Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.4. 12—13 бет.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта түсік жасату жайлы не айтылған?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Түсік жасату
    Ояныңдар! 2017
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.4. 12—13 бет.

Оқырман сауалдары

Егер әйел түсік тастаса не баласы өлі туылса, оның қайта тірілетініне үміт бар ма?

Осындай жағдай басына түскен адамдардың сезімін өзгелерге елестетудің өзі қиын шығар. Кейбір ата-аналар үшін бұл — орны толмас қайғы. Бір ана мұндай жағдайды бес рет басынан кешірген. Кейіннен ол аман-есен екі ұл туып, оларды тәрбиелеп өсіргенмен, жоғалтқан әрбір баласын ұмыта алмаған. Ол балалары тірі болғанда, қанша жаста боларын өмір бойы есептеп жүретін. Мұндай мәсіхшілер балалары қайта тірілетініне үміттене ала ма?

Бір сөзбен айтар болсақ, біз мұны білмейміз. Киелі кітапта өлі туылған не түсіп қалған нәрестелердің тірілетін-тірілмейтіні жөнінде нақты ештеңе айтылмаған. Алайда онда осы сұраққа қатысты принциптер бар, әрі олардан жұбаныш табуға болады.

Қазір осы мәселеге қатысты екі сұрақты қарастырып көрейік. Біріншіден, Ехобаның көзінде адам өмірі қай уақытта басталады, құрсақта пайда болғанда ма, әлде туылғанда ма? Екіншіден, ол әлі туылмаған нәрестеге жеке тұлға ретінде қарай ма, әлде оны әйел құрсағындағы жасушалар мен тіндердің жиынтығы ғана деп есептей ме? Киелі кітаптағы принциптер бұл екі сұраққа да айқын жауап береді.

Мұса заңынан адамның өмірі туылған кезде емес, әлдеқайда ерте басталатыны анық көрінеді. Қалайша? Заңға сәйкес, әлі туылмаған нәрестені өлтірген адам өлім жазасына кесілуі мүмкін еді. Онда “жанға жан” берілу керектігі айтылған (Мыс. ш. 21:22, 23)a. Демек құрсақтағы нәресте тірі жан болып табылады. Осы мәңгілік шындықты түсінгендері миллиондаған мәсіхшіге түсік жасатуды ауыр күнә деп есептеп, одан бас тартуға көмектесті.

Иә, құрсақтағы бала да — тірі жан. Алайда оның өмірі Ехобаның көзінде қаншалықты құнды? Жоғарыда аталып өткен заңға сай, құрсақтағы нәрестенің өліміне себепкер болған адам өлтірілуі тиіс еді. Бұдан құрсақтағы баланың өмірі Құдайдың көзінде аса құнды екені анық көрінеді. Ал өзге де көптеген Жазба орындарынан Ехобаның құрсақтағы баланы жеке тұлға ретінде қарастыратынын білуге болады. Мысалы, Дәуіт патша Ехобаға былай деген: “Ана құрсағында мені жараттың... Ұрық күйімде маған көз тастадың, Сен маған бұйырған күндердің бірі Әлі де тумас бұрын, олардың бәрі Кітабыңда жазулы тұрған еді” (Заб. 138:13—16; Әйүп 31:14, 15).

Сондай-ақ Ехоба құрсақтағы баланың өзіндік ерекшеліктерін және оның қандай адам болатынын біледі. Ысқақтың әйелі Рабиға жүкті болған кезінде, Ехоба оның құрсағында тебісіп жатқан егіз балаға қатысты пайғамбарлық айтып, олардың көп адамның болашағына әсер ететін ерекшеліктерінің сол кезде-ақ өзіне белгілі болғанын айтқан (Жар. 25:22, 23; Рим. 9:10—13).

Киелі кітапта шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия туралы да көңіл қоюға тұрарлық оқиға жазылған: ‘Елізабет Мәриямның берген сәлемін естігенде, ішіндегі нәрестесі тыпырлап кетті. Елізабет Киелі Рухқа кенелді’ (Лұқа 1:41). Дәрігер Лұқа бұл жерде құрсақтағы балаға да, туылған балаға да нұсқайтын грек сөзін қолданған. Ол ақырда жатқан Исаға қатысты да осы сөзді қолданған (Лұқа 2:12, 16; 18:15).

Осы қарастырылған жайттарды ескерер болсақ, Киелі кітап құрсақтағы бала мен жаңа туылған нәрестенің арасында үлкен айырмашылық бар деуге негіз бере ме? Олай емес көрінеді, әрі бүгінгі күнгі ғылыми зерттеулер осының растығын көрсетеді. Мысалы, мамандар құрсақтағы баланың сезу қабілетінің бар екенін және сырттағы факторлардың оған әсер ететінін анықтады. Сол себепті де болашақ ананың құрсағында өсіп-жетіліп жатқан нәрестесіне қатты бауыр басып қалатыны — таңғаларлық жайт емес.

Әр бала әртүрлі уақыттан кейін туылуы мүмкін. Айталық, бір ана мерзімінен бұрын аман-есен босанады, бірақ нәресте бірер күннен кейін шетінеп кетеді. Өзге бір ана тоғыз ай көтереді, бірақ баласы өлі туылады. Бірінші ана мерзімінен бұрын босанып қойғаны үшін ғана баласының қайта тірілетініне үміттеніп, ал екіншісі үміттене алмай ма?

Қорыта айтқанда, Киелі кітап мынаған үйретеді: адам өмірі ұрықтану кезінде басталады және Ехоба туылмаған нәрестені жеке тұлға ретінде қарастырады әрі бағалайды. Жазбалардағы осы шындықты ескере отырып, кейбіреулер туылмай жатып өліп кеткен нәрестелер қайта тірілмейді деп айта алмаймыз деген ойға келуі мүмкін. Олар осындай пікірдің біздің түсік жасатуға қатысты Жазбаларға (Ехобаның туылмаған нәрестенің өміріне деген көзқарасына) негізделген ұстанымымыздың маңыздылығын азайтады деп ұйғаруы ықтимал.

Осы журналдың бұрынғы сандарында туылмай тұрып өліп кеткен нәрестелердің қайта тірілетініне қатысты күмән тудыруы мүмкін сұрақтар көтерілген болатын. Сол сұрақтардың бірі мынадай еді: Құдай тіпті әлі толық жетілмеген ұрықты Жұмақта анасының құрсағына қайта салуы мүмкін бе? Алайда қосымша зерттеулер жүргізгеннің және дұға ете отырып ой жүгірткеннің нәтижесінде Басқарушы кеңес қайта тірілуге қатысты мұндай сұрақтар туындамауы керек деген тұжырымға келді. Иса: “Құдайдың қолынан... бәрі де келеді!”— деген (Мар. 10:27). Исаның өз басынан өткен жайт осы сөздердің растығын дәлелдейді: оның өмірі көктен пәк қыздың құрсағына ауыстырылды, ал бұл адамның көзінде мүмкін емес нәрсе еді.

Жоғарыда қарастырылған жайттарды ескерер болсақ, Киелі кітап туылмай тұрып өліп кеткен нәрестелер қайта тіріледі деп үйрете ме? Ерекше айтып өткіміз келетіні — Киелі кітапта бұл сұраққа тікелей жауап жазылмаған, сондықтан біржақты пікір ұстануға негіз жоқ. Осы мәселе төңірегінде сансыз көп сұрақ туындауы мүмкін. Алайда бұған қатысты болжам жасаудан аулақ болғанымыз дұрыс. Біздің білетініміз мынау — бұл мәселе сүйіспеншілігі мен мейірімі мол Құдайымыз Ехобаның қолында (Заб. 85:15). Оның адамдарды қайта тірілту арқылы өлімнің әкелетін зардабын жоюды шын жүректен қалайтыны күмәнсіз (Әйүп 14:14, 15). Біз оның әрқашан дұрыс әрекет ететініне сенімді болуымызға болады. Ол “шайтанның ісін талқандау үшін” өзінің Ұлына сүйіспеншілікпен басшылық бере отырып, осы зұлым дүниеде қасірет шеккен адамдардың жан жарасын сауықтырады (Жох. 1-х. 3:8).

[Сілтеме]

a Кейбір аудармаларда, мысалы қазақ тіліндегі Киелі кітапта, бұл тармақ тек анасы өліп кеткен жағдайда ғана айыптыны өлім жазасына кесу керек деген ойды береді. Алайда еврей тіліндегі түпнұсқадан бұл заңның құрсақтағы баланың өліміне де қатысты екенін көруге болады.

[13-беттегі сурет]

Ехоба қасірет шеккендердің жан жарасын сауықтырады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу