Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.7. 8—9 бет.
  • “Ақыр заман” деген не?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Ақыр заман” деген не?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса заманның ақырын қалай суреттеді?
  • Кім жойылады?
  • Заманның ақыры қашан келеді?
  • Сіз не істеуіңіз керек?
  • Елшілер белгінің қандай болатынын сұрады
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Исаның бүкіл адамзатқа қатысы бар пайғамбарлық айтуы
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Дүниенің соңы жақын ба?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.7. 8—9 бет.

Исадан тәлім аламыз

“Ақыр заман” деген не?

Шәкірттері Исаның қасына келіп: “Сіздің қайта келуіңіз бен ақыр заманның жақындап қалғанын қандай белгі білдірмек?”— деп сұрады (Матай 24:3). Бұған жауап бергенде, Иса жердің тура мағынада жойылатынын айтпаған. Ол бұдан бұрын “заман” деген сөзді Шайтанның қол астындағы саяси, қаржы және діни жүйеге қатысты қолданған (Матай 13:22, 40, 49). Сонда Матай 24:14-те Иса осы жүйенің, яғни заманның “ақыры” туралы сөз еткен (Матай 24:14).

Иса заманның ақырын қалай суреттеді?

Осы әділетсіз заманның жойылатыны “ізгі хабар” болып табылады. Иса: “Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар барлық ұлттарға паш етілу үшін күллі әлемге уағыздалатын болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді”,— деді (Матай 24:14). Иса осы заманның ақырын былай суреттеді: “Сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Егерде Тәңір Ие бұл күндердің санын қысқартпағанда, ешбір жан құтқарыла алмас еді” (Матай 24:14, 21, 22).

Кім жойылады?

Ехоба Құдайды сүймейтін әрі оған қызмет етпейтін және Исаның соңынан ермейтін адамдар жойылады. Олар Құдайды мойындамайды. Иса былай деді: “Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: топан судан бұрын, адамдар... Құдайға мойынсұнбады. Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша олар ештеңені ұқпады” (Матай 24:36—39). Сондай-ақ Иса жойылуға апаратын жолмен көп адам жүретінін айтқан. Алайда “өмірге апаратын” тар жолдың да болатынын уәде етті (Матай 7:13, 14).

Заманның ақыры қашан келеді?

Шәкірттерінің: “Қайта келуіңіз бен ақыр заманның жақындап қалғанын қандай белгі білдірмек?”— деген сұрағына Иса былай жауап берді: “Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық және жер сілкіністер болады... Әділетсіздік тым көбейіп кеткендіктен көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді” (Матай 24:3—12). Олай болса, қазіргі кезде естіп жүрген суық хабарлар жақында Құдай Патшалығы жер бетіне тыныштық орнататынының белгісі болып табылады. Иса: “Сендер осы оқиғалардың болып жатқанын көргенде Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезінің таяп қалғанын білетін боласыңдар”,— деді (Лұқа 21:31).

Сіз не істеуіңіз керек?

Иса Құдай жайлы былай деді: “[Құдай] өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады” (Жохан 3:16). Құдайға және оның Ұлына сену үшін олар туралы білім алуымыз қажет. Иса: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану”,— деген (Жохан 17:3).

Уайым-қайғы мен проблемалардың кесірінен Құдайға деген сүйіспеншілігіңіз суып кетпесін. Иса: “Өздеріңе сақ болыңдар... күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді”,— деді. Осы ескертуге құлақ асатын болсақ, “алдағы осы апаттардан” аман қалатын боламыз (Лұқа 21:34—36).

Көбірек мәлімет алу үшін “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?”a басылымының “Біз соңғы күндері өмір сүріп жатырмыз ба?” деп аталатын 9-тарауын көруге болады.

[Сілтеме]

a Ехоба куәгерлері басып шығарған.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу