Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.4. 8—12 бет.
  • “Әркім өз жүгін өзі көтереді”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Әркім өз жүгін өзі көтереді”
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Маңызды талап
  • Кіммен араласуымызға болады?
  • Жұмыс таңдағанда
  • “Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді”
  • Құдайдан келетін даналықты ізде
  • Нәтижесі үнемі жақсы бола ма?
  • Сенім танытып, дана шешім қабылдаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Қабылдаған шешімдерің Құдайға мадақ әкелсін
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қалай дұрыс шешім қабылдауға болады?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Жеке шешімдерді ақылмен қабылда
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.4. 8—12 бет.

“Әркім өз жүгін өзі көтереді”

“Әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз” (РИМДІКТЕРГЕ 14:12).

1. Үш еврей жігіті қандай жауапкершіліктен қорықпады?

БАБЫЛ. Үш жас еврей жігіті өлі не тірі қалатындарына әсер ететін шешім қабылдағалы тұр. Олар сол жердің заңын орындап алып мүсінге бас иер ме екен, әлде оған табынудан бас тартып, лапылдап жанып тұрған пешке лақтырылар ма екен? Шидрақ, Мишақ және Абденагоның өзге біреумен ақылдасып жатуға уақыттары болмады, тіпті олай ету қажет емес те еді. Ойланып жатпастан олар былай дейді: “Патша, сенің құдайларыңа және орнатқан алтын мүсініңе табынбайтынымыз саған мәлім болсын” (Даниял 3:1—18). Үш еврей жігіті қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілікті өз мойындарына алған еді.

2. Иса Мәсіхке қатысты шешімді, түптеп келгенде, Пилат үшін кім қабылдады және бұл Рим әміршісін жауапкершіліктен босатты ма?

2 Шамамен алты ғасыр өтті. Рим әміршісі бір ер кісіге тағылған айыптарды тыңдап отыр. Істі қарастыра келе, айыпталушының кінәратсыз екендігіне оның көзі жетеді. Алайда жиналған тобыр оны жазалауды талап етуде. Әмірші бұл талапқа қарсылық білдіруге тырысып, одан түк шықпаған соң, жауапкершіліктің жүгін өз мойнына артқысы келмей, қысымға беріледі. Қолын жуып жатып ол: “Мына (әділ) Адамның төгілетін қанына мен кінәлы емеспін”,— дейді. Сосын әлгі ер кісіні бөренеге шегелеуге рұқсатын береді. Иә, Понти Пилат Иса Мәсіхке қатысты шешім қабылдаудың жауапкершілігін өз мойнына алудың орнына басқалардың ол үшін шешім қабылдауына жол береді. Суға қолын қанша жуса да, ол Исаға шығарған әділетсіз үкімі үшін жауапты еді (Матай 27:11—26; Лұқа 23:13—25).

3. Не себепті басқалардың біз үшін шешім қабылдауына жол бермеуіміз керек?

3 Сен жөнінде не деуге болар еді? Шешім қабылдау керек болған кезде, үш еврей жігіті сияқты әрекет етесің бе, әлде басқалардың оны сен үшін қабылдауына жол бересің бе? Шешім қабылдау — оңай нәрсе емес. Дұрыс талғам жасау үшін адам кемеліне келіп, жетілген болу керек. Мәселен, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балалары үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырулары қажет. Әрине, мәселе күрделі болып, әр түрлі факторлар салмақтап-саралану керек болған кездерде, шешім қабылдау өте қиынға соғады. Алайда шешім қабылдау жауапкершілігі — рухани қабілеті барлардың оны біз үшін көтеруін қажет ететіндей тым ‘ауыр жүк’ емес (Ғалаттықтарға 6:1, 2). Керісінше, бұл жүкті өзіміз алып жүруіміз керек, өйткені “әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз” (Римдіктерге 14:12). Киелі кітапта бұған қатысты: “Әркім өз жүгін өзі көтереді”,— делінген (Ғалаттықтарға 6:5, ЖД). Олай болса өмірімізде дана шешімдерді қалай қабылдай аламыз? Ең алдымен, әлсіздіктеріміз бар екендігін мойындап, олардың орнын толтыру үшін не істеуге болатынын біліп алуымыз керек.

Маңызды талап

4. Алғашқы адам жұбының бойсұнбаушылығынан шешім қабылдауға қатысты не нәрсеге үйренеміз?

4 Адамзат тарихының басында ең алғашқы адам жұбы нәтижесі қайғылы болған шешім қабылдады. Олар жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін алып жеуді шешті (Жаратылыс 2:16, 17). Олардың осындай шешім қабылдауларына не нәрсе түрткі болды? ‘Әйел ағаштың қасына барып, жемісінің жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді’,— деп мәлімдейді Киелі кітап. Содан соң ол “...жемісті алып, жеді. Оны қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді” (Жаратылыс 3:6). Хауаның осындай талғам жасауына өзімшілдіктен туған қалауы түрткі болған еді. Оның бұл әрекеті Адамның да солай етуіне себепші болды. Нәтижесінде күнә мен өлім “адамдардың бәріне” тарады (Римдіктерге 5:12). Адам мен Хауаның бойсұнбаушылығынан адамдардың әлсіздіктеріне қатысты маңызды нәрсеге үйренеміз: егер адам Құдайдың басшылығын берік ұстанбаса, онда ол бұрыс шешімдер қабылдауға бейім болады.

5. Ехоба бізге қандай басшылық беріп отыр және оның пайдасын көруіміз үшін не істеуіміз керек?

5 Ехоба Құдай бізді басшылықсыз қалдырмағанына қаншалықты ризамыз десеңші! Жазбаларда былай делінген: “Егер оңға немесе солға бұрылып кетсеңдер құлақтарың: — Міне жол, сонымен жүріңдер,— деген арттарыңнан айтылған сөзді еститін болады” (Ишая 30:21). Ехоба бізге киелі рухының жетелеуімен жазылған Сөзі Киелі кітап арқылы сөйлейді. Біз Жазбаларды зерттеп, тура білім алуымыз керек. Дұрыс талғам жасауымыз үшін, кемеліне келгендерге арналған ‘қатты тағамды’ жеуіміз қажет. Біз сондай-ақ түйсіну қабілетімізді қолдану арқылы жақсы мен жаманды айыруға машықтандырамыз (Еврейлерге 5:14, ЖД). Ал оны машықтандыру үшін Құдай Сөзінен үйренгенімізді өмірімізде қолдануымыз керек.

6. Біздің ар-ұжданымыз өз қызметін дұрыс атқару үшін не істеу қажет?

6 Құдай дарытқан ар-ұжданымыз шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Ол дұрыс пен бұрысты айыра алады, сондықтан бізді ‘қаралайды немесе ақтайды’ (Римдіктерге 2:14, 15). Алайда ар-ұжданымыз өз қызметін дұрыс атқару үшін оны Құдай Сөзіне негіздеп тәрбиелеп, сондай-ақ сол Сөзді өмірде қолдану арқылы сезімтал ету керек. Ал олай болмаған жағдайда ар-ұжданға жергілікті әдет-ғұрыптардың әсер етіп кетуі оп-оңай. Айналамыздағы адамдар мен олардың пікірлері де бізді бұрыс жолға бағыттауы мүмкін. Ар-ұжданымыздың берген белгісін елемей, Құдайдың талаптарын бұза беретін болсақ, онымен не болмақ? Уақыт өте келе ол жауыр болып, “ыссы темірмен күйдірілгенде” пайда болатын тыртық іспетті сезімсіз әрі еш нәрсе әсер етпейтіндей болып кетеді (Тімотеге 1-хат 4:2, сілтемені қара). Ал егер ар-ұжданымыз Құдай сөзімен машықтандырылса, ол сенімді жол көрсетушіге айналады.

7. Дана шешім қабылдай алу үшін қойылатын маңызды талап қандай?

7 Олай болса, жауапкершіліктен қорықпай дана шешім қабылдау үшін қойылатын негізгі талап — Жазбалардан тура білім алып, оны өмірде қолдана білу. Талғам жасау керек болған кезде, асығып қандай да бір қорытындыға келе салудың орнына Киелі кітап принциптерін іздестіруге уақыт бөліп, оларды қолдану үшін ойлау қабілетімізді іске қосуымыз керек. Егер бізде Киелі кітаптағы тура білім бар болса және ар-ұжданымыз Құдай Сөзіне сай машықтандырылса, тіпті Шидрақ, Мишақ және Абденаго сияқты тез шешім қабылдау керек болған күнде де, біз бұған дайынбыз деуге болады. Осылайша жетіле беру үшін алға басқанымыз шешім қабылдай алу қабілетімізді қалайша шыңдай алатынын түсіну үшін өмірдің екі саласын қарастырайық.

Кіммен араласуымызға болады?

8, 9. а) Жаман ортадан аулақ болуымыз керектігі қандай принциптерден көрінеді? ә) Жаман адамдармен араласу дегеніміз өнегесіз адамдармен тікелей араласуды ғана білдіреді ме? Түсіндір.

8 ‘Алданып қалмаңдар!— деп жазды елші Пауыл.— Араммен араласқан жан адал әдетінен айырылады’ (Қорынттықтарға 1-хат 15:33). Иса Мәсіх шәкірттеріне: ‘Осы дүниелік емессіңдер’,— деген (Жохан 15:19). Осы принциптерді білгеніміз азғындар, неке адалдығын бұзушылар, ұрылар, маскүнемдер және сол сияқтылардан аулақ болуымыз керектігін түсінуімізге көмектеседі (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Алайда Киелі кітаптағы шындық туралы біліміміз тереңдей түскен сайын, мұндай адамдарды компьютерден, теледидардан не фильмдерден көру, я болмаса сондай адамдар туралы кітаптар оқу арқылы, былайша айтқанда, олармен бірге уақыт өткізу де қауіпті екенін түсінеміз. Интернеттегі әңгімелесу бөлмелерінде өздерінің кім екендіктерін жасыратын “залымдармен” араласу жөнінде де осылай деуге болады (Забур 25:4).

9 Құлықтылық жағынан таза, бірақ шынайы Құдайға сенбейтін адамдармен етене араласу жөнінде не деуге болады? Жазбаларда былай делінген: ‘Бүкіл дүниеге шайтан билігін жүргізіп отыр’ (Жоханның 1-хаты 5:19). Бұдан түсінетініміз: жаман ортаға өз қалауларының жетегінде жүретін не өнегесіз адамдар ғана жатпайды. Сондықтан да Ехобаны жақсы көретін адамдармен ғана тығыз достық қарым-қатынас дамытқанымыз жөн.

10. Осы дүниемен араласуға қатысты рухани толысқандарға тән шешімдер қабылдауға бізге не көмектеседі?

10 Осы дүниелік адамдармен мүлдем араласпай жүру мүмкін емес, олай ету талап етілмейді де (Жохан 17:15). Уағыздау қызметінде, мектепте, жұмыста да біз осы дүниелік адамдармен араласамыз. Өмірлік серігі мәсіхші емес бауырлас осы дүниемен басқаларға қарағанда көбірек байланыста болуына тура келетін шығар. Алайда түйсіну қабілетімізді қолдансақ, осы дүниемен ең қажет деген шектеулі ғана қатынаста болу мен онымен тығыз қарым-қатынас дамыту екі бөлек нәрсе екенін түсінеміз (Жақып 4:4). Сондықтан біз сабақтан тыс істермен, мысалы би не спортпен, айналысу немесе әріптестерімізбен отырыстар мен басқосуларға бару-бармау сияқты мәселелерде рухани толысқандарға тән шешімдер қабылдай аламыз.

Жұмыс таңдағанда

11. Жұмыс таңдағанда ең бірінші не нәрсе қарастырылуы керек?

11 Киелі кітап принциптерін толысқан адам ретінде қолданғанымыз ‘үй ішінің қамын ойлауға’ қатысты міндетімізді орындай алуымыз үшін дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі (Тімотеге 1-хат 5:8). Бірінші қарастыратын нәрсе — жұмыстың түрі, нақтырақ айтсақ, жұмыста бізден не істеу талап етілетіндігі. Киелі кітап тікелей айыптайтын нәрселерді қолдайтын жұмыс түрін таңдау дұрыс емес екендігі анық. Сондықтан да шынайы мәсіхшілер жалған тәңірлерге табыну, ұрлық, қанды дұрыс қолданбау не Киелі кітапқа қайшы келетін басқа да істермен байланысы бар жұмысқа орналаспайды. Сондай-ақ біз тіпті бастығымыз талап етсе де, өтірікке не алдауға бармаймыз (Елшілердің істері 15:29; Аян 21:8).

12, 13. Жұмысқа қатысты шешім қабылдағанда, жұмыстың түрінен басқа қандай маңызды жайттар ескерілу керек?

12 Ал егер жұмыстың өзі Құдайдың принциптеріне тікелей қайшы келмейтін болса ше? Біздің шындық туралы біліміміз тереңдеп, түйсіну қабілетіміз жақсара түскен сайын, қарастыруды қажет ететін басқа да жайттарды ескеретін боламыз. Егер жұмысымыздың құмар ойындар ойналатын жерде телефонға жауап беру сияқты Киелі кітап айыптайтын іспен байланысы бар болса ше? Бұндай жағдайда кірістің келер көзі мен жұмыс орнының қай жерде екендігі ескерілуі керек. Мәселен, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Куәгер мәсіхшілер әлемінің шіркеулерін төлемақыға сырлап беруді ұсынып, жалған дінге қолдау көрсетер ме еді? (Қорынттықтарға 2-хат 6:14—16)

13 Ал егер бастығымыз жалған ғибадат орнын безендіру үшін біреумен келісімшартқа отырса ше? Мұндайда жағдайды қаншалықты өзгерте аламыз және оған қаншалықты қатысуымызға болады деген сияқты мәселелерді қарастырып көруіміз керек. Барлық қоғамдық ұйымдарға, оның ішінде бұрыс әрекеттермен айналысатын мекемелерге де, пошта жеткізу сияқты принциптерге қайшы келмейтін жұмыс жөнінде не деуге болар еді? Бұл жағдайда Матай 5:45-тегі принципке сүйенуіміз керек емес пе? Айта кететін тағы бір жайт — сол жұмыста ұзақ істеуіміз ар-ұжданымызға қалай әсер етуі мүмкін екендігі (Еврейлерге 13:18). Расында да, жұмысқа қатысты рухани толысқандарға тән шешім қабылдау жауапкершілігінің жүгін көтеру үшін, түйсіну қабілетімізді шыңдап, Құдай дарытқан ар-ұжданымызды машықтандыруымыз қажет.

“Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді”

14. Шешім қабылдау керек болған жағдайда, не нәрсені қарастырғанымыз жөн?

14 Осы дүниелік білім алуға ұмтылу және белгілі бір медициналық емді қабылдау не одан бас тарту сияқты мәселелерге қатысты шешім қабылдау жөнінде не деуге болады? Кез келген шешім қабылдар кезде, сол жағдайға қатысты Киелі кітап принциптерін айқындап алып, оларды қолдану үшін ойлау қабілетімізді іске қосуымыз керек. Ежелгі Исраилде билік еткен дана патша Сүлеймен: “Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе”,— деген болатын. Иә, “бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда ол тура жолмен жетелер” (Нақыл сөздер 3:5, 6).

15. Бірінші ғасырдағы мәсіхшілерден шешім қабылдауға қатысты не нәрсеге үйрене аламыз?

15 Біздің талғамдарымыз жиі басқаларға әсер етіп жататындығын ескеруіміз керек. Мысалы, бірінші ғасырдағы мәсіхшілерге Мұса заңындағы тағамға қатысты қойылған шектеулерді бұдан былай ұстанудың қажеті жоқ еді. Енді олар Заң бойынша таза емес деп есептелетін, ал басқа жағдайда ешкімде күмән тудырмайтын тамақтарды жеуге ерікті болатын. Бірақ елші Пауыл жалған тәңір ғибадатханасымен байланысы болуы мүмкін малдың еті туралы былай деп жазған: ‘Егер жейтін тамағым бауырласымды күнәға батырса, оны күнәдан сақтау үшін мен бұдан былай ешқашан да етті жемейтін боламын’ (Қорынттықтарға 1-хат 8:11—13). Осылайша ертедегі мәсіхшілер басқалардың сенімдеріне нұқсан келтірмеу үшін, олардың ар-ұждандарын ескеруге талпындырылған. Біздің қабылдаған шешіміміздің кесірінен ешкімнің ‘сеніміне нұқсан келмеу’ керек (Қорынттықтарға 1-хат 10:29, 32).

Құдайдан келетін даналықты ізде

16. Шешім қабылдағанда дұға бізге қалай көмектесе алады?

16 Шешім қабылдауда дұға құнды көмек болып табылады. “Егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар,— деп жазды шәкірт Жақып,— Құдайдан сұраңдар, Ол береді де; Тәңіріміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады” (Жақып 1:5). Иә, Ехобаға дұға айтып, дұрыс шешім қабылдау үшін даналық сұрасақ болады. Шынайы Құдайға уайымымызды айтып, одан басшылық іздеген кезде, киелі рух біз қарастырып жатқан Жазба орындарын жақсырақ түсінуге және елеусіз қалғандарына көңіл аударуымызға көмектеседі.

17. Басқалар бізге шешім қабылдауға қалай көмектесе алады?

17 Басқалар бізге шешім қабылдауға көмектесе ала ма? Иә, Ехоба қауымдарда рухани толысқан мәсіхшілердің болуы үшін қам жасаған (Ефестіктерге 4:11, 12). Біз олардан кеңес сұрай аламыз, әсіресе күрделі шешім қабылдаған кезде, оларға жолыққанымыз дұрыс. Рухани түсініктері мен өмірлік тәжірибелері мол осы бауырластар біздің назарымызды Киелі кітаптың басқа да принциптеріне аударуы мүмкін, ал олар шешімдерімізге әсер етіп, ‘ненің ізгілікті екенін ажырата білуімізге’ көмектеседі (Філіпіліктерге 1:9, 10). Алайда ескеруіміз керек бір нәрсе бар: басқалардың біз үшін шешім қабылдауына жол бермей, жауапкершілік жүгін өзіміз көтеруге тиіспіз.

Нәтижесі үнемі жақсы бола ма?

18. Дұрыс шешімнің нәтижесі жөнінде не деуге болады?

18 Киелі кітап принциптеріне толығымен негізделген және ар-ұжданмен санасып қабылданған шешімдердің нәтижесі үнемі жақсы бола ма? Иә, түбінде солай болады. Алайда кейбір жағдайда шешіміміздің нәтижесі әуелгі кезде біз қалағандай болмауы мүмкін. Шидрақ, Мишақ пен Абденаго алып мүсінге табынбауды шешкенде, оның арты өлімге алып келетінін білген болатын (Даниял 3:16—19). Сол сияқты елшілер яһуди жоғарғы кеңесінің алдында адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керектігін айтқанда, босатылмас бұрын оларға дүре соғылады (Елшілердің істері 5:27—29, 40). Сонымен қатар кез келген шешіміміздің нәтижесіне ‘уақыт пен кездейсоқтық’ кері әсер етуі мүмкін (Екклесиаст 9:11). Ал дұрыс шешім қабылдап, бірақ бәрібір қандай да бір жапа шексек, Ехоба бізге сол жағдайға төзуге көмектесіп, ақырында батасын беретіндігіне сенімді болсақ болады (Қорынттықтарға 2-хат 4:7).

19. Шешім қабылдаудың жауапкершілік жүгін қалайша өзіміз батылдықпен көтере аламыз?

19 Сонымен шешім қабылдар кезде, Киелі кітап принциптерін іздестіріп, оларды қолдану үшін ойлау қабілетімізді іске қосуымыз керек. Ехобаның өзінің киелі рухы және қауымдағы рухани толысқан мәсіхшілер арқылы көмектесетініне қалайша ризамыз десеңші! Осындай басшылық пен біз үшін жасалған басқа да шаралардың арқасында дана шешімдер қабылдаудың жауапкершілік жүгін батылдықпен өзіміз көтерелік!

Не үйреніңдер?

• Дұрыс шешім қабылдау үшін қойылатын басты талап қандай?

• Рухани толыса түскеніміз араласатын орта таңдауымызға қалай әсер етеді?

• Жұмысқа қатысты шешім қабылдағанда, қандай маңызды факторларды қарастыруымыз керек?

• Шешім қабылдағанда қандай көмекке жүгіне аламыз?

[9-беттегі сурет]

Адам мен Хауаның бойсұнбаушылығы біз үшін сабақ болу керек

[10-беттегі сурет]

Маңызды шешім қабылдамас бұрын, Киелі кітап принциптерін іздестір

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу