Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.5. 7—11 бет.
  • Жақсылық істей беріңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақсылық істей беріңдер
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Жауларыңды жақсы көріңдер”
  • Неге кешірімді болу керек?
  • “Үкім айтуды доғарыңдар”
  • Адамдарға қалай қарауымыз керек?
  • Әрқашан адамдарға жақсылық жаса
  • Тарихтағы ең көрнекті уағыз
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Исаның таудағы әйгілі уағызы
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Адамдарға қалай қарауымыз керек?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Шын көңілден кешір
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.5. 7—11 бет.

Жақсылық істей беріңдер

“Жақсылық істеуді доғармаңдар” (ЛҰҚА 6:35, ЖД).

1, 2. Неге адамдарға жақсылық істеу қиын болуы мүмкін?

АДАМДАРҒА жақсылық істеу барлық кезде оңай бола бермейді. Өйткені оларға істеген жақсылық жиі жақсылықпен қайтпайды. Біз адамдардың рухани игілігін ойлап, Мәсіхтің және ‘мадақталуға тиісті Құдайдың ұлы Ізгі хабарын’ айтуға тырысамыз. Бірақ олар бұл хабарға немқұрайды қарауы не қабылдамауы мүмкін (Тім. 1-х. 1:11). Басқалар Мәсіхтің “құрбандығына қас болып”, жеккөрушілік көрсетеді (Філіп. 3:18). Сонда біз мәсіхшілер ретінде мұндай адамдарға қалай қарауымыз керек?

2 Иса Мәсіх шәкірттеріне: “Жауларыңды жақсы көруді және жақсылық істеуді доғармаңдар”,— деп айтқан болатын (Лұқа 6:35, ЖД). Ендеше, Исаның осы сөздерін мұқият қарастырып көрейік. Сондай-ақ Исаның жақсылық істеуге қатысты айтқан басқа да ойларын қарастырғанымыз пайдалы болады.

“Жауларыңды жақсы көріңдер”

3. а) Матай 5:43—45-тегі Исаның сөздерінің негізгі ойы қандай? ә) Бірінші ғасырда яһудилер мен басқа ұлттарға деген қандай көзқарас қалыптасқан еді?

3 Иса әйгілі Таудағы уағызында өзінің тыңдаушыларына жауларын жақсы көруді және олар үшін дұға етуді өсиет еткен болатын (Матай 5:43—45 оқы). Осы баяндаманы тыңдаған адамдар яһудиліктер еді, сондықтан Құдайдың: “Өз халқыңның ұлдарына кектенбе және өшікпе, оның орнына жақыныңды өзіңді өзің қастерлегендей сүйе біл”,— деген бұйрығын білетін (Леуі. 19:18). Алайда бірінші ғасырдағы яһуди дінбасылары яһудилерді ғана ‘өз халқының ұлдары’ және ‘жақыны’ деп есептеген. Өйткені Мұса заңының талабы бойынша, исраилдіктер басқа ұлттардан бөлек болулары керек еді. Бірақ уақыт өте келе бұрыс көзқарас қалыптасқандықтан, олар басқа ұлтты жау деп есептеп, жеке адамдарын да жек көретін болды.

4. Исаның шәкірттері жаулары үшін не істеу керек еді?

4 Ал Иса: “Жауларыңды жақсы көріңдер [“жақсы көруді доғармаңдар”, ЖД]! Өздеріңді қудалағандар үшін Тәңір Иеге сиынып мінажат етіңдер!”— деген (Мат. 5:44). Оның шәкірттері өздеріне қастандық жасағанның бәріне сүйіспеншілікпен қайтарулары керек еді. Сондай-ақ Лұқа жазған Ізгі хабарда Иса былай деп айтқан: “Мені тыңдаушылар, сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді жек көретіндерге жақсылық жасап, қарғайтындарға игілік тілеп, өкпелететіндер үшін Тәңір Иеге сиынып мінажат етіңдер!” (Лұқа 6:27, 28). Олай болса, бірінші ғасырда Исаның сөздеріне құлақ асқан адамдар сияқты біз де қастық жасағандарға ілтипаттылық көрсетіп, ‘өзімізді жек көретіндерге жақсылық жасаймыз’. “Қарғайтындарға” жылы сөйлеу арқылы ‘игілік тілейміз’. Ал күш көрсеткендер немесе басқалай ‘қудалағандар үшін сиынып мінажат ететін’ боламыз. Қудалаушылар ниеттерін өзгертуін және Құдайға ұнамды іс-әрекеттер жасауын сұрап дұға еткеніміз сүйіспеншіліктің белгісі.

5, 6. Неге жауларымызға сүйіспеншілік танытуымыз керек?

5 Неге жауларымызға сүйіспеншілік танытуымыз керек? Иса былай деді: “Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар” (Мат. 5:45). Исаның сол кеңесіне құлақ асатын болсақ, ‘жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызатын’ Ехобаға еліктеп, оның “балалары” боламыз. Лұқа жазған Ізгі хабарда: “Құдай рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді”,— деп нақты айтылған (Лұқа 6:35).

6 ‘Жауларын жақсы көруді доғармаудың’ қаншалықты маңызды екеніне баса назар аударып, Иса шәкірттеріне былай деді: “Ал егер өздеріңді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсеңдер, онда сендерге қандай сый берілмек? Тіпті күнәкар салықшылар да солай етпей ме? Сондай-ақ, өз бауырластарыңмен ғана жарқын жүзбен амандассаңдар, онда басқаларға қарағанда қандай ерекше іс істейсіңдер? Тіпті Құдайға мойынсұнбайтындар да солай етпей ме?” (Мат. 5:46, 47). Егер тек өзімізді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсек, Құдайдың “сыйына” немесе оның мақұлдауына ие болуға лайық бола алмаймыз. Тіпті жұрт жақтырмайтын салықшылардың өздері жақындарын жақсы көрген (Лұқа 5:30; 7:34).

7. Бауырластарымызбен ғана сәлемдескеніміз неге ерекше іс болмас еді?

7 Яһудилер бір-бірімен “амандық пен тыныштық” болсын деп сәлемдесетін (Пат. 1-ж. 25:6; Жох. 20:19). Бұл сөздермен олар адамға денсаулық, игілік және жетістік тілейтін. Тек “бауырласым” деп есептейтін адаммен жарқын жүзбен амандасу “ерекше іс” болмас еді. Себебі Иса “Құдайға мойынсұнбайтындар” да солай етеді деген.

8. Иса “мінсіз болыңдар” деуімен тыңдаушыларын не нәрсеге талпындырды?

8 Мәсіхтің шәкірттері күнәні мұра етіп алғандықтан мінсіз не кемелді бола алмайды (Рим. 5:12). Алайда Иса өз баяндамасының соңында: “Көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!”— деді (Мат. 5:48). Осылайша ол тыңдаушыларын “көктегі Әкесіне”, Ехобаға, еліктеп, жауларын жақсы көру арқылы сүйіспеншіліктерін кемелді түрде көрсетуге талпындырды. Біз де осылай етуіміз керек.

Неге кешірімді болу керек?

9. Исаның үлгілі дұғасына сай, жақсылық істеудің тағы қандай жолы бар?

9 Бізге қарсы күнә жасаған адамды рақымдылықпен кешіру арқылы да жақсылық істейміз. Исаның үлгілі дұғасында осыған қатысты былай делінген: “Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей, Сен де күнәларымызды кешіре гөр” (Мат. 6:12).

10. Кешіруге қатысты Құдайға қалай еліктей аламыз?

10 Біз күнәларына өкінген адамдарды шын жүректен кешіретін Құдайға еліктеуіміз қажет. Елші Пауыл былай деген: “Қайта, бір-біріңе мейірімді де жан ашыр болыңдар; Мәсіхтің арқасында өздеріңді Құдай кешіргендей, сендер де өзара кешірімді болыңдар!” (Ефес. 4:32). Сондай-ақ Дәуіт былай деп жырлаған: “Жаратқан — мейірімді де рақымды, Асқан шыдамды әрі қайырымды... Бізді күнәмызға қарап жазаламайды, Жаман ісіміздің есесін қайтармайды... Шығыс батыстан қашық болғаны сияқты, Күнәмызды бізден шексіз қашықтатты. Әкенің сәбиіне жаны ашығанындай, Иеміз де Өзін қастерлегендерге Дәл сондай жанашырлық танытады. Неден жаратылдық, соны біледі, топырақтан екеніміз Оның есінде” (Заб. 102:8—14).

11. Ехоба кімді кешіруге дайын?

11 Адам өзіне қарсы күнә жасағандарды кешірсе ғана Құдайдың кешіріміне ие бола алады (Мар. 11:25). Иса осы жайтқа баса назар аударып: “Егер өздеріңе күнә жасағандарды кешірсеңдер, онда көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді. Ал егер басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, онда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешірмейді”,— деді (Мат. 6:14, 15). Шынында да, басқаларды шын жүректен кешіретін адамдарға ғана Құдай кешірім сыйлайды. Сонымен, жақсылық жасаудың тағы бір жолы — Пауылдың: “Иеміз Мәсіх [“Ехоба”, ЖД] сендерді қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер”,— деген кеңесіне сай әрекет ету (Қол. 3:13).

“Үкім айтуды доғарыңдар”

12. Үкім айтуға байланысты Иса қандай кеңес берді?

12 Иса Таудағы уағызында: “Өздеріңе үкім шығарылмасын десеңдер, басқаларға үкім айтуды доғарыңдар”,— деп, жақсылық жасаудың басқа жолын көрсетті (Мат. 7:1, ЖД). Кейін ол мұның маңыздылығына баса назар аудару үшін әсерлі мысал айтып берді (Матай 7:2—5 оқы). “Үкім айтуды доғарыңдар”,— деуімен Исаның не дегісі келгенін қарастырайықшы.

13. Исаның тыңдаушылары не істеу керек еді?

13 Матай сияқты Лұқа да Исаның сөзін келтіріп: “Басқаларға үкім айтпаңдар сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар, кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер”,— деген (Лұқа 6:37). Бірінші ғасырдағы парызшылдар Жазбаларға негізделмеген әдет-ғұрыптарды ұстанғандықтан, адамдарға қатаң үкім шығаратын. Исаның тыңдаушылары бұрын осылай етіп келген болса, енді ‘үкім айтуды доғарып’, адамдардың кемшіліктерін кешірулері керек еді. Елші Пауыл да кешіруге қатысты осындай кеңес берді (Ефестіктерге 4:32 оқы).

14. Исаның шәкірттері кешіру арқылы адамдарды не нәрсеге талпындырар еді?

14 Исаның шәкірттері кешіру арқылы адамдарды кешірімді болуға талпындыра алар еді. “Қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады,— деді Иса.— Сендер қандай өлшемді қолдансаңдар, өздерің үшін де сондай өлшем қолданылады” (Мат. 7:2). Адамдарға құрмет көрсетсек, соның жемісін оратын боламыз (Ғал. 6:7).

15. Иса сыншыл болудың дұрыс емес екенін қалай көрсетті?

15 Жақынымызды тым қатаң сынау қаншалықты дұрыс емес екенін көрсету үшін Исаның не дегені естеріңде шығар. Ол: “Неге бауырыңның көзіндегі тікенді көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? Өз көзіңде бөрене тұрғанда бауырыңа: “Кәне, сенің көзіңнен тікенді алып тастайын” деп қалайша айта аласың?”— деді (Мат. 7:3, 4). Сынап-мінеуді әдетке айналдырған адам, бауырының болмашы ғана кемшілігін көріп қояды. Сөйтіп, ол бауырының түсінігі кем және дұрыс баға бере алмайды дегенге меңзейді. Кемшілік тікен сияқты болмашы болса да, үкім айтушы оны “алып тастайын” дейді. Осылайша ол бауырласына анығырақ көруге көмектескісі келгенсіп, екіжүзділік танытады.

16. Неге парызшылдардың көздерінде “бөрене” болған деп айта аламыз?

16 Әсіресе яһуди дінбасылары адамдарды қатаң сынайтын болған. Мысалы, Иса Мәсіх сауықтырған бір зағип оны Құдайдан келген адам деп есептейтінін ашық айта бастайды. Сонда парызшылдар оған: “Сен тұла бойың түгел күнәкар боп тудың, енді бізге ақыл үйретпексің бе?!”— деп зекіп тастайды (Жох. 9:30—34). Рухани жайттар мен дұрыс баға беру қабілетіне келгенде, парызшылдардың көздерінде “бөрене” тұрғандықтан, олар ешнәрсе көре алмайтын соқыр еді. Иса оларға: “Әй, екі жүзді! Әуелі өз көзіңнен бөренені алып таста, бауырыңның көзіндегі тікенді содан кейін анық көріп, алып тастарсың”,— деп тіке айтты (Мат. 7:5; Лұқа 6:42). Егер біз жақсылық жасағымыз келсе, бауырластарымыздың көзінен “тікен” іздемейміз. Қайта, бәріміздің де кемелсіз екенімізді түсінгендіктен, бір сенімдегі бауырластарымызға үкім айтудан не сынап-мінеуден аулақ боламыз.

Адамдарға қалай қарауымыз керек?

17. Матай 7:12-дегі сөздерге сай қалай әрекет етуіміз керек?

17 Иса Таудағы уағызында Құдайдың өз қызметшілерінің дұғасына жауап беруімен әкелік сезім танытатынын көрсетті (Матай 7:7—12 оқы). Сондықтан Исаның: “Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!”— деген ережені бергені орынды еді (Мат. 7:12). Бір сенімдегі бауырластармен қарым-қатынасымызда осыған сай әрекет етсек қана Иса Мәсіхтің нағыз шәкірттері екенімізді дәлелдейміз.

18. Таурат заңынан өзімізге қалағанды басқаларға істеу керектігі қалай көрінеді?

18 Өзімізге қалағанды басқаларға істеу керектігін айтқан соң, Иса: “Бұл Таурат пен Пайғамбарлар жазбаларының тәліміне сай”,— деді. Демек, біз Исаның осы өсиетін орындауымызбен, Таурат тәлімдерінің, яғни Жаратылыстан Заңды қайталауға дейінгі кітаптардағы тәлімнің, рухына сай әрекет етеміз. Бұл кітаптарда Ехобаның зұлымдықты жоятын ұрпақ жіберетін ниеті туралы ғана емес, Исраил халқына б. з. б. 1513 жылы Мұса арқылы берген Таурат заңы да жазылған (Жар. 3:15). Онда исраилдіктердің әділетті болу керектігі және мүсәпірлер мен келімсектерді алаламай, жақсылық жасау керектігі анық айтылған болатын (Леуі. 19:9, 10, 15, 34).

19. Жақсылық жасауымыз керек екені “Пайғамбарлардың жазбаларынан” қалай көрінеді?

19 Иса “Пайғамбарлар жазбалары” деп Еврей жазбаларындағы пайғамбарлардың кітабын айтты. Ол кітаптарда Исаның өмірінде орындалған Мәсіх туралы пайғамбарлықтар жазылған еді. Сондай-ақ онда басқаларға әділ әрі дұрыс көзқарас танытатын болса, Құдайдың өз халқына батасын төгетіні жазылған. Мысалы, Ишая пайғамбар исраилдіктерге мынадай кеңес берді: “Әділетті бұйрықтарымды сақтап, әділ істер жасаңдар!.. Айтқандарымды мұқият орындайтын адам қандай бақытты... және жамандық атаулыдан алыс жүретін адам баласын Мен жарылқайтын боламын” (Ишая 56:1, 2). Иә, Құдай өз халқынан адамдарға жақсылық жасауды талап етеді.

Әрқашан адамдарға жақсылық жаса

20, 21. Исаның Таудағы уағызы адамдарға қалай әсер етті және бұл бізді неге ойландыру керек?

20 Біз Исаның Таудағы уағызындағы маңызды ойлардың бірнешеуін ғана қарастырдық. Бұл уағызды өз құлағымен тыңдаған адамдардың сезімін түсіну үшін бізге осы да жеткілікті болды. Киелі кітапта: “Иса сөзін аяқтағанда, халық Оның тәліміне қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға өздерінің дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан ерекше билігі бар Біреу ретінде тағылым берді”,— делінген (Мат. 7:28, 29).

21 Иса Мәсіх өзінің “ақылды Кеңесші” екенін дәлелдегені сөзсіз (Ишая 9:6). Таудағы уағыз — Исаның көктегі Әкесінің көзқарасын жақсы білетінін көрсететін керемет мысал. Бұл баяндамада осы мақалаларда қарастырған жайттардан басқа, шынайы бақыт жайлы, азғындықтан қалай аулақ жүруге болатыны, қалай әділ әрекет ету керектігі, болашағымыз қауіпсіз әрі қуанышты болу үшін не істеу керектігі жайлы және басқа да көп нәрселер айтылған. Неге Матай жазған Ізгі хабардың 5—7 тарауларын ашып, тағы да мұқият әрі дұға ете отырып оқып шықпасқа? Ондағы Исаның керемет кеңестерінің үстінен ой жүгірт, оларды өз өміріңде қолдануға тырыс. Сонда Ехобаға әлдеқайда ұнамды боласың, адамдарға қатысты дұрыс көзқарас сақтап, жақсылық істей беретін боласың.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Жауларымызға қалай қарауымыз керек?

• Неге кешірімді болуымыз керек?

• Иса адамдарға үкім айтуға қатысты не деді?

• Матай 7:12-ге сай адамдарға қалай қарауымыз керек?

[10-беттегі сөздер]

Исаның неге “үкім айтуды доғарыңдар” дегенін білесің бе?

[8-беттегі сурет]

Бізді қудалағандар үшін неге дұға етуіміз керек?

[10-беттегі сурет]

Сен үнемі адамдарға өзіңе қалағанды істейсің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу