Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.4. 7—11 бет.
  • Сенің мінсіздігің Ехобаның жүрегін қуантады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенің мінсіздігің Ехобаның жүрегін қуантады
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Нағыз жау кім екенін есте ұста
  • Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамыт
  • Ехоба адал қызметшілеріне көмек көрсетеді
  • Әйүп Ехобаның есімін қадір тұтқан
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Үмітіңді Ехобаға арт”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Мінсіздіктен таймаңыз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Әйүп — төзімді әрі мінсіз адам
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.4. 7—11 бет.

Сенің мінсіздігің Ехобаның жүрегін қуантады

“Балам, парасатты болып, менің жүрегімді қуант, сонда өзімді қорлағанға жауап бере аламын” (НАҚ. С. 27:11 ЖД).

1, 2. а) Әйүп кітабынан Шайтанның қандай жаласы жайлы оқимыз? ә) Әйүптің өлімінен кейін де Шайтанның Ехобаны қорлауын доғармағаны неден көрінеді?

ЕХОБА Шайтанға адал қызметшісі Әйүпті сынауға жол берді. Нәтижесінде Әйүп малынан, балаларынан және денсаулығынан айырылды. Алайда Шайтан тек Әйүптің мінсіздігіне шек келтірген жоқ. Ол: “Адам теріге тері, ал өмірі үшін өзінде бардың бәрін береді”,— деген болатын. Осылай деуімен ол өзге адамдарға да күмән келтірді, әрі бұл мәселе кейінгі ұрпақтарға да қатысты болды (Әйүп 2:4).

2 Әйүп сынақтарға ұшырағаннан кейін 600 жыл өткен соң, Сүлеймен киелі рухтың жетелеуімен былай деп жазды: “Балам, парасатты болып, менің жүрегімді қуант, сонда өзімді қорлағанға жауап бере аламын” (Нақ. с. 27:11 ЖД). Бұдан Шайтанның сол кезде де Ехобаны қорлауын қоймағаны анық көрінеді. Ал елші Жохан өзіне берілген аянда 1914 жылы Құдай Патшалығы орнағаннан кейін көктен қуылған Шайтанның Құдайдың қызметшілеріне жала жауып жатқанын көрген. Иә, Шайтан әлі күнге дейін, осы зұлым дүниенің ең ақырғы күндерінде де, Құдайдың қызметшілерінің мінсіздігін сынауда (Аян 12:10).

3. Әйүп кітабынан не нәрсеге үйренеміз?

3 Олай болса, Әйүп кітабынан қандай үш маңызды нәрсеге үйренуге болатынын қарастырайық. Біріншіден, Әйүптің басына түскен сынақтар адамзаттың нағыз жауы әрі Құдай халқының қарсыласы кім екенін көруге көмектеседі. Бұл — Шайтан Ібіліс. Екіншіден, қандай қиындыққа кезіксек те, Құдаймен тығыз қарым-қатынас дамытқанымыздың арқасында мінсіздігімізді сақтап қала аламыз. Үшіншіден, қандай да бір сынаққа ұшырағанда, Құдай Әйүпті қолдағандай бізді де қолдайтын болады. Бүгінде ол бізге өзінің Сөзі, ұйымы және киелі рухы арқылы көмек береді.

Нағыз жау кім екенін есте ұста

4. Бүгінгі қоғамда қалыптасқан жағдайға кім кінәлі?

4 Көп адам Шайтанның бар екеніне сенбейді. Сондықтан олар дүниедегі жағдайды ойлап уайымдағанмен, мұның артында шын мәнінде кім тұрғанын біле бермейді. Рас, көп қасіретке адамдардың өздері кінәлі. Алғашқы адам жұбы Адам мен Хауа Жаратушыларынан тәуелсіз болуды шешті. Содан бері олардың ұрпақтары ақылсыз әрекет етіп келеді. Сөйтсе де Хауаны алдап, Құдайға қарсы шығуға иландырған Ібіліс болатын. Зұлым дүниенің пайда болуына ықпал етіп, құрдымға кетіп бара жатқан кемелсіз адамзат қоғамын өз билігінде ұстап отырған да сол. Шайтан “осы күнәкар дүниенің “тәңірі” болғандықтан, көп адам сол сияқты менмен, күңкілдек, қызғаншақ, ашкөз, алдампаз, бүлікшіл болуға бейім келеді (Қор. 2-х. 4:4; Тім. 1-х. 2:14; 3:6; Жақып 3:14, 15 оқы). Осының салдарынан саяси және діни қақтығыстар, жеккөрушілік, жемқорлық белең алып, нәтижесінде адамзат көп қасірет шегуде.

5. Құнды біліміміз бізді не нәрсеге талпындырады?

5 Ехобаның қызметшілерінің көп нәрседен хабардар болғаны қандай қуанышты! Біз дүниедегі жағдайдың нашарлап бара жатқанына кім кінәлі екенін білеміз. Мұны білгеніміз бізді уағыз ісіне қатысып, адамдарға барлық қайғы-қасіреттің басты себепкері кім екенін айтуға талпындырады емес пе?! Шынайы Құдай Ехобаның жағында берік тұру және оның Шайтанды және барлық қайғы-қасіретті жоятынын басқаларға айту бізге зор қуаныш әкеледі емес пе?!

6, 7. а) Шынайы мәсіхшілердің қудалануына кім жауапты? ә) Елиуйге қалай еліктеуімізге болады?

6 Шайтан көп қайғы-қасіретке ғана емес, Құдай халқының қудалануына да кінәлі. Ол бізді сынауды доғармақ емес. Иса Мәсіх елші Петірге: “Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді”,— деген (Лұқа 22:31). Бүгінде де Исаның жолын қуған әрбір адам қандай да бір сынаққа ұшырайды. Петір Ібілісті ‘кімді жалмасам деп торуылдап жүрген ақырған арыстанға’ теңеген. Ал Пауыл: “Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады”,— деген (Пет. 1-х. 5:8; Тім. 2-х. 3:12).

7 Бауырласымыз бақытсыздыққа тап болғанда, нағыз жауымыздың кім екенін есте ұстап жүргенімізді қалай көрсете аламыз? Біз бауырласымыздан қашқақтаудың орнына Әйүппен нағыз дос ретінде сөйлескен Елиуй сияқты әрекет етеміз. Оған ортақ жауымыз Шайтанмен күресуге көмектесеміз (Нақ. с. 3:27; Сал. 1-х. 5:25). Біздің мақсатымыз — қаншалықты қиын болғанына қарамастан, бауырласымыз мінсіздігін сақтап, Ехобаның жүрегін қуанта алуы үшін оған қолдау көрсету.

8. Шайтан Әйүптің Ехобаны мадақтауына кедергі жасауға тырысқанымен неге мұнысынан түк шықпады?

8 Шайтан, ең алдымен, Әйүпті малынан айырды. Бұл оның отбасының күнкөрісі үшін қажет болғанға ұқсайды. Бірақ ол малдарын ғибадат үшін де қолданған. Балалары үшін тазару рәсімін жасағаннан кейін, ол “таңертеңгілікте ерте тұрып, олардың бәрінің санына қарай, түгел өртеу рәсімін жасап шығатын. Өйткені Иов былай дейтін: бәлкім менің ұлдарым күнә жасап қойған болар, сөйтіп Құдайды жүректерімен іштей ғайбаттап қойды ма. Осындай барлық күндерде Иов осылай жасап жүрді” (Әйүп 1:4, 5). Әйүп Ехобаға үнемі құрбандық шалып тұрған. Ал сынаққа ұшырағанда бұлай ету мүмкін болмады. Ехобаны мадақтауға оның ‘мал-мүлкі’ қалмады (Нақ. с. 3:9). Алайда Әйүп Ехобаны аузымен мадақтай алатын және ол солай етті де.

Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамыт

9. Біз үшін ең маңызды нәрсе не?

9 Бай не кедей, жас не қарт, денсаулықтың мықты не нашар болғанына қарамастан, біз Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамыта аламыз. Құдайға жақын жүретін болсақ, қандай сынаққа кезіксек те, мінсіздігімізді сақтап, оның жүрегін қуанта аламыз. Кейбіреулер тіпті Құдай жайлы білімі аз болса да, батылдық танытып, мінсіздіктерін сақтап қалған.

10, 11. а) Сынақтарға кезіккен бір әйел бауырлас мінсіздігін қалай сақтап қалды? ә) Оның мінсіздігі қалайша Шайтанға пәрменді жауап болды?

10 Валентина Гарновскаяның мысалын қарастырайық. Ол ауыр сынақтарға қарамастан, Әйүп сияқты адал болып қалған Ресейдегі көптеген Куәгердің бірі болған. Жиырма жасар Валентинаға бір бауырлас 1945 жылы куәлік берген болатын. Киелі кітап жайлы сөйлесу үшін ол тағы екі рет келеді, алайда бұдан кейін Валентина оны ешқашан көрмейді. Сөйтсе де көршілеріне уағыздай бастайды. Сол себепті тұтқынға алынып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылады. 1953 жылы ол бостандыққа шығып, бірден уағыз ісіне кіріседі. Алайда қайтадан қамауға алынып, бұл жолы он жылға сотталады. Ол бірнеше жыл әртүрлі лагерлерде болып, кейіннен өзге біреуіне ауыстырылады. Сонда қамалған әйел бауырластарда Киелі кітап бар болатын. Бір күні бір әйел бауырлас оны Валентинаға көрсетеді. Неткен көңіл толқытарлық мезет! Ойлап көрші, бұған дейін ол Киелі кітапты тек қана 1945 жылы өзіне куәлік берген бауырластың қолынан көрген болатын.

11 1967 жылы Валентина қамаудан босатылып, ақырында Ехобаға бағышталғандығының белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтеді. Ол бостандықта жүрген уақытын тиімді пайдаланып, 1969 жылға дейін уағыз ісіне құлшына қатысады. Алайда сол жылы қайтадан тұтқындалады. Бұл жолы ол үш жылға еңбекпен түзеу колониясына жіберіледі. Ол сонда да уағыздауды тоқтатпайды. 2001 жылы дүниеден өткенге дейін, Валентина 44 адамға шындықты білуге көмектеседі. Оның өмірінің жиырма бір жылы түрмелер мен лагерлерде өткен еді. Мінсіздігін сақтау үшін ол барынан, тіпті бостандығынан айырылуға дайын болды. Өмірінің соңында Валентина былай деді: “Менің ешқашан өз үйім болған емес. Барлық заттарым бір ғана шабаданға сыйып кететін, сөйтсе де Ехобаға деген қызмет мені зор қуаныш пен қанағат сезіміне бөлейтін”. Адамдар сынақтарға кезіккенде Құдайға адалдықтарын сақтамайды деп жала жапқан Шайтанның сөздеріне бұл неткен пәрменді жауап болды десеңші! (Әйүп 1:9—11). Ехобаның Валентинаның мінсіздігін көріп қуанғаны және болашақта оны және өле-өлгенше адалдықтарын сақтаған басқа да адамдарды қайта тірілтуді асыға күтетіні сөзсіз (Әйүп 14:15).

12. Ехобамен қарым-қатынасымызда сүйіспеншіліктің рөлі қандай?

12 Біздің Ехобамен достық қарым-қатынасымыз сүйіспеншілікке негізделген. Біз Құдайдың қасиеттерін көріп тамсанамыз әрі оның еркіне сай өмір сүруге барынша тырысамыз. Біз Шайтанның жаласын жоққа шығарып, Ехобаға өзіміз қалағандықтан және ешқандай шарт қоймастан сүйіспеншілік танытамыз. Осындай шынайы сүйіспеншілік сынақ кезінде мінсіздігімізді сақтауға қажетті күш береді. Ал Ехоба өзіне адалдық танытқандардың ‘жолын аман сақтайды’ (Нақ. с. 2:8; Заб. 96:10).

13. Ехоба біздің қызметімізге қалай қарайды?

13 Сүйіспеншілік бізді мүмкіндіктеріміздің шектеулі болғанына қарамастан, Ехобаның есімін мадақтауға талпындырады. Ехоба біздің игі ниетімізді көреді, сондықтан өзіміз қалағандай қызмет ете алмасақ, бізді жазғырмайды. Біздің не істейтініміз ғана емес, қандай ниетпен істейтініміз де маңызды. Әйүп қатты қайғырып, көп қасірет шексе де, жала жабушыларына Ехобаның жолдарын жақсы көретінін айтқан (Әйүп 10:12 ЖД; 28:28 оқыa). Әйүп кітабының соңғы тарауында айтылғандай, Ехоба Елифаз, Билдад пен Зофарға жаңсақ пікір айтқандары үшін қаһарланған. Ал Әйүпті төрт рет қызметшім деп атап, оған жалған жұбатушылары үшін дұға етуді тапсыру арқылы өзінің разылығын білдірген (Әйүп 42:7—9). Біз де Ехобаның ықыласына ие болатындай әрекет етейік.

Ехоба адал қызметшілеріне көмек көрсетеді

14. Ехоба Әйүпке ой қалпын өзгертуге қалай көмектесті?

14 Кемелсіз болса да, Әйүп мінсіздігін сақтай алды. Қатты қысымшылық көргенде оның бұрыс көзқарас танытқан кездері де болған. Мысалы, бірде ол көмек сұрап жалбарынғанда Ехобаның жауап бермейтінін және ‘қатыгез болып алып, өзіне қарсы күшті қолымен жауығатынын’ айтқан. Сондай-ақ ол ‘өзінің заңсыздыққа бармайтынын’ және зорлық-зомбылық жасамайтынын әрі ‘дұғасының таза’ екенін айтып, өзін ақтауға тырысып бақты (Әйүп 10:7; 16:17; 30:20, 21). Сөйтсе де Ехоба оған мейірімділікпен көмек көрсетті. Ол бірнеше сұрақ қойып, Әйүпті өзі жайлы тым көп ойламауға талпындырды, сондай-ақ Өзінің зор құдіретін және адамның жай ғана пенде екенін анық көруге көмектесті. Әйүп түзетуді қабыл алып, ой қалпын өзгертті (Әйүп 40:3; 42:2, 6 оқыb).

15, 16. Бүгінде Ехоба өзінің қызметшілеріне қалай көмектесуде?

15 Ехоба бүгінгі қызметшілеріне де мейірімділікпен, сөйтсе де нықтап ақыл-кеңес береді. Сондай-ақ біз оның беріп отырған зор игіліктерінің пайдасын көріп отырмыз. Мысалы, Иса Мәсіх өз өмірін төлем құрбандығы ретінде беріп, күнәлардың кешірілуіне негіз қалады. Осы құрбандықтың арқасында біз кемелсіздігімізге қарамастан, Құдаймен тығыз қарым-қатынаста бола аламыз (Жақ. 4:8; Жох. 1-х. 2:1). Біз сынақтарға кезіккенде, киелі рухының көмегін сұрап Құдайға дұға айтамыз. Бізде Киелі кітап бар және оны оқып, ой жүгіртетін болсақ, сынақтарға төтеп беруге дайын боламыз. Ал Жазбаларды зерттегеніміз бүкіләлемдік билік пен мінсіздікке қатысты даулы мәселелерді түсінуге көмектеседі.

16 Сонымен қатар Ехоба “адал да ақылды құл” арқылы рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отырған дүниежүзілік бауырластықтың мүшесі болудың зор пайдасын көрудеміз (Мат. 24:45—47 ЖД). Ехоба куәгерлерінің 100 000-ға жуық қауымының кездесулерінде сынақтарға қарсы тұруымызға қажетті басшылық пен жігер аламыз. Мұны Германияда тұратын Шейла есімді жасөспірім бауырласымыздың мысалынан көруге болады.

17. Ехобаның ұйымының басшылығына толық бағынғанның пайдасы қандай мысалдан көрінеді?

17 Бір күні Шейланың мұғалімі сыныптан шығып кетеді де, оқушылар өздері қалады. Сонда балалар арнайы тақтайшаны қолданып, спиритизммен айналыспақшы болады. Шейла кідірместен сыныптан шығып кетеді әрі кейіннен осылай істегені дұрыс болғанын біліп қуанады. Сыныптастары спиритизммен айналысқанда оқушылардың кейбірі жын-перілердің пайда болғанын сезген екен. Олар қатты шошып, сыныптан жүгіріп шыққан көрінеді. Шейлаға бірден кетіп қалуды шешуге не көмектесті? Ол былай дейді: “Жақында ғана Патшалық сарайында өткен кездесуде спиритизммен айналысуға арналған тақтайшаларды қолданудың қаупі жайлы айтылған болатын. Сондықтан да мен не істеу керектігін білдім. Нақыл сөздер 27:11-де айтылғандай, мен Ехобаны қуантқым келді”. Шейланың кездесуге барып, бағдарламаны мұқият тыңдағаны қандай жақсы болған!

18. Сен не нәрсеге бел будың?

18 Әрқайсымыз да Құдай ұйымы беріп отырған басшылықты берік ұстануға бел буайық. Кездесулерге үнемі бару, Киелі кітапты оқу, әдебиеттерімізді зерттеу, дұға айту және рухани толысқан бауырластармен араласу арқылы қажетті басшылық пен көмек аламыз. Ехоба біздің сынақтарға төтеп бергенімізді қалайды және адал болып қала беретінімізге сенімді. Ехобаның есімін мадақтау, мінсіздігімізді сақтау және оның жүрегін қуанту — біз үшін неткен мәртебе!

[Сілтемелер]

a Әйүп 10:12: “Сен маған өмір сыйладың және сүйіспеншілікке толы мейірімділік таныттың. Сенің қамқорлығың рухымды қорғады”.

Әйүп 28:28: “Сөйтіп адамға былай деді: “Міне, Жаратқан Ие айбыны [немесе қорқынышы] шынайы даналық болып табылады, ал зұлымдықтан қашу — парасат”.

b Әйүп 40:3: “Сен Менің сотымды құлатып, өзіңді ақтау үшін, Мені айыптағың келе ме?”

Әйүп 42:2, 6: “Білемін — Сен бәрін істей аласың және Сенің ниет етуің тоқтатылмақ емес. Сондықтан мен бұрынғымнан бас тартып, топырақ пен күлде өкінемін”.

Естеріңде ме?

• Шайтан дүниедегі қандай жағдайлар мен сынақтарға жауапты?

• Біз үшін ең маңызды нәрсе не?

• Ехобамен достық қарым-қатынасымыз неге негізделген?

• Бүгінде Ехоба өзінің қызметшілеріне қалай көмектесуде?

[8-беттегі сурет]

Киелі кітаптан алған құнды біліміңмен бөлісуге деген талпынысың бар ма?

[9-беттегі сурет]

Біз бауырластарымызға мінсіздіктерін сақтауға көмектесе аламыз

[10-беттегі сурет]

Валентина мінсіздігін сақтау үшін бәрін құрбан етуге дайын болған

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу