Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.9. 27—31 бет.
  • ‘Құдайға өтініштеріңді білдіріңдер!’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Құдайға өтініштеріңді білдіріңдер!’
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайға дұға арқылы қалай жақындауымыз керек?
  • Не жөнінде дұға ете аламыз?
  • Күнә жасап қойғанда
  • Дұғаларға жауап
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайға қалай жақындауға болады?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Құдайға дұға айту мәртебесі
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Дұғаларымыздан өзіміз жайлы не біле аламыз?
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.9. 27—31 бет.

‘Құдайға өтініштеріңді білдіріңдер!’

“Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып, тілекпен, шүкіршілікпен білдіріңдер!” (ФІЛІПІЛІКТЕРГЕ 4:6)

1. Бізде кіммен сөйлесу мәртебесі бар және бұл неге соншалықты керемет?

ЕГЕР елбасының алдына кіруге өтініш білдірсең, қандай жауап алар едің? Бәлкім, оның әкімшілігінен сыпайы жауап аларсың, бірақ елбасының өзімен сөйлесуге рұқсат етілмеуі әбден мүмкін. Алайда ең ұлы Билеуші Ехоба Құдаймен, яғни Әлемнің Әміршісімен, жағдай мүлдем басқаша. Біз онымен кез келген жерден, қалаған уақытымызда сөйлесе аламыз. Талабына сай айтылған дұғалар әрдайым оның құлағына жетеді (Нақыл сөздер 15:29). Бұл, шынында да, керемет емес пе?! Бұған деген ризашылығымыз ‘дұғаны еститін’ Құдай деп орынды түрде аталған Ехобаға ұдайы дұға етуге талпындыру керек емес пе? (Забур 64:3)

2. Құдай дұғаларымызды қабылдау үшін не қажет?

2 Алайда кейбіреулер: “Құдай қандай дұғаларды қабылдайды?”— деп сұрауы мүмкін. Киелі кітапта дұғаларымыз қабыл болу үшін қажетті бір нәрсе жайлы былай деп түсіндіріледі: “Сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Оған келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс” (Еврейлерге 11:6). Иә, алдыңғы мақалада түсіндірілгендей, Құдайға жақындау үшін қажетті басты шарт — сенім. Құдай өзіне келушілердің дұғаларын қабылдауға дайын, тек олар мұны сеніммен, дұрыс істер жасап, шын жүректен және түзу ниетпен істеулері керек.

3. а) Ежелгі Құдайдың адал қызметшілерінің дұғасынан көрінетіндей, дұғада не айтуға болады? ә) Дұғалардың қандай түрлері болады?

3 Елші Пауыл өз заманындағы мәсіхшілерді: “Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып, тілекпен, шүкіршілікпен білдіріңдер!”— деп талпындырды (Філіпіліктерге 4:6, 7). Киелі кітапта Құдайға өз уайымдарын айтқандардың мысалы көптеп кездеседі. Олардың ішінде Ханна, Ілияс, Езекия мен Даниял бар (Патшалықтар 1-жазба 2:1—10; Патшалықтар 3-жазба 18:36, 37; Патшалықтар 4-жазба 19:15—19; Даниял 9:3—21). Біз олардан үлгі алуымыз керек. Пауылдың сөздері дұғаларымыздың әр түрлі болатынын көрсететінін де байқаңдаршы. Ол шүкіршілік білдіру, яғни Құдайдың бізге істегендері үшін ризашылығымызды білдіретін дұға жайлы айтқан. Бұл мадақтаумен қатар жүруі мүмкін. Ал тілек кішіпейілділікпен әрі шын көңілден жалбарынуға нұсқайды. Сонымен қатар нақты бір нәрсе жөнінде өтінішімізді білдіре аламыз (Лұқа 11:2, 3). Көктегі Әкеміз осылардың кез келгені арқылы өзіне жақындағанымызға қуанышты болады.

4. Ехоба қажеттіліктерімізді білсе де, неге бәрібір оған өтінішімізді айтуымыз керек?

4 Әлдекім: “Ехоба бізге не қажет екендігінің бәрін айтпаса да біледі емес пе?”— деп сұрауы мүмкін. Иә, ол біледі (Матай 6:8, 32). Онда неге ол бәрібір өтініштерімізді айтқанды қалайды? Мынадай мысалды қарайықшы: Дүкен иесі тұтынушыларының кейбіреуіне сыйлық бермекші болады. Бірақ оны алу үшін тұтынушылар оған келіп, сұраулары керек. Оны алуға әрекеттенбегендер сыйлықты, шын мәнінде, бағаламайтындарын көрсетеді. Сол іспетті біз де өтініштерімізді дұғада білдіруге немкетті қарайтын болсақ, бұл Ехобаның беріп отырғандарына ризашылығымыздың жоқтығын көрсетер еді. Иса: “Сұраңдар да алыңдар!”— деген (Жохан 16:24). Осылай Ехобаға сенім артатынымызды көрсетеміз.

Құдайға дұға арқылы қалай жақындауымыз керек?

5. Неге Исаның атынан дұға етуіміз қажет?

5 Ехоба дұғаны қалай айтудың қатаң ережелерін тізіп қоймаған. Дегенмен де Құдайға Киелі кітапта айтылғандай дұға етуді үйренуіміз керек. Мысалы, Иса ізбасарларына: “Әкеден Менің атымнан не сұрасаңдар, Ол соны береді”,— деп үйретті (Жохан 16:23). Демек, бізден Исаны Құдайдың бүкіл адамзатқа батасын молынан төгетін жалғыз арнасы деп мойындай отырып, оның атынан дұға ету талап етіледі.

6. Дұға еткенде, дене қалпымыз қандай болу керек?

6 Дұға еткенде денеміз қандай қалыпта болу керек? Киелі кітапта Құдай дұғаларымызды тыңдау үшін денеміз белгілі бір қалыпта болу керектігі жайлы ештеңе айтылмаған (Патшалықтар 3-жазба 8:22; Нехемия 8:6; Марқа 11:25; Лұқа 22:41). Құдайға дұға етуде ең маңыздысы — шынайылық пен ниеттің дұрыс болуы (Жоел 2:12, 13).

7. а) “Аумин” сөзінің мағынасы қандай? ә) Бұл сөз дұғада қалайша орынды қолданылады?

7 Ал дұғамызда “аумин” сөзін қолдану жайлы не деуге болады? Жазбалар әдетте бұл сөздің дұғамызды, әсіресе көпшілікпен дұға еткенде, орынды түрде аяқтайтынын көрсетеді (Забур 41:12; 71:19). Еврейдің a·menʹ сөзінің негізгі мағынасы “солай болсын” дегенді білдіреді. Макклинток пен Стронг энциклопедиясының түсіндіруінше, дұғаның соңында айтылатын “аумин” сөзінің мағынасы “алдыңғы айтылған сөздерді растау, олардың орындалуын өтіну” дегенді білдіреді. Осылайша дұғасын шын жүректен “аумин” деп аяқтаған адам жаңа ғана айтқандарына қатысты өзінің шынайы сезімін көрсетеді. Қауымның атынан дұға етіп тұрған мәсіхші дұғасын осы сөзбен аяқтағанда, оны тыңдап тұрғандар да айтылған сөздерге шын жүректен қосылатынын білдіріп, іштерінен немесе дауыстап “аумин” деуі мүмкін (Қорынттықтарға 1-хат 14:16).

8. Қалай кейбір дұғаларымыз Жақып пен Ыбырайымның дұғалары іспетті болуы мүмкін және бұл біздің тарапымыздан нені көрсетер еді?

8 Құдай сұрап жатқандарымыздың қаншалықты маңызды екенін көрсетуімізге жол беретін кездер де болады. Кейде бізге батасын алу үшін түнімен періштемен күресіп шыққан Жақып сияқты болуға тура келер (Жаратылыс 32:24—26). Я болмаса Лут пен Содомда болуы мүмкін әділ адамдар үшін Ехобаға қайта-қайта жалынған Ыбырайым сияқты болуды талап ететін жағдайлар да болатын шығар (Жаратылыс 18:22—33). Біз де Ехобадан әділдігі, сүйіспеншілікке толы мейірімділігі мен рақымына сүйене отырып, жанымызға қымбат нәрселер жайлы өтіне аламыз.

Не жөнінде дұға ете аламыз?

9. Дұға еткенде, біз үшін басты нәрсе не болу керек?

9 Пауылдың: “Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға... білдіріңдер!”— дегенін ұмытпалық (Філіпіліктерге 4:6). Демек, жеке дұғалар өмірдің барлық саласына дерлік қатысы бар нәрселерді қамтуы мүмкін. Алайда дұғада біз үшін бірінші кезекте маңызды нәрсе Ехобаның мүддесі болу керек. Бұл жағынан Даниял керемет үлгі қалдырды. Исраил күнәсі үшін жазаланып, қасірет шеккенде, Даниял Ехобадан рақым көрсетуін өтініп: “Өзің үшін, о, Тәңірім, өз есімің үшін, кешіктіре гөрме”,— деді (Даниял 9:15—19). Біздің дұғаларымыз да біз үшін басты нәрсе Ехобаның есімінің қастерленуі мен оның еркінің орындалуы екенін көрсете ме?

10. Жеке бастың мәселелері жайлы дұға ету орынды екенін қайдан білеміз?

10 Әйтсе де жеке мәселелерге қатысты да дұға еткеніміз орынды. Мысалы, забур жыршысы сияқты Құдайдан тереңірек рухани түсінік беру жайлы дұға етуімізге болады. Ол: “Түсінік сыйлай гөр, тәліміңе бағынайын, Оған шын жүректен мойынсұнатын болайын”,— деп дұға етті (Забур 118:33, 34; Қолостықтарға 1:9, 10). Иса “Өзін өлімнен құтқаруға кұдіреті жететін Әкесіне қатты дауыстап сиынып, көз жасын төгіп жалбарынды” (Еврейлерге 5:7). Мұнымен ол қандай да бір қауіп төнгенде не сынақтарға кезіккенде күш сұраудың орынды екенін көрсетті. Шәкірттеріне үлгілі дұғаны бергенде, Иса күнәларды кешіру, күнделікті аспен қамтамасыз ету сияқты жеке бастың мәселелерін де айтқан.

11. Азғырылуларға беріліп қалмауымызға дұға қалай көмектеседі?

11 Сол үлгілі дұғаға Иса “Азғырылуымызға жол бермей, Жамандықтан бізді сақтай гөр” деген өтінішті де қосқан (Матай 6:9—13) Кейінірек ол былай деп кеңес берді: “Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер!” (Матай 26:41) Азғырылуларға кезіккенде дұға еткен өте маңызды. Бәлкім, жұмыста не мектепте біреулер бізді Киелі кітаптың принциптерінен аттап кетуге азғыратын шығар. Куәгер емес адамдар бізді қандай да бір күдікті істерге атсалысуға шақырар. Я болмаса әділ принциптерді бұзатын бірдеңе істеуді сұрар. Осындай сәттерде Исаның дұға етіңдер деген кеңесіне құлақ асуымыз керек, яғни азғырылуға кезікпей тұрып немесе кезіккенде, Құдайдан оған беріліп қалмауға көмектесуін сұрауымыз қажет.

12. Мазаны алатын қандай жайттар бізді дұға етуге талпындырады және Ехобадан не күтуімізге болады?

12 Бүгінгі мәсіхшілердің өмірінде әр түрлі қысымдар, сондай-ақ мазалайтын жайттар кездеседі. Адамдардың көбісінің мазасын алатын басты нәрсе — дерт пен ауыр сезім. Айналада болып жатқан зұлымдық та жанымызға батуы мүмкін. Экономикалық қиыншылықтар да күнкөрісті қиындатып жібереді. Осындай жайттарды айтқан қызметшілеріне Ехоба құлағын тосатынын білу көңілге қандай жұбаныш десеңші! Забур 101:18-де Ехоба жайлы былай делінген: “Шарасыздар дұғасына көз салады да, олардың жалынып-жалбарынуын жек көрмейді”.

13. а) Дұғада қандай жеке мәселелерді айтқан орынды? ә) Бұған мысал келтіріңдер.

13 Негізінде, Ехобаға қызметімізге немесе онымен қарым-қатынасымызға әсер ететін кез келген жайтты дұғада айту орынды болып табылады (Жоханның 1-хаты 5:14). Егер неке құруға не жұмысқа, я болмаса қызметіңнің аясын кеңейтуге қатысты шешім қабылдамақшы болсаң, бұл жөнінде Құдайға айтып, басшылық сұраудан қысылма. Мәселен, Филиппиндегі бір жас қыз бауырлас толық уақытты қызмет еткісі келеді. Бірақ өзін қамтамасыз ететін жұмысы жоқ еді. Ол былай дейді: “Бір сенбіде Ехобаға дұға етіп, оған әсіресе ізашарлық қызмет туралы айттым. Сол күні кейінірек уағызға шыққанда, бір жасөспірімге кітап ұсынған едім. Ойламаған жерден ол қыз: “Дүйсенбі күні бірінші кезекте біздің мектепке келіңіз”,— деді. “Не үшін?”— деп сұрадым мен. Ол мектебінде бір бос жұмыс орны бар екенін, соған адам іздеп жатқанын айтты. Мен бардым да, бірден жұмысқа тұрдым. Мұның бәрі әп-сәтте бола қалды”. Дүние жүзіндегі Куәгерлердің көбісінің басында осындай жайттар болған. Олай болса, шын жүректен шыққан өтініштеріңді Құдайға айтудан еш тартынба!

Күнә жасап қойғанда

14, 15. а) Адам күнә жасап қойса да, неге дұға етуден тартынбауы керек? ә) Жеке дұғадан басқа, күнәдан кейін айығуға адамға тағы не көмектеседі?

14 Егер әлдекім күнә жасап қойса, дұға қалай көмектесе алады? Күнә жасап қойған адам әдетте ұялып, дұға етуге батылы бармайды. Алайда бұл даналыққа жатпайды. Мынадай мысалды қарайықшы: Ұшқыштар бағыттарынан адасып қалғанда, әуе диспетчерлерімен байланысып, көмек алуға болатынын біледі. Алайда егер ұшқыш адасып қалғанына ұялып, олармен байланысудан тартынса ше? Бұл апатқа әкеп соғуы мүмкін ғой! Сол сияқты, күнә жасап, бірақ Құдайға дұға етуге батылы бармайтын адам әрі қарай да зардап шегуі мүмкін. Күнәсына ұялу адамның Құдаймен сөйлесуіне тосқауыл болмау керек. Расында да, Құдай ауыр қателік жасағандарды өзіне дұға етуге шақырады. Ишая пайғамбар өз заманындағы күнәкарларды Ехобаға сиынуға шақырды, “өйткені Оның кешірімі шексіз!” (Ишая 55:6, 7) ‘Ехобаның жүзін жұмсарту’ үшін, адам күнәкар жолынан қайтып және шын жүректен өкіне отырып, алдымен өзінің жүрегін жұмсартуы керек (Забур 119:58, ЖД; [118:58]; Даниял 9:13, ЖД).

15 Күнә жасап қойғанда дұға етудің тағы бір себебі бар. Шәкірт Жақып рухани көмекке мұқтаж адам жайлы былай деген: “[Ол] қауым жетекшілерін шақыртсын. Олар... оның үстінен дұға етіп сиынсын... Ехоба науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ” (Жақып 5:14, 15). Иә, адам жеке дұғада Құдай алдында күнәсін мойындау керек, алайда ол ақсақалдардан да өзі үшін дұға етуді сұрай алады. Бұл рухани қайта сауығуына көмектеседі.

Дұғаларға жауап

16, 17. а) Ехоба дұғаларға қалай жауап береді? ә) Дұға мен уағыздау ісінің тығыз байланысты екенін қандай мысалдардан көруге болады?

16 Құдай дұғаларға қалай жауап береді? Ол кейбір дұғаларға бірден жауап беруі мүмкін, әрі ол айқын көрініп тұрады (Патшалықтар 4-жазба 20:1—6). Ал өзге біреулеріне жауап алу үшін біраз күту керек болады және жауапты бірден аңғара қою қиындау болуы мүмкін. Исаның бір жесір әйелдің биге қайта-қайта келгені жайлы көрнекі мысалынан көрінетіндей, кейде Құдайға қайта-қайта дұға ету керек болады (Лұқа 18:1—8). Алайда Құдайдың еркіне сай дұға ететін болсақ, Ехоба бізге: “Мені мазалама!”— деп ешқашан айтпайтынына сенімді болуымызға болады (Лұқа 11:5—9).

17 Ехобаның қызметшілері Құдайдың дұғаларға қалай жауап бергенін талай көрген. Бұл жиі қызмет кезінде көрінеді. Мысалы, бірде Филиппиндегі екі әйел бауырлас алыс аймақта әдебиеттер таратып жүрген болатын. Олар бір әйелге трактат бергенде, оның көзіне жас үйіріледі. Ол: “Кеше түнде ғана Құдайға дұға етіп, Киелі кітапты үйрететін біреуді жіберуін сұраған едім. Мынау менің дұғама жауап деп ойлаймын”,— деді. Содан көп кешікпей, ол Патшалық Сарайындағы қауым кездесулеріне келе бастады. Ал Оңтүстік-Шығыс Азияда бір ер бауырлас мықтап күзетілетін көп қабатты үйлерде уағыздауға қорқатын. Алайда ол Ехобаға дұға етеді де, батылданып, ішке кіреді. Ол бір пәтердің есігін қаққанда, жас әйел шығады. Бауырлас келуінің себебін түсіндіргенде, әлгі әйел жылап жібереді. Ол Ехоба Куәгерлерін іздеп жүргенін, оларды табу жайлы дұға еткенін айтады. Бауырлас оған жергілікті қауыммен байланысуға қуана-қуана көмектеседі.

18. а) Дұғаларымызға жауап алғанда, қандай лебіз білдіруіміз керек? ә) Әрбір мүмкіндікті қалт жібермей дұға ететін болсақ, не нәрсеге сенімді бола аламыз?

18 Дұға — Құдайдың біз үшін қарастырған керемет шарасы. Ехоба дұғаларымызды тыңдауға әрі оларға жауап беруге дайын (Ишая 30:18, 19). Бірақ Ехобаның дұғаларымызға қалай жауап беретінін байқай білуіміз керек. Ол барлық уақытта біз күткендей жолмен жауап бермеуі мүмкін. Дегенмен де Құдайдың басшылығын көрсек, алғыс пен мадақ айтуды ешқашан ұмытпауымыз керек (Салониқалықтарға 1-хат 5:18). Сонымен қатар елші Пауылдың: “Барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып, тілекпен, шүкіршілікпен білдіріңдер!”— деген кеңесін де әрдайым естен шығармайық. Иә, Құдаймен сөйлесудің әрбір мүмкіндігін қалт жіберме. Осылайша дұғасына жауап алатындар жайлы айтқан Пауылдың: “Құдайдың адам ақылынан асқан тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды”,— деген сөздерінің растығына көз жеткізе түсесің (Філіпіліктерге 4:6, 7).

Жауап бере аласыңдар ма?

• Дұғалардың қандай түрлері болады?

• Біз қалай дұға етуіміз керек?

• Дұғамызда не туралы сұрай аламыз?

• Күнә жасап қойған адам үшін дұғаның рөлі қандай?

[29-беттегі суреттер]

Шын жүректен айтылған дұға азғырылуларға беріліп қалмауымызға көмектеседі

[31-беттегі суреттер]

Дұға арқылы Құдайға ризашылығымызды, уайымымыз бен өтінішімізді білдіреміз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу