Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.7. 22—26 бет.
  • “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар!”
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Сонымен, өздеріңді шақырамын’
  • “Сүйіспеншіліктерің адал болу керек”
  • “Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер”
  • “Барлық адамдармен тату болыңдар”
  • “Кек алмаңдар”
  • Кек қайтармауымыздың себебі
  • “Барлық адамдармен тату болыңдар”
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Римдіктерге арналған хаттағы көңіл бұрарлық ойлар
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Рух жөнінде ойлау өмір мен татулыққа жеткізеді”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • “Бірауыздан” Құдайды мадақтайық
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.7. 22—26 бет.

“Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар!”

“Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында әдепті болуына тырысыңдар” (РИМДІКТЕРГЕ 12:17).

1. Көп адам әдетте қалай әрекет етеді?

ӘДЕТТЕ бір баланы басқа бала итеріп жіберсе, бұл да оны итеріп жібереді. Өкінішке қарай, балалар ғана емес, ересек адамдар да осылай әрекет етеді. Біреу ренжітсе, олар да есесін қайтарғысы келеді. Көбісі бала сияқты итеріп жібермесе де, жасырын түрде есесін қайтарады. Мысалы, ренжіткен адамы туралы өсек таратуы не басқалай жолмен оны аяқтан шалуы мүмкін. Қалай әрекет етпесін, олардың көздейтін мақсаттары біреу-ақ — кек қайтару.

2. а) Шынайы мәсіхшілер неге кек қайтармауға тырысады? ә) Қандай сұрақтарды және Киелі кітаптың қай тарауын қарастырамыз?

2 Адам кек қайтаруға бейім болса да, шынайы мәсіхшілер бұған қарсы тұрады. Олар елші Пауылдың: “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар!”— деген кеңесіне құлақ асуға тырысады (Римдіктерге 12:17). Осы жоғары нормаға сай өмір сүруге бізді не талпындырады? Әсіресе кімдерге жамандыққа жамандықпен қайтармауымыз керек? Кек қайтармаудың қандай пайдасы бар? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін, осы сөздердің мәнмәтінін және кек қайтармаудың дұрыс екені әрі сүйіспеншілік пен қарапайымдылықтың белгісі екені Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауынан қалай көрінетінін қарастырайық. Қазір мұның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтеміз.

‘Сонымен, өздеріңді шақырамын’

3, 4. а) Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауынан бастап Пауыл қандай жайттарды қарастырды және “сонымен” деуінің мәні не? ә) Құдайдың мол мейірімі Римдегі мәсіхшілерге қалай әсер ету керек еді?

3 Пауыл 12-тараудан бастап мәсіхшілердің өміріне әсер ететін бір-бірімен байланысты төрт жайтты қарастырған болатын. Бұл — біздің Ехобамен, бір сенімдегі бауырластармен, сенбейтіндермен, мемлекеттік билігі барлармен қарым-қатынасымыз. Пауыл бұрыс бейімділіктерге, соның ішінде кек қайтаруға, қарсы тұрудың басты себебін көрсетіп: “Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын”,— деді (Римдіктерге 12:1). “Алдыңғы айтылғандарды ескерсек” дегенді білдіретін “сонымен” деген сөзге көңіл аударайықшы. Былайша айтқанда, Пауыл: “Қазір түсіндірген жайтты ескеріп, сендерді келесі сөздеріме сай әрекет етуге шақырамын”,— деді. Ол Римдегі мәсіхшілерге қандай жайтты түсіндірген еді?

4 Алғашқы 11 тарауда Пауыл Исраил халқы айырылып қалған зор мәртебенің, яғни Құдай Патшалығында Мәсіхпен бірге билік ету мәртебесінің, енді яһудилер мен басқа ұлт өкілдеріне берілгені жайлы айтты (Римдіктерге 11:13—36). Бұндай мәртебеге олар ‘[Құдайдың] мол мейірімін төккенінің’ арқасында ғана ие болған еді. Құдайдың осындай зор рақымы мәсіхшілерге қалай әсер ету керек еді? Олардың жүректері ризашылыққа толып, бұл Пауылдың келесі сөздеріне сай әрекет етуге талпындыру керек еді: “Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады” (Римдіктерге 12:1). Алайда сол мәсіхшілер қалай өздерін ‘құрбандық’ ретінде ұсына алар еді?

5. а) Қалай адам өзін Құдайға ‘құрбандық’ ретінде ұсына алады? ә) Мәсіхшінің жүріс-тұрысына қандай принцип әсер ету керек?

5 Пауыл әрі қарай түсіндіріп: “Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар”,— деді (Римдіктерге 12:2). Осы дүниенің рухының ой-тілектеріне әсер етуіне жол бермей, қайта, оны Мәсіхтікіндей етулері қажет еді (Қорынттықтарға 1-хат 2:16; Філіпіліктерге 2:5). Бұл принцип сол кездегідей, бүгін де барлық шынайы мәсіхшілердің күнделікті жүріс-тұрыстарына әсер ету керек.

6. Пауылдың Римдіктерге 12:1, 2-де жазылған сөздеріне сай, кек қайтарудан аулақ болуға бізді не талпындырады?

6 Пауылдың Римдіктерге 12:1, 2-де жазылған сөздері бізге қалай көмектеседі? Киелі рухпен майланған римдік мәсіхшілер сияқты біз де Құдайға мейірімін үзбей әрі молынан төккені үшін және әрі қарай да күнделікті төге беретіні үшін шексіз ризамыз. Ал ризашылыққа толы жүрегіміз бізді Құдайға бар күшіміз бен қабілетімізді және қаржы-қаражатымызды қолданып қызмет етуге талпындырады. Сондай-ақ жүректегі осы қалаудың арқасында осы дүниеліктер сияқты емес, Мәсіх сияқты ойлауға барынша ұмтыламыз. Ал Исаның ой қалпына ие болғанымыз бауырластармен және басқалармен қарым-қатынасымызға әсер етеді (Ғалаттықтарға 5:25). Мысалы, Мәсіх сияқты ойланатын болсақ, кек қайтару бейімділігіне қарсы тұратын боламыз (Петірдің 1-хаты 2:21—23).

“Сүйіспеншіліктерің адал болу керек”

7. Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауында қандай сүйіспеншілік жайлы айтылған?

7 Жамандыққа жамандықпен қайтармауымыздың себебі — бұл дұрыс қана емес, сүйіспеншілікке жататын әрекет. Елші Пауыл әрі қарай адам сүйіспеншілікті қандай ниетпен таныту керектігіне көңіл бөлген. Ол Римдіктерге арналған хатында “сүйіспеншілік” (грекше ага́пи) сөзін бірнеше рет Құдай мен Мәсіхтің сүйіспеншілігіне қатысты қолданған болатын (Римдіктерге 5:5, 8; 8:35, 39). Алайда 12-тарауда Пауыл ага́пи сөзін бір сенімдегілерге көрсетілетін сүйіспеншілікке қатысты қолданды. Ол рухани дарындардың әртүрлі екенін және кейбір бауырластардың соларға ие болғанын айтқан соң, барлық мәсіхші дамытуы қажет қасиет жайлы былай деген: “Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек” (Римдіктерге 12:4—9). Адамдарға сүйіспеншілік көрсету — шынайы мәсіхшілердің басты ерекшелігі (Марқа 12:28—31). Пауыл сүйіспеншілігіміздің шынайы екеніне көз жеткізуге шақырады.

8. Адал сүйіспеншілікті қалай таныта аламыз?

8 Пауыл адал сүйіспеншіліктің қалай танытылатыны жайлы әрі қарай былай деді: “Жамандықтан аулақ жүріп, жақсылықтан ажырамаңдар” (Римдіктерге 12:9). “Аулақ жүру” және “ажырамау” — күшті сөздер. “Аулақ жүру” дегенді “қатты жек көру” деп те аударуға болады. Біз жамандықтың салдарын ғана емес, оның өзін де жек көруіміз керек (Забур 96:10). Ал “ажырамау” деп аударылған грек етістігі сөзбе-сөз “жабысу” дегенді білдіреді. Адал сүйіспеншілігі бар мәсіхші ізгі қасиетке етене жабысып қалатыны сонша — бұл оның болмысына тән қасиетке айналады.

9. Пауыл қайта-қайта не нәрсеге шақырды?

9 Пауыл сүйіспеншілікті көрсетудің ерекше бір жолына қайта-қайта көңіл аударған. Ол былай деген: “Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер”, “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар”, “Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар”, “Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!” (Римдіктерге 12:14, 17—19, 21) Бұл сөздерден Ехобаға сенбейтіндерге, тіпті қарсылық көрсететіндерге, қалай қарауымыз керектігі нақты көрінеді.

“Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер”

10. Бізді қудалаушыларға қалай жақсылық тілей аламыз?

10 Пауылдың “Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер” деген өсиетін қалай орындай аламыз? (Римдіктерге 12:14) Иса ізбасарларына былай деген: “Жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Тәңір Иеге сиынып мінажат етіңдер!” (Матай 5:44; Лұқа 6:27, 28) Демек, қудалаушыларға жақсылық тілеудің бір жолы — білместіктен қарсылық көрсетіп жүргендер үшін Ехобаға дұға етіп, шындыққа көздерін ашуын сұрау (Қорынттықтарға 2-хат 4:4). Рас, Ехобадан қудалаушылар үшін бата сұрау орынсыз көрінуі мүмкін. Алайда ой қалпымыз Мәсіхтікіне ұқсаған сайын, жауларымызға да сүйіспеншілік көрсету жеңілірек болады (Лұқа 23:34). Осындай сүйіспеншілік танытқанымыз қандай нәтиже әкелуі мүмкін?

11. а) Степаннан қандай үлгі аламыз? ә) Пауылдың өмірінен көрінетіндей, кейбір қудалаушылар қалай өзгеруі мүмкін?

11 Өзін қудалағандар үшін дұға еткендердің бірі — Степан. Оның мұндай дұғасы жауапсыз қалған жоқ. Б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамынан кейін көп ұзамай мәсіхшілер қауымының қарсыластары оны тұтқынға алып, Иерусалимнің сыртына сүйреп шығарып, тас лақтырады. Өлерінің алдында ол қатты дауыстап: “Ием, олардың бұл күнәсын мойындарына арта көрме!”— дейді (Елшілердің істері 7:58—8:1). Бұл дұға сол жерде тұрған Саулға да қатысты еді, себебі ол да Степанның өлтірілгенін қалаған әрі қылмыстың куәсі болған. Кейінірек, қайта тірілген Иса Саулға көрінеді. Бұрын қудалаушы болған ол енді Мәсіхтің шәкірті болады әрі елші Пауыл атанып, Римдіктерге арналған хатты жазады (Елшілердің істері 26:12—18). Степанның дұғасына сай, Ехоба Пауылдың күнәсін кешіргенге ұқсайды (Тімотеге 1-хат 1:12—16). Сондықтан да Пауылдың мәсіхшілерді: “Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер”,— деп шақырғаны таңғалдырмайды. Ол қудалаушылардың кейбірі Құдайдың қызметшісі болуы мүмкін екенін өз жағдайынан білген. Бүгінгі күні де кейбір қудалаушылар Ехобаның қызметшілерінің татулыққа ұмтылғандарын көріп, сенушілер қатарына қосылған.

“Барлық адамдармен тату болыңдар”

12. Римдіктерге 12:9, 17-дегі кеңестер өзара қалай байланысты?

12 Пауыл бауырластарымызға да, сенбеушілерге де қалай қарауымыз керектігіне қатысты тағы мынадай кеңес берді: “Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар!” Бұл — алдында айтылған ‘жамандықтан аулақ жүр’ деген кеңесті орындаудан туындайтын жайт. Расында да, егер адам есесін қайтару үшін біреуге жамандық істейтін болса, қалайша ол жамандықтан аулақпын дей алады? Бұл ‘адал сүйіспеншілікке’ кереғар әрекет болар еді. Содан кейін Пауыл: “Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында әдепті болуына тырысыңдар”,— деді (Римдіктерге 12:9, 17). Бұны қалай істеуге болады?

13. Қай мағынада ‘жұрт алдындамыз’?

13 Бұдан ертеректе, Қорынттықтарға жазған хатында, Пауыл елшілер кезіккен қуғын-сүргін туралы былай деп жазған еді: “Бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық... Бізді жамандағандарға ақ бата тілейміз, қудаласа, оған да төземіз; қаралағандарға жылы сөйлеп, ескертеміз” (Қорынттықтарға 1-хат 4:9—13). Қазіргі шынайы мәсіхшілер де осы дүниелік адамдардың көз алдында жүр. Тіпті әділетсіздікке кезіксек те, әдептілікпен әрекет ететінімізді көрген айналамыздағы адамдар ізгі хабарға жақсырақ қарауы мүмкін (Петірдің 1-хаты 2:12).

14. Басқалармен қаншалықты тату болуымыз керек?

14 Сонда басқалармен қаншалықты тату болуымыз керек? Мүмкіндігінше тату болуға тырысамыз. Пауыл бауырластарына: “Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар”,— деген (Римдіктерге 12:18). “Қолымыздан келгенше” деген тіркестен басқалармен тату болу барлық уақытта мүмкін емес екені көрінеді. Мысалы, біреумен тату болам деп, Құдайдың өсиеттерін бұзбаймыз (Матай 10:34—36; Еврейлерге 12:14). Әйтсе де “барлық адамдармен” тату болу үшін, Киелі кітаптағы әділ принциптерді бұзбай, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

“Кек алмаңдар”

15. Римдіктерге 12:19-да кек қайтарудан аулақ болудың қандай себебі келтірілген?

15 Пауыл неге кек қайтармауымыз керектігінің тағы бір келелі себебін келтірді. Кек қайтармау — қарапайымдылықтың белгісі. Ол былай деген: “Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, оны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Киелі жазбада Жаратқан Иенің: “Кек алу — Менің ісім, есесін Мен қайтарамын” дегені жазылған ғой” (Римдіктерге 12:19). Кек алуға тырысатын мәсіхшінің менмен болғаны және мұнысымен Құдайға тиесілі істі өз қолына алғаны (Матай 7:1). Оның үстіне, бұл әрекетімен ол Ехобаның “есесін Мен қайтарамын” деген сөздеріне сенбейтінін көрсетеді. Ал шынайы мәсіхшілер Ехоба ‘өзі таңдап алған адамдардың мүддесін қорғайтынына’ сенеді (Лұқа 18:7, 8; Салониқалықтарға 2-хат 1:6—8). Олар қарапайымдылық танытып, кек қайтаруды Құдайдың қолына тапсырады (Еремия 30:23, 24; Римдіктерге 1:18).

16, 17. а) Біреудің ‘басына қызып тұрған шоқ жинау’ деген нені білдіреді? ә) Мейірімділік Ехобаға сенбейтін адамның жүрегін қалай жібіткенін көргенсің бе? Мысал келтір.

16 Жауға кек қайтару оны қатуландыруы, ал мейірім көрсету жүрегін жібітуі мүмкін. Неліктен? Пауылдың Римдегі мәсіхшілерге не айтқанын қарайықшы. Ол былай деген: “Жауың ашықса, оны тамақтандыр, шөлдесе, сусын бер! Бұлай еткенің — оны өз қылығына ұялтып, өкіндіргенің” (Римдіктерге 12:20; Нақыл сөздер 25:21, 22). Бұл сөздер нені білдіреді?

17 Бұл тармақтағы “оны өз қылығына ұялтып, өкіндіргенің” деген сөздер грек тіліндегі түпнұсқада сөзбе-сөз “оның басына қызып тұрған шоқ жинағаның” дегенді білдіреді. Бұл Киелі кітап жазылған заманда металды балқыту әдісіне қатысты қолданылған. Ол уақытта кенді пешке салып, шоқты оның астына ғана емес, үстіне де үйетін. Осының арқасында оның температурасы жоғарылайды да, металл балқып, қоспасынан бөлінеді. Тап солай, біздің қайырымды істеріміз қарсыластардың қатуланған жүректерін “балқытып”, жақсы қасиеттер танытуына септігін тигізуі мүмкін (Патшалықтар 4-жазба 6:14—23). Шынында да, мәсіхшілер қауымының көптеген мүшелерінің шынайы ғибадатты қабылдауына Ехоба куәгерлерінің мейірімді істері әсер еткен.

Кек қайтармауымыздың себебі

18. Неге кек қайтармағанымыз дұрыс әрі сүйіспеншілік пен қарапайымдылыққа жатады?

18 Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауын қысқаша қарастырып, неліктен ‘жамандыққа жамандықпен қайтармауымыз’ керектігінің бірнеше маңызды себебін көрдік. Біріншіден, кек қайтармағанымыз дұрыс әрекет болып табылады. Ехобаның бізге мейірім көрсетіп отырғанын ескеретін болсақ, өзімізді Ехобаға тапсырып, оның өсиеттеріне, соның ішінде жауларымызды да жақсы көруге қатысты өсиетіне, даярлықпен құлақ асқанымыз дұрыс әрі ақылдылыққа жатады. Екіншіден, кек қайтармағанымыз сүйіспеншілікке жатады. Кек алмай, қайта, татулыққа ұмтылатын болсақ, тіпті қатты қарсылық көрсетушілердің кейбіріне Ехобаның қызметшісі болуға көмектесеміз деп үміттене аламыз. Үшіншіден, кек қайтармау — қарапайымдылықтың белгісі. Егер бұлай етпесек, менмен екенімізді көрсетер едік, өйткені Ехоба: “Кек алу — Менің ісім”,— деген. Сонымен қатар Құдай Сөзі былай деп ескертеді: “Менмендікке масқара серік, Кішіпейілге даналық серік” (Нақыл сөздер 11:2). Кек қайтаруды даналықпен Құдайдың қолына тапсыра отырып, кішіпейілділік, немесе қарапайымдылық, танытамыз.

19. Келесі мақалада нені қарастырамыз?

19 Басқаларға қалай қарауымыз керектігіне қатысты сөздерін қорытындылай келе, Пауыл мәсіхшілерді мынаған шақырды: “Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!” (Римдіктерге 12:21) Біз бүгінде қандай жамандыққа кезігудеміз? Оны қалай жеңе аламыз? Келесі мақалада осы және осыған қатысты басқа да сұрақтар қарастырылады.

Қалай түсіндірер едіңдер?

• Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауында Пауыл қайта-қайта не нәрсеге шақырған?

• Кек алмауға бізді не талпындырады?

• ‘Жамандыққа жамандықпен қайтармасақ’, мұның өзімізге және басқаларға қандай пайдасы бар?

[22-беттегі қоршау]

Римдіктерге арналған хаттың 12-тарауында мәсіхшілердің

• Ехобамен

• бауырластармен

• Ехобаға сенбейтіндермен қарым-қатнасы жайлы айтылады.

[23-беттегі сурет]

Пауылдың Римдіктерге жазған хатында мәсіхшілерге тиімді кеңестер берілген

[25-беттегі сурет]

Шәкірт Степаннан қандай үлгі алуымызға болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу