Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.9. 16—20 бет.
  • Некелерің ‘үш қайтара өрілген жіптей’ бола берсін!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Некелерің ‘үш қайтара өрілген жіптей’ бола берсін!
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Некеде Ехобамен бірге болыңдар
  • Қиындықтар туындағанда
  • Басқа да баталар
  • Ақ неке — Құдайдың сыйы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Неке — сүйіспеншілікке толы Құдайдың сыйы
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.9. 16—20 бет.

Некелерің ‘үш қайтара өрілген жіптей’ бола берсін!

“Үш қайтара өрілген жіп жуық маңда үзіле қоймайды” (ЕКК. 4:12).

1. Алғашқы еркек пен әйелді қосқан кім?

ӨСІМДІКТЕР мен жан-жануарларды жаратып болған соң, Ехоба Құдай алғашқы еркекті, Адамды, жаратты. Кейінірек, оны терең ұйқыға батырды да, бір қабырғасын алып, оған кемелді көмекші жасап берді. Оны көргенде, Адам: “Міне, бұл — өз сүйегімнен шыққан сүйек, Өз етімнен шыққан ет!”— деді (Жар. 1:27; 2:18, 21—23). Өзінің бұл ісіне риза болғанын көрсетіп, Ехоба алғашқы еркек пен әйелді қосты және оларға батасын берді (Жар. 1:28; 2:24).

2. Қалай Шайтан Адам мен Хауаның арасына жік салды?

2 Өкінішке қарай, көп ұзамай Құдай құрған некенің іргесі шайқалды. Бұл қалай болды? Шайтан деп аталған зұлым рух Хауаны алдап, тыйым салынған ағаштың жемісін жегізді. Кейін Адам да Құдайдың әділ билігі мен дұрыс басшылығына қарсы бүлік болып есептелетін әйелінің бұл әрекетіне қосылды (Жар. 3:1—7). Ехоба олардан осы істері үшін жауап алғанда, олардың қарым-қатынасына сызат түскені байқалды. Өйткені Адам әйелін кінәлап: “Қасыма Өзің жіберген әйел маған сол ағаштың жемісін берді, мен жедім”,— деген болатын (Жар. 3:11—13).

3. Кейбір яһудилер қандай жаңсақ пікірде болды?

3 Ғасырлар бойы Шайтан некенің шырқын бұзу үшін небір зұлым тәсілдерді қолданып келді. Мысалы, ол некеге қатысты Жазбаларға қайшы келетін көзқарасты тарату үшін дінбасыларын қолданды. Кейбір яһуди дінбасылары Құдайдың нормаларын елеусіз қалдырып, болмашы себептермен ажырасуға жол берген. Мысалы, тамақтың тұзы ащы болып кетсе де, күйеулер әйелдерімен ажыраса беретін. Бірақ Иса: “Кім жеңіл жүріске түспеген әйелінен ажырасып, басқаны алса, сол неке адалдығын бұзады”,— деген (Мат. 19:9).

4. Бүгінде қандай көзқарастар некені бұзуда?

4 Шайтан әлі де некені ойран етуге тырысып бағуда. Бір жыныстылардың қосылуы, адамдардың некелеспей бірге тұруы, ерлі-зайыптылардың оп-оңай ажырасуы сияқты жайттар оның өз дегеніне жетіп жатқанын дәлелдейді (Еврейлерге 13:4 оқы). Мәсіхшілер некеге қатысты кең тараған жаңсақ көзқарастардың ықпалына беріліп қалмау үшін не істеулері керек? Қазір бақытты да сәтті некеге тән кейбір ерекшеліктерді қарастырайық.

Некеде Ехобамен бірге болыңдар

5. “Үш қайтара өрілген жіп” деген тіркес отбасына қатысты нені білдіреді?

5 Неке бақытты да сәтті болу үшін, ерлі-зайыптылар Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Құдай Сөзінде: “Үш қайтара өрілген жіп жуық маңда үзіле қоймайды”,— делінген (Екк. 4:12). Мұнда “үш қайтара өрілген жіп” деген тіркес бейнелі мағынада қолданылған. Отбасына қатысты айтқанда, бұл ортаңғы жіпке, Ехобаға, өрілген екі жіпті, яғни әйел мен еркекті, білдіреді. Ехобамен бірге болғанының арқасында ерлі-зайыптылар проблемаларды шеше алатындай рухани мықты болады. Сондай-ақ бұл некені бақытты етудің кілті болып табылады.

6, 7. а) Мәсіхшілер некелерінде Құдаймен бірге болу үшін не істеулері керек? ә) Бір бауырлас күйеуінің қандай қасиеттерін әсіресе бағалайды?

6 Ерлі-зайыптылар некелері “үш қайтара өрілген жіп” сияқты болу үшін не істеулері керек? Забур жыршысы Дәуіт: “Мен Сенің құзырыңды орындамақпын, Құдайым менің, Сенің заңдарың да жүрек түкпірімде сақтаулы тұр”,— деп жырлаған (Заб. 39:9). Құдайға деген сүйіспеншілігіміз бізді оған шын жүректен қызмет етуге талпындырады. Олай болса, ерлі-зайыптының екеуі де Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамытулары және оның еркін орындаудан қуаныш табулары керек. Сонымен қатар олар бір-біріне Құдайға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға көмектесулері қажет (Нақ. с. 27:17).

7 Құдай заңы шынымен жүрек түкпірінде болса, сенім, үміт, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер танытылатын болады, ал мұндай қасиеттер некені берік етуге көмектеседі (Қор. 1-х. 13:13). Тұрмыс құрғанына 50 жыл болған Сандра былай деді: “Мен күйеуімнің рухани басшылығын, кеңесін және Ехобаны менен де артық сүйетінін әсіресе бағалаймын”. Күйеулер, сендер жайлы да осылай деуге бола ма?

8. Ерлі-зайыптылар некеде ‘жақсы табысқа’ жету үшін не істеулері керек?

8 Ерлі-зайыптылар, рухани нәрселер мен Патшалықтың мүддесін өмірлеріңде бірінші орынға қоясыңдар ма? Сондай-ақ жұбайларыңды Ехобаға бірге қызмет ететін серігім деп қарастырасыңдар ма? (Жар. 2:24). Данышпан Сүлеймен патша: “Біреуге қарағанда екеудің артық екендігі анық; өйткені келетін жақсы табыс та солардың екеуіне ортақ”,— деп жазған (Екк. 4:9). Расында да, ерлі-зайыптылар Құдай жарылқаған сүйіспеншілікке толы әрі баянды отау құрып, ‘жақсы табысқа’ жету үшін, аянбай бірге еңбек етулері керек.

9. а) Күйеулердің қандай міндеттері бар? ә) Қолостықтарға 3:19-ға сай, күйеуі әйеліне қалай қарауы керек?

9 Ерлі-зайыптылар некеде Құдаймен бірге екендіктерін Оның талаптарына сай өмір сүруге тырысуларымен көрсете алады. Күйеулердің басты міндеті — үй-ішіндегілерінің материалдық және рухани мұқтаждықтарын қамтамасыз ету (Тім. 1-х. 5:8). Олар әйелдерінің эмоционалдық қажеттіліктерін де ескерулері керек. Қолостықтарға 3:19-да: “Күйеулер, әйелдеріңді сүйіп, оларға қатаң болмаңдар!”— делінген. Бір Киелі кітапты зерттеушінің түсіндіруінше, “қатаң болмаңдар” деген сөз “әйелге ауыр сөздер айтпауды, ұрып-соқпауды, сондай-ақ оны аялаудан, қамқорлаудан, қорғаудан және оған көмектесуден бас тартпауды” білдіреді. Мәсіхшілер отбасында осындай қатаңдыққа жол берілмеу керек екені анық. Күйеуі сүйіспеншілікпен басшылық ететін болса, әйеліне оған мойынсұну оңай болады.

10. Мәсіхші әйелдер қандай көзқарас танытулары керек?

10 Некелерінде Ехобамен бірге болуды қалайтын мәсіхші әйелдер де Оның талаптарына сай өмір сүрулері керек. Елші Пауыл: “Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар; өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің “басы”,— деп жазған (Ефес. 5:22, 23). Шайтан Хауаны алдап, Құдайдан тәуелсіз болу баянды бақытқа жеткізеді деген өтіріктің жайылуына түрткі болды. Шынында да, бүгінде некедегі көп адам осындай тәуелсіздік рухын танытады. Алайда Құдайды қастерлейтін әйелдер күйеулеріне мойынсұнуды ауыртпалық деп санамайды. Олар Ехобаның Хауаны күйеуін толықтыратын көмекші ретінде тағайындап, осылайша оған құрметке лайықты міндет жүктегенін естен шығармайды (Жар. 2:18). Осы міндетін атқаруға дайын мәсіхші әйел күйеуінің ‘абыройын асырады’ (Нақ. с. 12:4).

11. Некесінің табысты болуына бір бауырласқа не көмектескен?

11 Ерлі-зайыптыларға некеде Ехобамен бірге болуға көмектесетін тағы бір жайт — Құдай Сөзін бірге зерттеу. Жұбайымен отасқанына 55 жыл болған Джеральд былай дейді: “Некенің табысты болуына көмектесетін ең басты нәрсе — Киелі кітапты бірге оқып, зерттеу. Көп нәрсені, әсіресе рухани нәрселерді, бірге істеудің арқасында біз бір-бірімізге және Ехобаға жақындай түстік”. Киелі кітапты бірге зерттеу отбасыларына Ехобаның нормаларын есте ұстауға, рухани нығаюға және жетістіктерге жете беруге көмектеседі.

12, 13. а) Ерлі-зайыптыларға бірге дұға ету неге өте маңызды? ә) Тағы қандай рухани шаралар некені нығайтады?

12 Сонымен қатар бақытты ерлі-зайыптылар бірге дұға етеді. Күйеу жағдайларына байланысты нақты өтініш айтып, ‘жүрек шерін төгетін’ болса, бұл некедегі қарым-қатынасты нығайтары сөзсіз (Заб. 61:9). Мысалы, Құдіреті шексіз Құдайдан басшылық сұрап бірге дұға еткеннен кейін, арада туындаған кез келген келіспеушілікті шешу әлдеқайда оңай болады (Мат. 6:14, 15). Дұғаларына сәйкес, олар бір-біріне көмектесуге дайын әрі ‘өзара төзімді, кешірімді болғандары’ дұрыс (Қол. 3:13). Дұға Құдайға арқа сүйейтіндеріңді көрсететінін есте ұстаңдар. Дәуіт патша: “Барлық көздер Саған үмітпен қарайды”,— деген (Заб. 144:15). Құдайға үмітпен қарап дұға еткенде, уайымымыз азая түседі, өйткені ол біздің ‘қамымызды ойлайтынын’ білеміз (Пет. 1-х. 5:7).

13 Некеде Ехобамен болудың тағы бір маңызды жолы — қауым кездесулеріне қатысу және бірге уағыздау. Кездесулерде ерлі-зайыптылар Шайтанның отбасыларды ойран ету үшін қолданып жатқан “қастық іс-әрекетіне” тойтарыс беруді үйренеді (Ефес. 6:11). Ал жүйелі түрде бірге қызметке шығатын ерлі-зайыптылар ‘табанды, сенімдерінен айнымайтындай’ болады (Қор. 1-х. 15:58).

Қиындықтар туындағанда

14. Некедегілер қандай жайттардың кесірінен қысым көреді?

14 Әрине, жоғарыдағы кеңестер бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Бірақ оларды жұбайыңмен бірге неге ашық талқылап көрмеске? Нәтижесінде, көңіл қоюға тұратын қандай да бір жайттарды байқарсыңдар. Киелі кітапта тіпті некеде Құдаймен бірге жүрген ерлі-зайыптылардың да ‘ауыртпалық көретіні’ ашық айтылған (Қор. 1-х. 7:28). Адамның кемелсіздігінің, зұлым дүниенің кері ықпалы мен Ібілістің тұзақтарының кесірінен Құдайға адал қызмет етіп жүрген отбасылар қатты қысым көреді (Қор. 2-х. 2:11). Бірақ Ехобаның көмегімен бұндай қысымға төтеп бере аламыз. Иә, бұл шынымен солай. Адал кісі Әйүп малынан, қызметшілері мен бала-шағасынан айырылған болатын. Алайда Киелі кітапта: “Осының бәрінде Иов [Әйүп] күнә жасаған жоқ, сөйтіп Құдай туралы парықсыз ештеңе айтпады”,— делінген (Әйүп 1:13—22).

15. Қысым адамды қандай әрекетке итермелеуі мүмкін және мұндайда ерлі-зайыптылар өздерін қалай ұстаулары керек?

15 Ал Әйүптің әйелі оған: “Әлі де өзіңнің бұзылмағандығыңнан [мінсіздігіңнен] таймай тұрмысың! Құдайды ғайбатта да өлсейші”,— деді (Әйүп 2:9). Қайғылы не қиын жағдайға тап болып, алай-түлей күй кешкенде, адамның ақылсыз әрекет етіп қоюы оңай. Бір данышпан: “Қысымшылық дана адамды ақылсыз әрекетке итеруі мүмкін”,— деген (Екк. 7:7 ЖД). Жарың қиналғанда не ‘қысымшылық’ көргенде саған ашумен ауыр сөздер айтса, сабырлық сақтауға тырыс. Бұл сендерді жағдайды ушықтырып жіберетін сөз айтудан сақтайды (Забур 36:8 оқыa). Олай болса, көңіл қалдыруы мүмкін кез келген “адуындап тұрған” сөздерге мән берудің қажеті жоқ (Әйүп 6:3).

16. а) Матай 7:1—5 тармақтардағы Исаның сөздерін ерлі-зайыптылар қалай қолдана алады? ә) Неге некеде байсалды көзқарас таныту өте маңызды?

16 Ерлі-зайыптылар бір-бірінен тым көп нәрсе күтпеу керек. Бірі жарының қандай да бір мінезін не әдетін көріп: “Мен оны өзгерте аламын”,— деп ойлауы мүмкін. Сүйіспеншілік пен шыдамдылық таныта отырып, жарыңа жақсаруға көмектесе алатын шығарсың. Бірақ келесі жайтты ұмытпа: Иса басқаның болмашы кемшілігін бетіне басуға бейім адамды өз көзіндегі “бөренені” байқамай, бауырының көзіндегі “тікенді” көргіш адамға теңеген. Сондықтан ол бізге: “Құдай өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар!”— деп ескертті (Матай 7:1—5 оқы). Алайда бұл үлкен кемшіліктерге көз жұму керек дегенді білдірмейді. Отау құрғанына 40 жылдай болған Роберт былай дейді: “Ерлі-зайыптылар шыншылдықпен ашық сөйлессе және орынды ескертулерді қабыл алуға дайын болса, өзгеруі керек екенін түсінуі мүмкін”. Демек, байсалды болу қажет. Жарыңнан өзің қалаған қасиетті көре алмай қынжылғаннан гөрі, оның бойында бар жақсы қасиеттерді көріп, бағалауды үйрен (Екк. 9:9).

17, 18. Басымызға қиындық түскенде, кімнен көмек іздеуіміз керек?

17 Өмірдегі кейбір өзгерістер ерлі-зайыптылар үшін сынақ болып жатады. Мысалы, дүниеге баланың келуі, екеуінің бірі не балалары науқастанып қалуы мүмкін. Я болмаса қарт ата-аналарына ерекше күтім қажет болар. Есейген балалары алыс жаққа кетуі мүмкін. Ал кейде теократиялық міндеттер жүктелгендіктен де өзгерістер жасау керек болып жатады. Мұндай өзгерістердің бәрі олардың қарым-қатынасына әсер етпей қоймайды.

18 Отбасындағы қандай да бір қиындықтан төзімің таусылғандай сезінсең, не істеуіңе болады? (Нақ. с. 24:10). Ең бастысы, берілме! Шайтан Құдайдың бір қызметшісінің шындық жолынан кеткеніне қатты қуанады. Ал ерлі-зайыптылар кетсе, одан бетер қуанады. Ендеше, некелерің үш өрілген жіптей берік болуы үшін, қолдан келгеннің бәрін істеңдер. Киелі кітапта қиыншылықтарға қарамай, адал болып қалған көптеген адамның оқиғасы жазылған. Мысалы, бірде Дәуіт Ехобаға: “Құдайым, маған мейіріңді түсіре гөр, өйткені адам... маған қысымшылық көрсетіп жүр”,— деп мұңын шаққан (Заб. 56:1 ЖД). Сен де ‘адамнан’ қысымшылық көргенсің бе? Бөтен біреу не жақын адамың қысымшылық жасаса, Дәуіт сияқты сен де төзуге күш таба алатыныңды ұмытпа. Ол: “Мен Жаратушыға жалбарындым, сонда Ол менің үнімді естіді де, мені өз басыма төнген қауіп атаулының бәрінен құтқарды”,— деген (Заб. 33:5).

Басқа да баталар

19. Шайтанның шабуылына қалай төтеп бере аламыз?

19 Осы соңғы күндері ерлі-зайыптылар ‘бір-бірін жігерлендіріп, сенімдерін өзара нығайта берулері’ керек (Сал. 1-х. 5:11). Шайтан біздің Ехобаға деген адалдығымыздың шынайылығына күмән тудырғанын ұмытпаңдар. Ол Құдай алдындағы мінсіздігімізден тайдыру үшін, бар айла-әрекетін, соның ішінде отбасын ойран етуді де, қолданады. Біз оның шабуылына төтеп беру үшін, Ехобаға толық сенім артуымыз қажет (Нақ. с. 3:5, 6). Пауыл: “Маған күш-қуат берушінің арқасында бәріне де төзе аламын”,— деп жазды (Філіп. 4:13 ЖД).

20. Некеде Ехобамен бірге болу қандай баталар әкеледі?

20 Ерлі-зайыпты некеде Құдаймен бірге болса, көп батаға кенеледі. Отау құрғанына 51 жыл болған Джоел мұның шындық екеніне көзі жетіп: “Мен әйелім үшін, жылы қарым-қатынасымыз үшін Ехобаға ризашылық білдіремін. Әйелім теңдесі жоқ серігім”,— деді. Мұның сыры неде? “Біз үнемі бір-бірімізге мейірімділік, шыдамдылық пен сүйіспеншілік танытуға тырысамыз”. Әрине, бұл қасиеттерді осы дүниеде ешкім кемелді түрде таныта алмайды. Сонда да Киелі кітаптың принциптерін қолдануға, некеде Ехобамен болуға барынша тырысайық. Сонда неке оңай үзіле қоймайтын ‘үш қайтара өрілген жіптей’ болады (Екк. 4:12).

[Сілтеме]

a Забур 36:8: “Ашуыңды бас та долылығыңды тоқтат; зұлымдық жасамау үшін соған қызғана қарама”.

Естеріңде ме?

• Некеде Ехобамен бірге болу деген нені білдіреді?

• Қиындықтар туындағанда, ерлі-зайыптылар не істеу керек?

• Некеде Құдаймен бірге екеніміз неден көрінеді?

[18-беттегі суреттер]

Бірге дұға ету ерлі-зайыптыларға қиындықтарды жеңуге көмектеседі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу