Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.4. 27—31 бет.
  • Қамқор Бақташыларға кішіпейілдікпен бағыныңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қамқор Бақташыларға кішіпейілдікпен бағыныңдар
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның қауымға берген сыйлары
  • ‘Мойынсұнып, айтқандарын тыңдау’ және ‘бағыну’
  • Даярлықпен қызметтесудің төрт себебі
  • Бағынатынымызды қалай көрсетеміз?
  • Ехоба даярлықпен қызметтес болғанымызға батасын береді
  • Ехоба тағайындаған бағушыларға мойынсұн
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Бағушылар, ең ұлы Бағушыларға еліктеңдер
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Мәсіх өзінің қауымына басшылық етуде
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.4. 27—31 бет.

Қамқор Бақташыларға кішіпейілдікпен бағыныңдар

“Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар... оларға бағыныңдар” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 13:17).

1, 2. Ехоба мен Исаның қамқор Бағушылар екені қандай Жазба орындарынан көрінеді?

ЕХОБА Құдай мен оның Ұлы Иса Мәсіх — қамқор Бағушылар. Ишая мынадай пайғамбарлық айтқан: “Біліп алыңдар, Жаратушы Тәңір Ие жуырда зор құдіретімен келіп, билікті өз қолына алады... Тәңір Ие оларды [халқын] ізгі шопандай бағады: “қозыларын” қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, “саулықтарын” жайлап алға бастап жүреді” (Ишая 40:10, 11).

2 Бұл пайғамбарлық алғаш рет яһудилер тамтығы б. з. б. 537 жылы Яһудаға қайта оралған кезде орындалды (Шежірелер 2-жазба 36:22, 23). Сондай-ақ ол 1919 жылы Ұлы Кир Иса Мәсіх майланған тамтықты ‘Ұлы Бабылдан’ босатқан кезде де орындалған болатын (Аян 18:2; Ишая 44:28). Иса — Ехобаның билік ететін, отарды жинайтын және мейіріммен бағатын ‘қолы’. Оның өзі: “Мен “ізгі Бағушымын”... Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі”,— деген (Жохан 10:14, 15).

3. Ехоба қойларының қамын сүйіспеншілікпен ойлайтынын қалай көрсетеді?

3 Ишая 40:10, 11-гі пайғамбарлық Ехобаның өз халқын мейіріммен бағатынына баса назар аударады (Забур 22:1—6). Жердегі қызметі кезінде Иса да шәкірттеріне және жалпы халыққа мейірімділікпен қамқорлық көрсеткен (Матай 11:28—30; Марқа 6:34). Отарды қараусыз қалдырып, оны өз мүдделері үшін пайдаланған Исраилдің тасжүрек бақташыларын, немесе басшыларын, Ехоба да, Иса да қатты айыптаған (Езекиел 34:2—10; Матай 23:3, 4, 15). Ехоба былай деп уәде еткен: “Мен Өзімнің қойларымды қорғаймын және қой мен қойдың арасындағы дауды әділ шешемін. Және де олардың үстінен қарайтын, оларды бағатын Өз құлым Дәуітті бақташы етіп тағайындаймын; оларды сол бағатын болады, осылардың бақташысы сол болмақшы” (Езекиел 34:22, 23). Осы соңғы күндері Ехоба өзінің жер бетіндегі барлық қызметшілеріне, майланған мәсіхшілер мен ‘басқа қойларға’, “бақташы” етіп Ұлы Дәуіт Иса Мәсіхті тағайындады (Жохан 10:16).

Ехобаның қауымға берген сыйлары

4, 5. а) Ехоба жердегі халқына қандай қымбат сый берді? ә) Иса өз қауымына қандай сый берді?

4 Ехоба жердегі қызметшілеріне Иса Мәсіхті “бақташы” етіп тағайындап, мәсіхшілер қауымына қымбат сый берді. Сый болып отырған көктегі Көсем туралы Ишая 55:4-те (Тт) мынадай пайғамбарлық айтылған: “Міне, Мен Оны халыққа арналған куәгер, халықтарға көсем және ұстаз етіп ұсынып отырмын”. Майланған мәсіхшілер мен ‘өте үлкен тобырдың’ мүшелері барлық халықтан, әрбір ұлт, ру және тілден жиналған (Аян 5:9, 10; 7:9). Олар халықаралық қауымды, яғни ‘бір-ақ Бағушы’ Иса Мәсіхтің жетегіндегі ‘біртұтас отарды’, құрайды.

5 Иса да жердегі қауымына қымбат сый берді: ол Ехобаға және өзіне еліктеп отарды мейіріммен бағатын адал бақташыларды тағайындады. Елші Пауыл сүйіспеншілікпен берілген осы сый жайлы Ефестегі мәсіхшілерге жазған хатында былай деген: “Жоғарыға көтеріліп, тұтқындарды алып кетті, адамдар кейпінде тартулар жасады”. Біреулерін елші, біреулерін пайғамбар, тағы басқаларын ізгі хабарды уағыздаушы, енді біреулерін бақташы және тәлімгерлер ретінде берді. [Ол оларды] қасиеттілерді түзету, қызмет ету және Мәсіхтің рухани денесін өсіру үшін берді” (Ефестіктерге 4:8, 11, 12, ЖД).

6. Аян 1:16, 20-да ақсақалдар кеңесінде қызмет еткен майланған бақылаушылар қалай бейнеленген және басқа қойлардың ішінен тағайындалған ақсақалдар жайлы не деуге болады?

6 “Адамдар кейпіндегі тартулар” болып отырғандар — Ехоба мен оның Ұлы отарды мейіріммен бағу үшін киелі рух арқылы тағайындаған бақылаушылар, немесе ақсақалдар (Елшілердің істері 20:28, 29). Бастапқыда осы бақылаушылардың бәрі майланған мәсіхшілер болған. Аян 1:16, 20-да майланғандар қауымының ақсақалдар кеңесінде қызмет еткендер Мәсіхтің оң қолындағы, яғни бақылауындағы, ‘жұлдыздар’ және ‘періштелер’ ретінде бейнеленген. Алайда осы соңғы дәуірде жердегі майланған бақылаушылардың саны азайып бара жатқандықтан, қауымдардағы мәсіхші ақсақалдардың басым көпшілігі — басқа қойлар. Осы ақсақалдарды Басқарушы кеңестің өкілдері киелі рухтың басшылығымен тағайындайтындықтан, олар да Ізгі Бағушы Иса Мәсіхтің оң қолының астында (немесе басшылығында) деуге болады (Ишая 61:5, 6). Қауым ақсақалдары қауымның Басы Мәсіхке бағынатындықтан, олар қызметтес болуға лайық (Қолостықтарға 1:18).

‘Мойынсұнып, айтқандарын тыңдау’ және ‘бағыну’

7. Елші Пауыл мәсіхші бақылаушыларға қалай қарау керектігімізге қатысты қандай кеңес берді?

7 Көктегі Бағушыларымыз Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх бізден қауымдағы жауапкершілік жүктелген бақташылардың айтқанын тыңдайды әрі оларға бағынады деп күтеді (Петірдің 1-хаты 5:5). Рухтың жетелеуімен елші Пауыл былай деп жазды: “Өздеріңе Құдайдың хабарын айтқан жетекшілеріңді ұмытпаңдар. Олардың қалай өмір сүріп, қалай бұ дүниеден кеткендерін естеріңде ұстап [“жүріс-тұрыстарының нәтижесі жайлы ойланыңдар”, ЖД], сенімдерін үлгі-өнеге етіңдер! Жетекшілеріңе мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар. Олар ұдайы рухани өмірлеріңнің қамын жеп, сол қызметтері туралы есеп беруге тиісті. Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға бағыныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер” (Еврейлерге 13:7, 17).

8. Пауыл не жайлы ‘ойлануға’ шақырады және қалай ‘мойынсұнып, айтқанды тыңдауымыз’ керек?

8 Байқасақ, Пауыл бізді ақсақалдардың адал жүріс-тұрыстарының нәтижесі жайлы ‘ойланып’, немесе мұқият қарастырып, сенімдерін үлгі-өнеге етуге шақырады. Сонымен қатар осы тағайындалған ер кісілердің нұсқауларын тыңдауға және оларға бағынуға кеңес береді. Киелі кітап зерттеушісі Р. Т. Франстың түсіндіруінше, түпнұсқадан “мойынсұнып, айтқандарын тыңдаңдар” деп аударылған грек сөзі “тек айтылғанды тыңдауды емес, сөзбе-сөз “көзі жету” дегенді білдіріп, олардың басшылығын даярлықпен қабыл алуға нұсқайды”. Олай болса, ақсақалдарға Құдай Сөзі бұйырғандықтан ғана емес, олардың Патшалықтың мүддесі мен біздің игілігімізді ойлайтынына көзіміз жеткендіктен мойынсұнамыз. Олардың басшылығын даярлықпен қабыл алсақ, бақытты боларымыз сөзсіз.

9. Айтқанды тыңдаумен қатар, неліктен біз ‘бағынуымыз’ керек?

9 Алайда қандай да бір жағдайда ақсақалдардың берген нұсқауының дұрыстығына күмәнданатын болсақ ше? Міне, дәл осындай жағдайда бағыну керек болады. Нұсқауды жақсы түсінген әрі онымен келіскен жағдайда, “айтқанды тыңдау” жеңіл. Ал оны түсінбесек, бірақ сонда да орындасақ, нағыз бағынғандықты көрсетеміз. Кейінірек елші болған Петір осындай бағынғандықты көрсеткен (Лұқа 5:4, 5).

Даярлықпен қызметтесудің төрт себебі

10, 11. Бақылаушылар мәсіхшілерге ‘Құдайдың хабарын’ бірінші ғасырда қалай айтқан және бүгін қалай айтуда?

10 Жоғарыда келтірілген Еврейлерге 13:7, 17-де елші Пауыл мәсіхші ақсақалдардың айтқандарын тыңдауымыз әрі оларға бағынуымыз керектігінің төрт себебін көрсеткен. Біріншісі — олар бізге ‘Құдайдың хабарын айтқан’. Алдында айтылғандай, Иса “адамдар кейпіндегі тартуларды” қауымға “қасиеттілерді түзету” үшін береді (Ефестіктерге 4:11, 12, ЖД). Ол бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің ой қалпы мен жүріс-тұрыстарын, араларында рухтың жетелеуімен қауымдарға хат жазғандары бар, адал бақташылар арқылы түзеткен болатын. Киелі рухпен тағайындалған осы бақылаушыларды Иса ертедегі мәсіхшілерге басшылық беру әрі оларды нығайту үшін де қолданған (Қорынттықтарға 1-хат 16:15—18; Тімотеге 2-хат 2:2; Титке 1:5).

11 Бүгінде Иса бізге “адал да ақылды құлдың” өкілі болып табылатын Басқарушы кеңес пен тағайындалған ақсақалдар арқылы басшылық береді (Матай 24:45, ЖД). “Бас Бағушымыз” Иса Мәсіхті құрметтегендіктен, Пауылдың мына кеңесіне құлақ асамыз: ‘Бауырластар, сендерден сұрайтынымыз мынау: өздерің үшін еңбек етіп, дұрыс жол сілтеп, жетектегендерді мойындаңдар’ (Петірдің 1-хаты 5:4; Салониқалықтарға 1-хат 5:12; Тімотеге 1-хат 5:17).

12. Бақылаушылар қалай ‘ұдайы рухани өміріміздің қамын жейді’?

12 Мәсіхші ақсақалдармен қызметтесудің екінші себебі — олар ‘ұдайы рухани өміріміздің қамын жейді’. Егер көзқарасымыздан не жүріс-тұрысымыздан рухани күйімізге қауіп төндіретін нәрселерді байқап қалса, олар түзелуімізге қажетті кеңестер беруге дайын (Ғалаттықтарға 6:1). ‘Ұдайы қамын жеу’ деп аударылған грек сөзі сөзбе-сөз “ұйықтамай отыру” дегенді білдіреді. Бір Киелі кітап зерттеушінің түсіндіруінше, бұл “бақташының үнемі сергек болуына нұсқайды”. Ақсақалдар рухани сергектіктерін сақтаумен қатар, біздің рухани қамымызды ойлап, тіпті түні бойы көз ілмей шығуы мүмкін. Олай болса, “сенушілер қауымының ұлы Бағушысы” Иса Мәсіхке еліктеуге барынша тырысып жатқан қамқор бақташылармен даярлықпен қызметтесуіміз керек емес пе? (Еврейлерге 13:20)

13. Бақылаушылар да, барлық мәсіхшілер де кімнің алдында және не үшін жауапты?

13 Бақылаушылармен қуана қызметтесудің үшінші себебі — олар қамымызды жеп, “сол қызметтері туралы есеп беруге тиісті”. Олар өздерінің көктегі Бағушылары Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхтің қол астында қызмет ететін бақташылар екенін есте ұстайды (Езекиел 34:22—24). Ехоба — “өз Ұлының қанымен меншігіне алған” отардың Иесі. Сондықтан ол тағайындалған бақылаушылардан отарын “аяушылықпен” бағады деп күтеді және сол үшін олардан есеп алады (Елшілердің істері 20:28, 29). Олай болса, бәріміз де Ехобаның басшылығына қалай бағынғанымыз үшін оның алдында жауап береміз (Римдіктерге 14:10—12). Тағайындалған ақсақалдардың айтқанын тыңдау арқылы қауымның Басы Мәсіхке де бағынатынымызды көрсетеміз (Қолостықтарға 2:19).

14. Мәсіхші ақсақалдардың қызметтерін “қинала” атқаруына не себеп болуы мүмкін және мұның салдары қандай болады?

14 Пауыл мәсіхші ақсақалдарға неліктен кішіпейілділікпен бағынуымыз керектігінің төртінші себебін көрсеткен. Ол: “Мұны қинала емес, қуана атқарулары үшін оларға бағыныңдар. Олай етпесеңдер, өздерің зиян көресіңдер”,— деп жазды (Еврейлерге 13:17). Мәсіхші ақсақалдар тәлім беру, отарды бағу, уағыздау ісінде басшылықты қолға алу, бала-шағасын тәрбиелеу және қауымдағы қиыншылықтарды шешу сияқты үлкен жауапкершіліктерді атқаруларымен ауыр жүк арқалайды (Қорынттықтарға 2-хат 11:28, 29). Егер олармен қызметтеспесек, жүгіне жүк қосамыз. Бұдан олар ‘қиналуы’ мүмкін. Қызметтестік рухын танытпағанымыз Ехобаға ұнамайды, әрі бұдан өзіміз де зиян шегуіміз мүмкін. Ал егер ақсақалдарға лайықты құрмет көрсетіп, қызметтесетін болсақ, олар өз міндеттерін қуанышпен атқарады. Ал бұл қауымның бірлігіне ықпал етіп, бауырластар Патшалықты жариялау ісіне қуанышпен атсалысады (Римдіктерге 15:5, 6).

Бағынатынымызды қалай көрсетеміз?

15. Бақташылардың айтқанын тыңдайтынымызды және оларға бағынатынымызды қалай көрсете аламыз?

15 Тағайындалған ақсақалдармен қызметтесудің көптеген жолдары бар. Мысалы, олар жергілікті аймақтағы жағдайға бейімделу үшін уағыздауға арналған кездесулердің күнін және уақытын өзгертіп, ал бұл бізге ыңғайсыз болып жатса ше? Мұндай жағдайда, күн тәртібімізде өзгерістер жасап, осы шараны қолдауға барынша тырысайық. Сонда күтпеген баталарға кенелуіміз мүмкін. Кітап зерттеу тобымызға қауымның қызмет бақылаушысы келсе ше? Онда сол аптада уағыздау ісіне мүмкіндігінше толық қатысалық. Ал Теократиялық қызмет мектебінен тапсырма алған болсақ, кездесуге келіп, тапсырмамызды орындауға тырысқанымыз жөн. Кітап зерттеу тобымыздың бақылаушысы Патшалық сарайын тазалайтын кезегіміз келгенін айтса ше? Шамамызға қарай оған толық қолдау көрсетейік. Осы не басқа да көптеген жолдармен Ехоба мен оның Ұлы отарды бағу үшін тағайындаған ер кісілерге бағынатынымызды көрсетеміз.

16. Егер қандай да бір ақсақал нұсқауға сай әрекет етпей жатса, неге бұл бүлікшіл болуымызды ақтамайды?

16 Кейде ақсақал қандай да бір нәрсені адал құл табы мен оның Басқарушы кеңесінің нұсқауына сай істемеуі мүмкін. Ол мұнысын жалғастыра берсе, ‘жанымызды “Бағушы” әрі Жетелеуші’ Ехобаның алдында жауап беретін болады (Петірдің 1-хаты 2:25, сілтемені қара). Алайда қандай да бір ақсақалдың кемшілігі не қателіктері оларға мойынсұнбаушылық рухын танытқанымызды ақтамайды. Ехоба тілазар және бүлікшіл әрекетке батасын бермейді (Руларды санау 12:1, 2, 9—11).

Ехоба даярлықпен қызметтес болғанымызға батасын береді

17. Бақылаушыларға қалай қарауымыз керек?

17 Ехоба Құдай бақылаушылар ретінде тағайындаған ер кісілердің кемелсіз екенін біледі. Сөйтсе де оларды қолданады әрі жердегі халқын киелі рухы арқылы бағады. ‘Шексіз зор құдірет өзімізден емес, Құдайдан’ деген сөздер ақсақалдардың жағдайында да рас (Қорынттықтарға 2-хат 4:7). Сондықтан адал бақылаушылар арқылы атқарып жатқан істері үшін Ехобаға алғыс білдірейік және ақсақалдармен даярлықпен қызметтес болайық.

18. Ақсақалдарға бағынғанымыз нені көрсетеді?

18 Еремия 3:15-те Ехобаның соңғы күндерде отарын бағу үшін тағайындайтын бақташылары жайлы былай делінген: “Өз жүрегімнің қалауы бойынша, білімдарлықтары мен саналылықтары арқылы сендерді тәлім-тәрбиесіне алатын дін қызметшілерін [“бақташыларды”, ЖД] тағайындаймын”. Ақсақалдар осы сипаттамаға сай келуге барынша тырысады. Расында да, арамыздағы ақсақалдардың тәлім беріп, Ехобаның қойларын қорғап жүргені мақтауға тұрарлық. Ендеше, олардың ауыр еңбегіне деген ризашылығымызды қуана қызметтес болу, айтқандарын тыңдау және оларға бағынумен білдірейік. Осылай етуімізбен көктегі Бағушыларымыз Ехоба Құдай мен Иса Мәсіхке деген ризашылығымызды көрсетеміз.

Қайталауға арналған сұрақтар

• Ехоба мен Иса Мәсіх қамқор Бағушылар екенін қалай көрсетті?

• Айтқандарын тыңдаумен қатар, неліктен ақсақалдарға бағынуымыз керек?

• Бақташыларға бағынатынымызды қандай жолдармен көрсетеміз?

[27-беттегі сурет]

Ақсақалдар Мәсіхтің басшылығына бағынады

[29-беттегі суреттер]

Ехобаның тағайындаған бақташыларына бағынатынымызды көрсетудің көптеген жолдары бар

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу