Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.5. 3-б.
  • Бүгінгі қатыгез дүние

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Бүгінгі қатыгез дүние
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге кейбіреулер Құдайды қатыгез деп ойлайды?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қатыгездік жойыла ма?
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Зұлымдықтың артында кім тұр?
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Журналды ұсыну жолы
    Біздің патшалық қызметіміз. 2007
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.5. 3-б.

Бүгінгі қатыгез дүние

АЛПЫС ТӨРТ жастағы Мария жалғыз тұратын. Оны өз үйінде ұрып, сыммен қылқындырып өлтіріп кетіпті.

Ашынған тобыр үш полицей қызметкерін екі жасөспірім баланы ұрлады деп айыптап, соққыға жығады. Олар екеуінің үстіне жанар май құйып, от қойып өртеп жібереді. Ал үшіншісі қашып үлгереді.

Белгісіз біреудің қоңырау шалып хабарлағанынан жан түршігерлік жайт анықталды: бақшада көздері мен қолдары байланған төрт адамның мәйіті табылып, тексеру барысында демалуға келген бұл адамдардың тірідей көмілгені белгілі болды.

Мұндай айуандық істер — қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа толы кинолардан алынған көріністер емес. Бұлар жуырда Латын Америкасының бір елінде газет беттерінде жарияланған өмірде болған оқиғалар. Алайда мұндай оқиғалар тек осы елде ғана болып жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда қатыгез әрекеттер күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып отыр. Жарылыстар, террорлық әрекеттер, кісі өлтіру, күш көрсету, атып кету мен зорлау орын алып жатқан зұлымдықтың бер жағы ғана. Жаңалықтарда айуандық істер егжей-тегжейлі суреттелетіндіктен, бүгінде адамдар мұндай қатыгездікті көргенде не естігенде еш тітіркенбейді де.

Бәлкім, сіз: “Заман не болып барады? Адамның сезімін сыйлау мен өмірге деген құрмет қайда кетті? Неге өміріміз қатыгездікке толы?”— деп сұрарсыз.

69 жастағы Харридің мысалына көңіл аударыңызшы. Ол қатерлі ісікпен, ал әйелі склерозбен ауырады. Бірақ оларға көршілері мен достары қуана қол ұшын беруде. “Олар болмағанда, не істер едік!”— дейді Харри. Бір зерттеу көрсеткендей, Харридің тұратын жері Канадада қарттарды қамқорлыққа алғандардың 50 пайыздан астамы көмекті бөтен адамдарға көрсетеді екен. Өзгелерге жылы пейіл мен қайырымдылық танытып жүрген адамдарды сіз де білетін шығарсыз. Демек, адамдар қатыгез емес, жанашыр да мейірімді бола алады.

Онда неге дүниені жауыздық жайлап кеткен? Адамдарды қатыгез әрекетке не итермелейді? Өзгелерге қатыгездік жасайтындар өзгере ала ма? Қатыгездік жойыла ма? Жойылса, бұл қашан және қалай болады?

[3-беттегі түпдерек]

Train: CORDON PRESS

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу