Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.10. 29—30 бет.
  • Нұхтың кемесі табылды ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Нұхтың кемесі табылды ма?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Сенім үшін негіз бола ала ма?
  • Сегіз адам аман қалды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Нұх кеме соқты
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Нұхтың кеме соғуы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Дүниежүзілік топан су
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.10. 29—30 бет.

Нұхтың кемесі табылды ма?

НҰХТЫҢ кемесін іздеп жатқандарын адамдар жиі жарияға жар салады. Олардың осылай жар құлақтары жастыққа тимей жүргендері түсінікті-ақ. Б. з. б. 2370, 2369 жылдары Нұхты отбасымен бірге Топан судан аман алып қалған сол үлкен кеменің табылуы археология саласындағы ең зор жаңалық болар еді. Олардың кемені табамыз деп әрекеттенгендері еш нәтиже бермесе де, іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі уақытта адамды дүрліктіретін ақпараттар мен болжамдар көптеп жарияланғанмен, Нұхтың кемесі жайлы нақты деректер бар ма?

Киелі кітапта Нұхтың кемесі ‘Арарат тауларында тоқтағаны’ айтылған (Жаратылыс 8:4 Тт). Арарат өңіріне Арарат тауы деп аталатын биік шың кіреді. Ол Армения мен Иранның шекарасына жақын әрі Түркияның шығыс жағында орналасқан.

Осы өңірлерде жүргізілген іздеу жұмыстары дәлелденген деректердің емес, қызықты болжамдардың ғана пайда болуына себеп болды. Жоғарыдан түсірілген суреттер, шайыр жағылған ағаш сынықтары және адамдардың кемені көрдім деген сөздері зерттеушілерді нақты дәлелдер іздеуге талпындырады. Алайда іздеу жұмыстарын жүргізу қиынға соғуда. Кеменің тоқтауы мүмкін жерлердің бірі Арарат тауының беткейінде 4600 метр биіктікте орналасқан. Оның үстіне, сол аймақтағы саяси жағдайға байланысты шетелдік экспедиция мүшелеріне барлық уақытта тауға көтерілуге ресми рұқсат етіле бермейді.

Сөйткенмен де көптеген ықыласты адамдар сол өңірге әлі де болса экспедиция жіберілгенін қалайды. Олардың ойынша, кеменің бөліктері осы күнге дейін сақталған және олар жыл бойы дерлік Арарат тауын басқан қар мен мұздың астында жатады. Тек жазы жылы жылдары ғана тауға көтеріліп, оларды көруге мүмкіндік тууы ықтимал.

Олардың үміттерін жоғалтпауына кейбір адамдардың айтқан сөздері себеп болуда. Б. з. I ғасырында өмір сүрген еврей тарихшысы Иосиф Флавий Нұхтың кемесінің Арарат тауының басында көрініп тұрғанын айтқан ертеде өмір сүрген тарихшылардың сөздеріне нұсқаған. Олардың айтуынша, тіпті кеменің шайыр жағылған ағаштарын естелікке алғандар да болған. Иосиф Флавий осы жайтқа қатысты айтқан сөздерін келтірген адамдардың ішінде б. з. б. III ғасырда өмір сүрген Бабыл шежірешісі Берос та бар.

Өткен ғасырда адамдарды қатты таңғалдырған Джордж Хагопиан деген армян азаматының мәлімдемесі болды. Ол бала кезінде, 1900 жылдардың басында, көкесімен бірге кемені көргенін, тіпті үстіне шыққанын айтты. Хагопиан 1972 жылы қайтыс болғанмен, оның мәлімдемесі әлі күнге дейін ел аузында.

Сенім үшін негіз бола ала ма?

Зерттеушілердің кемені тапқандарына сенуге және табатынына үміттенуге бола ма? Болатын да шығар, бірақ оның табылуы екіталай сияқты. Біріншіден, Киелі кітапта су тартылған соң кеменің нақты қай жерге тоқтағаны жазылмаған. Онда тек қана “Арарат тауларында” делінген.

Әдетте зерттеушілер мен жұртты таңғалдырғысы келетін адамдар кеме Арарат тауларының ең биік шыңында тоқтағанын айтады. Алайда Жазбаларда Құдай кемені Арарат тауының ең биік шыңында тоқтатты делінбеген. Таудың ең биік шыңы теңіз деңгейінен шамамен 5 шақырым жоғары орналасқан әрі ол жер өте суықa. Ал Киелі кітапта кеме тоқтаған соң, Нұх пен отбасы оның ішінде бірнеше ай тұрғаны айтылған (Жаратылыс 8:4, 5). Сондай-ақ кемеден шыққан соң, олар көптеген жануарлармен бірге биік шыңнан альпинистер сияқты түскеніне сену қиын. Жаратылыс 8:4, 5-те айтылғандай, кеме биік, сөйтсе де түсуге ыңғайлы жерге тоқтаған болса керек. Сонымен қатар кеме Арарат тауларының қай жеріне тоқтамасын, осыдан көп ғасыр бұрын шіріп жоқ болып кетуі де мүмкін ғой.

Сондай-ақ зерттеушілердің кемеге қатысты ашқан жаңалықтарының діни маңызы бар деулері — асыра сілтеушілік. Экспедиция ұйымдастырмақшы болған адамның айтуынша, кеменің табылғаны “миллиондаған адамның сенімін нығайтып... көптеген адамның сенімін оятар еді”. Ол 2004 жылы болған пресс-конференция кезінде, кеменің табылуы “Мәсіхтің қайта тірілуінен кейінгі ең маңызды оқиға” болатынын айтты. Алайда бұл экспедиция жүзеге аспай қалды.

Нұхтың кемесінің табылуы шынымен сенімді нығайтып, тіпті адамдардың бойында сенім оятар ма еді? Киелі кітаптан шынайы сенімнің көзге көрінетін және қолмен ұстауға болатын нәрселерге негізделмейтінін көруге болады (Қорынттықтарға 2-хат 5:7). Кей адамдар Киелі кітаптағы Топан су туралы оқиғаға сену үшін көзге көрінетін дәлелдер керек екенін айтады. Ал шындығына келсек, мұндай адамдарға қанша дәлел келтірсең де, сенбейді. Иса кейбір адамдардың, тіпті біреу өлімнен қайта тіріліп келсе де, Киелі кітаптағы шындықты қабылдамайтынын айтқан (Лұқа 16:31).

Сөйткенмен де шынайы сенім дегеніміз жай сенгіштік емес; ол айқын дәлелдерге негізделеді (Еврейлерге 11:1). Олай болса, ақжүрек адамдардың Киелі кітаптағы Топан су жайлы хабарға сенуіне берік негіз бар ма? Әрине, бар. Иса Мәсіх: ‘Нұх кемеге мінген күні топан су басты’,— деп анық айтқан (Лұқа 17:26, 27). Бұдан артық дәлелдің болуы мүмкін емес. Неге олай дейміз?

Жерге келмес бұрын, Иса көкте өмір сүрді (Жохан 8:58). Ол кеменің соғылғанын, жерді Топан су басқанын көрді. Сіз кімнің сөздері салмақтырақ деп ойлайсыз? Оқиғаны өз көзімен көрген әрі сенім артуға тұратын Иса пайғамбардың ба, әлде мұз басқан тауда ағаш бөлшектерін тапқысы келетін зерттеушілердің бе? Ендеше, Нұхтың кемесінің болғанына басқа дәлелдің қажеті жоқ.

[Сілтеме]

a Бүгінде Арарат деп аталатын тау 1840 жылдан бері ұйықтап жатқан жанартау болып табылады. Оның биіктігі 5165 метр және жыл бойы басында қар жатады.

[29-беттегі сөздер]

Киелі кітаптағы Топан су туралы оқиғаның растығын дәлелдейтін берік негіз бар ма?

[30-беттегі сөздер]

Иса Мәсіх: ‘Нұх кемеге мінген күні топан су басты’,— деп анық айтқан

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу