Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.6. 11—15 бет.
  • Игі істерге ынталы болыңдар!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Игі істерге ынталы болыңдар!
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Уағыздау мен тәлім берудегі құлшыныс
  • Құлшына қызмет етіп жүрген жастар
  • Ескертулерге даярлықпен құлақ ас
  • Жақсы жүріс-тұрыстың маңыздылығы
  • Құдай үйінің қамы үшін құлшыныс таныт!
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Сен “игі істерге ынталысың” ба?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаға бар жүрекпен қызмет етейік!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Киелі кітаптағы ескертулерді жүрегімізге ұялатайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.6. 11—15 бет.

Игі істерге ынталы болыңдар!

“[Иса] бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды” (ТИТ. 2:14).

1. Иса б. з. 33 жылының 10 нисанында ғибадатханада не істеді?

БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ 33 жылының 10 нисаны. Құтқарылу мейрамының қарсаңы. Иерусалимдегі ғибадатхана алаңына жиналған халық толқу үстінде. Иса да ғибадатханаға келді. Ізгі хабардың жазушылары Матай, Марқа мен Лұқаның айтуынша, ол тағы да ‘сатушылар мен алушылардың бәрін қуып шығарып, ақша айырбастаушылардың үстелдері мен көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады’ (Мат. 21:12; Мар. 11:15; Лұқа 19:45). Бұл оқиға Исаның үш жыл бұрынғы құлшынысының бәсеңдемегенін көрсетеді (Жох. 2:13—17).

2, 3. Исаның құлшынысы ғибадатхананы тазартудан басқа тағы қандай істерден көрінеді?

2 Исаның құлшынысы ғибадатхананы тазартудан ғана көрінген жоқ. Матай жазған хабардан Исаның соқырлар мен ақсақтарды сауықтырғанын білеміз (Мат. 21:14). Ал Лұқаның жазбасынан Исаның тағы бір маңызды іспен айналысқанын, яғни ‘күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім бергенін’ көреміз (Лұқа 19:47; 20:1). Исаның құлшынысы халық үшін атқарған қызметінен де айқын болған.

3 Кейінірек елші Пауыл Титке жазған хатында Исаның ‘бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болғанын’ түсіндірген (Тит. 2:14). Бүгінде біз “игі істерге ынталы” екенімізді қалай көрсетеміз? Сондай-ақ Яһудада билік құрған жақсы патшалардың үлгісі бізді қандай іске талпындырады?

Уағыздау мен тәлім берудегі құлшыныс

4, 5. Яһуданың төрт патшасы игі істерге ынталы болғандарын қайдан білеміз?

4 Аса, Жосафат, Езекия және Жосия патшалар Яһуда жерінен жалған тәңірге табынушылықты жою ісін ұйымдастырған. Киелі кітапта: “[Аса] бөтен құдайлардың құрбандық орындарын және биік жерлерін... мүсіндерін де қаусатты, құлшылыққа арналған ағаштарын да қырқып тастады”,— делінген (Шеж. 2-ж. 14:3). Жосафат болса шынайы ғибадат үшін құлшыныс танытып, ‘Иудеядағы биіктіктер мен емендерді сиыну орны ретінде жойғызған’ (Шеж. 2-ж. 17:6; 19:3)a.

5 Езекия жеті күндік Құтқарылу мейрамын атап өту үшін халықты Иерусалимге жинады. “Мейрам біткеннен кейін оған қатысқан исраилдіктердің барлығы Яһуданың қалаларына тарап кетті. Сол жерлердегі жалған тәңірлерге бағышталған тас мүсіндерді қиратып, Ашераға арналған ағаш бағаналарды шауып тастап, биіктеу жерлердегі табыну орындарын және құрбандық үстелдерін тас-талқан етті. Олар Яһуда мен Бунямин руларының жерінде түгелімен, сондай-ақ Ефрем мен Манаса руларының жерінде де осылай істеді” (Шеж. 2-ж. 31:1). Жас Жосия таққа отырғанда небәрі сегіз жаста болатын. Тарихи жазбаларда ол жайлы былай делінген: “Патшалық құруының сегізінші жылында, әлі де жасөспірім кезінде, Жосия түп атасы Дәуіт сиынған Құдайға бет бұрып, оның еркін сұрай бастады. Он екінші жылында Жосия Яһуда мен Иерусалимді биіктеу жерлердегі табыну орындарынан, жалған тәңірлерге бағышталған бағаналардан және ағаштан ойылып не қоладан құйылып жасалған мүсіндерден арылта бастады” (Шеж. 2-ж. 34:3). Бұл мәліметтерден Яһуданың осы төрт патшасы игі істерге ынталы болғанын көреміз.

6. Неліктен уағыз ісін Яһуданың адал патшаларының істерімен салыстыруға болады?

6 Қазіргі уақытта да ұйымдасқан түрде адамдарға жалған ілімдерден, пұттарға табынушылықтан арылуға көмектесу ісі жүріп жатыр. Біз үйме-үй жүріп уағыздағанда түрлі көзқарасты ұстанатын адамдармен сөйлесеміз (Тім. 1-х. 2:4). Азияда тұратын бір әйел үйінде түрлі ырымдар жасап, пұттарға табынатын. Оның қызы пұттардың бәрі шынайы Құдайды білдіруі мүмкін емес екенін түсініп, Құдайдың шынымен қандай екенін білгісі келеді де, осы жайлы жиі дұға етеді. Бір күні ол үйлеріне екі Куәгер әйел уағыздап келгенде, олардан шын Құдайдың есімі Ехоба екенін біледі. Пұттар туралы да шындықты түсінгеніне қатты қуанады. Қазір сол қыз адамдарға рухани көмек беріп, уағыздау ісіне құлшына қатысып жүр (Заб. 83:18 ЖД; 113:12—16; Жох. 1-х. 5:21).

7. Жосафаттың тұсында елді аралап тәлім берген адамдарға қалай еліктей аламыз?

7 Үйме-үй уағыздағанда учаскемізде тұратын барлық адаммен сөйлесу үшін не істей аламыз? Жосафат билігінің үшінші жылында бес әміршіні, тоғыз леуілікті және екі дін қызметшісін бүкіл елді аралауға жіберіп, әрбір қаладағы халыққа Ехобаның заңын үйретуді бұйырған. Бұл істің нәтижелі болғаны соншалық, көрші халықтар Ехобадан қорқа бастаған (Шежірелер 2-жазба 17:9, 10 оқыb). Учаскемізге демалыс күні ғана емес, аптаның ішінде де әртүрлі уақытта барып тұрудың арқасында бір үйдің бірнеше тұрғынымен сөйлесе аламыз.

8. Куәлік ету аясын қалай кеңейте аламыз?

8 Қазіргі кезде Құдайдың көптеген қызметшісі ынталы уағыздаушылар қажет жерге көшіп баруда. Сен де осылай ете аласың ба? Көше алмайтын кейбір бауырластар аймақтарындағы өзге тілде сөйлейтін адамдарға уағыздауға тырысып жүр. Учаскесінде түрлі ұлттың адамдарын кезіктіретін сексен бір жастағы Рон 32 тілде сәлемдесуді үйреніп алды. Жақында ол көшеде африкалық ерлі-зайыптыны кездестіріп, йоруба тілінде сәлемдескенде, олар: “Африкада болғансыз ба?”— деп сұрады. Рон ол жерде болмағанын айтқанда, ерлі-зайыптылар оның йоруба тілін қайдан үйренгенін білгілері келді. Нәтижесінде, керемет куәлік беріліп, олар қуана журналдар алды әрі Куәгерлердің келгенін қалап мекенжайларын айтты. Қазір екеуі де жергілікті қауымнан келетін бауырластармен Киелі кітапты зерттеп жүр.

9. Қызметте Киелі кітапты ашып оқып беру неге маңызды? Мысал келтіріңдер.

9 Жосафаттың бұйрығымен елді аралап тәлім берген адамдар “Жаратқан Иенің заңдар кітабын” алып жүрген. Біз де барлық адамға Киелі кітаптан тәлім беруге тырысамыз, себебі ол — Құдайдың Сөзі. Қызмет кезінде Киелі кітапты ашып, адамға онда не жазылғанын көруге мүмкіндік жасаймыз. Линда есімді бауырлас қызметте бір әйелді кездестіреді. Ол Линдаға инсульт алған күйеуіне қарап отырғанын айтып: “Осындай күйге душар ететіндей Құдайға не жаздым?”— деп мұңын шақты. Сонда Линда: “Сізге бір шындықты көрсетейінші”,— деп, Жақып 1:13-те жазылған сөздерді оқыды. Сонан соң адамдардың басына түскен қайғы-қасірет Құдайдың жазасы емес екенін түсіндірді. Бұл сөздерді қабыл алғанын білдіріп үй иесі Линданы құшақтады. Линда былай дейді: “Мен оны Киелі кітаптың көмегімен жұбата алдым. Қызметте Киелі кітаптағы сөздерді бірінші рет естіп тұрған адамдар кездесіп тұрады”. Әңгіменің нәтижесінде әлгі әйел Киелі кітапты жүйелі түрде зерттеуге келісті.

Құлшына қызмет етіп жүрген жастар

10. Жосия жастарға қандай үлгі қалдырды?

10 Жосияның үлгісіне қайта оралсақ, оның жастайынан шынайы ғибадатқа ұмтылғанын байқаймыз. Ол шамамен жиырма жасында пұтқа табынушылықты жою ісін ұйымдастырған (Шеж. 2-ж. 34:1—3). Қазіргі кезде арамызда Патшалық ісінде құлшыныс танытып жүрген жастар көп.

11—13. Ехобаға құлшына қызмет етіп жүрген жастардан қандай сабақ аласыңдар?

11 Англияда тұратын Ханна мектепте француз тілін үйренген. Ол он үш жаста болғанда, жақын маңдағы қалада француз тілінде топ құрылғанын естіп, әкесімен бірге сол кездесулерге барып тұрды. Қазір ол он сегіз жаста, әрі жалпы ізашар ретінде француз тілінде сөйлейтін адамдарға құлшына уағыздап жүр. Сен де өзге тілді үйреніп, адамдарға Ехоба жайлы білуге көмектесе аласың ба?

12 “Құдайға даңқ әкелетін мақсаттарға ұмтыл” бейне фильмі Рейчелге қатты әсер етті. Ол бұрынғы көзқарасын түсіндіріп былай дейді: “Мен Ехобаға қызмет етуді 1995 жылы бастағанда, шындық бойыма терең сіңді деп ойлағанмын. Алайда драманы көрген соң, көп жыл бойы тек негізгі талаптарды ғана орындап келгенімді түсіндім. Шындық үшін күресіп, қызмет пен жеке зерттеуге шындап ықылас қойып, бар күшімді салу керек болды”. Қазір Рейчел Ехобаға әлдеқайда зор құлшыныспен қызмет етіп жүр. Бұл қандай нәтиже берді? Ол былай дейді: “Ехобамен қарым-қатынасым нығая түсті. Дұғаларым әлдеқайда мағыналы, жеке зерттеуім терең әрі қанағаттанарлық, ал Киелі кітапты оқу әсерлі бола түсті. Сондықтан мен қызметтен көп қуаныш аламын және Ехобаның Сөзі адамдарға жұбаныш бергенін көргенде, нағыз қанағат сезіміне бөленемін”.

13 Лука есімді жас мәсіхші бауырлас “Жастардың сауалдары. Өмірімді неге арнауыма болады?” деп аталатын бейне фильмді көріп жігер алды. Ол былай дейді: “Бұл бейнефильм мені өз өмірімді қайтадан тексеруге талпындырды. Бұрын жоғары оқу орнын бітіріп, жағдайымды жасап алған соң, рухани мақсаттарды көздеймін деп ойлағанмын. Мұндай мақсат рухани өсуіме емес, құлдырауыма себеп болды”. Жас бауырластар, неге мектепте алған білімдеріңді Ханна сияқты қызмет аясын кеңейту үшін қолданбасқа? Неге Рейчелге еліктеп, Құдайға даңқ әкелетін мақсаттар қоймасқа? Лукадан үлгі алсаңдар, көптеген жастар түсіп қалған тұзақтан аулақ боласыңдар.

Ескертулерге даярлықпен құлақ ас

14. Ехоба қандай ғибадатты қабыл алады және бүгінде тазалық сақтау неге оңай емес?

14 Қызметшілері моральдық жағынан таза болса ғана, Ехоба олардың ғибадатын қабыл алады. Ишая былай деп ескертті: “Кәне, жүріңдер, шығыңдар Бабылдан! Күнә атаулыға жоламай, сол жерден шығыңдар! Жаратқан Иенің киелі үйінің бұйымдарын көтеріп алып жүретіндер, өздеріңді оған бағыштап, тазару рәсімінен өтіңдер!” (Ишая 52:11). Бұдан көп жыл бұрын Аса патша бүкіл Яһуданы азғындық атаулыдан тазартуға қызу кіріскен болатын (Пат. 3-ж. 15:11—13). Ғасырлар өте елші Пауыл да Титке жазған хатында Иса ізбасарларын тазартып, “игі істерге ынталы халқы ету” үшін жанын қиғанын айтқан (Тит. 2:14). Бүгінде азғындыққа белшесінен батқан қоғамда әсіресе жастарға тазалық сақтау оңай емес. Сондықтан Құдай қызметшілерінің бәрі — үлкені де, жасы да — жарнамаларда, теледидарда, фильмдер мен интернетте кездесетін әдепсіз нәрселерді көріп арамдалып қалмау үшін күресулері керек.

15. Порнографияны жек көру үшін не істеу керек?

15 Құдайдың ескертулеріне даярлықпен құлақ асқанымыз жамандықты жек көруге көмектеседі (Заб. 96:10; Рим. 12:9). Бір мәсіхші бауырластың айтуынша, порнографияны жек көру “оның магнит тартылысы сияқты күшіне төтеп беруге көмектеседі”. Екі магниттік затты бір-бірінен ажырату үшін араларындағы тартылыс күшінен басымырақ күш қажет. Сол сияқты порнография көруден аулақ болу үшін оның еліктіретін күшінен басым күш керек. Порнографияның қаншалықты зиян екенін ойласақ, одан жеркенетін боламыз. Бір ер бауырлас Интернеттегі сайттан әдепсіз нәрселерді көру әдетінен арылу үшін көп күш салды. Ол компьютерін үй ішіндегілердің көз алдында тұратын жерге қойды. Сондай-ақ ойын тазартуға бел буып, игі істерге құлшына кірісті. Ал жұмыс бабымен Интернет сайтына кіру қажет болғанда, әйелі жанында отырады.

Жақсы жүріс-тұрыстың маңыздылығы

16, 17. Мәсіхшілердің жақсы жүріс-тұрыстары сырт адамдарға қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

16 Ехобаға қызмет етіп жатқан жастардың арасындағы жылы қарым-қатынас сырт адамдарға жақсы әсер етуде (Петірдің 1-хаты 2:12 оқы). Бір кісі жұмыс бабымен Ехоба куәгерлерінің Лондондағы Бетелінде болып, күні бойы бауырластармен баспа машинасын жөндеді. Бұрын ол үйіне Куәгерлердің келгенін қаламайтын. Кейін оның көзқарасы өзгерді. Мұны Киелі кітапты зерттеп жүрген әйелі де байқады. Оған Бетелдегі Куәгерлердің өзіне ілтипаттылықпен қарағаны, сабырлы болғандары, әдепті сөйлегендері мен өзара қарым-қатынастары ұнап қалған болатын. Әсіресе жастардың ізгі хабар таралу үшін уақыттары мен күштерін құлшына жұмсап, ақысыз еңбек етіп жатқаны қатты әсер еткен еді.

17 Отбасын асырау үшін жұмыс істейтін бауырластар да өз істерін жан-тәндерімен атқаруда (Қол. 3:23, 24). Сондықтан жұмыс берушілер олардың адал еңбектерін бағалайды әрі мұндай жұмысшыдан айырылғылары келмейді.

18. Қалай “игі істерге ынталы” бола аламыз?

18 Біз шынайы ғибадат үшін құлшыныс танытып, Ехобаға арқа сүйейміз, нұсқауларына мойынсұнамыз және кездесу өтетін жерлерді күтіп ұстаймыз. Сондай-ақ Патшалық туралы уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне барынша қатысамыз. Үлкеніміз де, жасымыз да тазалық нормаларын ұстану үшін бар күшімізді саламыз. Сонда ғибадатымыз Құдайға ұнамды болады әрі зор батаға кенелеміз. Әрі қарай да адамдарға “игі істерге ынталы” халық ретінде танымал бола берейік! (Тит. 2:14).

[Сілтемелер]

a Аса жалған тәңірге табынатын биік жерлерді жойып, Ехобаға ғибадат ету орындары деп есептелген төбелерді қалдырған болса керек. Не болмаса Асаның билігінің соңына таман биік жерлер қайта тұрғызылып, ұлы Жосафат соларды жойғызған болуы мүмкін (Пат. 3-ж. 15:14; Шеж. 2-ж. 15:17).

b Шежірелер 2-жазба 17:9, 10: “Сонда олар өздерімен бірге Жаратқан Иенің заңдар кітабын ала жүріп, Иудеяда оқытып жатты; Иудеяның барлық қалаларын аралады, сөйтіп халықты оқытты. Сонда Иудея айналасындағы және Иосафатпен соғыспаған жерлердегі патшалықтардың бәрінде Жаратқан Иеден қорқу бар еді”.

Киелі кітаптағы және қазіргі кездегі мысалдардан

• уағыздау мен тәлім беру ісінде құлшыныс танытуға қатысты

• мәсіхші жастардың “игі істе ынталы” болуына қатысты

• жаман әдеттен аулақ болуға қатысты

не үйренеміз?

[13-беттегі сурет]

Қызметте Киелі кітапты үнемі қолданасың ба?

[15-беттегі сурет]

Мектепте үйренген өзге тіл куәлік ету аясын кеңейтуге көмектесуі мүмкін

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу