Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.6. 11—15 бет.
  • Құтқарылуға дайындалдың ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құтқарылуға дайындалдың ба?
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қазіргі заманның Нұхтың заманымен ұқсастығы
  • Құтқарылу үшін сенім қажет
  • Өзгерістер бізді дайындайды
  • Құтқарылуға дайындал
  • Ол “Құдай жолымен жүрді”
    Сенімін серік еткендер
  • Ол “Құдаймен тығыз байланыста жүрген”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Онымен бірге жеті адам аман қалды”
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Нұх Құдайдың рақымына ие болған. Мұның бізге қандай қатысы бар?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.6. 11—15 бет.

Құтқарылуға дайындалдың ба?

“Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім” (ЖАРАТЫЛЫС 7:1).

1. Нұхтың заманында Ехоба қалай құтқарылудың қамын жасады?

ЕХОБА Нұхтың заманында “зұлымдар әлеміне топан су жіберді”, бірақ құтқарудың да қамын жасады (Петірдің 2-хаты 2:5). Ол әділ Нұхқа топан судан аман қалатын кемені тұрғызуға қатысты егжей-тегжейлі нұсқаулар берді (Жаратылыс 6:14—16). Құдайдың сенімді қызметшісінен күтуімізге болатындай, “Нұх барлығын Құдай оған қалай бұйырса, солай істеді”. Қандай да бір шамада Нұхтың мойынсұнғыштығының арқасында біз бүгін тіріміз (Жаратылыс 6:22).

2, 3. а) Нұхтың ісіне замандастары қалай қарады? ә) Нұх не нәрсеге сенімді болғандықтан кемеге кірді?

2 Кемені соғу оңай іс емес еді. Көп адамдар Нұх пен оның отбасының істеп жатқандарына қайран қалған болуы әбден мүмкін. Дегенмен бұл іс кемеге кірсе ғана олардың аман қалатынына көздерін жеткізе қоймады. Ақыр соңында Құдайдың сол зұлым дүниеге деген шыдамы да шегіне жетті (Жаратылыс 6:3; Петірдің 1-хаты 3:20).

3 Нұх пен отбасы ондаған жылдар бойы ауыр еңбектенгеннен кейін, Ехоба Нұхқа: “Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім”,— деді. Ехобаның сөзіне сенімді болған Нұх “өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен... кемеге кіріп алды”. Ехоба өз қызметшілерін қорғау үшін есікті жауып қойды. Жерді Топан су қаптағанда, кеме Құдайдың құтқару үшін қарастырған сенімді шарасы екені айқын болды (Жаратылыс 7:1, 7, 10, 16).

Қазіргі заманның Нұхтың заманымен ұқсастығы

4, 5. а) Иса өзінің Патшалық билікте отырған кезін немен салыстырды? ә) Нұхтың заманы мен біздің заманымыздың қандай ұқсастықтары бар?

4 “Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің билеуші ретінде көктен қайтып келетін [“көкте отырған”, ЖД] кезімде де солай болады” (Матай 24:37). Бұл сөздермен Иса өзінің көзге көрінбей Патшалықта отырған кезі Нұхтың заманындай болатынын көрсеткен, әрі бұл, шынында да, солай болып отыр. Әсіресе 1919 жылдан бері Нұхтың ескерткен хабарындай хабар барлық ұлт адамдарына жариялануда. Жалпы алғанда, адамдар бұл хабарды Нұхтың күніндегілер сияқты қабылдап жатыр.

5 Ехоба ‘зұлымдыққа толы’ дүниені Топан су жіберіп жойған болатын (Жаратылыс 6:13). Нұх пен оның отбасының осындай зұлым істерге араласпай, қайта, татулықпен кемені соға бергендерін жұрттың бәрі де көрді. Осыған ұқсас жайтты біздің күнімізде де байқаймыз. Қазір ақ жүректі адамдар ‘тақуа [“әділ адам”, ЖД] мен күнәһардың арасында, Құдайға құлшылық етуші мен Оған құлшылық етпеушінің арасында қандай айырмашылық бар екенін көре’ алады (Малахи 3:18). Ехоба Куәгерлерінің танытып жатқан адалдығы, қайырымдылығы, татулығы мен ынта-жігері ешкімді алаламайтын адамдарды таңғалдырады, әрі бұл қасиеттер Құдай халқының жалпы осы дүниеден айырмашылығын көрсетеді. Куәгерлер зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен бас тартады және Ехобаның рухына өздерін жетелеуге мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да олардың арасында татулық бар, сол себептен де әділ өмір сүруге ұмтылады (Ишая 60:17).

6, 7. а) Нұхтың заманында адамдар нені түсінбеді және бүгінгі адамдар туралы не деуге болады? ә) Ехоба Куәгерлерінің, жалпы алғанда, өзгелерден ерекшеленетінін қандай мысалдардан көруге болады?

6 Замандастары Нұхтың Құдайдың қолдауымен және басшылығымен әрекет етіп жатқанын түсінбеді. Сондықтан оның уағызына мән берген де, ескертуіне сай әрекет еткен де жоқ. Ал бүгінде жағдай қалай? Көп адамдар Ехоба Куәгерлерінің ісі мен жүріс-тұрысына сүйсінгенімен, басым көпшілігі ізгі хабар мен Киелі кітаптағы ескертуге маңызды деп қарамайды. Көршілері, жұмыс берушілері не туысқандары шынайы мәсіхшілердің керемет қасиеттерін мақтауы мүмкін, бірақ артынша олар: “Тек Ехоба Куәгерлері болмағанда ғой!..”— деп қынжылады. Бірақ олар Куәгерлердің сүйіспеншілік, тыныштық, қайырымдылық, кеңпейілділік, ілтипаттылық және ұстамдылық сияқты қасиеттерді Құдайдың киелі рухына мойынсұнғандықтан танытатынына мән бермейді (Ғалаттықтарға 5:22—25). Бұл жайт, қайта, олардың айтқандары шындық екеніне көздерін жеткізе түсу керек.

7 Мысалы, Ресейде Ехоба Куәгерлері Патшалық Сарайын соғып жатқан еді. Сондағы жұмысшылардың бірімен сөйлеспекші болып тоқтаған бір кісі: “Бұл неткен ерекше құрылыс орны: темекі тартып, дөрекі сөздер айтып не мас боп жүрген ешкімді көрмейсің! Сен осы Ехоба Куәгері емессің бе?”— деді. Жұмысшы одан: “Егер жоқ десем, маған сенер ме едіңіз?”— деп сұрады. Әлгі кісі тез жауап қатып: “Жоқ, әрине”,— деді. Ресейдің басқа бір қаласының әкімі Куәгерлердің жаңа Патшалық Сарайын соққандарын көріп қатты әсерленді. Ол бұрындары діни топтардың бәрі бірдей деп есептеген, алайда Ехоба Куәгерлерінің шын көңілден атқарған риясыз еңбегін көргеннен кейін, ойының өзгергенін айтты. Бұл — Ехоба Куәгерлерінің Киелі кітап нормаларын ұстанбайтындардан айырмашылығын көрсететін екі мысал ғана.

8. Осы зұлым дүние жойылғанда, құтқарылуымыз неге байланысты?

8 Топан сумен жойылған ‘ежелгі дүниенің’ соңғы кезеңінде Нұх “әділдікті уағыздаушы” болды (Петірдің 2-хаты 2:5). Осы дүниенің соңғы күндерінде Ехобаның халқы да адамдарды Құдайдың әділ нормаларымен таныстыруда және құтқарылып, жаңа дүниеде өмір сүру мүмкін екені жайлы жақсы хабарды жариялауда (Петірдің 2-хаты 3:9—13). Нұх пен отбасы кемеге кіріп аман қалғаны сияқты, бүгінде әрбір адамның құтқарылуы сенімдері мен Ехобаның бүкіләлемдік ұйымының жердегі бөлігімен қарым-қатынаста болып, оған адал болуына байланысты.

Құтқарылу үшін сенім қажет

9, 10. Шайтанның зұлым дүниесі жойылғанда, құтқарылу үшін неге сенім маңызды?

9 Шайтан билігін жүргізіп отырған осы дүние жойылғанда, аман қалу үшін адам не істеу керек? (Жоханның 1-хаты 5:19) Алдымен ол өзіне қорғаныш қажет екенін түсінуі, сонан соң сол қорғаныш шараларының игілігін көруі керек. Нұхтың заманындағы адамдар әдеттегі қалпымен күнделікті күйбең тірлік қамымен жүріп, төніп келе жатқан апаттан сақтану керектігін ойламады. Оларға тағы бірдеңе, яғни Құдайға деген сенім, жетіспеді.

10 Ал Нұх пен оның отбасы болса өздеріне қорғаныш тауып, аман қалу керектігін түсінген. Олардың сондай-ақ Әлемнің Әміршісі Ехоба Құдайға деген сенімі болды. “Сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес,— деп жазды елші Пауыл,— Оған келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс”. Әрі қарай ол: “Нұх пайғамбар әлі де көзге көрінбеген топан су туралы ескертілгенде Құдайға сеніп, Оны терең қастерлегендіктен отбасын құтқару үшін кемесін жасап дайындады. Осы сенімімен ол дүниенің қиқарлығын әшкерелеп, сенім арқылы болатын ақталуға қолы жетті”,— деп қосты (Еврейлерге 11:6, 7).

11. Ехобаның бұрынғы уақытта адамдарды қалай қорғағанынан қандай сабақ аламыз?

11 Осы зұлым дүниенің соңы келгенде, аман қалу үшін оның жойылатынына сеніп қана қою жеткіліксіз. Ол үшін Құдайдың құтқару үшін қарастырған шараларын толығымен қолданып, сенімімізді көрсетуіміз қажет. Әрине, біз Құдай Ұлы Иса Мәсіхтің төлем құрбандығына сенім білдіруіміз керек (Жохан 3:16, 36). Алайда Топан судан Нұхтың кемесінің ішіндегілер ғана аман қалғанын есте ұстағанымыз жөн. Сол сияқты ежелгі Исраилдегі бас сауғалайтын қалалар байқамай кісі өлтіріп қойған адамға қашып келіп, діни қызметкер қайтыс болғанға дейін соның ішінде қалған жағдайда ғана қорғаныш болар еді (Руларды санау 35:11—32). Мұсаның күнінде Мысырға оныншы апат жіберілгенде, мысырлықтардың тұңғыштары өлді де, ал исраилдіктердікі аман қалған еді. Неге? Ехоба Мұсаға: “Олар [исраилдіктер] тоқтының [Құтқарылу күніне арналған] қанынан біраз алып, құрбандық асын ішейін деп отырған үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына жақсын... Мұнан кейін таң атқанша ешқайсың да сыртқа шықпаңдар!”— деп нұсқау берді (Мысырдан шығу 12:7, 22). Исраилдіктердің ешбір тұңғышының бұл нұсқауды бұзып, есік жақтаулары мен маңдайшасына қан жағылған үйден сыртқа шығуға дәті бармады.

12. Әрқайсымыз өзімізге қандай сұрақ қоюымыз керек және неліктен?

12 Олай болса, әрбірімізге өз жағдайымыз туралы жақсылап ойлауға себеп бар. Ехобаның рухани жағынан қорғау үшін қарастырған құрылымының ішіндеміз бе? Ауыр азап болғанда, осындай панада болғандардың жүзін қуаныш пен ризашылық жасы жуса, ал басқалардың көз жасы қайғы мен өкініштен көл болады.

Өзгерістер бізді дайындайды

13. а) Ұйымдастыру ісіндегі өзгерістердің арқасында неге қол жеткізілді? ә) Болған өзгерістердің кейбірін айтып беріңдер.

13 Ехоба өз ұйымының жердегі бөлігінде біртіндеп өзгерістер жасады. Осы өзгерістердің арқасында Құдайдың рухани жағынан қорғау үшін қарастырған құрылымы көркейіп, тұрақтанып, күшейді. 1870 жылдан 1932 жылға дейін ақсақалдар мен дьякондарды қауым мүшелері сайлады. Ал 1932 жылы қауым ақсақалдардың орнына тағайындалған қызмет жетекшісіне көмекші ретінде қызмет комитетін сайлайтын болды. 1938 жылы қауымның барлық қызметшілері теократиялық жолмен тағайындалатын болды. 1972 жылдан бері Ехоба Куәгерлерінің Басқарушы кеңесінің басшылығымен ақсақалдар мен қызмет көмекшілері теократиялық жолмен тағайындалатын болды. Келіп түскен ұсыныстар бойынша бауырластардың тағайындалғаны жөнінде қауымдар хаттар алады. Уақыт өте келе, Басқарушы кеңестің жүгі артып, кейін оны жеңілдету мақсатымен өзгерістер жасалды.

14. 1959 жылы қандай тәлім беру бағдарламасы іске қосылды?

14 1950 жылы Забур 44:17-ні мұқият қарастырудың нәтижесінде тәлім беру бағдарламасы іске қосылды. Ол тармақта былай делінген: “Сенің әкелеріңнің орнына енді балаларың болады; Сен оларды жер бетіне князьдар [әміршілер] етіп тағайындайсың”. Қауымдағы басшылықты қолға алып отырған ақсақалдар қазіргі және Һар-Магедоннан кейінгі теократиялық міндеттерін атқаруға үйренуде (Аян 16:14, 16). 1959 жылы Патшалық қызмет мектебі өз ісін бастады. Ол уақытта білім беру курсы бір айға созылып, негізінен, қауым қызметшілеріне (төрағалық бақылаушылар ол кезде солай аталатын) арналған еді. Ал қазір бұл мектептен барлық ақсақалдар мен қызмет көмекшілері тәлім алады. Бұл бауырластар болса, өз кезегінде, қауымдарындағы әрбір Ехоба Куәгеріне тәлім беруде басшылықты қолға алады. Осылайша бәріне рухани жағынан және Патшалық туралы ізгі хабарды жариялауда нәтижелі жариялаушы болуға көмек көрсетіледі (Марқа 13:10).

15. Қандай екі жолмен мәсіхшілер қауымының тазалығы сақталуда?

15 Мәсіхшілер қауымының мүшесі болғысы келетіндер белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс. Бүгінде ізгі хабарды келемеждеушілерге, Нұхтың кемесіне кіре алмаған келеке-мазақ етушілер сияқты, мәсіхшілер қауымында орын жоқ екені қисынды-ақ (Петірдің 2-хаты 3:3—7). Әсіресе 1952 жылдан бері Ехоба Куәгерлері қауымды таза сақтау үшін, күнәсына өкінбегендерді қауымнан шығару шарасын қолдап келеді. Ал күнәсына шын өкінгендерге, әрине, ‘түзу жолмен аяқтарын нық басып жүрулеріне’ сүйіспеншілікпен көмек көрсетілуде (Еврейлерге 12:12, 13; Нақыл сөздер 28:13; Ғалаттықтарға 6:1).

16. Ехобаның халқының рухани күйі қандай?

16 Ехобаның халқының рухани гүлденуі — күтпеген не кездейсоқ жайт емес. Ишая пайғамбар арқылы Ехоба: “Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар! Олар көтеріңкі көңілмен ән шырқаса, сендер қинала айқайлап, жаралы жүрекпен еңіреп жылайтын боласыңдар”,— деген болатын (Ишая 65:13, 14). Ехоба рухани мықты болып қалуымызға көмектесетін уақтылы әрі нәрлі рухани ас-сумен молынан қамтамасыз етіп келеді (Матай 24:45).

Құтқарылуға дайындал

17. Құтқарылуға дайындалуға бізге не көмектеседі?

17 Қазір әсіресе ‘өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайтын, сенушілердің жиналыстарына бармай қалмай, бір-бірімізді одан бетер жігерлендіретін’ уақыт (Еврейлерге 10:23—25). Ехоба Куәгерлерінің 98 000-нан астам қауымының бірімен тығыз байланыста болып, сондай-ақ белсенді болғанымыз құтқарылуға дайындалуға көмектеседі. ‘Жаңа адам’ болуға деген талпынысымызға және өзгелерге Ехобаның құтқару үшін қарастырған шарасын білуге көмектесуге шын жүректен тырысып жатқанымызға бір сенімдегілеріміз қолдау көрсетеді (Ефестіктерге 4:22—24; Қолостықтарға 3:9, 10; Тімотеге 1-хат 4:16).

18. Неге мәсіхшілер қауымымен тығыз байланыста болуды шештіңдер?

18 Шайтан мен оның зұлым дүниесі бізді азғырып, мәсіхшілер қауымынан алып кетуді көксейді. Алайда біз қауымның мүшесі болып қала аламыз және осы зұлым дүниенің соңы келгенде, құтқарыла аламыз. Олай болса, Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз бен оның сүйіспеншілікке толы шараларына деген ризашылығымыз Шайтанға қарсы тұру шешімімізге одан бетер берік болуға талпындырсын. Бүгінгі таңда көріп жатқан баталарымыз жайлы ой жүгірткеніміз шешімімізді нығайта түседі. Келесі мақалада сол баталардың кейбірін қарастырамыз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Қай жағынан біздің заманымыз Нұхтың заманына ұқсайды?

• Құтқарылу үшін қандай қасиет қажет?

• Ехобаның бізді қорғау үшін ұйымдастырған құрылымы қандай өзгерістердің арқасында күшейіп отыр?

• Жеке әрқайсысымыз қалай құтқарылуға дайындала аламыз?

[12-беттегі сурет]

Замандастары Нұхтың айтқандарына маңызды деп қараған жоқ

[13-беттегі сурет]

Құдайдың ескерту ретіндегі хабарына ден қоямыз ба?

[14-беттегі сурет]

Патшалық қызмет мектебінің мақсаты қандай?

[15-беттегі сурет]

Қазір мәсіхшілер қауымымен тығыз байланыста болатын уақыт

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу