Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.10. 4—6 бет.
  • Зұлымдықтың әлі де орын алуының себебі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Зұлымдықтың әлі де орын алуының себебі
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Кім кінәлі?
  • Шайтан көтерген дау
  • Жеткілікті уақыт қажет болды
  • Уақыт нені көрсетті?
  • Сіз не істейсіз?
  • Құдай неге қайғы-қасіретке жол беруде?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Неге дүниеде жаманшылық пен қайғы-қасірет көп?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Құдайдың адамзатқа қатысты қалауы қандай?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Дүниеде қайғы-қасірет неге көп?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.10. 4—6 бет.

Зұлымдықтың әлі де орын алуының себебі

КИЕЛІ КІТАПТА: “[Ехоба Құдай,] Сенің жолдарың шынымен әділ де дұрыс!”— делінген (Аян 15:3; Забур 144:17). Ал Мұса пайғамбар былай деген: “Оның істері де нақты және де Оның салған барша жолы әділ; Құдай аса сенімді және де Онда жалғандық атаулы болмайды; Ол әділ әрі шыншыл” (Заңды қайталау 32:4). Жақып 5:11-де: “Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!”— делінген. Демек, Құдай зұлымдықтың себепшісі емес, әрі бола да алмайды.

Шәкірт Жақып: “Күнәға еліккен ешқайсың да: — Құдай мені еліктіреді,— деп айтпаңдар! Құдай күнәға еш елікпейді де, ешкімді еліктірмейді де”,— деп жазған (Жақып 1:13). Ехоба Құдай адамды зұлым іске азғырмайды да, итермелемейді де. Олай болса, қайғы-қасірет әкелетін зұлымдықтың болып жатқанына кім кінәлі?

Кім кінәлі?

Шәкірт Жақып зұлымдыққа қандай да бір шамада адамдардың өздері кінәлі екенін көрсеткен. Ол былай деген: “Әр адам өз құмарлықтарына елігіп, торға түсіп, азғырылады. Сонда құмарлыққа берілу күнәны тудырады, ал күнә жасау рухани өлімге ұшыратады” (Жақып 1:14, 15). Адамдар көңілдері қалаған бұрыс нәрсені істеуі мүмкін. Бұған қоса, Адам атадан мұра еткен күнәнің әсері де бар. Күнә адамның жаман құмарлықтарын күшейте түсіп, мұның арты насырға шауып жатады (Римдіктерге 7:21—23). Расында да, күнә адамды ауыр қасіретке ұшырататын зұлым істерге итермелеп, былайша айтқанда, оны “билеп-төстеп” отыр (Римдіктерге 5:21). Оның үстіне, зұлымдар өзгелерді де бұзады (Нақыл сөздер 1:10—16).

Алайда зұлымдықтың басты себепшісі — Шайтан Ібіліс. Дүниедегі зұлымдыққа сол бастау берген. Иса Мәсіх Шайтанды “Зұлым” және осы дүниенің, әділетсіз адамзат қоғамының, “әміршісі” деп атаған. Шайтан ешкімнің де Ехоба Құдайдың ізгі жолымен жүргенін қаламайды. Ал адамзат, жалпы алғанда, Ібіліске бойсұнып жүр (Матай 6:13, ЖД; Жохан 14:30; Жоханның 1-хаты 2:15—17). Жоханның 1-хаты 5:19-да: “Бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр”,— делінген. Шынында да, Шайтан мен оның жын-перілері ‘бүкіл әлемді алдап’ отыр, әрі бұдан адамзат тек “қасірет” шегуде (Аян 12:9, 12). Олай болса, зұлымдықтың орын алуына, негізінен, Шайтан Ібіліс кінәлі.

Екклесиаст 9:11-де қайғы-қасіреттің тағы бір себебі көрсетіліп, ‘уақыт пен жағдайдың орайлас келіп’ қалуы мүмкін екені айтылған. Иса Мәсіх бір әңгімесінде Силоғам мұнарасы құлап, 18 адамның қаза тапқанын айтқан (Лұқа 13:4). Олар қолайсыз уақытта, қолайсыз жерде болып қалғандықтан опат болған. Бүгінде де осындай жағдайлар болып жатады. Мысалы, көшедегі адамның басына биік ғимараттан қыш құлап түссе, бұған Құдай кінәлі бола ма? Әрине, жоқ. Бұл — ойламаған жерден болған жайт. Отбасында біреу науқастанып қалған немесе отағасы аяқ астынан дүние салып, балалары жетім, әйелі жесір қалған жағдайда да жиі осылай деуге болады.

Ендеше зұлымдықтың болып жатқанына кінәлі — Құдай емес. Қайғы-қасіреттің болуына себеп болып отырған да ол емес. Қайта, Ехобаның ниеті — зұлымдық пен зұлымдарды жою (Нақыл сөздер 2:22). Ол бұдан да көп нәрсе істейді. Жазбаларда Құдайдың Мәсіх арқылы ‘шайтанның ісін талқандайтыны’ айтылған (Жоханның 1-хаты 3:8). Сол кезде ашкөздік пен жеккөрушілікке және зұлым істерге толы осы дүние құрып, жоқ болады. Құдай тіпті “барлық көздің жастарын сүртіп”, қайғы-қасіреттің тамырына балта шабады (Аян 21:4). Алайда сіз: “Неге Құдай мұны қазір істей бермей, зұлымдық пен қасіреттің жалғасуына әлі жол беріп отыр?”— деп сұрарсыз. Бұл сұрақтың жауабын Адам ата мен Хауа ана туралы Киелі кітапта жазылған оқиғадан білеміз.

Шайтан көтерген дау

Құдайдың неге зұлымдыққа әлі де жол беріп отырғанының себебі адамзат тарихының басында болған оқиғамен тікелей байланысты. Сол кезде Жаратушыға қатысты маңызды сұрақ көтерілген еді, әрі оны тез арада не оңай шеше салу мүмкін емес-тін. Қазір сол оқиғаны қарастырып көрейік.

Ехоба Құдай алғашқы еркек пен әйелді кемелді етіп жаратып, Жұмақ бағына қоныстандырды. Оларға жануарлардан ерекшелендіретін нәрсе — ерік бостандығы — сый ретінде берілді (Жаратылыс 1:28; 2:15, 19). Таңдау еркі болғандықтан олар ой-санасын Жаратушысын сүю, оған мойынсұну және қызмет ету сияқты шешімдер қабылдауға қолдана алар еді. Я болмаса Құдайдың талаптарына біле тұра мойынсұнбай, одан тәуелсіз болуды шеше алар еді.

Адам мен Хауа шынайы Құдайға деген сүйіспеншіліктерін көрсете алу үшін оларға бір шектеу қойылды. Құдай Адамға былай деп бұйырды: “Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жеген кезде өлесің” (Жаратылыс 2:16, 17). Олар өздерінің және ұрпақтарының игілігі үшін сол бір ағаштың жемісін жемеулері керек еді. Сонда Құдайдың ықыласынан айырылмас еді. Бірақ олар не істеді?

Мұны Киелі кітаптан білеміз. Шайтан Ібіліс жылан арқылы сөйлеп, Хауаға: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?”— дейді. Хауа Құдайдың бұйрығын айтып бергенде, Шайтан оған былай дейді: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! Қайта, сендер осы жемісті жеген кезде көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырып, Құдай сияқты болатындарыңды Ол жақсы біледі”. Сонда ағаш Хауаға аса тартымды көрініп, оның ‘жемісін алып жейді’. Әрі қарай Киелі кітапта: “Оны қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді”,— делінген (Жаратылыс 3:1—6). Осылай Адам да, Хауа да ерік бостандықтарын теріс пайдаланып, Құдайдың тілін алмай, күнә жасады.

Болған жайттың маңыздылығын түсінесіз бе? Ібіліс Құдайдың Адамға айтқан сөздеріне мүлдем қайшы нәрсе айтты. Ол Адам мен Хауаға ненің жақсы, ненің жаман екенін айыру үшін Ехобаның қажеті жоқ дегенге меңзеді. Осылайша, Шайтан Ехобаның адамзатқа билік етуге құқылы екенімен дауласты. Шайтанның көтерген дауы өте маңызды еді, себебі ол Ехобаның бүкіләлемдік билігінің заңдылығына қатысты болды. Шынайы Құдай бұл дауды қалай шешті екен?

Жеткілікті уақыт қажет болды

Ехобаның үш бүлікшіні — Шайтанды, Адам мен Хауаны — жойып жіберуге күші жететін. Құдайдың олардан құдіретті болғанында сөз жоқ еді. Бірақ Шайтан Ехобаның күшіне емес, билік ету құқына шек келтірген. Бұл мәселенің ерік бостандығы бар бүкіл жаратылысқа қатысы болды. Олар өздеріне берілген ерік бостандығын дұрыс, яғни Құдайдың физикалық, моральдық және рухани заңдылықтарының аясында, қолдану керектігін ұғынулары тиіс еді. Әйтпегенде адам тартылыс заңын ескермей, биік ғимараттан секірсе, нәтижесі міндетті түрде қайғылы болатыны сияқты, Құдайдың заңдарын ескермеудің соңы да солай болар еді (Ғалаттықтарға 6:7, 8). Құдайдан тәуелсіз болудың жақсылыққа әкелмейтінін көріп, бүкіл саналы жаратылыс өздеріне сабақ алар еді. Бұл үшін уақыт қажет болды.

Қандай да бір мәселені шешу үшін уақыт қажет екенін келесі мысалдан көруге болады. Бір отағасы өзге біреуіне күш сынасуды ұсынды делік. Мұндай жағдайда кімнің күшті екенін тез-ақ анықтауға болады: қайсысы ең ауыр тасты көтере алса, соның күштірек болғаны. Ал әңгіме қайсысы өз бала-шағасын шынымен жақсы көретініне және балаларының әкелерін шынымен сүйетініне, я болмаса олардың қайсысы жақсы отағасы екеніне қатысты болса, мұндай жағдайда туралығыңды күш сынасып я құр сөзбен дәлелдей алмайсың. Бұндай мәселені шешу жеткілікті уақыт берілуін, мұқият бақылауды, сөйтіп, дұрыс тұжырым жасауды талап етеді.

Уақыт нені көрсетті?

Шайтан Құдайдың билік ету құқына шек келтіргеннен бері 6 000 жылдай уақыт өтті. Тарих нені көрсетті? Шайтан таққан айыптың екі қырын қарастырып көрейік. Ол Хауаға шімірікпестен: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер!”— деді (Жаратылыс 3:4). Тыйым салынған жемісті жесе Адам мен Хауа өлмейді деуімен, сайып келгенде, Шайтан Ехобаны өтірікші етіп көрсетті. Бұл көз жұма салатын мәселе емес еді. Осындай нәрседе Құдай шындықты айтпаса, басқа жағдайда оған сенім артуға бола ма? Алайда уақыт нені растады?

Адам мен Хауа ауырып, қасірет шегіп, қартайып, ақырында өлді. Киелі кітапта: “Адам ата барлығы тоғыз жүз отыз жыл өмір сүріп, қайтыс болды”,— делінген (Жаратылыс 3:19; 5:5). Адам атадан бастап бүкіл адамзат осындай күй кешетін болды (Римдіктерге 5:12). Осылайша, уақыт Шайтанның “өтірікші, өтіріктің бастауы”, ал Ехобаның “ақиқаттың Құдайы” екенін дәлелдеді (Жохан 8:44; Забур 30:6).

Сонымен қатар Шайтан Хауаға: “Сендер [тыйым салынған] осы жемісті жеген кезде көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырып, Құдай сияқты болатындарыңды Ол жақсы біледі”,— деген болатын (Жаратылыс 3:5). Осылай арбай сөйлеп, Шайтан оларға өздеріңе-өздерің билік етесіңдер деген алдамшы мүмкіндік ұсынды. Зымиян ойлы Ібіліс адамзат Құдайға бағынбай-ақ керемет өмір сүре алады дегенге меңзеді. Осы рас болып шықты ма?

Тарих бойына ірі мемлекеттердің бірі пайда болып, бірі ғайып болып жатты. Адамдар биліктің небір түрін сынап көрді. Алайда адамзат өмірінде сорақы жайттар орын алмаған кез болған емес. Осыдан 3 000-дай жыл бұрын Киелі кітаптың бір жазушысы: ‘Бір адам екінші адамға зиян келтіре отырып, әмір жүргізеді’,— деген дана тұжырым жасаған (Екклесиаст 8:9). Еремия пайғамбар ‘жол жүріп бара жатқан пенденің табан тірер бағытты өзінің айқындауға шамасының жетпейтінін’ айтқан (Еремия 10:23). Тіпті соңғы жылдардағы ғылым мен технологияның жетістіктері де осы сөздердің шындық екенін жоққа шығармайды. Иә, уақыт бұны тек растап отыр.

Сіз не істейсіз?

Уақыт берілгенінің арқасында Ехобаның билік ету құқына қатысты дауда Шайтандікі дұрыс емес екені дәлелденді. Ехоба Құдай — әлемнің бірден-бір Әміршісі. Өз жаратылыстарына билік етуге оның толық құқы бар, әрі ол — ең керемет Билеуші! Құдайдың билігіне көп жылдар бойы бойсұнып жүрген көктегі жаратылыстар осыны мойындап, былай деп дауыстайды: “Құдай Иеміз! Сен ұлылық, құрмет пен билікке лайықсың. Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді” (Аян 4:11).

Құдайдың билігіне қатысты көтерілген дау жайлы сіз не ойлайсыз? Сіз оның билігіне мойынсұнуды қалайсыз ба? Онда Ехобаның бүкіләлемдік билігін мойындауыңыз керек. Мұны Құдай Сөзі Киелі кітаптағы керемет шындықтарды біліп, ондағы кеңестерді өміріңіздің әр саласында қолдану арқылы істеуге болады. “Құдай — сүйіспеншілік” болғандықтан жаратылыстарына берген заңдары мен өсиеттері сүйіспеншілікке негізделген (Жоханның 1-хаты 4:8). Ол ешқайсымызды ешқандай игіліктен айырып отырған жоқ. Сондықтан Киелі кітаптағы мына кеңеске құлақ асуымызға болады: “Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені” (Нақыл сөздер 3:5, 6).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу