Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.7. 3—4 бет.
  • Пайдалы кеңестердің қайнар көзін іздеңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Пайдалы кеңестердің қайнар көзін іздеңіз
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өзін-өзі жетілдіруге арналған басшылықтар қаншалықты пайдалы?
  • Журналды ұсыну жолы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2009
  • Неге ақылдаса білген жөн?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Кеңесті қалай берген жөн?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Қалай кеңес беру керек?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.7. 3—4 бет.

Пайдалы кеңестердің қайнар көзін іздеңіз

КЕҢЕСКЕ мұқтаж болсаңыз, бүгінде оны кез келген жерден табуға болады. Адамның өзін-өзі жетілдіруіне көмектесу дүниежүзі бойынша қарқынмен дамып жатқан кәсіптің бірі болып табылады. Британия, Латын Америкасы, Жапония және Құрама Штаттар сияқты елдерде өзін-өзі жетілдіруге көмектесетін кітаптар көптеп таралған. Сондай-ақ бейнефильмдер, семинарлар және теледидар бағдарламалары кеңінен танымал болып барады. Олардың мазмұны қиыншылықтарыңды психологтардың, неке кеңесшілерінің, дін қызметшілерінің көмегінсіз-ақ шеше аласыңдар дегенге саяды. Бұлар сонысымен де адамдарға тартымды болып көрінеді. Сонда өзін-өзі жетілдіруге көмектесетін кітаптар қай салаларды қамтиды?

Бүгінде адамдарды өз мүмкіндігін толық пайдалануға, жар табуға және бала өсіруге қатысты тақырыптар әсіресе қызықтырады. Сондай-ақ жан күйзелісімен, қайғымен және ажырасудың салдарымен қалай күресуге болатынына қатысты мәлімет алғысы келеді. Темекіні қоюға, мешкейлік пен маскүнемдіктен арылуға қатысты кеңестерге де сұраныс көп. Бұл кеңестердің бәрі тиімді ме? Кейде тиімді болуы мүмкін, бірақ жиі пайдасыз болып келеді. Сол себепті Киелі кітаптағы келесі ескертуге құлақ асқанымыз жөн: “Аңғал кез келген сөзге нанар, Есті қадамын байқап басар” (Нақыл сөздер 14:15).

Өзін-өзі жетілдіруге көмектесетін басшылықтар компьютермен жұмыс істеуге, бухгалтерлік іске немесе тіл үйренуге көмектесетін құралдардан өзгеше. Мысалы, бұл құралдар арнайы курстарға қарағанда тиімді әрі арзанға түсуі мүмкін. Ал өзін-өзі жетілдіруге көмектесетін басшылықтардағы кеңестер, мейлі ол іскерлікке, некеге, бала тәрбиесіне немесе психология тақырыбына қатысты болсын, әртүрлі болып келеді. Әдетте олар қандай да бір өмір салтын ұсынады не нақты бір пәлсапалық ұғымды жақтап жатады. Сондықтан келесі сұрақтың үстінен ой жүгірткен абзал: “Бұл кеңестерді кім және не нәрсеге сүйеніп беріп отыр?”

Осы саладағы мамандар өздерінің пікірлерін мұқият зерттелген деректерге негіздемеуі мүмкін. Кейбіреулері көп табыс табуды көздеп, адамдардың құлағына жағымды естілетін кеңестер беруі ықтимал. Мысалы, бір елдің өзінде мұндай кәсіп жылына сегіз миллиард доллардан астам табыс әкеледі.

Өзін-өзі жетілдіруге арналған басшылықтар қаншалықты пайдалы?

Өзін-өзі жетілдіруге көмектесетін басшылыққа жүгінгенде, пайдалы кеңес табамын деп күтесіз. Бірақ, өкінішке қарай, үстіртін айтылған не теория жүзінде берілген кеңестер ғана табасыз. Әдетте олардың айтатыны бір-ақ нәрсе: “Оң көзбен қараңыз, сонда бәрі жақсы болады. Жаныңызға не керек: ақша ма, денсаулық не қуаныш әкелетін қарым-қатынас па — бәріне де ие боласыз”. Сіздіңше, бұл кеңес пайдалы ма? Ол өмірдің ащы шындығына тура қарауға көмектесе ме?

Мысалға адамдардың арасындағы және некедегі қарым-қатынас туралы кітаптарды алайық. Олар ең көп тараған кітаптардың қатарына енеді. Бірақ бұл кітаптар бақытты әрі берік отбасын құруға көмектесе ме? Барлық уақытта олай емес. Бір шолушының айтуынша, Латын Америкасында махаббат тақырыбына жазылған әрі кең тараған кітаптың авторы оқырмандарға отбасында жақсы қарым-қатынас дамытуға және өзін-өзі қадірлеуге қатысты кеңес берген. Сол автордың пікірінше, тіл табыса алмайтын адаммен бірге қала беру өзін сыйламағанмен бірдей. Мұның астарындағы ой мынадай: қиыншылықтың бар екенін мойындап, оны жеңуге тырысудан гөрі өзіңе ыңғайлы жағына шыққаның дұрыс.

Әрине, өзін-өзі жетілдіруге арналған басшылықтардың ішінде жақсы кеңестер де бар шығар. Бірақ зияндылары да кездеседі. Қандай да бір маман белгілі бір салада жақсы кеңес бергенімен, басқасына келгенде оның кеңесі бұрыс болуы ықтимал. Осы басшылықтардағы өте көп және жиі бір-біріне қайшы келетін кеңестердің тиімдісін таңдау оңайға соқпайды. Олай болса, сіз кімнің кеңесіне сенім арта аласыз? Өзіңізден былай деп сұрап көріңізші: бұл кеңес тиянақты зерттеудің нәтижесі ме, жоқ әлде автордың жеке көзқарасы ма? Автордың ниетіне байлық пен атақ-даңқты көздегені қаншалықты әсер етті екен?

Уақыт сынағынан өткен сенімді басшылықты Киелі кітаптан табуға болады. Өзін-өзі жетілдіруге арналған басшылықтардағы кеңестер Киелі кітапта да жазылған. Сондай-ақ онда басқа да көптеген салаға қатысты пайдалы кеңестер берілген. Оның үстіне, Киелі кітап миллиондаған адамды: ‘Рухтарың мен ақыл-ойларың түгелдей жаңарсын; жаңа адам болып өмір сүріңдер!’— деген кеңеске сай әрекет етуге талпындырды (Ефестіктерге 4:23, 24). Киелі кітап қиыншылықтарымыздың түп тамыры қайда жатқанын анықтауға және оларды жеңуге көмектеседі. Ең бастысы, ол дұрыс әрекет етуге талпындырады. Келесі мақалада осы тақырыпты өрбітетін боламыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу