Зұлымдыққа Құдай неге жол беріп отыр?
ЗҰЛЫМДЫҚ пен қайғы-қасіреттің кең тарағанын көру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Соғыстарда жауынгерлермен қоса, бейбіт халық та қырылуда. Қайда қарасаң да, қылмыс пен зорлық-зомбылық жайлаған. Бәлкім, өзіңіз де жақында алалаушылықтың не әділетсіздіктің құрбаны болған шығарсыз. Осындай жайттарды ойлап: “Неге Құдай зұлымдыққа жол беріп отыр?”— деп сұраған боларсыз.
Бұл сұрақ өзгелерді де толғантқан. Мысалы, шамамен 3 600 жыл бұрын Құдайдың адал қызметшісі Әйүп: “Неге заңсыздар өмір сүреді?”— деп сұраған (Әйүп 21:7). Ал 2 600 жылдай уақыт бұрын өмір сүрген Еремия деген пайғамбар жерлестерінің зұлым істеріне ашынып: “Арамзалардың теріс жолдары не себепті оңғарыла береді және опасыздардың барлығы бірдей неге рақатқа кенеледі?”— деген (Еремия 12:1). Әйүп те, Еремия да Құдайдың әділ екенін білген. Дегенмен олар зұлымдықтың неге соншалықты кең тарағанын түсінбеген. Бұл сізге де түсініксіз шығар.
Кейбіреулер зұлымдық пен қайғы-қасірет үшін Құдайды кінәлайды. Ал өзге біреулері: “Құдай аса құдіретті, әділ әрі сүйіспеншілікке толы болса, неге зұлымдық пен қасіретті жоймайды? Неге ол осы уақытқа дейін зұлымдыққа жол беріп отыр?”— деп сұрайды. Келесі мақалада осы және басқа да маңызды сұрақтар қарастырылады.
[3-беттегі түпдерек]
AP Photo/Adam Butler