды біліп, зор қанағат сезінеміз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Тәлім бергенде...

Құдайға,

шындыққа,

адамдарға

деген сүйіспеншілік неге маңызды?

[15-беттегі сурет]

Исаның тәлім беру әдісі дін мұғалімдері мен парызшылдардікінен неге өзгеше болды?

[18-беттегі сурет]

Жақсы тәлімгер болу үшін білім, қабілет және ең бастысы сүйіспеншілік қажет

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу