Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.10. 28—32 бет.
  • Ехоба құс аулаушының тұзағынан құтқарады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба құс аулаушының тұзағынан құтқарады
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Адамнан қорқу
  • Дүниеқоңыздық
  • Зиянды көңіл көтеру түрлері
  • Келіспеушіліктер
  • ‘Алла Тағаланың панасына’ бас сауғала
  • Алла Тағаланың құпия жерінде мекендей берейік
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
  • Ехоба біздің панамыз
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Шайтанға қарсы тұрыңдар”!
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехоба өзінің меншігі болғаныңды қалайды
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.10. 28—32 бет.

Ехоба құс аулаушының тұзағынан құтқарады

“Алла Тағала сені зұлымның [“құс аулаушының”, ЖД] тұзағынан... сақтайды аман” (ЗАБУР 90:3).

1. “Құс аулаушы” деген кім және ол неге қауіпті?

ШЫНАЙЫ мәсіхшілердің бәрін ой-санасы адамдікінен әлдеқайда жоғары, залым жыртқыш торуылдап жүр. Забур 90:3-те ол “құс аулаушы” (ЖД) деп аталған. Сонда біздің жауымыз кім? Осы журнал 1883 жылдың 1 маусымдағы санынан бастап оның Шайтан Ібіліс екеніне нұсқайды. Ол асқан күш иесі әрі құсты торға түсіргісі келетін құс аулаушы іспетті Ехобаның халқын зымияндықпен алдауға тырысады.

2. Неге Шайтан құс аулаушыға теңеледі?

2 Ерте заманда құстарды үні әсем, қауырсындары түрлі түсті болғандықтан, сондай-ақ азық ету немесе құрбандыққа шалу үшін аулайтын. Алайда құстар табиғатынан сақ, үркек келеді, сондықтан оларды ұстау оңай емес. Сол себепті Киелі кітап заманындағы құс аулаушы ұстағысы келетін құстың мінез-құлқы мен әдетін мұқият зерттеп, сосын, оны ұстаудың жолын ойластыратын. Киелі кітапта Шайтанның құс аулаушыға теңелгені оның айла-амалдарын түсінуімізге көмектеседі. Ібіліс те әрқайсымызды зерттейді. Ол әдеттеріміз бен мінез-құлқымыздың қандай екенін бақылап, бізді “тірідей ұстап алу” үшін жасырын тұзақ құрады (Тімотеге 2-хат 2:26, ЖД). Оның тырнағына іліксек, Құдаймен қарым-қатынасымыз бұзылып, ақырында жойылып кетуіміз мүмкін. Сондықтан қорғану үшін біз “құс аулаушының” айла-әрекеттерін жақсылап біліп алуымыз керек.

3, 4. Шайтанның шабуылдары қай кезде арыстандікіне, ал қай кезде оқжыландікіне ұқсайды?

3 Забур жыршысы айқын бейнелерді қолданып, Шайтанның айла-әрекеттерін жас арыстандікіне және оқжыландікіне теңеген (Забур 90:13). Кейде ол арыстан сияқты ашық шабуылдап, Ехобаның халқының қуғындалуына немесе мемлекет тарапынан оларға қарсы әрекеттер жасалуына түрткі болады (Забур 93:20). Алайда мұндай ашық шабуыл көп адамды сүріндіре қоймайды, қайта, қуғын-сүргін жиі Құдай халқын біріктіре түседі. Ал Шайтанның оқжылан сияқты қулықпен жасайтын шабуылы жөнінде не деуге болады?

4 Ібіліс адамдікінен әлдеқайда жоғары ой-санасын улы жылан іспетті тұтқиылдан шабуылдау үшін қолданады. Оның мақсаты — алдап-арбау және өлтіру. Осылай әрекет етіп, айласын асырған ол кейбір мәсіхшілердің санасын улап, Ехобаның емес, өз еркін орындатып, бақытсыздыққа ұшыратқан. Бақытымызға орай, біз Шайтанның зымиян айла-әрекеттерінен бейхабар емеспіз (Қорынттықтарға 2-хат 2:11). Енді осы “құс аулаушының” өлімге ұшырататын тұзақтарының төртеуін қарастырайық.

Адамнан қорқу

5. Неге адам алдындағы қорқыныштың тұзағына түсіп қалу оп-оңай?

5 Адамның өзгелерге сыйлы да ұнамды болғысы келетінін “құс аулаушы” біледі. Мәсіхшілерге де айналадағы адамдардың өздері туралы не ойлап, не сезінетіні бәрібір емес. Ібіліс мұны өз пайдасына қолданғысы келеді. Мысалы, ол Құдайдың қызметшілерінің кейбірін адам алдындағы қорқыныштың тұзағына түсірген (Нақыл сөздер 29:25). Мәсіхшінің адамдардан қорыққандықтан олардың ырқына көніп, Ехоба тыйым салған нәрсені істегені немесе қорқынышқа беріліп, Құдай Сөзіндегі өсиеттерді орындамағаны — “құс аулаушының” тұзағына түскені (Езекиел 33:8; Жақып 4:17).

6. Жастардың “құс аулаушының” тұзағына түсіп қалуы мүмкін екені қандай мысалдан көрінеді?

6 Мысалы, жас мәсіхші сыныптастарының қысымына беріліп, шылым шегуі мүмкін. Үйінен шыққанда, шылым шегу оның ойына кіріп те шықпаған болар. Бірақ көп ұзамай ол денсаулығына қауіпті әрі Құдайға ұнамсыз нәрсені істейді (Қорынттықтарға 2-хат 7:1). Қалайша ол бұған барды екен? Ол Киелі кітап принциптерін ұстанбайтын құрбы-құрдастарының арасына түсіп қалып, оларға ұнамай қалудан қорыққан болар. Жастар, “құс аулаушының” өздеріңді алдап, торға түсіруіне жол бермеңдер! Тіпті кішкентай нәрседе де ымыраға келмеңдер, сонда ол сендерді тірідей ұстап алмайды. Жаман ортадан аулақ болуға қатысты айтылған Киелі кітаптағы ескертуге құлақ асыңдар (Қорынттықтарға 1-хат 15:33).

7. Қалай Шайтан ата-аналарды байсалдылықтан айыруы мүмкін?

7 Жазбаларға сай, мәсіхші ата-аналар отбасыларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті, әрі олар бұған жауапкершілікпен қарайды (Тімотеге 1-хат 5:8). Алайда Шайтан мәсіхшілерді байсалдылықтан айырғысы келеді. Мысалы, кейбіреулер жұмыс берушінің қысымына беріліп, мерзімінен тыс жұмыс істейтіндіктен жиі қауым кездесулеріне бармай қалатын болар. Олар бауырластармен бірге Ехобаға ғибадат етіп, облыстық конгрестің барлық күніне қатысу үшін жұмыстан сұрануға қорқатын шығар. Бұндай тұзаққа түсіп қалмаудың бірден-бір жолы — Ехобаға арқа сүйеу (Нақыл сөздер 3:5, 6). Сонымен қатар Ехобаның отбасының мүшесі екенімізді әрі біздің қамымызды ойлауды міндет санайтынын есте ұстағанымыз да байсалды болуға көмектеседі. Ата-аналар, Ехобаның еркін орындасаңдар, ол сендердің де, отбасыларыңның да қамын жейтініне сенесіңдер ме? Жоқ әлде адамнан қорқатындықтарыңнан Шайтан сендерді тірідей ұстап алып, өз еркін орындата ма? Біз сендерді дұға ете отырып, осы сұрақтар жөнінде ойлануға шақырамыз.

Дүниеқоңыздық

8. Қалай Шайтан дүниеқоңыздықты тұзақ ретінде қолданады?

8 Шайтан бізді тұзаққа түсіру үшін дүниеқоңыздықты да қолданады. Осы дүниенің сауда-саттық жүйесі тез баю жолдарын ұсынады, әрі бұған кейбір мәсіхшілер де алданып қалуы мүмкін. Кейде біз мынадай сөздерді естиміз: “Аянбай еңбек ет. Аяққа тұрып алған соң, онша күш салмай-ақ, жайбарақат өмір кешесің. Тіпті ізашар бола аласың”. Мұндай сөздер бауырластардың арқасында пайда көріп жүрген қауымдағы кейбір мәсіхшілердің жаңсақ ойларының көрінісі болуы мүмкін. Алайда бұл — жақсылап ойланатын нәрсе. Мұндай ойда болу Исаның астарлы әңгімесіндегі “түйсіксіз” адамдікіндей ойда болумен тең емес пе? (Лұқа 12:16—21)

9. Неге кейбір мәсіхшілер дүние-мүлікке деген құштарлықтың тұзағына түсіп қалуы мүмкін?

9 Шайтанның дүниесіндегі барлық нәрсе адамның бойында дүние-мүлікке құштарлық оятатындай етіп жасалған. Мұндай құштарлық бірте-бірте мәсіхшілердің де бойын билеп, жүректеріндегі шындықты тұншықтырып, ‘өнім бермейтіндей’ етіп тастауы мүмкін (Марқа 4:19). Киелі кітап ішер ас пен киер киім болса, соған қанағат етуге шақырады (Тімотеге 1-хат 6:8). Алайда көп мәсіхшілер осы кеңеске құлақ аспай, “құс аулаушының” торына түсіп қалған. Олардың қарапайымдау өмір сүргісі келмеуіне ықпал етіп отырған менмендік емес пе екен? Ал біз туралы не деуге болады? Дүние-мүлік жинауға ұмтылып, шынайы ғибадатты екінші орынға ысырып тастаған жоқпыз ба? (Нағай 1:2—8) Бір өкініштісі, экономикалық дағдарыс кезінде кейбіреулер өздеріне үйреншікті тұрмыс деңгейін сақтап қалу үшін рухани нәрселерді ысырып қойған. Дүние-мүлікке деген осындай көзқарас “құс аулаушыны” масайратады.

Зиянды көңіл көтеру түрлері

10. Не нәрсеге қатысты мәсіхші өзін тексеріп көру керек?

10 “Құс аулаушының” тағы бір қулығы — адамдарды жаман мен жақсыны ажырата білу қабілетінен айыру. Ежелгі Содом мен Ғомора тұрғындарыныкідей ой қалып бүгінде көңіл көтеру индустриясынан орын тапқан. Тіпті теледидар мен журналдардағы жаңалықтарда, негізінен, зорлық-зомбылық туралы айтылады әрі олар жұрттың жыныстық қатынасқа деген нысапсыздығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін нәрселердің көбісі ‘жақсы мен жаманды айыра білу’ қабілетін мұқалтады (Еврейлерге 5:14). Алайда Ехобаның Ишая пайғамбар арқылы айтқан: “Жақсыны жаман, жаманды жақсы дейтіндер... қасіретке қалады!”— деген сөздерін есіңе алшы (Ишая 5:20). “Құс аулаушы” зиянды көңіл көтеру түрлері арқылы санамызды білдіртпей улап жатқан жоқ па? Өз-өзімізді тексеріп көрген дұрыс (Қорынттықтарға 2-хат 13:5).

11. Осы журналда көпіршік операларға қатысты қандай ескерту айтылған еді?

11 Осыдан 25 жылдай уақыт бұрын “Күзет мұнарасы” журналында мәсіхшілерге теледидар сериалдарына қатысты сүйіспеншілікпен ескерту айтылған болатынa. Онда аты шулы көпіршік опералардың байқатпайтын әсері туралы былай делінді: “Махаббатын іздеген адам не істесе де дұрыс болып көрінеді. Мысалы, тұрмыс құрмай тұрып жүкті болған бір қыз құрбысына: — Мен Викторды сүйемін. Маған бәрібір... Ең бастысы — менің одан балам болады! — Бұл сөздер жанға жағымды әуенмен көркемделгенде, қыздың әрекеті тым жаман болып көрінбейді. Виктор саған да ұнай бастайды. Ал қызды аяп кетесің. Сен оны “түсінесің”. Кейінірек есін жиған бір көрермен: — Бір қызығы, сен өз ой қалпыңды ақтай аласың. Біз азғындықтың жаман қылық екенін білеміз... Сөйтсе де мен іштей соларды қолдайтынымды түсіндім,— деді”.

12. Кейбір бағдарламаларға қатысты ескертулердің әлі де орынды екені неден көрінеді?

12 Сол мақалалар жазылғаннан бері адамның ойын бұзатын бағдарламалар қаптап кетті. Көп елдерде олар тәулік бойы көрсетіледі. Ерлер, әйелдер және көптеген жасөспірімдер үшін осындай көңіл көтеру түрлері жиі ой азығы болып жатады. Бірақ біз жаңсақ ойлап, өзімізді алдамауымыз керек. Теледидардағы көрсетіліп жатқан сорақылықтар дүниеде болып жатқандардан жаман емес қой деп ойлау дұрыс болмас еді. Мәсіхші үйіне шақыру ойына да кіріп шықпайтын адамның теледидар арқылы көңілін көтергенін қаласа, мұнысын ақтай ала ма?

13, 14. Кейбіреулер теледидарға қатысты берілген ескертулердің қандай пайдасын көрген?

13 “Адал да ақылды құлдың” ескертуіне құлақ асқан көп адам мұның пайдасын көрген (Матай 24:45—47, ЖД). Киелі кітапқа негізделген анық айтылған кеңесті оқығаннан кейін, кейбіреулер сол мақалалардың өздеріне қалай әсер еткені туралы жазғанb. Бір мәсіхші әйел былай деп мойындады: “Мен 13 жыл бойы көпіршік опералардың құлы болдым. Рухани күйімді сақтап қалуға мәсіхшілер кездесулеріне қатысып, арагідік қызметке шығып тұрғаным жеткілікті болады деп ойладым. Бірақ көпіршік опералардағы мынадай көзқарасты мен де ұстана бастадым: күйеуің саған дұрыс қарамайтындай не сені сүймейтіндей сезінсең, азғындықты ақтауға болады. Бұған оның өзі кінәлі. Маған өз әрекетімді “ақтауға” болатындай көрініп, күйеуімнің көзіне шөп салдым, осылайша Ехобаға және жұбайыма қарсы күнә жасадым”. Бұл әйел қауымнан шығарылды. Кейінірек, ол есін жиып, өкініп, қауымға қайта қабылданды. Көпіршік операларға қатысты ескерту айтылған мақалалар оған Ехоба жек көретін нәрселерді көрмеуге күш берді (Амос 5:14, 15).

14 Өзге бір оқырман: “Осы мақалаларды оқығанда, көз жасымды ірки алмадым, өйткені жүрегімнің Ехобаға толық берілмегенін сезіндім. Мен енді қайтып сериалдардың құлы болмаймын деп Құдайға уәде еттім”,— деді. Ал бір мәсіхші әйел мақалалар үшін ризашылығын білдіргеннен кейін, өзінің де осындай құмарлығы болғанын мойындап: “Мен бұның Ехобамен қарым-қатынасыма әсері болар ма екен деген ойға қалатынмын. Қалайша мен “олармен” де, Ехобамен де дос болмақпын?”— деп жазды. Осындай бағдарламалар 25 жыл бұрын адамдардың ойын бұзған болса, бүгінде не деуге болады? (Тімотеге 2-хат 3:13) Біз Шайтан тұзақ ретінде қолданып отырған зиянды көңіл көтерудің барлық түрлерінен, мейлі ол көпіршік опералар, зұлымдыққа толы бейнеойындар не азғындыққа талпындыратын бейнеклиптер болсын, аулақ болуымыз керек.

Келіспеушіліктер

15. Қалай Ібіліс кейбіреулерді тірідей ұстап алған?

15 Ехобаның халқының арасына іріткі салу үшін Шайтан келіспеушіліктерді тұзақ ретінде қолданады. Қызметте қандай артықшылықтарымыз болмасын, біз осы тұзаққа түсіп қалуымыз мүмкін. Кейбіреулер келіспеушіліктің Ехоба орнатқан рухани жұмақтағы ынтымақ пен бірлікті бұзуына жол беріп, Ібілістің қолына тірідей түскен (Забур 132:1—3).

16. Қалай Шайтан зымияндықпен арамыздағы ынтымақты бұзуға тырысып бағуда?

16 Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Шайтан Ехобаның ұйымының жердегі бөлігіне ашықтан-ашық шабуылдап, оны жойып жібермек болды, бірақ мұнысынан түк шықпады (Аян 11:7—13). Содан бері ол зымияндықпен арамыздағы ынтымақты бұзуға тырысып бағуда. Келіспеушіліктің бірлігімізді бұзуына жол берер болсақ, біз “құс аулаушының” залым әрекетіне жол ашамыз. Осылайша Құдайдың киелі рухының өзімізге де, қауымға да еркін әсер етуіне тосқауыл боламыз. Мұндай нәрсе орын алса, Шайтан қуанады, өйткені қауымның ынтымағы мен бірлігінің бұзылуы уағыздау ісіне кедергі жасайды (Ефестіктерге 4:27, 30—32).

17. Келіспеушілікті шешуге не көмектеседі?

17 Бауырласыңмен араңда келіспеушілік туса, не істеуіңе болады? Әрине, әрбір жағдай өзінше ерекше. Алайда келіспеушіліктің тууына себеп көп болса да, оны шешпей қоюға себеп жоқ (Матай 5:23, 24; 18:15—17). Құдай Сөзіндегі кеңестер рухтандырылған әрі кемелді. Оларды қолданған адам әрқашан табысты болады!

18. Неге Ехобаға еліктегеніміз келіспеушілікті шешуге көмектеседі?

18 Ехоба “кешіруге дайын” әрі “шынайы кешірім” сыйлайды (Мысырдан шығу 34:7; Забур 130:4, ЖД; [129:4]). Ехобаға еліктесек, біз оның сүйікті балалары екенімізді көрсетеміз (Ефестіктерге 5:1). Барлығымыз да күнәкармыз әрі Ехобаның кешіріміне аса мұқтажбыз. Сондықтан өзгелерді кешіру қиын болса, абай болуымыз керек. Әйтпесе Исаның астарлы әңгімесіндегі қызметшіге ұқсап кетуіміз мүмкін: қожайыны оның үлкен қарызын кешіреді, ал ол өзіне әлдеқайда аз ақша қарыз болған жолдасын кешірмей қояды. Мұны естігенде, қожайыны қатыгез қызметшісін түрмеге жапқызады. Иса әңгімесін: “Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!”— деп аяқтайды (Матай 18:21—35). Бауырласымызбен арамызда келіспеушілік болса, осы астарлы әңгіме және Ехобаның бізді қаншама рет кешіргені туралы ой жүгірткеніміз оны шешуге көмектесері сөзсіз! (Забур 18:15)

‘Алла Тағаланың панасына’ бас сауғала

19, 20. Қауіп-қатерге толы қазіргі уақытта Ехобаның ‘панасы’ мен ‘саясына’ деген көзқарасымыз қандай болу керек?

19 Біз қауіп-қатерге толы кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ехоба сүйіспеншілікпен қанатының астына алмағанда, Шайтан бізді жойып жіберер еді. Сондықтан “құс аулаушының” торынан аман болу үшін біз “Алла Тағаланың панасында”, яғни бейнелі қорғанда, тұрып, ‘Құдіреттінің саясынан тыным табуымыз’ керек (Забур 90:1).

20 Ехобаның ескертулері мен нұсқаулары біз үшін шектеу емес, қайта, әрқашан қорғаныш болғай. Бәрімізді де ой-санасы адамдікінен әлдеқайда жоғары жыртқыш торуылдап жүр. Ехобаның сүйіспеншілікке толы көмегінсіз ешқайсымыз да оның торынан қашып құтыла алмаймыз (Забур 123:7, 8). Сондықтан “құс аулаушының” торлары мен тұзақтарынан құтқаруын сұрап, Ехобаға дұға ете берейік (Матай 6:13).

[Сілтемелер]

a “Күзет мұнарасы” (ағ.) 1 желтоқсан 1982 жыл, 3—7 беттер.

b “Күзет мұнарасы” (ағ.) 1 желтоқсан 1983 жыл, 23-бет.

Естеріңде ме?

• Неге адамнан қорқу өлімге ұшырататын тұзақ болып табылады?

• Қалай Ібіліс дүниеқоңыздықты тұзақ ретінде қолданады?

• Қалай Шайтан кейбіреулерді зиянды көңіл көтеру түрлерінің тұзағына түсірген?

• Бірлігімізді бұзу үшін Ібіліс қандай тұзақты қолданады?

[31-беттегі сурет]

Бауырласыңмен араларыңда келіспеушілік туса, не істеуіңе болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу