Жастарымызға арналған
Ағаның ашуы
Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Жазба орындарын оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.
ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ЖАРАТЫЛЫС 4:1—12 ОҚЫ.
Қабылдың сырт көрінісін және оның қандай адам болғанын қалай суреттеп берер едің? Ал Әбілді ше?
․․․․․
Қабылда ‘күнәкар болмыстан туындайтын қылықтардың’ қайсысы болды және бұл неден байқалды? (Ғалаттықтарға 5:19—21)
․․․․․
ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ. 4—7 ТАРМАҚТАРДЫ ҚАЙТА ОҚЫ.
Ехоба тек құрбандықтарға қарады ма, әлде оның шешіміне тағы бірдеңе әсер етті ме? (Нақыл сөздер 21:2)
․․․․․
Ашуды қай кезде ақтауға болады? Бірақ Қабылдың ‘қатты ашуланғаны’ неліктен дұрыс болған жоқ?
․․․․․
Ашуына ‘жол бермеу’ үшін Қабыл не істеу керек еді?
․․․․․
БІЛГЕНДЕРІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ БІЛГЕНДЕРІҢДІ ЖАЗ:
Ашу-ыза.
․․․․․
Жаман бейімділіктерге қалай ‘жол бермеуге’ болады?
․․․․․
ОСЫ ОҚИҒАДА САҒАН ЕҢ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТКЕН НЕ БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН?
․․․․․