Иса Пайғамбардың келуі қорқынышты жайт па?
ИСА пайғамбардың келуі жайлы естігенсіз бе? Кейбіреулер ол келгенде адамзатты жазалап, дүние астан-кестен болады деп ойлайды. Ал өзгелер болса барлық қиыншылықтарымыз шешіледі деп күтеді. Олай болса, Исаның келуі қорқатын жайт па, жоқ әлде оны асыға күту керек пе?
Киелі кітапта Иса Мәсіх деп те аталатын Иса пайғамбардың келуі жайлы былай делінген: “Міне, Ол бұлттармен келе жатыр! Әрбір көз... көріп, Жер бетіндегі барлық рулар үрейленіп, Ол туралы қайғырып, жылайды еңіреп” (Аян 1:7). Бұл сөздер Исаның болашақта келетінін және келген кезде әділдерді жарылқап, ал зұлымдарды жазалайтынын көрсетеді.
Елші Жохан Исаның келетіндігінен қорықпай, қайта, оны асыға күткен. Ол Исаның келуі мен келген кезде жерге не істейтіні туралы аян алғаннан кейін: “Иеміз Иса, келе гөр!”— деп шын жүректен дұға етті (Аян 22:20). Онда неге Иса келгенде ‘жер бетіндегі барлық рулар үрейленіп, қайғырып, жылайды еңіреп’? Қай мағынада “әрбір көз” оны көретін болады? Иса келгенде нені жүзеге асырады? Оның келетініне сенгеніміздің біз үшін қазір қандай пайдасы бар? Келесі мақалада осы сұрақтар қарастырылады.