Еске алатын оқиға. Дүйсенбі, 2 сәуір
Бұл б. з. 33 жылының 14 нисанында болған еді. Иса ашытқысыз пісірілген нан мен шарабы бар тостағанды елшілеріне үлестірді. Сөйтіп, оларға қандай нұсқау берді? “Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!”— деді ол (Лұқа 22:19).
Сондықтан дүние жүзі бойынша Ехоба Куәгерлері жылына бір рет Исаның өлімін еске алу үшін жиналады, әрі мұны оның сол түні айтқан нұсқауына сай етіп өткізеді. Бұл жылы 14 нисан 2 сәуір, дүйсенбі күні, күн батқан соң басталады. Біз сізді сол күні кешке болатын еске алу кездесуіне шын жүректен шақырамыз. Жергілікті Ехоба Куәгерлерінен сол кездесудің тура уақыты мен өтетін орнын біліп алуыңызды өтінеміз.