Қартайса да, оқшау қалмаған
ЖАС келген сайын адамдардың көбісі дәрменсіз болып, қоғам өмірінен шет қалады. Алайда 95 жасында көз жұмған Фернанд Риварол жайлы бұлай деуге болмайтын. Ол Женевада (Швейцария) жалғыз тұратын, әйелі дүниеден өтіп, ал қызы тұрмыста еді. Ол көбінесе үйден шықпаса да, жалғызсырамайтын. Ол жиі үстел басына отырып, адамдарға телефон соғып, рухани тақырыптарға сөйлесетін.
Өмірінің қызықты оқиғаларға толы шағында Фернандтың тура мағынада оқшау қалып қойған кезі болды. Қалайша? 1939 жылы Фернанд әйелімен бірге белсенді Ехоба Куәгері болғаннан кейін, көп ұзамай-ақ Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыс оты бұрқ етті. Фернанд ешкімге қиянат жасамау жөніндегі Киелі кітапқа негізделген шешімінен таймады. Осы үшін ол жұмысынан айырылды және жалпы алғанда, бес жарым жыл бірнеше түрмеде отырып шықты. Осы уақыт аралығында ол өзі бір жақта, әйелі мен кішкене қызы бір жақта болды.
Өткенді есіне алып, Фернанд былай деді: “Көп адамдарға мен тұрақты жұмысымды тастап, ал отбасымды далаға қалдырып кеткендей көріндім. Адамдар мені жек көріп, қылмыскердей қарайтын. Десе де сол ауыр жылдар жайлы ойлағанда, басқа нәрселерге қарағанда, бірінші боп есіме Ехобаның бізді қалай қолдағаны мен көмектескені түседі. Содан бері, міне, көп жылдар өтті. Бірақ менің Ехобаға деген сенімім тап сол кездегідей берік”.
Осы сенім оны Жазбалардан тапқан үміті жайлы басқа адамдармен телефон арқылы бөлісуге талпындырды. Егер ол әлдекіммен жақсы әңгімелескен болса, оған поштамен Киелі кітапқа негізделген әдебиет жіберетін. Сөйтіп, кейінірек сол адамға әдебиеттің ұнаған-ұнамағанын білу үшін тағы да телефонмен хабарласатын. Кейде адамдар ризашылықтарын білдіріп, хат жазып жіберетін, ал Фернанд бұған қатты қуанып қалатын еді.
Бәлкім, тұратын жеріңізде Фернанд сияқты біреу сізбен байланысқан болар. Не нәрсеге сенетінін білу үшін, оны неге тыңдап көрмеске? Ехоба Куәгерлері сізбен өз сенімдерімен бөлісуге әрдайым қуанышты болады.