Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.3. 3—7 бет.
  • Илігуге дайын, сөйте тұра байсалды бол

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Илігуге дайын, сөйте тұра байсалды бол
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге илігуге дайын болу керек?
  • Қаншалықты илігу керек?
  • Бақылаушылар илігуге дайын болу керек
  • Отбасы мүшелерінің илігуге дайын болуы
  • Некелік өмірден қуаныш тап
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қандай билікті мойындауың керек?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Мәсіх өзінің қауымына басшылық етуде
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге билікке құрметпен қарауымыз керек?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.3. 3—7 бет.

Илігуге дайын, сөйте тұра байсалды бол

‘Олар мейірімділік танытуға [сөзбе-сөз: илігуге] тиіс’ (ТИТ. 3:2).

1, 2. Жазбаларда иліге білуге қатысты не айтылған және неге бұл орынды?

СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ толы көктегі Әкеміз Ехобаның даналығы шексіз. Біз оның жаратылысы болғандықтан, өмірімізге басшылықты содан іздейміз (Заб. 47:15). Шәкірт Жақып: “Көктен келген даналық адамды ең алдымен пәк таза қылады, содан кейін ынтымақшыл, төзімді [сөзбе-сөз: иліккіш], ымырашыл, қайырым мен игі істер жасағыш, ешкімді алаламайтын әділ қылып, екі жүзділіктен арылтады”,— деп жазған (Жақ. 3:17).

2 Ал елші Пауыл: “Сендердің кіші пейіл [сөзбе-сөз: иліккіш] екендеріңді елдің бәрі көре алсын”,— деп шақырғанa (Філіп. 4:5). Мәсіх Иса — біздің Иеміз әрі мәсіхшілер қауымының Басы (Ефес. 5:23). Әрқайсымыз үшін Мәсіхтің басшылығына көніп, мойынсұнудың және өзгелермен қарым-қатынасымызда иліге білудің маңызы зор.

3, 4. а) Иліге білудің пайдасын мысалмен көрсет. ә) Біз нені қарастырамыз?

3 Байсалдылықпен иліге білудің пайдасы зор. Мысалы, Британия әуежайында лаңкестік әрекеті әшкереленгеннен кейін, жолаушылардың көбі бұрын өздерімен бірге алуға рұқсат етілген заттарға қатысты жаңа нұсқауларға құлақ асуға дайын болғаны байқалған. Көлік жүргізіп келе жатқанда да иліге білу қажет: жол айналымында жүргізушілер қасарысып тұрып алмай, бірі екіншісіне жол беретін болса, ешкімге қауіп те төнбейді, көлік кептелісі де болмайды.

4 Иліге білу бәрімізге бірдей оңайға соға бермейді. Мұны үйрену үшін келесі үш жайтты — ниетімізді, билігі барларға қатысты көзқарасымызды және қаншалықты илігу керектігін қарастырайық.

Неге илігуге дайын болу керек?

5. Мұса заңы күшінде болғанда, құлды қожайынынан кетпеуге не талпындыруы мүмкін еді?

5 Мәсіхшілерге дейінгі уақыттағы бір мысалдан илігу үшін адамның ниетінің дұрыс болу керек екендігі айқын көрінеді. Мұса заңы бойынша, құлдыққа сатылған еврейлерге, жетінші немесе мерекелі жылдың қайсысы алдымен келсе, сол жылы бас бостандығы берілу керек еді. Бірақ құл бостандық алудан өз еркімен бас тарта алатын (Мысырдан шығу 21:5, 6 оқы). Бұған оны не талпындыруы мүмкін еді? Сүйіспеншілік. Қожайыны жақсы болғандықтан, ол оның билігіне бағынып, құлы болып қала беруді қалайтын.

6. Илігу мен сүйіспеншіліктің арасында қандай байланыс бар?

6 Сол сияқты Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз өмірімізді оған бағыштауға және соған сай өмір сүруге талпындырады (Рим. 14:7, 8). Елші Жохан: “Өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес”,— деп жазған (Жох. 1-х. 5:3). Бұл — риясыз сүйіспеншілік (Қор. 1-х. 13:4, 5). Ал маңайымыздағыларға деген сүйіспеншілік илігіп, олардың мүддесін бірінші орынға қоюға талпындырады. Біз өз қара басымызды емес, өзгелердің мүддесін ойлаймыз (Філіп. 2:2, 3).

7. Қызметте иліге білу қаншалықты маңызды?

7 Сөзімізбен де, ісімізбен де өзгелерді сүріндіруден аулақ болуымыз керек (Ефес. 4:29). Расында да, сүйіспеншілік шыққан ортасы мен мәдениеті басқа адамдардың Ехобаға деген қызметтерінде алға басуына кедергі болатын кез келген әрекеттен аулақ етеді. Бұл үшін иліге білу керек. Мысалы, миссионер әйел бауырластар бояну не капрон колготка кию өнегеліліктеріне күмән тудыруы не өзгелерді сүріндіруі мүмкін елдерге тағайындалса, өз дегендерінде тұрып алмайды (Қор. 1-х. 10:31—33).

8. Қалай Құдайға деген сүйіспеншілік өзімізді “ең кішік” адам ретінде ұстауға көмектеседі?

8 Ехобаға деген сүйіспеншілік көкіректеніп кетпеуге көмектеседі. Шәкірттерінің арасында қайсысының ең ұлы екендігіне қатысты дау туғанда, Иса бір баланы орталарына тұрғызып қойып: “Кім осындай сәбиді Менің атымнан қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны. Естеріңде болсын: араларыңда ең кішік кім болса, ең ұлыларың сол”,— деді (Лұқа 9:48; Мар. 9:36). Бәлкім, бізге өзімізді “ең кішік” адам ретінде ұстау өте қиын болар. Мұра еткен кемелсіздік пен көкіректікке деген бейімділік беделді болуға талпындыратын шығар, бірақ кішіпейілділік бізге кішірейіп, иліге салуға көмектеседі (Рим. 12:10).

9. Илігуге дайын болу үшін біз нені мойындауымыз керек?

9 Илігуге дайын болу үшін біз Құдай орнатқан билікті мойындауымыз керек. Шынайы мәсіхшілердің бәрі басшылық принципін ұстанудың маңызды екенін түсінеді. Елші Пауыл қорынттықтарға мұны анық айтқан: “Мынаны да білулеріңді қалаймын: әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — күйеуі, ал Мәсіхтің басы — Құдай” (Қор. 1-х. 11:3).

10. Ехобаның билігіне көніп, мойынсұнғанымыз нені көрсетеді?

10 Құдайдың билігіне көніп, мойынсұнғанымыз оған сүюші Әкеміз ретінде арқа сүйейтінімізді және сенім артатынымызды көрсетеді. Ол қандай жағдайға кезігіп жүргенімізді біледі, әрі бізге қарымтасын толықтай қайтарады. Мұны әсіресе өзгелер бізді сыйламай немесе қызбалыққа салынып, ашу шақырғанда есте ұстаған дұрыс. Пауыл: “Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар”,— деп жазған. Ол бұл кеңесін келесі сөздерімен нықтай түскен: “Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, оны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Киелі жазбада Жаратқан Иенің: “Кек алу — Менің ісім, есесін Мен қайтарамын” дегені жазылған ғой” (Рим. 12:18, 19).

11. Мәсіхтің басшылығына мойынсұнатынымызды қалай көрсете аламыз?

11 Біз Құдайдың мәсіхшілер қауымында орнатқан билігін де мойындауымыз керек. Аян кітабының 1-тарауында Иса Мәсіхтің қауым ‘жұлдыздарын’ оң қолына ұстап тұрғаны бейнеленген (Аян 1:16, 20). Кең мағынада, бұл жұлдыздар ақсақалдар, не бақылаушылар, кеңесін білдіреді. Мұндай бақылаушылар Мәсіхтің басшылығына көніп, мойынсұнады және оған еліктеп, басқалармен қарым-қатынасында мейірімділік танытады. Ал қауым мүшелерінің барлығы Исаның рухани ас-суды уақтылы беріп отыру үшін “адал да ақылды құлды” тағайындағанын мойындайды (Мат. 24:45—47, ЖД). Бүгінде құл табы дайындап отырған осы мәліметтерді зерттеуге және өмірде қолдануға дайын болу арқылы әрқайсымыз Мәсіхтің басшылығына мойынсұнатынымызды көрсетеміз, ал бұл татулық пен ауызбірліктің болуына ықпал етеді (Рим. 14:13, 19).

Қаншалықты илігу керек?

12. Неге илігудің шегі бар деуге болады?

12 Алайда илігу сенімімізге немесе Құдайдың принциптеріне қайшы әрекет жасауға болады дегенді білдірмейді. Дінбасылары ертедегі мәсіхшілерге Исаның атынан тәлім беруге тыйым салғанда, олар не істеген? Петір мен өзге елшілер батылдықпен: “Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек!”— деп жауап берген (Ел. іс. 4:18—20; 5:28, 29). Бүгінгі күні де мемлекет басшылары біздің ісімізді тоқтатуға тырысса, уағыздау тәсілін өзгертуге тура келсе де, оны доғармаймыз, бірақ ілтипаттылықпен әрекет етеміз. Мысалы, үйме-үй уағыздауға тыйым салынса, үй иелерімен жолығудың басқа жолдарын тауып, Құдай берген тапсырманы орындай береміз. Ал ‘мемлекеттік билігі барлар’ кездесулер өткізуге тыйым салса, кішігірім топтарға бөлініп, көзге түспей жиналамыз (Рим. 13:1; Евр. 10:24, 25).

13. Билік иелерінің талаптарына көну жөнінде Иса не деген?

13 Таудағы уағызында Иса билік иелерінің талаптарына көну керектігін көрсеткен: “Кейбіреу соттасып, көйлегіңді тартып алғысы келсе, оның шапаныңды да алуына қарсы болма! Немесе біреу сені бір шақырым жерге еріп (жүгін көтеріп) жүруге мәжбүр етсе, онымен екі шақырым жүр” (Мат. 5:40, 41)b. Өзгелердің мүддесін ескергеніміз және оларға көмектесуге деген ықыласымыз да, былайша айтқанда, “онымен екі шақырым жүруге” талпындырады (Қор. 1-х. 13:5; Тит. 3:1, 2).

14. Неге біз жолдан таюшылармен ешқашан ымыраға келмеуіміз керек?

14 Алайда біз көнгіш болуды қалап, жолдан таюшылармен ешқашан ымыраға келіп жүрмеуіміз керек. Бұл мәселеге қатысты көзқарасымыздың нақты әрі берік болғаны шындықтың таза сақталуына және қауымның бірлігіне ықпал етеді. “Жалған “бауырластарға” қатысты Пауыл: “Біз Ізгі хабардың шындығы сендерге тап-таза күйінде қалсын деп, айтқандарына бір сәтке де көніп, бағынған емеспіз”,— деп жазған (Ғал. 2:4, 5). Қауымда жолдан таюшылықтың пайда болуы өте сирек, тіпті солай болған күнде де адал мәсіхшілер дұрыс нәрсені берік ұстанады.

Бақылаушылар илігуге дайын болу керек

15. Мәсіхші бақылаушылар бас қосқанда, илігуге дайын екенін қалай көрсете алады?

15 Бақылаушы болып тағайындалғандарға қойылатын талаптардың бірі — илігуге дайын болу. Пауыл: ‘Қауым басқарушысы шыдамды [сөзбе-сөз: иліккіш] болуға тиіс’,— деп жазған (Тім. 1-х. 3:2, 3). Әсіресе қауым мәселелерін қарастыру үшін бас қосқанда, олардың илігуге дайын болғанының маңызы зор. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, қатысушылардың бәрі өз ойын ашық айтуына болады, бірақ, әрине, әр ақсақалдың бірдеңе айтуы шарт емес. Талқылау барысында мәселеге қатысты өзгелердің Жазбалардан келтірген принциптерін естігенде, адамның пікірі өзгеруі мүмкін. Толысқан ақсақал өзгелердің ойын қабылдамай, өз дегенінен қайтпай тұрып алмайды, қайта, илігуге дайын болады. Бастапқыда ақсақалдардың ойлары бір жерден шықпайтын шығар, бірақ дұға ете отырып ой жүгірткендері қарапайым да көнбіс бақылаушылардың бірлік сақтауына ықпал етеді (Қор. 1-х. 1:10; Ефестіктерге 4:1—3 оқы).

16. Бақылаушылар қандай рух таныту керек?

16 Ақсақалдар не істесе де, теократиялық тәртіпке сай әрекет етуге тырысу керек. Олардың илігуге дайын екендері отарды бағу ісінде де байқалып тұрады: мұндай рух өзгелерге мұқият және жұмсақ болуға көмектеседі. “Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани “отарын” қамқорлап бағыңдар!— деп жазды Петір.— Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындап, ашкөз пайдақорлықпен емес, адал ынта-жігермен істей беріңдер” (Пет. 1-х. 5:2).

17. Қалай қауым мүшелерінің бәрі өзара қатынасында илігуге дайын бола алады?

17 Үлкендер жасы кіші бауырластардың көмегін бағалайды және олардың мысын баспайды. Ал жастар болса Ехобаға көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан жасы үлкендерді сыйлайды (Тім. 1-х. 5:1, 2). Ақсақалдар Құдайдың отарына қамқорлық етуді үйретіп, белгілі бір жауапкершіліктер тапсыруға болатын бауырластарды қарастыра жүреді (Тім. 2-х. 2:1, 2). Әрбір мәсіхші Пауылдың рухтың жетелеуімен жазған келесі кеңесінің маңыздылығын түсіну керек: “Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар [сөзбе-сөз: ырқына көніңдер]. Олар ұдайы рухани өмірлеріңнің қамын жеп, сол қызметтері туралы есеп беруге тиісті. Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға бағыныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер” (Евр. 13:17).

Отбасы мүшелерінің илігуге дайын болуы

18. Неге отбасы мүшелері иліге білулері керек?

18 Отбасында да илігуге дайын болу керек (Қолостықтарға 3:18—21 оқы). Киелі кітапта мәсіхшілер отбасының әрбір мүшесінің өз рөлі бар екені айтылған. Отағасы — әйелінің басы, сондай-ақ балаларын тәрбиелеу жауапкершілігі алдымен соған жүктелген. Әйел жұбайының билігін мойындауы керек, ал балалар тілалғыш болуға тырысулары керек, өйткені бұл Иемізге ұнайды. Отбасының әр мүшесі орынды түрде және байсалдылықпен иліге білу арқылы үй ішінде бірлік пен ынтымақтың болуына ықпал етеді. Киелі кітапта осыған қатысты мысалдар бар.

19, 20. а) Ели мен Ехобаның қалай жұмсақтық танытқанының айырмашылығын көрсет. ә) Бұл мысалдардан ата-аналардың қандай сабақ алуына болады?

19 Самуилдің бала кезінде Ели Исраил елінің бас діни қызметкері болатын. Бірақ оның балалары Опни мен Пінехес “Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын сұмырайлар еді”. Ели ұлдары жайлы жаман нәрселер еститін. Мысалы, олар кездесу шатырының кіре берісінде қызмет атқаратын әйелдермен азғындық жасайтын. Ели бұған қалай қараған? Ол оларға егер Ехобаға қарсы күнә жасаса, оларды жақтап, ешкім дұға етпейтінін айтты. Бірақ ол ұлдарын түзетпеді де, жөнге салмады да. Сондықтан олар жаман жолдарынан қайтпады. Ақыр соңында, Ехоба олар өлімге лайық деген әділ шешім қабылдады. Ұлдарының өлімі жайлы хабар жеткенде, Елидің өзі де мерт болды. Неткен қайғылы оқиға! Елидің орынсыз жұмсақтық танытып, ұлдарының зұлым істеріне көніп отыра бергенінің дұрыс болмағаны айдан анық (Пат. 1-ж. 2:12—17, 22—25, 34, 35; 4:17, 18).

20 Ал енді Құдайдың рухани ұлдарына қатысты әрекетін қарастырып көрейік. Миха пайғамбар аянда барлық періштелердің Ехобаның алдына келгенін көрген. Ехоба Исраилдің зұлым патшасы Ахабты ойран ету үшін кімнің оны алдай алатынын сұрайды. Ол рухани ұлдары айтқан біраз ұсыныстарды тыңдайды. Сосын, бір періште мұны істеу қолынан келетінін айтады. Ехоба қалай істейтінін сұрайды да, ұсынысына көңілі толып, бұл істі соған тапсырады (Пат. 3-ж. 22:19—23). Бұл үзіндіден біздер, пенделер, өз отбасымызда илігуге дайын болуға қатысты сабақ аламыз емес пе? Мәсіхші отағасы әйелі мен балаларының пікірі мен ұсыныстарын ескергені жақсы. Бірақ әйелі мен балаларына да, әсіресе олар өз ойларын не көңілдері қалағанды айтқан болса, отағасының шешімін құрметпен қабылдау үшін иліге білу қажет. Өйткені Жазбаларға сай, шешім қабылдау жауапкершілігі отағасына жүктелген.

21. Келесі мақалада не қарастырылады?

21 Біз Ехобаның илігуге дайын болуға қатысты сүйіспеншілікпен беріп отырған дана ескертулеріне қалайша ризамыз десеңші! (Заб. 118:99). Келесі мақалада байсалдылықпен иліге білу некелік өмірде қуаныш табуға қалай көмектесетінін қарастырамыз.

[Сілтемелер]

a Мұнда елші Пауыл бір сөзбен айтып жеткізу қиын сөзді қолданған. Бір анықтамалық еңбекте былай делінген: “Аталмыш сөз адамның кішірейіп, өз құқынан бас тартуға және өзгелерге мұқият болып, жұмсақтық танытуға дайындығын білдіреді”. Демек, бұл сөздің астарында көнгіш, иліккіш, сондай-ақ парасатты болу деген мағына бар. Ал мұндай адам Құдай заңының әр әрпіне қатып қалмайды немесе өз құқын қорғап тұрып алмайды.

b “Біреу сені бір шақырым жерге еріп жүруге мәжбүр етсе” мақаласын қара. “Күзет мұнарасы” (ор.), 2005 жыл, 15 ақпан, 23—26-беттер.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Илігуге дайын болудың қандай пайдасы бар?

• Бақылаушылар илігуге дайын екендерін қалай көрсете алады?

• Неге отбасы мүшелерінің илігуге дайын болғандары маңызды?

[4-беттегі сурет]

Ақсақалдар Мәсіхке еліктеп, өзгелермен қарым-қатынасында мейірімділік танытады

[6-беттегі сурет]

Қауым ақсақалдары бас қосқанда, дұға ете отырып, ой жүгірткендері және илігуге дайын болғандары бірлік сақтауға ықпал етеді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу