Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w06 1.2. 3—4 бет.
  • Ақша және құлықтылық. Тарихтан алатын сабақ

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақша және құлықтылық. Тарихтан алатын сабақ
  • 2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Тепе-теңдік сақтаудың қиындығы
  • Ізденіс жалғасуда
  • Нағыз байлық Құдайдың жаңа дүниесінде
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w06 1.2. 3—4 бет.

Ақша және құлықтылық. Тарихтан алатын сабақ

АНГЛИЯДАН шыққан төрт жүзге жуық адам 1630 жылдың 7 сәуірінде төрт кемеге мініп Америкаға жол тартты. Олардың арасында көптеген білімді адамдар болған, сондай-ақ іскер адамдар, тіпті парламент мүшелері де бар болатын. 1618 жылдан 1648 жылға дейін созылған отыз жылдық соғыстың салдарынан Англияның экономикасы қатты құлдырап кеткен еді. Сондықтан тәуекелге бел буған бұл адамдар өздерінің үйлерін, жұмыстарын және туыстарын тастап, жақсы өмір іздеп шыққан болатын.

Бірақ бұл жай ғана пайдакүнем саудагерлер емес еді. Бұл діни қуғын-сүргіннен бас сауғалап қашқан пуритандар болатынa. Олардың мақсаттары өздері және ұрпақтары үшін Киелі кітапқа сәйкес құлықтылықты ұстанатын әрі бақуат өмір сүретін қауымдастық құру еді. Олар Массачусетстегі Салем деген жерге келген соң, көп ұзамай теңіз жағалауындағы кішігірім жерді иеленіп, қоныс тебеді де, ол жерді Бостон деп атайды.

Тепе-теңдік сақтаудың қиындығы

Джон Уйнтроп өзі басқарған пуритандардың жеке алғанда да, топ ретінде де молшылықта өмір сүрулері үшін бар күшін салды. Ол олардың бақуат тұрғандарын, сондай-ақ Киелі кітап принциптерін ұстанғандарын қалады. Бірақ бұл үшін тепе-теңдік сақтау керек болды. Сол себепті қиыншылықтардың алдын алуға тырысып, Уйнтроп қарамағындағы адамдарға Құдайға ұнамды қоғамда ақшаның қандай қызмет атқаратынын жақсылап түсіндіріп берді.

Пуритандардың басқа жетекшілері сияқты Уинтроп та байлыққа талпынуда тұрған жаман ештеңе жоқ деп ойлады. Ол байлықтың басты мақсаты басқаларға көмектесу екеніне және адам неғұрлым бай болса, соғұрлым басқаларға көбірек көмектесе алатынына сенімді болған. Патрисия О’Тул есімді тарихшы былай дейді: “Байлық жинау пуритандар үшін ең маңызды нәрселердің бірі болды. Бір жағынан бұл Құдайдың батасы болса, екінші жағынан олар үшін оп-оңай менмен болып кету... және тән құмарлықтарына беріліп кету қаупі туды”.

Байлық пен молшылықтан бастау алатын күнәға жол бермеу үшін Уйнтроп сабырлылық пен ұстамдылыққа шақырды. Алайда көп ұзамай ойларындағы іспен айналысқылары келген пуритандар оның Құдайды ұмытпауға және өзара сүйіспеншілік көрсетуге күштеп көндіргісі келген әрекетін жақтырмайтындарын білдіре бастады. Олар Уйнтроптың әрекетін жеке өмірлеріне қол сұғу деп қабылдап, қарсылық көрсете бастады. Кейбіреулер шешімді бір емес, бірнеше адам келісіп қабылдау керек деді. Басқалары болса өз мүдделерін көздеп, көрші жатқан Коннектикутқа кетіп қалды.

О’Тул былай дейді: “Жаңа мүмкіндіктер, өркендеу және демократия — осылардың бәрі Массачусетстегі пуритандардың өміріне күшті әсер етті және оларды өз мүдделері үшін Уйнтроптың арманын құрбан етуге итермеледі”. Тақыр кедейлікке ұшыраған Уйнтроп 1649 жылы 61 жасында көз жұмды. Бұл күйрегелі тұрған топ көптеген қиындықтарға қарамастан, аман қалғанымен, Уйнтроп арманына сол күйі жете алмай кетті.

Ізденіс жалғасуда

Жақсы дүние — Джон Уйнтроптың ғана арманы емес. Жыл сайын мыңдаған адамдар жақсы өмір іздеп, Африкадан, Оңтүстік-шығыс Азиядан, Шығыс Еуропадан және Латын Америкасынан дамыған елдерге кетіп жатады. Олардың кейбіреулеріне байлыққа қол жеткізудің “сыры” жөніндегі жыл санап көбейіп келе жатқан кітаптар, лекциялар және веб-сайттар қатты әсер еткен. Иә, әлі де көп адам құлықтылық нормаларын да ұстанып, ақшаға да ие болғысы келеді.

Шындығын айтқанда, мұның нәтижесі қайғылы болады. Баюға тырысатын адамдар жиі өздері ұстанатын принциптерді, кейде тіпті Құдайға деген сенімдерін байлықтың жолында құрбан етеді. Сондықтан орынды түрде келесідей сұрақ туындауы мүмкін: “Адамның Киелі кітап принциптерін ұстана жүріп, бай болуы мүмкін бе? Материалдық жағынан да, рухани жағынан да өркендеген қоғам орнайтын кез келе ме?” Келесі мақалада Киелі кітаптың осы сұрақтарға қалай жауап беретіні көрсетілген.

[Сілтеме]

a Пуритандар деп XVI ғасырда Рим католик шіркеуінің ықпалынан толық арылғысы келген англикан шіркеуіндегі протестанттарды атаған.

[3-беттегі түпдерек]

Boats: The Complete Encyclopedia of Illustration/J. G. Heck; Winthrop: Brown Brothers

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу