Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.2. 16—20 бет.
  • Ең ұлы Миссионерден үлгі алыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ең ұлы Миссионерден үлгі алыңдар
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Біз барлығын тастап, Сіздің соңыңыздан ердік’
  • Ехобаның дайындықтан өткізуі
  • Жүрекке жеткізіп үйрету
  • Адамдарға Иса сияқты қараңдар
  • Исаға еліктей беріңдер
  • Иса Мәсіх — ең ұлы Миссионер
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Патшалықтың азаматтарына қызметтерін атқаруды үйрету
    Құдай Патшалығы билік етуде!
  • ‘Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқар’
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Шәкіртім болып соңымнан ер!”
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.2. 16—20 бет.

Ең ұлы Миссионерден үлгі алыңдар

“Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!” (ҚОР. 1-ХАТ 11:1).

1. Не себепті біз Иса Мәсіхке еліктеуіміз керек?

ЕЛШІ Пауыл ең ұлы Миссионерге, Иса Мәсіхке, еліктеген. Сондай-ақ ол бір сенімдес мәсіхшілерді: “Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!”— деп шақырған (Қор. 1-х. 11:1). Иса елшілерінің аяқтарын жуу арқылы кішіпейілділіктің үлгісін көрсеткен соң, оларға былай деді: “Мен сендерге қалай қызмет етсем, сендер де солай етсін деп, үлгі көрсеттім” (Жох. 13:12—15). Бүгін де біз мәсіхшілер ретінде Иса Мәсіхке сөзімізбен, ісімізбен және жақсы қасиеттер танытуымызбен еліктеуіміз керек (Пет. 1-х. 2:21).

2. Басқарушы кеңес сені миссионер етіп тағайындамаса да, не істей аласың?

2 Алдыңғы мақаладан миссионер деген ізгі хабарды уағыздау үшін жіберілген адам екенін білдік. Осыған қатысты Пауыл маңызды сұрақтар қойған (Римдіктерге 10:11—15 оқы). Ол: “Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді?”— деп сұраған соң, Ишая пайғамбардың сөздерін келтіріп: “Татулық туралы ізгі хабар жеткізушілердің келгені қандай тамаша!”— деді (Ишая 52:7). Сен миссионер ретінде тағайындалып, шет елге жіберілмесең де, Исаға еліктей отырып, ізгі хабарды құлшыныспен уағыздай аласың. Өткен жылы 236 елде Патшалықтың 6 957 852 жариялаушысы ‘Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарды’ (Тім. 2-х. 4:5).

‘Біз барлығын тастап, Сіздің соңыңыздан ердік’

3, 4. Иса жерге келгенде, көкте нені қалдырды және оның ізбасары болуымыз үшін не істеуіміз керек?

3 Жерге жіберілгендегі тапсырмасын атқару үшін, Иса ‘өзінің құдіреті мен салтанатты ұлылығынан өз еркімен бас тартып, құлдың кейпін қабылдады’ (Філіп. 2:7). Исаға еліктеп істеген ісіміздің ешқайсысы да оның жер бетінде істеген ісімен салыстыруға келмейді. Алайда біз оның ізбасарлары ретінде берік болып қала аламыз. Бұл үшін Шайтанның дүниесінде қалдырған нәрселерге жалтақтай бермеуіміз керек (Жох. 1-х. 5:19).

4 Бірде елші Петір Исаға: ‘Міне, біз барлығын тастап, Сіздің соңыңыздан ердік’— дейді (Мат. 19:27). Иса Петір, Әндір, Жақып және Жоханды шәкірті болуға шақырағанда, сол заматта-ақ оның соңынан ереді. Олар Исамен бірге қызмет ету үшін балық аулау кәсіптерін қалдырады. Көбімізге Исаның соңынан еру үшін өзіміздегінің “барлығын” тастау керек болмаған шығар. Алайда Ехобаға шын жүректен қызмет етіп, Мәсіхтің ізбасары болу үшін, біз ‘өз еркіміз бойынша өмір сүруді қойдық’ (Мат. 16:24). Бұл бізге көл-көсір баталар әкелді (Матай 19:29 оқы). Мәсіхке еліктеп, ізгі хабарды құлшыныспен уағыздау, әсіресе Құдай мен оның Ұлына жақындау үшін біреуге аз да болса көмектескен болсақ, жүрегімізді қуанышқа бөлейді.

5. Киелі кітап шындығымен танысқан иммигранттардың шешімін көрсететін мысал айтып беріңдер.

5 Бразилиялық Валмир Суринамда алтын өндіруші болып жұмыс істейтін. Ол ішкілікке салынып, азғын өмір кешіп жүреді. Бірде Валмир қалада болғанда, Ехоба куәгерлерімен танысып, Киелі кітапты зерттеуді бастайды. Зертеу сабағын күн сайын өтіп, көптеген өзгерістер жасайды да, көп ұзамай шомылдыру рәсімінен өтеді. Валмир жұмысының жаңа сеніміне сай өмір сүруге қиындық туғызып жатқанын түсінгенде, табысты болса да, кәсібін тастап, отбасына рухани қазына табуға көмектесу үшін Бразилияға қайта оралады. Киелі кітап шындығымен танысқан көптеген иммигрант бай елдердегі табысты жұмыстарын тастап, туыстарына және басқа адамдарға рухани көмек көрсету үшін елдеріне қайта оралуда. Патшалықтың осындай жариялаушылары ізгі хабарды уағыздап, нағыз құлшыныс танытып жүр.

6. Қажеттілік көбірек жерге бара алмасақ, не істей аламыз?

6 Көп Куәгер уағыздаушыларға көбірек қажеттілік бар жерлерге барып қызмет етуде. Кейбіреулері тіпті шет елде қызмет етіп жүр. Жеке бастың жағдайынан біз басқа жерге қоныс аударуа алмауымыз мүмкін, сөйтсе де барынша қызмет ету арқылы да Исаға еліктей аламыз.

Ехобаның дайындықтан өткізуі

7. Қабілеттерін жетілдіргісі келетін Патшалықтың жариялаушылары үшін қандай мектептер ұйымдастырылған?

7 Иса Әкесінен тәлім алғаны сияқты, біз де Ехоба қарастырған білім беру шарасының игілігін көрудеміз. Исаның өзі былай деген болатын: “Пайғамбарлар жазбаларында ‘Құдай олардың бәрін үйретеді’ делінген” (Жох. 6:45; Ишая 54:13). Бүгінгі күні бізді Патшалықтың жариялаушылары болуға дайындау үшін ұйымдастырылған мектептер бар. Бәріміз де өз қауымдарымызда өткізілетін Теократиялық қызмет мектебінің пайдасын көріп жүрміз. Ізашарлар болса Ізашарлық қызмет мектебінен білім алу мәртебесіне ие болуда. Бұл мектептен екінші рет білім алып жатқан тәжірибелі ізашарлар да бар. Ақсақалдар мен қызмет көмекшілері тәлім беру қабілеттерін жетілдіріп, бауырластарға жақсы қызмет көрсетулері үшін, Патшалық қызмет мектебінен білім алуда. Көптеген салт басты ақсақалдар мен қызмет көмекшілері үшін Қызметті жетілдіру мектебі ұйымдастырылған. Онда олар бауырластарға уағыздау ісінде көмек көрсетуді үйренеді. Көптеген басқа да бауырластар Күзет мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебінен тәлім алып, шет елде қызмет етуге тағайындалуда.

8. Кейбір бауырластар Ехобадан білім алу үшін қандай құрбандыққа баруда?

8 Ехоба куәгерлерінің көбісі осы мектептерден білім алу үшін өзгерістер жасады. Мысалы, Югу деген бауырлас Канададағы Қызметті жетілдіру мектебіне қатысу үшін бастығынан сұранады. Бірақ жібермеген соң, ол арыз жазып жұмыстан шығуына тура келеді. “Мен бұған түк те өкінген жоқпын,— дейді кейінірек Югу.— Расында, егер бастығым жұмыстан жібергенде, мен компанияда қалып, үнемі сонда жұмыс істеуім керек болар еді. Ал қазір Ехоба тағайындаған кез келген жерге баруға дайынмын”. Бауырластар Ехобадан білім алу мүмкіндігін қалт жібермеу үшін, бір кездері құнды деп есептеген нәрселерін құрбан етуге дайын (Лұқа 5:28).

9. Жазбалардағы білім мен шын ықыласпен күш салудың маңыздылығын көрсететін мысалды айтып беріңдер.

9 Жазбалардағы білімді алумен қатар, шын ықыласпен күш салу зор нәтиже береді (Тім. 2-х. 3:16, 17). Гватемалалық Саулоның мысалын қарастырып көрейік. Ол ойлау қабілеті дұрыс жетілмей туылған болатын. Сондықтан мұғалім анасынан оған оқуды үйретіп қинамауын өтінеді. Сауло оқуды үйрене алмаған күйі мектептен кетеді. Алайда бір Куәгер “Оқу-жазуды үйренейік” деген кітапшаны қолданып, Сауломен сабақ өтеді. Ақырында ол теократиялық қызмет мектебінде баяндама айта алатындай деңгейге жетеді. Кейінірек, Саулоның анасы уағыздап жүріп әлгі мұғалімді кездестіреді. Мұғалім Саулоның оқи алатынын естіген соң, анасына келесі аптада баласымен бірге келуін өтінеді. Келесі аптада келгенде, мұғалімі Саулодан “Сен маған не үйреткің келеді?”— деп сұрайды. Сонда ол “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабын алып, одан бір абзацты оқып береді. “Мені үйретіп тұрғаныңды көріп, өз көзіме өзім сене алмай тұрмын!”— деген мұғалімі көзіне жас алып, Саулоны құшақтай алады.

Жүрекке жеткізіп үйрету

10. Киелі кітаптағы шындықты үйрету үшін қандай керемет құралды қолдана аламыз?

10 Иса Ехобадан үйренгендеріне және оның Сөзінде жазылғандарға негізделе отырып үйреткен (Лұқа 4:16—21; Жох. 8:28). Біз Исаға кеңестерін қолдануымызбен және Жазбаларға сай үйретуімізбен еліктейміз. Сондықтан біздің сөзіміз бен ойымыз бір жерден шығады, ал бұл ауызбірлікке ықпал етеді (Қор. 1-х. 1:10). Киелі кітапқа негізделген басылымдармен қамтамасыз етіп отырған ‘адал да ақылды құлға’ қаншалықты ризамыз десеңші! Өйткені бұл әдебиеттер бізге үйретудің бірдей жолын ұстануға және ізгі хабарды уағыздаушы ретіндегі қызметімізді атқаруға көмектеседі (Мат. 24:45, ЖД; 28:19, 20). Осындай басылымдардың бірі — “Киелі кітап үйретеді” кітабы қазіргі кезде 179 тілге аударылған.

11. Эфиопиядағы ізашар бауырлас “Киелі кітап үйретеді” кітабының көмегімен қарсылықты қалай жеңе білді?

11 “Киелі кітап үйретеді” кітабы арқылы Киелі кітапты зерттеудің арқасында қарсыластар көзқарасы мен ниеттерін өзгерткен. Эфиопияда ізашар болып қызмет етіп жүрген Лола Киелі кітапты зерттеу сабағын жүргізіп отырғанда, зерттеушінің туысы сабаққа кедергі жасайды. Ол ашуланып, мұндай зерттеудің оларға керек еместігін айтады. Лола сабырлық сақтап, кітаптың 15-тарауындағы жасанды ақша туралы көрнекі мысалды қолдана отырып, әйелмен сөйлеседі. Әңгіменің соңында ол райынан қайтып, зерттеуді жалғастыра беруге рұқсат береді. Ал келесі жолы зерттеу сабағына қатысып болған соң, өзімен де Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізуді сұрайды, тіпті бұл үшін ақы төлеуді ұсынады. Көп ұзамай аптасына үш рет зерттеу сабағын өтіп, рухани жетістіктер жасай бастайды.

12. Жастардың Киелі кітаптағы шындықты үйретуде нәтижелі бола алатынын көрсететін мысалды айтып беріңдер.

12 Жастар да “Киелі кітап үйретеді” кітабын қолдану арқылы адамдарға көмектесе алады. Гавайида тұратын он бір жасар Кеану мектепте осы кітапты оқып отырағанда, қасына сыныптасы келіп: “Сен неге мерекелерді тойламайсың?”— деп сұрайды. Кеану кітаптың қосымшасындағы “Біз мерекелерді тойлауымыз керек пе?” деп аталатын тақырыпты ашып, жауабын оқып береді. Сосын, сыныптасының назарын кітаптың мазмұнына аударып, оны қай тақырып қызықтыратынын сұрайды. Осылайша онымен Киелі кітапты зерттеу сабағы басталады. Өткен қызмет жылында Ехоба куәгерлері 6 561 426 Киелі кітап зерттеу сабағын өткізді. Көпшілігі бұл үшін “Киелі кітап үйретеді” басылымын қолданды. Сен осы құралдың көмегімен зерттеу сабағын өткізіп жүрсің бе?

13. Киелі кітапты зерттеу адамдарға қалай ықпал етуде?

13 “Киелі кітап үйретеді” кітабының көмегімен Киелі кітапты зерттеу Құдай еркін орындауды қалағандарға зор ықпал етуде. Норвегияда арнайы ізашарлар ретінде қызмет етіп жүрген ерлі-зайыпты Замбиядан келген отбасымен Киелі кітапты зерттеу сабағын бастайды. Олардың үш қызы болғандықтан, тағы балалы болуды қаламайды. Сондықтан әйелі аяғы ауыр екенін білгенде, түсік жасату керек деп шешеді. Дәрігермен ақылдасудан бірнеше күн бұрын олар “Өмірге деген Құдайға ұнамды көзқарас” деп аталатын тарауды талқылайды. Сол тараудағы әлі туылмаған баланың суреті жүректеріне қатты әсер еткені сонша — олар түсік жасатпауды шешеді. Келе-келе отбасы рухани қадамдар жасайды әрі туылған ұлдарына өздерімен зерттеген бауырластың атын қояды.

14. Үйренгендеріне сай өмір сүрудің жақсы нәтижелерін көрсететін мысал айтып бер.

14 Исаның тәлім беруінің ең маңызды жолы — үйреткеніне сай өмір сүру. Одан үлгі алып жүрген Ехоба куәгерлерінің жүріс-тұрысы көп адамда жақсы әсер қалдырады. Жаңа Зеландиядағы бір іскер адамның көлігінен сөмкесі ұрланады. Мұны полицей қызметкеріне хабарлағанда, ол оған: “Сөмкеңізді Ехоба куәгерлерінің бірі тауып алса ғана өзіңізге қайтады”,— дейді. Газет таратып жүрген бір әйел бауырлас сөмкені тауып алады. Бұл жөнінде хабар алған іскер бауырластың үйіне келеді. Сөмкесі қолына тигенде, құнды құжаттарының түгел екенін көріп, жаны жай табады. Сонда бауырлас оған: “Сөмкеңіз бен құжаттарыңызды Ехоба куәгері болғандықтан қайтарып тұрмын”,— дейді. Полицей қызметкерінің таңертең ғана айтқан сөзі есіне түсіп, іскер қатты қайран қалады. Шынында да, шынайы мәсіхшілер Киелі кітаптағы принциптерге сай өмір сүреді және Исаға еліктейді (Евр. 13:18).

Адамдарға Иса сияқты қараңдар

15, 16. Қалайша адамдарды ізгі хабарға құлақ асуға талпындыра аламыз?

15 Исаның адамдарға деген ықыласы оларды ізгі хабарға құлақ асуға талпындырды. Мысалы, оның сүйіспеншілігі мен кішіпейілділігін көрген қарапайым адамдар оған жақындаған. Иса өзіне келген адамдарға жанашырлық танытып, оларды жылы сөздерімен жұбатқан және сауықтырған (Марқа 2:1—5 оқы). Бүгінде біз кереметтер жасай алмаймыз, алайда сүйіспеншілік, кішіпейілділік және жанашырлық таныта аламыз. Бұл қасиеттер адамдарға шындықты қабыл алуға көмектеседі.

16 Тария есімді арнайы ізашар Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Кирибати аралының оқшау жерінде уағыздап жүргенде, Бире есімді қарт кісіге жанашырлық танытқаны жақсы нәтиже береді. Алғашқыда бұл кісі оны тыңдағысы келмеген болатын. Алайда Тария оның бір жағы сал екенін байқап қалып: “Сіз Құдайдың ауру мен қарт адамдарға не уәде еткенін білесіз бе?”— деп сұрайды. Сосын, Ишая кітабынан бір тармақ оқып береді (Ишая 35:5, 6 оқы). Бұған таң-тамаша болған кісі: “Мен Киелі кітапты көп жылдан бері оқимын, маған өзім сенетін діндегі миссионерлер де көп жылдан бері келіп тұрады. Бірақ Киелі кітапта мұндай сөздер бар екенін білген емеспін”,— дейді. Бире Киелі кітапты зерттеуді бастап, рухани қадамдар жасайды. Қазір ол мүгедек болса да, шомылдыру рәсімінен өткен жариялаушы әрі оқшау жердегі топқа жетекшілік етіп, бүкіл аралға ізгі хабарды таратып жүр.

Исаға еліктей беріңдер

17, 18. а) Қалайша ізгі хабардың нәтижелі уағыздаушысы бола аласың? ә) Қызметті жауапкершілікпен атқарғандарды не күтіп тұр?

17 Қызмет кезіндегі қызықты оқиғалардан көретініміздей, Исанікіндей қасиеттер дамытып, оларды танытатын болсақ, уағыздау қызметінде нәтижелі бола аламыз. Олай болса, ізгі хабардың құлшынысты уағыздаушысы Исаға еліктегеніміз өте орынды.

18 Исаға шәкірт болғандардың бірі Петір: “Сол үшін бізді не күтіп тұр?”— деп сұраған. Сонда Иса: “Менің атыма бола үй-жайы, туған бауырлары, әке-шешесі, бала-шағасы не жер-суынан ажыраған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі мәңгілік өмір де сыйланады”,— деп жауап берді (Мат. 19:27—29). Егер ең ұлы Миссионер Исадан үлгі ала беретін болсақ, осы сөздердің рас екенін өз өмірімізден көретін боламыз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Ехоба бізді ізгі хабардың уағыздаушысы болуға қалай дайындайды?

• Неліктен “Киелі кітап үйретеді” кітабын қызметте қолдану өте тиімді?

• Исаның адамдарға деген ықыласына қалай еліктей аламыз?

[17-беттегі сурет]

Петір, Әндір, Жақып пен Жохан Исаның шақыруын кідірместен қабыл алып, шәкірті болды

[19-беттегі сурет]

“Киелі кітап үйретеді” сияқты әдебиеттер үйретудің бірдей жолын ұстануға көмектеседі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу