Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.12. 16—20 бет.
  • Біз түбегейлі куәлік етуге бел буғанбыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Біз түбегейлі куәлік етуге бел буғанбыз
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ол түбегейлі куәлік етті!
  • Қазіргі күні түбегейлі куәлік ету
  • Біз біле бермейтін нәтижелер
  • “Түбегейлі куәлік беріңдер”
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Түбегейлі куәлік беруге үйреніңдер
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Түбегейлі куәлік етуде” ынталы бол
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Исаның елшілерінен сергек болуды үйрен
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.12. 16—20 бет.

Біз түбегейлі куәлік етуге бел буғанбыз

‘Ол бізге адамдарға айтып, [“түбегейлі” ЖД] куәлік келтіруге әмір етті’ (ЕЛ. ІС. 10:42).

1. Корнелдің үйінде Петір қандай тапсырма жайлы айтқан?

ИТАЛИЯ әскерінің жүзбасы үйіне туыстары мен достарын жинайды. Құдайды қастерлейтін бұл кісінің есімі Корнел еді. Бұл оқиға Құдайдың адамзатпен қарым-қатынасындағы маңызды өзгерістің бастамасы болды. Жиналған жұрттың алдында Петір елшілердің Иса туралы ‘адамдарға айтып, [“түбегейлі” ЖД] куәлік келтіру’ тапсырмасын алғанын айтады. Петірдің берген куәлігі мол жеміс береді. Сүндеттелмеген басқа ұлт адамдарына Құдай рухы қонып, олар шомылдыру рәсімінен өтеді және Исамен бірге көкте патшалар болу үмітіне ие болады. Петірдің түбегейлі куәлігі қандай зор нәтиже берді десеңші! (Ел. іс. 10:22, 34—48).

2. Куәлік ету тапсырмасы 12 елшіге ғана берілмегенін қайдан білеміз?

2 Бұл оқиға б. з. 36 жылы болған. Ал содан екі жыл бұрын мәсіхшілерді қатты қудалаған бір кісінің өмірін өзгерткен жағдай орын алған еді. Тарстық Саул Дамаскіге кетіп бара жатқанда, алдынан Иса пайда болып, оған: “Тұр да, қалаға бар! Не істеуге тиіс екенің саған сол жерде айтылады!”— дейді. Кейін Иса Анани есімді шәкіртіне Пауылдың “басқа ұлттарға, патшаларға және Исраил халқына” куәлік ететінін айтады (Елшілердің істері 9:3—6, 13—20 оқы). Саулға келгенде Анани: “Ата-бабаларымыздың Құдайы сені... таңдап алған болатын. Өйткені сен барлық адамдарға естіп-көргенің туралы куә болып тұрасың [“куәлік етуің керек” ЖД]”,— дейді (Ел. іс. 22:12—16). Кейін Пауыл деп белгілі болған Саул өзіне тапсырылған істі қалай орындады?

Ол түбегейлі куәлік етті!

3. а) Осы мақалада қандай мәліметке көңіл аударамыз? ә) Ефестегі ақсақалдар Пауылдың хабарын қалай қабыл алды және бізге қандай үлгі қалдырды?

3 Сол оқиғадан кейін Пауылдың не істегенін егжей-тегжейлі қарастыру қызықты болары сөзсіз. Бірақ қазір біз оның Елшілердің істері 20-тарауда жазылған баяндамасына көңіл аударамыз. Пауыл оны шамамен б. з. 56 жылы үшінші миссионерлік сапарының соңында айтқан болатын. Ол Эгей теңізінің жағалауындағы Мілитте кемеден түседі де, сол жерден Ефестегі қауымның ақсақалдарын шақыртады. Ефес елу шақырымдай жерде орналасқанмен, түзу жол болмаған. Сондықтан жолаушыға ұзақ жүру керек еді. Пауылдың шақырып жатқанын естігенде, ақсақалдар қатты қуанған болу керек (Нақыл сөздер 10:28 салыстыр). Дегенмен Мілитке сапар шегу үшін олар дайындалу керек еді. Бәлкім, кейбіреуіне жұмыстарынан сұрануға не шаруаларын уақытша тоқтуға тура келген шығар. Бүгін де көптеген мәсіхші осылай әрекет етіп, жыл сайынғы облыстық конгреске толық қатысуға тырысады.

4. Пауыл бірнеше жыл Ефесте болғанда, қандай іспен айналысқан?

4 Ақсақалдар келгенше, Пауыл үш-төрт күн бойы Мілитте немен айналысты деп ойлайсың? Ал сен немен айналысар едің? (Елшілердің істері 17:16, 17 салыстыр). Пауыл Ефесте жүргендегі ісімен айналысқаны сөзсіз. Оның Ефес ақсақалдарына айтқан сөзі осылай пайымдауға негіз береді. Онда Пауыл өзінің көп жыл бойы, сондай-ақ Ефесте болғанда, қалай өмір сүргені туралы айтқан (Елшілердің істері 20:18—21 оқы). Ол: “Азияға алғаш келген күннен бастап, араларыңда қалай тұрғанымды өздерің білесіңдер... [“мен түбегейлі куәлік бердім” ЖД]”,— деп сенімділікпен айтты. Бұл сөздерден Пауыл Исаның тапсырмасын ынты-шынтысымен орындауға бел буғаны көрінеді. Ол бұл тапсырманы Ефесте қалай орындады? Мысалы, ол яһудилер жиналатын жерге барып куәлік берген. Лұқа Пауылдың шамамен б. з. 52—55 жылдары Ефесте болғанда, мәжілісханада ‘адамдармен сөйлесіп,.. шындыққа сенерліктей дәлел келтіргенін’ жазған. Яһудилер ‘қасарысып, сенгісі келмегенде’, ол назарын басқа адамдарға аударып, қаланың өзге жеріне барып уағыздай берген. Осылайша Пауыл сол үлкен қалада яһудилер мен гректерге куәлік берген (Ел. іс. 19:1, 8, 9).

5, 6. Пауыл үйме-үй жүріп мәсіхші еместерге уағыздағанына неге сенімді бола аламыз?

5 Мілитте Пауылдың уағызын естіп, мәсіхші болғандардың кейбірі уақыт өте келе талаптарға сай келіп, ақсақал ретінде қызмет еткен. Оларға Пауыл өзі қолданған уағыздау әдісін естеріне салып: “Ел алдында және жеке үйлерде уағыз айтып, тәлім беріп жүргенде сендерге пайдалы болатын еш нәрсені қалдырмай, бәрін түгел айттым”,— деген. Бүгінде кейбіреулер мұнда Пауылдың сенушілердің үйлеріне барғаны жайлы айтылып тұр деп пайымдайды. Бірақ бұл олай емес. ‘Ел алдында және жеке үйлерде уағыз айту’ деген сөздер, негізінен, сенбейтін адамдарға ізгі хабарды айтуды білдіреді. Мұны Пауылдың яһудилер мен гректерге: “Күнәларыңа өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Исаға сеніңдер!”— деген сөзінен көруге болады. Ол сенбейтіндерге, яғни өкінуі және Исаға сенуі керек адамдарға, куәлік бергені анық (Ел. іс. 20:20, 21).

6 Грек жазбаларына жан-жақты талдау жасаған бір ғалым Елшілердің істері 20:20-дағы сөздерге қатысты былай деген: “Пауыл Ефесте үш жыл болды. Ол әр үйге кірген немесе адамдардың бәріне уағыздаған (26 тармақ). Ізгі хабарды үйме-үй және көпшілік жерлерде уағыздау Жазбаларға негізделеген”. Пауыл бір де бір үйді қалдырмай уағыздады ма, жоқ па, белгісіз. Ең маңыздысы, ол Ефестегі ақсақалдардың өзінің адамдарға қалай куәлік бергенін және мұның нәтижесі қандай болғанын ұмытпағанын қалады. Лұқа: “Яһудилер болсын, гректер болсын Азия аймағының барлық тұрғындары Иеміз туралы Ізгі хабарды естіді”,— деген (Ел. іс. 19:10). Ізгі хабарды қалайша Азиядағы “барлық” адам естіді және бұдан біздің уағызымызға қатысты не білеміз?

7. Пауылды көрмеген адамдарға оның айтып жүрген хабары қалай жеткен болуы мүмкін?

7 Пауыл Ефесте көпшілік жерлерде және үйме-үй уағыздағанының арқасында ізгі хабарды көп адам естіген. Алайда олардың бәрі қаладан шықпай отыра бермеген шығар. Кейбірі жұмыс істеу үшін, туыстарына жақын болу үшін, я болмаса абыр-сабыр қаладан қашып, тыныш жерде өмір сүру үшін, басқа жерлерге көшкен болуы мүмкін. Осындай себептермен бүгін де көп адам қоныс аударуда. Бәлкім, сен де солардың бірі шығарсың. Сондай-ақ Ефеске тұс-тұстан сауда жасап не басқа шаруамен көп адам келетін болған. Қалада олар да Пауылды кездестіріп, оның уағызын тыңдаған болуы мүмкін. Олар үйлеріне қайтқанда, қандай жағдай болған болса керек? Шындықты қабыл алғандары куәлік етуге кіріскен шығар. Ал сенушілер қатарына қосылмағандары Ефесте естіп-білгендері жайлы басқа адамдармен сөйлескен болуы мүмкін. Осылайша олардың туыстары, көршілері немесе қандай да бір шаруамен ісі түсіп келген адамдар шындықты естіп, қабыл алған шығар (Марқа 5:14 салыстыр). Бұл түбегейлі куәлігіңнің нәтижесіне қатысты нені көрсетеді?

8. Азия аймағындағы адамдар шындықты қалай естіген болуы мүмкін?

8 Пауыл Ефестегі қызметі жайлы: “Өнімді еңбек етуіме есік айқара ашық”,— деген (Қор. 1-х. 16:8, 9). Бұл қандай есік және ол қай мағынада айқара ашық еді? Пауыл Ефесте біраз уақыт қызмет еткенінің арқасында сол аймаққа ізгі хабар кең тарады. Ефестен ішкерірек орналасқан Қолос, Лаудіки, Иерапол деген үш қаланы алайық. Пауыл ол жақта ешқашан болмаса да, ондағылар ізгі хабарды естіген. Епафрас сол аймақтан еді (Қол. 2:1; 4:12, 13). Оның ізгі хабарды кімнен әрі қай жерде естіп, мәсіхші болғаны жайлы Киелі кітапта нақты ештеңе айтылмаған. Алайда Епафрас жерлестеріне шындықты жариялауда Пауылдың өкілі болған болуы мүмкін (Қол. 1:7). Філаделфи, Сард және Тиятир атты қалаларға да ізгі хабар Пауыл Ефесте уағыздап жүрген жылдары жетсе керек.

9. а) Пауыл нені қатты қалаған? ә) 2009 жылға арналған жылдық мәтін қандай?

9 Сонымен Ефестегі ақсақалдарда Пауылдың сөздерімен келісуге көп себеп болған. Ол: “Мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем [“ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік етсем” ЖД] болғаны”,— деген. Жігерлендіретін әрі қозғау салатын 2009 жылға арналған жылдық мәтін осы жазба орнына негізделген: “Ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік етіңдер” (Ел. іс. 20:24 ЖД).

Қазіргі күні түбегейлі куәлік ету

10. Біз де түбегейлі куәлік етуіміз керек екенін қайдан білеміз?

10 Ізгі хабарды ‘адамдарға айтып, түбегейлі куәлік келтіру’ тапсырмасы елшілерге ғана берілген жоқ еді. Иса қайта тірілгеннен соң Ғалилеяда жиналған шамамен 500 шәкіртіне: “Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!”— деп бұйырған. Бұл тапсырма қазіргі кездегі шынайы мәсіхшілердің барлығына қатысты, себебі Иса: “Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын!”— деген (Мат. 28:19, 20).

11. Ехоба куәгерлері қандай маңызды істі атқаруымен танымал?

11 Бүгінде мәсіхшілер бұл тапсырманы құлшына орындап, ‘ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік етуге’ тырысуда. Олардың қолданатын негізгі әдісі — Пауылдың Ефестегі ақсақалдарға айтқан үйме-үй уағыздау әдісі. Дейвид Стюард 2007 жылы миссионерлердің тиімді ісі жайлы жазған кітабында былай деген: “Ехоба куәгерлерінің өз мүшелеріне сенімдерімен бөлісуді іс жүзінде үйретуі, теория жүзінде үйретуден әлдеқайда тиімді. Ехоба куәгерлерінің көбісі адамдармен сенімдері жайлы сөйлесуді ұнатады”. Мұның нәтижесі қандай? “Мен 1999 жылы Шығыс Еуропаның екі үлкен қаласында сауалнама жүргіздім. Оған қатысқандардың 2—4 пайызы ғана Соңғы күндердің әулиелері, немесе мормондар, шіркеуінің өкілдерін кездестіргенін айтты. Ал 70 пайыздан астамы Ехоба куәгерлерін кездестірген. Олардың көбісі Куәгерлермен бір емес, бірнеше рет жолыққанын мәлімдеді”.

12. а) Аумағымыздағы адамдардың үйлеріне неге “бір емес, бірнеше рет” барамыз? ә) Адамның көзқарасы өзгеріп, кейіннен хабарды қабыл алғаны жайлы қандай мысалды білесің?

12 Сен тұратын жерде де адамдар Куәгерлермен жиі кездесетін шығар. Бұған сен де үлес қосып жатқан боларсың. Үйме-үй уағыздап жүріп, сен есік алдында ер не әйел кісілерге және жастарға ‘жолыққансың’. Кейбіріне “бір емес, бірнеше рет” жолыққан шығарсың, алайда олар ізгі хабарды тыңдамаған болар. Басқалары Жазба орнын оқығаныңда не Киелі кітаптағы бір оймен бөліскеніңде, шамалы ғана тыңдаса керек. Ал тағы біреулерге жақсы куәлік беріп, ақыр соңында олар хабарды қабыл алған болуы мүмкін. Бұл — ‘ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік еткенде’ болуы мүмкін жағдайлар. Алайда кейбір адамдар “бір емес, бірнеше рет” естіп, қызығушылық білдірмей жүрсе де, кейін өзгерген. Олардың жүректері ашылып, шындықты қабылдауына өздерінің не жақын адамының қандай да бір жағдайға тап болғаны себеп болған шығар. Қазір олар — біздің бауырластарымыз. Олай болса, уағызыңа аз адамның құлақ асқанына бола ұнжырғаң түспесін. Себебі біз шындықты барлық адам қабыл алады деп күтпейміз. Алайда Құдай біздің бар ықыласпен әрі құлшыныспен куәлік етуді жалғастыра бергенімізді қалайды.

Біз біле бермейтін нәтижелер

13. Куәлік ету ісіміздің біз білмейтін қандай нәтижелері болуы мүмкін?

13 Пауылдың қызметінің арқасында шындықты оның уағызын тікелей өзінен естімегендер де қабылдаған. Бүгінде де сондай жағдай орын алуы мүмкін. Біз үйме-үй уағыздауға үнемі атсалысып, мүмкіндігінше көп адаммен сөйлесуге тырысамыз. Сондай-ақ ізгі хабарды көршілерімізге, әріптестерімізге, сыныптастарымыз бен туыстарымызға айтамыз. Мұның нәтижесін түгелімен біле аламыз ба? Кей жағдайда қызметіміздің жақсы нәтижесін бірден көреміз. Басқа кезде шындықтың дәні ұзақ уақыт өнбейді де, кейіннен адамның жүрегіне жетіп, өніп-өсіп, жеміс беріп жатады. Тіпті біз уағыздаған адамдар шындықты қабыл алмаған күннің өзінде, олар басқа біреуге біздің не айтып жүргенімізді, не нәрсеге сенетінімізді немесе жүріс-тұрысымыз жайлы айтатын шығар. Осылайша олар өздері де аңдамай біз сепкен шындық дәнінің басқа біреудің жүрегінде өсіп-өнуіне септігін тигізуі мүмкін.

14, 15. Бір бауырластың уағызы қандай нәтиже берді?

14 Бір ғана мысалды қарастырайықшы. Райен әйелі Мендимен Флоридада (АҚШ) тұрады. Бірде Райен бейресми жағдайда әріптесіне уағыздайды. Индуизмді ұстанған ол кісіге Райеннің киінгені, өзін қалай ұстағаны қатты ұнап қалған екен. Райен онымен қайта тірілу мен өлілердің күйі жайлы тақырыптарға әңгімелеседі. Қаңтардың бір кешінде әлгі кісі әйелі Джодиден Ехоба куәгерлері жайлы не білетінін сұрайды. Католик дінін ұстанған Джоди Куәгерлердің “үйме-үй жүріп уағыздайтынынан” басқа ешнәрсе білмейді екен. Кейін ол Интернетке кіріп, “Ехоба куәгерлері” деген сөздерді тереді де, ұйымның сайтына (www.watchtower.org) шығады. Сол сайттан бір ай бойы әртүрлі мәліметтерді, соның ішінде Киелі кітап пен өзіне ұнаған мақалаларды, оқиды.

15 Бір күні Джоди Мендиді кездестіреді, екеуі де медбике болып істейтін. Менди оның сұрақтарына жауап беруге қуанышты болады. Біраз уақыттан кейін олар ұзақ әңгімелеседі. Нәтижесінде, Джоди Киелі кітап зерттеу сабағына келіседі. Көп ұзамай ол Патшалық сарайына бара бастайды. Джоди қазан айында жариялаушы болады, ал ақпанда шомылдыру рәсімінен өтеді. “Қазір шындықты білемін, бақыттымын әрі көңілім тоқ”,— деп жазады Джоди.

16. Флоридада болған оқиғадан түбегейлі куәлік жайлы не білеміз?

16 Бір адамға айтқан уағызы басқа біреудің шындыққа келуге септігін тигізетіні Райеннің ойына да кіріп-шықпаған. Алайда ол түбегейлі куәлігінің бұл жолы қандай нәтиже бергенін көрді. Бәлкім сен үйме-үй жүргенде, жұмыста, мектепте, бейресми жағдайда куәлігіңнің қандай нәтиже бергенін білмессің. Десе де қызметіңнің арқасында шындық басқа адамдарға жетуі мүмкін. Пауыл өзінің ‘түбегейлі куәлігі’ (ЖД) “Азия аймағында” қандай өнім бергенін түгел білген жоқ. Біз де қызметіміздің қандай өнім бергенін түгел біле алмаймыз (Елшілердің істері 23:11; 28:23 оқы). Олай болса, түбегейлі куәлік етуді тоқтатпау өте маңызды!

17. 2009 жылы не істеуге бел будың?

17 2009 жылы үйме-үй жүріп және басқа да жолдармен куәлік ету тапсырмасын бәріміз де жан сала орындайық. Сонда біз де Пауылдың келесі сөзіне қосыла аламыз: “Мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем [“Ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік етсем”, ЖД] болғаны”.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Бірінші ғасырда елші Петір мен Пауыл және басқалар қалай түбегейлі куәлік еткен?

• Неге уағызымыздың нәтижесі біз білетіннен де зор болуы мүмкін?

• 2009 жылға арналған жылдық мәтін қандай және неге оны орынды деп ойлайсың?

[19-беттегі сөздер]

2009 жылға арналған жылдық мәтін: “Ізгі хабар туралы түбегейлі куәлік етіңдер” (Ел. іс. 20:24 ЖД).

[17-беттегі сурет]

Ефестегі ақсақалдар Пауылдың үйме-үй жүріп куәлік ететінін білген

[18-беттегі сурет]

Түбегейлі куәлік етуіңнің арқасында шындықты қанша адам қабыл алады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу