Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.7. 29—31 бет.
  • Құдай өзгере ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай өзгере ме?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Кереметтер неге тоқтады?
  • Неге көп әйел алуға жол берілді?
  • Неге діни демалыс күнін қазір ұстанбаймыз?
  • Сенім артуға тұрарлық және сүйіспеншілікке толы Құдай
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.7. 29—31 бет.

Құдай өзгере ме?

КИЕЛІ КІТАПТА Құдай туралы: “Онда өзгеріс пен ауысудың көлеңкесі де жоқ”,— делінген. Құдайдың өзі де былай деп сендіреді: “Мен — Жаратушы Иемін, Мен өзгермеймін” (Жақып 1:17 Тт; Малахи 3:6). Кейбір адамдарға жағу еш мүмкін емес және үнемі өзгеріп отыратындықтан олар сенім артуға тұрмайды. Ехоба Құдай мұндай адамдардан қаншалықты өзгеше десеңізші!

Алайда кейбір адамдардың пікірінше, Құдай өзгеріп тұратын сияқты. Мысалы, бір кездері Ехоба Құдай мәсіхшілерге керемет жасау қабілетін берген, ал қазір олай етпейді. Ежелгі уақытта Құдай көп әйел алуға жол берген, ал қазір оған тыйым салған. Мұса арқылы берілген заңға сәйкес, Ехоба діни демалыс күнін ұстануды талап еткен, бірақ қазір талап етпейді. Осының бәрі Құдайдың өзгергенін көрсетпей ме?

Ең бастысы, Құдай өзінің сүйіспеншілік пен әділдікке қатысты нормаларын өзгертпейтініне сенімді бола аламыз. Сондай-ақ оның Патшалық арқылы адамзатқа батасын төгуге қатысты ‘мәңгілік мақсаты’ да еш өзгермейді (Ефестіктерге 3:11). Дегенмен үнемі көңіліңді қалдыратын адамға деген көзқарасың өзгеруі мүмкін екені сияқты, Ехоба да жағдайға қарай бейімделеді.

Құдай өз халқының жағдайы мен қажеттіліктерін ескеріп, оларға берген нұсқауларын да өзгертіп отырады. Бұл бізді таңғалдырмауы керек. Мысалы, туристерге жол көрсетуші білікті кісі алда күтіп тұрған қауіпті сезді делік. Ол туристерге бағытты өзгертуді ұсынады. Алайда оның бағытты өзгерткені, мақсатын өзгерткенін білдірмейді. Ал енді кейбір адамдарға күмән тудырған жоғарыдағы үш жайтты қарастырайық.

Кереметтер неге тоқтады?

Неліктен Құдай бірінші ғасырдағы кейбір мәсіхшілерге кереметтер жасау қабілетін берген? Исраилдіктерді өзінің халқы етіп таңдағанда, Құдай олармен бірге екенін көрсету үшін жиі кереметтер жасағаны сізге мәлім болар. Халықты Мысыр құлдығынан босатқанда және шөл даламен уәде етілген жерге алып келе жатқанда, Құдай Мұса арқылы өзінің құдіретті күшін көрсетті. Өкінішке орай, исраилдіктер қайта-қайта сенімсіздік танытты. Ақырында, Ехоба бұл халықтан бас тартып, мәсіхшілер қауымын орнатты да, елшілер мен басқа да мәсіхшілерге кереметтер жасайтын қабілет берді. Мысалы, елші Петір мен Жохан туғаннан сал болған кісіні сауықтырған, ал Пауыл өлген адамды қайта тірілткен (Елшілердің істері 3:2—8; 20:9—11). Олардың жасаған кереметтерінің арқасында жер-жерлердегі көп адам мәсіхшілікті қабылдады. Олай болса, кереметтер неліктен тоқтады?

Елші Пауыл көрнекті мысал келтіріп: “Бала кезімде балаша сөйлеп, балаша ойлап, балаша пайымдадым. Ер жеткеннен кейін балалық қасиеттерден қол үздім”,— деді (Қорынттықтарға 1-хат 13:11). Ата-ана ересек балаға кішкентай баладан гөрі басқаша қарайды. Сол сияқты мәсіхшілер қауымы “балалық” шақтан өткенде, Ехоба оларға басқаша қарады. Елші Пауыл бөтен тілдерде сөйлеу не пайғамбарлық сөздер айту сияқты керемет дарындардың ‘сарқылатынын’ түсіндірген болатын (Қорынттықтарға 1-хат 13:8).

Неге көп әйел алуға жол берілді?

Исаның айтуынша, Құдай алғашқы адам жұбына: “Еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады”,— дегенде, некеге қатысты норманы орнатты (Матай 19:5). Неке екі адам арасындағы мәңгілік одақ болу керек еді. Алайда Құдай исраилдіктерді өзінің халқы етіп, оларға заң берген уақытта көп әйел алу қалыптасып қалған жайт болатын. Құдай көп әйел алуға бастама бермеген және оны мақұлдамаған, алайда оны ретке келтіретін заңдар орнатқан. Ал мәсіхшілер қауымы құрылғанда, Құдай Сөзінде көп әйел алуға тыйым салынды (Тімотеге 1-хат 3:2).

Ехоба Құдай қайсы бір жайттарға оларды түзететін уақыты келгенге дейін төзеді (Римдіктерге 9:22—24). Исаның түсіндіруінше, Ехоба исраилдіктердің некеге қатысты орынсыз дәстүрлеріне ‘жүректері қасарысқандықтан’ ғана “жол берген” (Матай 19:8; Нақыл сөздер 4:18).

Неге діни демалыс күнін қазір ұстанбаймыз?

Құдай діни демалыс күнін исраилдіктерді Мысыр құлдығынан босатқан соң бекітті. Кейіннен діни демалыс күні исраилдіктердің Ұлттық заңына енді (Мысырдан шығу 16:22—30; 20:8—10). Елші Пауыл Исаның өз тәнін құрбандық ретінде ұсынып, ‘Таураттың өсиеттері мен ережелерін күшінен айырғанын’ және ‘үкім белгілейтін “құжаттың” күшін жойғанын’ түсіндірді (Ефестіктерге 2:15; Қолостықтарға 2:14). Демек, заңның күші жойылғандықтан, діни демалыс күнін ұстанудың қажеті болмады. Оның үстіне, Киелі кітапта: “Ешкім сендерді белгілі тағамдар мен сусындарды ішкендерің, немесе бір мерекені, жаңа туған айды не діни демалыс күнін сақтамағандарың үшін айыптамасын!”— делінген (Қолостықтарға 2:16). Олай болса, неліктен Құдай алғашында Заң мен діни демалыс күнін ұстануды талап етті?

Елші Пауыл: “Таурат заңы “тәрбиелеушіміз” болып бізді Мәсіхке әкелді... Ал енді, сенімнің заманы туғаннан бері “тәрбиелеушінің” қарамағынан шықтық”,— деді (Ғалаттықтарға 3:24, 25). Бұл сөздер Құдайдың өзгергенін емес, қайта, діни демалыс күнін халқына рухани нәрселердің үстінен ой жүгіртуге үнемі уақыт бөліп тұруды үйрету үшін қолданғанын көрсетеді. Діни демалыс күні уақытша шара болғанымен, ол болашақта адам баласының тәндік және рухани жағынан көріп жатқан ауыртпалықтардан құтылып, тынығатын уақыты келетініне нұсқады (Еврейлерге 4:10; Аян 21:1—4).

Сенім артуға тұрарлық және сүйіспеншілікке толы Құдай

Жоғарыда қарастырған Киелі кітаптағы мысалдардан көрінетіндей, Ехоба Құдай әр уақытта әртүрлі басшылық пен нұсқаулар беріп отырған. Алайда бұл Құдайдың өзгергенін білдірмейді. Қайта, ол халқының түрлі жағдайына бейімделген және мұны олардың игілігі үшін істеген. Қазіргі уақытта да солай.

Ехоба өзінің нормаларын ешқашан өзгертпейтіндіктен, оған ұнамды болу үшін не істеуіміз керектігін білеміз. Оның үстіне, Құдай уәде еткен нәрселердің бәрі орындалатынына сенімді бола аламыз. Ехоба былай дейді: “Өзіме қажет нәрсенің бәрін де Мен жасаймын... белгіледім, әрі орындаймын” (Ишая 46:10, 11 Тт).

[29-беттегі сөздер]

Құдай өзінің сүйіспеншілік пен әділдікке қатысты нормаларын өзгертпейді

[30-беттегі сөздер]

Пауылдың түсіндіруінше, уақыты келгенде кереметтер жасау дарыны “сарқылады”

[31-беттегі сөздер]

Неке екі адам арасындағы мәңгілік одақ болу керек еді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу