Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.1. 23—25 бет.
  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Күйеулер не сезінеді?
  • Пайдалы кеңестер
  • Жақсылыққа талпындыратын кітап
  • Некені баянды етер екі кілт
    Отбасы бақытының сыры
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.1. 23—25 бет.

Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?

“ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ бірі дінін өзгертсе, некелері бұзылады”. Көп адамдар осылай деседі. Кейде олар осындай сөздерді Ехоба куәгері болғысы келген ерлі-зайыптылардың біріне айтып жатады. Бірақ мұндай пікір шынымен дұрыс па?

Әрине, жұбайы дінге қызығушылық білдіре бастаса не бұрыннан ұстанып келе жатқан діни нанымдарын өзгертсе, бұл серігінің төбесіне жай түскендей болуы мүмкін. Мұндай жайт адамды уайымға салып, көңілін түсіріп, тіпті ашуландыруы ықтимал.

Әдетте, бірінші болып әйелдер дінін өзгерту керектігін түсініп жатады. Сіздің де әйеліңіз Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеп жатса, бұл отбасыңызға қалай әсер етуі мүмкін? Ал сіз Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеп жатқан болсаңыз, күйеуіңіз тым мазаланбауы үшін не істей аласыз?

Күйеулер не сезінеді?

Австралияда тұратын Марктің әйелі Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастағанда, олардың некелескеніне 12 жыл болатын. “Менің бақытты отбасым әрі қанағаттанарлық жұмысым болды,— дейді Марк. — Өміріме риза едім. Бірде әйелім Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеуді шешті. Кенеттен, енді өмірім бұрынғыдай болмайтындай сезіндім. Алғашқыда әйелімнің Киелі кітапқа қызыға бастағанына алаңдадым, ал Ехоба куәгері ретінде шомылдыру рәсімінен өтуді шешкенін айтқанда, шындап уайымдадым”.

Марк әйелінің жаңа сенімінің кесірінен некесі ойран бола ма деп уайымдай бастайды. Ол әйеліне Киелі кітапты зерттеуді доғартып, Куәгерлермен араласуға тыйым салуды ойлайды. Алайда қызбалыққа салынудың орнына, Марк араға біраз уақыт салуды шешеді. Оның некесімен не болды?

“Қуанышқа орай, некеміз бұрынғыдан да нығая түсті,— деді Марк. — Әйелімнің Ехоба куәгері болғанына 15 жыл болды. Содан бері некеміз жақсаруда”. Олардың некелерін табысты еткен не? “Өткенді еске алсам, бұған әйелімнің Киелі кітаптағы жақсы кеңестерді қолданғанының арқасында қол жетіп отыр. Ол маған үнемі құрмет көрсетуге тырысады”,— деді Марк.

Пайдалы кеңестер

Сен Ехоба куәгерлерімен араласып жүрген болсаң әрі бұған күйеуің мазаланатын болса, оның көңілін орнықтыру үшін не істеп, не айта аласың? Дүниенің төрт бұрышында тұратын мына әйелдердің сөздеріне назар аударшы:

Сакико (Жапония): “Менің тұрмыс құрғаныма 31 жыл болды және үш балам бар. Ехоба куәгері болғаныма 22 жыл болды. Сеніміңді бөліспейтін адаммен тұру кейде қиынға соғады. Бірақ мен Киелі кітаптағы: ‘Тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, әрі ашулануға баяу бол’,— деген кеңесті ұстануға барынша күш саламын (Жақып 1:19). Күйеуіме мейірімді болуға тырысам, Киелі кітап принциптеріне қайшы келмесе, тілегін орындауға дайынмын. Бұл некеміздің сәтті болуына көмектеседі”.

Надежда (Ресей): “Менің отау құрғаныма 28 жыл, ал Куәгер болғаныма 16 жыл болды. Киелі кітапты зерттемес бұрын, күйеуім үйдің отағасы болуы керек екенін ойламаппын. Көбінесе шешімді өзім қабылдағанды жақсы көретінмін. Алайда, уақыт өте келе, Киелі кітап принциптерін қолдану отбасымыздың тату-тәтті әрі бақытты болуына ықпал ететінін түсіндім (Қорынттықтарға 1-хат 11:3). Келе-келе күйеуіме мойынсұну оңай бола түсті, ол да бойымдағы осы өзгерістерді байқады”.

Марли (Бразилия): “Менің екі қызым бар және неке құрғаныма 21 жыл болды. 16 жылдан бері Ехоба куәгерімін. Мен Ехоба Құдайдың ерлі-зайыптылардың ажыраспай, бірге болғандарын қалайтынын білдім. Сондықтан жақсы әйел болып, сөзіммен де, ісіммен де Ехоба мен күйеуімді қуантуға тырысамын”.

Лариса (Ресей): “Осыдан шамамен 19 жыл бұрын Ехоба куәгері болғанымда, ең маңыздысы, өзімді өзгертуім керектігін түсіндім. Күйеуім маған Киелі кітаптың жақсы жағынан әсер етіп жатқанын және өзін көбірек бағалауыма көмектескенін байқады. Алғашқыда, бала тәрбиесіне қатысты келіспеушіліктер болып тұратын, бірақ оларды шеше алдық. Жолдасым балалардың менімен бірге діни кездесулерге баруына рұқсат етті, өйткені бұл кездесулерден олардың тек пайдалы нәрселерге үйренетінін түсінді”.

Валкурия (Бразилия): “Менің бір балам бар. Неке құрғаныма 19 жыл, ал Ехоба куәгері болғаныма 13 жыл болды. Бастапқыда, күйеуім уағыздау ісіне қатысқанымды қаламады. Бірақ мен жұмсақтықпен оның көңілін орнықтыруды үйрендім және Киелі кітаптың маған жақсы әсер етіп жатқанын көре алуына көмектестім. Уақыт өте келе күйеуім мен үшін уағыздау ісіне қатысу қаншалықты маңызды екенін түсінді. Қазір ол рухани істеріме толық қолдау көрсетеді. Ауылды жерлерге Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуге бару керек болғанда, ол тіпті мені көлігімен жеткізіп салып, зерттеу сабағы біткенше сыртта күтіп тұрады”.

Жақсылыққа талпындыратын кітап

Егер жұбайыңыз Ехоба куәгерлерімен араласып жүрсе, бұл отбасыңызды бұзады деп қорықпаңыз. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі ерлі-зайыптылар Киелі кітаптың некеге тек пайдасын тигізетінін байқаған.

Ехоба куәгері емес бір отағасы былай деп ашық мойындады: “Әйелім Ехоба куәгерлерінің сенімін қабылдағанда, алғашында біраз уайымдадым. Мұнымен келісу оңай болмағанымен, соңы жақсылыққа әкелді”. Өзге бір отағасы әйелі жайлы былай деді: “Зайыбымның адалдығы, табандылығы мен мінсіздігі Ехоба куәгерлеріне зор құрметпен қарауыма себеп болды. Оның діни нанымдары отбасымызға көп пайдасын тигізді. Біз өзара кішірейіп, бір-бірімізге кешірімшіл болуды үйрендік және некемізді өмірлік одақ деп қарастыратын болдық”.

[25-беттегі қоршау/сурет]

Ехоба куәгерлерінің некеге деген көзқарасы қандай?

Ехоба куәгерлері Киелі кітапты рухтың жетелеуімен жазылған Құдай Сөзі деп есептейді. Сондықтан онда некеге қатысты айтылғандарға ерекше мән береді. Келесі сұрақтарға Киелі кітап қалай жауап беретініне көңіл қойыңызшы:

▪ Ехоба куәгерлері бір сенімдегілерді Куәгер емес жұбайынан ажырасуға талпындыра ма? Жоқ. Елші Пауыл былай деп жазған: “Бір бауырласымыз Мәсіхке сенбейтін әйелге үйленген болса және әйелі бірге тұруға келіссе, онда ол ажыраспауға тиіс. Сол сияқты, сенуші әйелдің сенбейтін күйеуі бірге тұруға келіссе, онда әйелдің де ажырасуына болмайды” (Қорынттықтарға 1-хат 7:12, 13). Ехоба куәгерлері осы кеңеске құлақ асады.

▪ Ехоба куәгері болып табылатын әйел Куәгер емес күйеуінің айтқандарын орындамауға шақырыла ма? Жоқ. Елші Петір: “Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар. Осылайша, күйеулеріңнің кейбіреулері Құдай сөзіне құлақ аспаса да, айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды Мәсіхтің иелігіне айналдырыңдар. Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана осылай болмақ”,— деген (Петірдің 1-хаты 3:1, 2).

▪ Ехоба куәгерлері күйеудің билігіне әрқашан мойынсұну керек деп үйрете ме? Жоқ. Елші Пауыл: “Әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — күйеуі, ал Мәсіхтің басы — Құдай”,— деген (Қорынттықтарға 1-хат 11:3). Мәсіхші әйел күйеуін жанұяның отағасы ретінде құрметтейді. Алайда күйеудің билігі шексіз емес. Ол Құдайдың және Мәсіхтің алдында жауап береді. Сол себепті егер күйеуі әйелін Құдай заңын бұзуға талпындырса, сенуші әйел ‘адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдайды’ (Елшілердің істері 5:29).

▪ Ехоба куәгерлері мүлдем ажырасуға болмайды деп үйрете ме? Жоқ. Иса пайғамбар: “Кім жеңіл жүріске [әдепсіз жыныстық қатынасқа] түспеген әйелінен ажырасып, басқаны алса, сол неке адалдығын бұзады”,— деген (Матай 19:9). Демек, Иса сияқты Ехоба куәгерлері неке адалдығын бұзу ажырасуға негіз береді деп есептейді. Сондай-ақ олар болмашы себептермен некені ойран етуге болмайтынына кәміл сенеді. Олар бір сенімдегілерін Исаның: “Еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады... Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!”— деген сөздеріне құлақ асуға шақырады (Матай 19:5, 6).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу