Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.1. 14—17 бет.
  • Киелі кітап және эволюция өзара үйлесе ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап және эволюция өзара үйлесе ме?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жер бетінде бір ғана адам болған
  • Адамның кемелділіктен айырылуы
  • Эволюцияға да, Иса Мәсіхке де бірдей сенуге бола ма?
  • Неге эволюция адамдарға тартымды көрінеді?
  • Жаратушыға деген сенім дәлелдерге негізделген
  • Тіршіліктің бастауы Жаратушы ма, эволюция ма? Эволюция теориясына күмәндануға негіз бар ма? (2-бөлім)
    Жастардың сауалдары
  • Құдай тіршіліктің сан алуан түрін жарату үшін эволюцияны қолданды ма?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Эволюцияға сенуім керек пе?
    Жастарды қызықтыратын 10 сұрақ
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.1. 14—17 бет.

Киелі кітап және эволюция өзара үйлесе ме?

ҚҰДАЙ жануарларды адамға айналдыру үшін эволюцияны қолданған болуы мүмкін бе? Ол бактерияны балыққа, ал оны бауырымен жорғалаушыларға, сосын, сүтқоректілерге, ақырында, маймылды адамға айналдырды ма? Кейбір ғалымдар мен дінбасылары эволюция теориясына да, Киелі кітапқа да сенетінін айтады. Олардың ойынша, Киелі кітаптағы Жаратылыс кітабы астарлап жазылған. Бәлкім, сіз де: “Адам жануарлардан шықты деген теория Киелі кітапқа сай келе ме?”— деп ойлайтын шығарсыз.

Кім екенімізді, алда не күтіп тұрғанын және қалай өмір сүру керектігімізді түсіну үшін шыққан тегімізді білу аса маңызды. Осының арқасында ғана Құдайдың қайғы-қасіретке жол беруінің себебін және оның адамзаттың болашағына қатысты ниетін түсіне аламыз. Бізді жаратқан Құдай екеніне сенімді болмасақ, оның ықыласына ие бола алмаймыз. Олай болса, Киелі кітапта адамның шығу тегі, оның қазіргі күйі мен болашағы жайлы не айтылғанын қарастырайық. Сосын, эволюция теориясы Киелі кітапқа сай келетін-келмейтінін көреміз.

Жер бетінде бір ғана адам болған

Эволюционистер о баста жер бетінде бір-ақ адам болғанын мойындамай, негізінен, мынаған сендіреді: жануарлар популяциясы бірте-бірте адамдар популяциясына айналған. Алайда Киелі кітапта бұл жайында мүлдем басқаша айтылған: біз бір адамнан, Адам атадан, тарадық. Киелі кітапта Адам бір кездері шынымен өмір сүрген кісі ретінде сипатталады. Онда оның әйелінің және кейбір балаларының есімдері келтірілген. Сондай-ақ Адам атаның не істегені, не айтқаны, қашан өмір сүріп, қашан өлгені жайлы айтылған. Иса пайғамбар бұл мәліметті жай ғана қараңғы адамдарға айтылған әңгіме ретінде қарастырмаған. Ол білімді дінбасыларына: “Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ “адамды бірін еркек, бірін әйел қылып” жаратқанын оқымап па едіңдер?”— деген (Матай 19:3—5). Сосын, Жаратылыс 2:24-гі Адам ата мен Хауа ана туралы айтылған сөздерді келтірген.

Киелі кітап жазушысы әрі жақсы тарихшы болған Лұқа Адам атаны Иса сияқты тарихи тұлға ретінде сипаттайды. Ол Исаның сонау Адам атаға дейінгі шежіресін түзген (Лұқа 3:23—38). Елші Пауыл да тыңдаушыларына, олардың ішінде әйгілі грек оқу орындарында білім алған пәлсапашылар да болған, былай деген: ‘Ол — әлемді және ондағының бәрін жаратқан Құдай... Ол бір адамнан бар ұлттарды таратып, бүкіл жер жүзіне мекендетті’ (Елшілердің істері 17:24—26). Иә, Киелі кітапқа сай, бәріміз ‘бір адамның’ ұрпағымыз. Ал адамның о баста қандай болғаны жайлы Жазбаларда айтылғандар эволюциямен үйлесе ме?

Адамның кемелділіктен айырылуы

Киелі кітапқа сай, Ехоба Құдай алғашқы адамды кемелді етіп жаратқан. Басқаша болуы мүмкін емес те еді. Жаратылыс туралы хабарда былай делінген: ‘Құдай адамды рухани жағынан Өзіне ұқсас етіп жаратты... [Ол] Өзінің жасағандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді’ (Жаратылыс 1:27, 31). Сонда кемелді адам қандай болады?

Кемелді адамның ерік бостандығы бар және ол Құдайдың қасиеттерін мүлтіксіз таныта алады. Киелі кітапта: ‘Құдай адамды ақ-әділ етіп жаратқан... ал адамдар пендешілікпен көптеген жаман ниетке бой алдырған’,— делінген (Екклесиаст 7:29). Адам ата Құдайға қарсы бүлік шығарды, осының кесірінен өзі де, ұрпақтары да кемелділіктен айырылды. Істегіміз келген жақсылықты істемей, өзімізге жиі көңіліміз толмайтынын осы кемелсіздіктің салдары деп түсіндіруге болады. Елші Пауыл: “Қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін”,— деп жазған (Римдіктерге 7:15).

Киелі кітапқа сай, кемелді адамның денсаулығында мін болмауы әрі мәңгі өмір сүруі керек. Мұны Адам ата тілін алса, ешқашан өлмейтіні жайлы Құдайдың айтқан сөздерінен анық көреміз (Жаратылыс 2:16, 17; 3:22, 23). Алғашқы адам ауруға не бүлік шығаруға бейім болған болса, Ехоба оны жаратқанда, “өте жақсы” деп айтпас еді. Сондай керемет жаратылғанына қарамай, адам тәнінің кемістіктері мен ауруға бейім болуын кемелділіктен айырылғандығымен түсіндіруге болады. Сондықтан эволюция Киелі кітаптағы мәліметпен үйлеспейді. Эволюцияға сай, қазіргі адам — дамып-жетіліп жатқан жануар, ал Киелі кітапқа сай, кемелді адамның құлдырап бара жатқан ұрпағы.

Адамды жарату үшін Құдай эволюцияны қолданған деген түсінік оның Киелі кітапта сипатталған болмысымен де үйлеспейді. Егер ол эволюция процесін басқарған болса, бұл адамзаттың бүгінгідей бейшара, мүшкіл халіне сол себепші дегенді білдірер еді. Алайда Киелі кітапта Құдай жайлы былай делінген: “Ол аса табанды, Оның істері де нақты және де Оның салған барша жолы әділ; Құдай аса сенімді және де Онда жалғандық атаулы болмайды; Ол әділ әрі шыншыл. Алайда олар Соның алдында бұзылды, өздерінің кесірлі істері арқылы бұлар Оның ұрпағы бола алмайды” (Заңды қайталау 32:4, 5). Демек, адамзаттың бүгінде қасірет шегуі — Құдайдың эволюцияны қолданғандығының емес, бір адамның Құдайға қарсы бүлік шығарып, өзін де, ұрпақтарын да кемелділіктен айыруының салдары. Біз Адам ата жайлы қарастырдық, енді Иса туралы сөйлесейік. Эволюция Иса туралы Киелі кітапта айтылғандарға сай келе ме?

Эволюцияға да, Иса Мәсіхке де бірдей сенуге бола ма?

“Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын қиды”. Бұл — мәсіхшілердің негізгі ілімдерінің бірі екенін білетін шығарсыз (Қорынттықтарға 1-хат 15:3; Петірдің 1-хаты 3:18). Эволюцияның бұл сөздермен үйлеспейтінін көру үшін, алдымен, Киелі кітапта адамдар не себепті күнәкар деп аталатынын және күнә бізге қалай әсер ететінін түсініп алуымыз қажет.

Бәріміз де мына мағынада күнәкармыз: біз Құдайдың сүйіспеншілік және әділдік сияқты асқақ қасиеттерін кемелді түрде таныта алмаймыз. Сондықтан Киелі кітапта: “Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды”,— делінген (Римдіктерге 3:23). Киелі кітап күнәнің өлімге ұшырататынын айтады. Қорынттықтарға 1-хат 15:56-да: “Өлім тудыратын “улы тіс” — күнә”,— делінген. Күнәні мұра еткеніміз ауру-сырқауға шалдығатынымыздың да басты себебі болып табылады. Иса ауру мен күнәкар күйіміздің арасында байланыс бар екенін көрсеткен. Ол бір сал адамға: “Сенің күнәларың кешірілді!”— деп, оны дертінен сауықтырған (Матай 9:2—7).

Ал Исаның өлімінің біз үшін қандай пайдасы бар? Киелі кітапта Адам ата мен Иса Мәсіхтің айырмашылығы көрсетіліп, былай делінген: “Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі” (Қорынттықтарға 1-хат 15:22). Иса өмірін құрбан ету арқылы Адам атадан мұра еткен күнәміздің құнын төледі. Сондықтан Исаға сенім білдіріп, оған мойынсұнатындардың бәрі Адам айырылып қалған нәрсеге, яғни мәңгі өмір сүру мүмкіндігіне, ие болады (Жохан 3:16; Римдіктерге 6:23).

Сіз эволюцияның мәсіхшілер ілімімен үйлеспейтінін байқадыңыз ба? ‘Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлетініне’ күмәнданатын адам ‘Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тірілетініне’ үміттене ала ма?

Неге эволюция адамдарға тартымды көрінеді?

Киелі кітаптан эволюция сияқты ілімдердің неге кең етек алатынын көруге болады. Онда былай делінген: “Адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды айтатын мұғалімдерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады. Сөйтіп, шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ” (Тімотеге 2-хат 4:3, 4). Эволюция әдетте ғылыми тілмен түсіндірілгенмен, шындығында, ол — діни ілім. Ол өмірге және Құдайға деген белгілі бір көзқарас қалыптастырады. Оның ілім-нанымдары өзімшіл әрі тәуелсіздікке бейім адамзатты өзіне арбап тұрады. Эволюцияға сенетіндердің көбісі Құдайға да сенетінін айтады. Бірақ олар дүниені жаратқан Құдай емес, ол адамзаттың ісіне араласпайды және адамдарды соттамайды деп ойлаудан тартынбайды. Ал мұндай нанымдар адамдардың құлағына жылы тиеді.

Эволюцияны жақтаушылар айғақтардың емес, ‘жеке құмарлықтарының’, немесе қалауларының, жетегімен жүреді. Бәлкім, олар эволюция дәстүрлі ілім саналатын ғалымдар арасында өздерін шет сезінбеуді қалағандықтан солай ететін шығар. Өмірінің көбін тірі жасушалардың күрделі ішкі қызметін зерттеуге сарп еткен биохимия профессоры Майкл Бихи жасуша құрылымының эволюциясы жайлы үйрететіндердің өз долбарларына ешбір негіз келтіре алмайтынын айтады. Осындай құртақандай, молекулалық деңгейде эволюция процесі жүруі мүмкін бе? “Молекулалық эволюция ғылыми деректерге негізделмейді,— деп жазды ол. — Ешбір ғылыми әдебиетте — беделді журналдар, сол саладағы журналдар не кітаптарда — нақты, күрделі, биохимиялық жүйеде молекулалық эволюцияның қалай жүргені, тіпті жүруі мүмкін екені сипатталмайды... Дарвиннің молекулалық эволюциясы туралы жарияға жар салу — құр бөспе сөздер”.

Эволюционистер өз идеяларын дәлелдей алмаса, неге оны сонша сенімділікпен насихаттайды? Бихи былай деп түсіндіреді: “Көп адамдар, соның ішінде көптеген беделді әрі сыйлы ғалымдар, табиғаттан тыс бір күштің бар екеніне сенгісі келмейді”.

Эволюция ілімі ақылды болып көрінгісі келетін көптеген дін қызметкерлері үшін тартымды. Олар елші Пауылдың Римдегі мәсіхшілерге жазған хатында сипатталған адамдарға ұқсайды. Пауыл былай деп жазды: “Құдай туралы білуге болатын шындық адамдарға белгілі, мұны оларға Құдайдың Өзі білдірген... Тәңірдің көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік кұдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап, түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды. Олар Құдай туралы білсе де, Оны Құдай деп дәріптеп, шүкіршілік еткен жоқ. Керісінше, адамдар түкке тұрғысыз ойға беріліп, надан көңілдерін қара түнек басты; Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты” (Римдіктерге 1:19—22). Жалған ілімдерге қалай алданып қалмауға болады?

Жаратушыға деген сенім дәлелдерге негізделген

Киелі кітап сенімге анықтама бергенде, дәлелдердің маңыздылығына баса назар аударады. Онда былай делінген: “Ал сенім дегеніміз — үміттенгеннің жүзеге асуы, әрі көзге көрінбейтін жайттарға дәлел келтіру” (Еврейлерге 11:1, сілтеме). Құдайға деген шынайы сенім Жаратушының бар екенін көрсететін дәлелдерге негізделу керек. Ал дәлелдерді қайдан табуға болатынын Киелі кітап көрсетеді.

Құдай рухының жетелеуімен Киелі кітапты жазған Дәуіт: “Тамаша жаралдым, Сені мақтаймын”,— деген (Забур 138:14). Өз тәніміздің және басқа да тіршілік иелерінің қалай керемет жаратылғаны жайлы ой жүгірткеніміз Жаратушының даналығына бас идіреді. Тәнімізде тіршілікті қолдап тұратын мыңдаған жүйе бар, олардың әрқайсысы керемет ойластырылған. Физикалық әлемнің математика тұрғысынан дәл әрі тәртіппен орналасқаны да — Жаратушының бар екенінің дәлелі. Дәуіт: “Құдайдың салтанатты ұлылығын Аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін Ауа кеңістігі де көрсетеді”,— деп жазған (Забур 18:2).

Киелі кітаптың өзінде де Жаратушының бар екеніне қатысты дәлелдер жетіп-артылады. Ондағы 66 кітаптың бірізді жазылғанын, құлықтылық нормалардың соншалықты керемет екенін және пайғамбарлықтардың қаншалықты дәл орындалғанын тексеріп көруге уақыт бөлсеңіз, оның авторы Жаратушының өзі екеніне орасан көп дәлел табасыз. Киелі кітап ілімдерін түсінгеніңіз де оның, шынымен-ақ, Жаратушының Сөзі екеніне көзіңізді жеткізеді. Мысалы, Киелі кітаптан қайғы-қасіреттің себебін, Құдай Патшалығы мен адамзаттың болашағына қатысты ілімдерді және бақытты болудың жолын білгенде, Құдайдың даналығының дәлелін көресіз. Сонда сіз де Пауыл сияқты сезімде болатын шығарсыз. Ол: “О, неткен бай Құдайдың даналығы, Неткен терең Оның білік-парасаты! Шешімдеріне адам ақылы жетпес, Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!”— деп жазған (Римдіктерге 11:33).

Дәлелдерді тексерген сайын сеніміңіз де арта түседі. Сонда Киелі кітапты оқығанда, Жаратушының өзін тыңдап жатқаныңызға сенімді боласыз. Ол былай дейді: “Жерді және оның үстіндегі адамдарды жаратқан Менмін! Өз қолыммен аспан кеңістігін жасап, барлық аспан денелерін өз бұйрығыммен орналастырдым және бақылаймын да” (Ишая 45:12). Сіз Ехоба Құдайдың барлық нәрсенің Жаратушысы екеніне көз жеткізу үшін күш салғаныңызға ешқашан өкінбейсіз.

[14-беттегі сөздер]

Елші Пауыл білімді гректерге: ‘Құдай... бір адамнан бар ұлттарды таратты’,— деген.

[15-беттегі сөздер]

Эволюцияға сай, қазіргі адам — дамып-жетіліп жатқан жануар, ал Киелі кітапқа сай, кемелді адамның құлдырап бара жатқан ұрпағы.

[16-беттегі сөздер]

“Молекулалық эволюция ғылыми деректерге негізделмейді”

[17-беттегі сөздер]

Тіршілік иелерінің керемет жаратылғаны Жаратушының даналығына бас идіреді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу