Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.11. 12—17 бет.
  • Тәкаппар болып кетуден сақтан

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Тәкаппар болып кетуден сақтан
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехоба тәкаппарларға қарсы шара қолданады
  • “Жүрегің тәкаппарланып кетті”
  • Тәкаппарлықтан сақтан
  • Сен Шайтанға қарсы тұрып, жеңе аласың!
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.11. 12—17 бет.

Тәкаппар болып кетуден сақтан

“Құдай тәкаппарларға қарсы тұрады” (ЖАҚЫП 4:6).

1. Мақтаныш сезімі орынды болатын мысал келтіріңдер.

ҚАНДАЙ да бір жайттан кеудең мақтанышқа толған кез болды ма? Көпшілігімізде осындай жағымды сезім болған. Белгілі бір шамада мақтаныш сезінуде тұрған ештеңе жоқ. Мысалы, бір мәсіхші ата-ана қыздарының мектептегі үлгілі тәртібі мен ынталы еңбегі жайлы мақтау сөздерді оқығанда, қыздарына дән риза болып, жүздері жайнап сала берді. Елші Пауыл мен оның серіктері де өздері негізін қаласқан жаңа қауымды мақтаныш еткен. Өйткені ондағы бауырластар қудалауға адалдықпен төтеп берген еді (Салониқалықтарға 1-хат 1:1, 6; 2:19, 20; Салониқалықтарға 2-хат 1:1, 4).

2. Мақтаныш сезімі неге әдетте орынсыз болады?

2 Алдыңғы мысалдардан мақтаныш сезімі адамның істелген қандай да бір іске не қол жеткізген нәрсесіне риза болып, қуануын білдіруі мүмкін екенін көруге болады. Алайда мақтаныш әдетте адамның өзіне дұрыс баға бермеуін, яғни қандай да бір қабілеті, яки келбеті, байлығы не дәрежесі үшін өзін өзгелерден артық санайтынын көрсетеді. Ол көбінесе адамның кеудесін жоғары көтеріп, өзін тәкаппар ұстағанынан байқалады. Біз мәсіхшілер ретінде дәл осындай мақтаныш сезіміне жол бермеуіміз керек. Неге? Өйткені бізде түп атамыз Адамнан мұра еткен өзімшілдікке деген бейімділік бар (Жаратылыс 8:21). Сондықтан жүрегіміз тез алданып, орынсыз нәрселерге мақтанып кетуіміз мүмкін. Мысалы, мәсіхшілер нәсілін, байлығын, білімін, табиғи қабілетін немесе жұмысты қаншалықты жақсы істейтінін мақтан тұтпауы керек. Себебі бұл орынсыз әрі Ехобаға мүлдем ұнамайды (Еремия 9:23; Елшілердің істері 10:34, 35; Қорынттықтарға 1-хат 4:7; Ғалаттықтарға 5:26; 6:3, 4).

3. Тәкаппарлық деген не және Иса ол туралы не айтты?

3 Орынсыз нәрсені мақтан етуден аулақ болудың тағы бір себебі бар. Егер оның жүрегімізде дамып-жетілуіне жол берсек, онда ол мақтаныш сезімінің тәкаппарлық деген сорақы түріне айналады. Ал тәкаппарлық деген не? Тәкаппар адам өзін өзгеден артықпын деп сезініп, өзінен кіші деп есептейтін адамына менсінбей қарайды (Лұқа 18:9; Жохан 7:47—49). Иса ‘тәкаппарлықты’ “адамды арамдайтын” және ‘оның жүрегінен шығатын’ басқа да жаман қасиеттердің қатарына жатқызған (Марқа 7:20—23). Мәсіхшілер тәкаппар болып кетуден сақтанудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

4. Киелі кітаптағы тәкаппар адамдардың мысалдарын қарастырғанымыз бізге қалай көмектесе алады?

4 Тәкаппарлықтан сақ болуға саған Киелі кітаптағы тәкаппар адамдардың мысалдарын қарастырғаның көмектесе алады. Сонда бойыңда пайда болған, яки уақыт өте келе, дамып-жетілуі мүмкін орынсыз мақтаныш сезімін байқай алатын боласың. Ал бұл тәкаппар етіп жіберуі мүмкін ойлар мен сезімдерге жол бермеуіңе көмектеседі. Осының нәтижесінде Ехоба өзінің келесі ескертуіне сай әрекет еткенде, саған ешбір зиян келмейді: “Сонда сенің атағыңды мақтан тұтып менменсігендерді араңнан жоқ қылам, енді қайтып Менің киелі тауымда өзіңді жоғары көтермейтін боласың” (Софония 3:11).

Ехоба тәкаппарларға қарсы шара қолданады

5, 6. Қалай перғауын тәкаппарлық көрсетті және мұның нәтижесі қандай болды?

5 Ехобаның тәкаппарлыққа деген көзқарасын перғауын сияқты күшті билеушілерге не істегенінен де көруге болады. Перғауынның тәкаппар болғандығында сөз жоқ. Өзін құдаймын деп есептеген ол құлдарын, яғни исраилдіктерді менсінбей, жек көрген. Ехобаға арнап ‘мейрам өткізу’ үшін исраилдіктерді айдалаға жіберуін сұрағанда, ол: “Мен айтқанын тыңдап, исраилдіктерді жіберетіндей “Жаратқан Ие” [“Ехоба”, ЖД] кім?”— деп тәкаппарлана жауап қатты (Мысырдан шығу 5:1, 2).

6 Алты жазадан кейін Ехоба Мұса арқылы Мысыр билеушісіне былай деді: “Әлі де халқыма қарсы шығып [“менмендікпен қарсыласып”, ЖД], оларды жібермей келесің” (Мысырдан шығу 9:17). Кейін Мұса жетінші жаза, яғни жерді астан-кестен ететін бұршақ жауатыны, туралы хабарлады. Оныншы жазадан соң исраилдіктер босатылады, бірақ перғауын қайтадан ойын өзгертіп, олардың соңынан қуады. Ақырында, перғауын мен оның әскері Қызыл теңізде үлкен тұзаққа түсіп, су астында қалады. Үстеріне су төніп келе жатқанда, олар не ойлады екен?! Перғауынның тәкаппарлығы неге әкеп соқты? Оның ең таңдаулы деген жауынгерлері: “Исраилдіктерден қашып құтылайық, олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!”— деді (Мысырдан шығу 14:25).

7. Бабылдың билеушілері қалай тәкаппарлық көрсетті?

7 Ехоба басқа да тәкаппар билеушілерді масқара еткен. Солардың бірі — Ассур патшасы Сеннахирим (Ишая 36:1—4, 20; 37:36—38). Түбінде Ассур бабылдықтардан жеңіледі. Бірақ Бабылдың да тәкаппар екі патшасы масқара болады. Бірде Балтасар патша той тойлап, ақсүйек қонақтарымен бірге Ехобаның ғибадатханасынан әкелінген ыдыстармен шарап ішіп отырып Бабылдың құдайларын дәріптейді. Сол кезде кенеттен адам қолы пайда болып, саусақтарымен қабырғаға жаза бастайды. Даниял пайғамбар бұл құпия жазуды түсіндіріп беруді сұраған Балтасардың есіне салып былай дейді: ‘Әкең Набуходоносорға Құдіретті Құдай патшалықты берді... Бірақ оның жүрегі тәкаппарланып кеткенде, патшалық тағынан құлатылып, өзінің атақ-даңқынан айырылды... Ал сен, оның ұлы Балтасар, осының бәрін біле тұра, кішіреймедің’ (Даниял 5:3, 18, 20, 22). Сол күні түнде Медо-Парсы әскері Бабылды жаулап алады да, Балтасар өлтіріледі (Даниял 5:30, 31).

8. Ехоба басқа да тәкаппар адамдарға не істеген?

8 Ехобаның халқын жек көріп, менсінбей қараған басқа да тәкаппар адамдар жайлы, мысалы, філістірлік алып Ғолият, Парсы патшалығының бас қызметкері Аман және Яһудея аймағына билік еткен патша Ирод Агриппа жайлы, ойлап көрші. Олар тәкаппар болғаны үшін Ехобаның қолынан масқара болып өлді (Патшалықтар 1-жазба 17:42—51; Естер 3:5, 6; 7:10; Елшілердің істері 12:1—3, 21—23). Ехобаның оларға істегені мына сөздердің шындық екенін растайды: “Менмендік — күйреудің басы, Асқақтық — құлаудың алды” (Нақыл сөздер 16:18). Расында да, ‘Құдайдың тәкаппарларға қарсы тұратынына’ еш күмән жоқ (Жақып 4:6).

9. Тир патшалары қалай сатқындық жасады?

9 Мысырдың, Ассур мен Бабылдың тәкаппар билеушілеріне қарағанда, бір кездері Тир патшасы Құдай халқына жақсылық істеген. Ол Дәуіт пен Сүлеймен патшаның тұсында патша ғимараттары мен Құдайдың ғибадатханасын салу үшін шебер ұсталар мен керекті заттарды берген (Патшалықтар 2-жазба 5:11; Шежірелер 2-жазба 2:11—16). Өкінішке орай, уақыт өте келе, Тир патшалары Ехобаның халқына қарсы шығады. Неге олар бұлай етті? (Забур 82:4—8; Жоел 3:4—6; Амос 1:9, 10)

“Жүрегің тәкаппарланып кетті”

10, 11. а) Тир патшаларына кімді теңеп тұрған болуы мүмкін? ә) Неге Тир патшаларының Исраилге деген көзқарасы өзгеріп кетті?

10 Ехоба Езекиел пайғамбар арқылы Тирдің патша әулетін әшкерелеп, айыптаған. “Тир патшасына” айтылған хабардағы кейбір сөздер Тирдің патша әулетін де, ‘ақиқат жағында тұрмаған’ о бастағы сатқын Шайтанды да орынды түрде суреттейді (Езекиел 28:12; Жохан 8:44). Бір уақыттары Шайтан Ехобаның көктегі ұлдарынан тұратын ұйымындағы адал рухани жаратылыстардың бірі еді. Ехоба Құдай Езекиел арқылы Тирдің патша әулеті мен Шайтанның кемшілігінің негізгі себебін көрсетіп, былай деді:

11 “Сен Едемде, Құдайдың бағында, болдың; киімдерің әр түрлі асыл тастармен безендірілген еді. Сен қорғау үшін майланған керуб едің... Жаратылған күннен бастап, заңсыздық табылғанға дейін, өз жолыңда мінсіз едің. Саудаң кеңейе түскендіктен, ішің жалғандыққа толды, сөйтіп, сен күнәға баттың. Мен сені... құлаттым, қорғаушы керуб... Сұлулығыңнан жүрегің тәкаппарланып кетті, атаққұмарлығың сенің даналығыңды құртты” (Езекиел 28:13—17). Тир патшаларын Ехобаның халқына қарсы шығуға итермелеген тәкаппарлық еді. Тир аса бай сауда орталығына айналып, керемет өнімдерімен әйгілі болды (Ишая 23:8, 9). Тир патшалары өздері жайлы тым көп ойлай бастағандықтан, Құдай халқына жәбір көрсете бастады.

12. Шайтанның опасыздық жасауына не себеп болды және ол не істеуді жалғастырды?

12 Сол сияқты Шайтанға айналған рухани жаратылыста бір кездері Құдайдың кез келген тапсырмасын орындауға жететін даналық бар еді. Осыған риза болудың орнына, ол “мақтаныштан кеудесін көтеріп”, Құдайдың басқару жолына менсінбей қарай бастады (Тімотеге 1-хат 3:6). Оның өзі туралы тым көп ойлай бастағаны сонша, Адам мен Хауаның өзіне ғибадат еткенін көксей бастады. Бұл арам құмарлығы күшейе түсті де, соңында күнәға әкеп соқты (Жақып 1:14, 15). Шайтан Хауаны Құдай жеуге тиым салған жалғыз ағаштың жемісін жеуге азғырды. Кейін Хауаны пайдаланып, Адамның да сол жемісті жеуіне түрткі болды (Жаратылыс 3:1—6). Осылайша алғашқы адам жұбы Құдайдың өздеріне билік ету құқын мойындамай, Шайтанға ғибадат ететін болды. Шайтанның тәкаппарлығының шегі жоқ. Ол көктегі және жердегі барлық саналы жаратылысты, Исаны да, Құдайдың билігінен бас тартқызып, өзіне ғибадат еткізуге азғыру үшін әрекеттер жасады (Матай 4:8—10; Аян 12:3, 4, 9).

13. Тәкаппарлықтың жемісі қандай болып отыр?

13 Осылайша тәкаппарлық алғаш рет Шайтанның бойында пайда болғанын көреміз, әрі бұл қазіргі дүниедегі күнәнің, қайғы-қасірет пен зұлымдықтың негізгі себебі болып отыр. Осы күнәкар дүниенің “тәңірі” ретінде Шайтан орынсыз мақтаныш сезімі мен тәкаппарлыққа әлі де ықпал етіп келеді (Қорынттықтарға 2-хат 4:4). Ол өз уақытының аз қалғанын біледі, сондықтан шынайы мәсіхшілерге қарсы күресуде. Оның мақсаты — оларды Құдайдан алып кетіп, өзімшіл, мақтаншақ және тәкаппар ету. Киелі кітапта осы “соңғы дәуірде” өзімшілдіктің кең тарайтыны алдын ала айтылған (Тімотеге 2-хат 3:1, 2; Аян 12:12, 17).

14. Ехоба саналы жаратылыстарына қатысты қандай ережеге сай әрекет етеді?

14 Иса Мәсіх Шайтанның тәкаппарлығының жаман жемісін батылдықпен әшкерелеген. Ол, кем дегенде, үш жағдайда, өзін әділміз деп есептейтін жауларының көзінше, Ехобаның адамзатқа қатысты қалай әрекет ететінін көрсететін ереже орнатты: “Өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады” (Лұқа 14:11; 18:14; Матай 23:12).

Тәкаппарлықтан сақтан

15, 16. Ажардың тәкаппарланып кетуіне не себеп болды?

15 Жоғарыда келтірілген тәкаппарлық жайындағы мысалдар әйгілі адамдар туралы екенін байқаған шығарсың. Бұл қарапайым адамдар тәкаппарланып кетпейді дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ. Ыбырайымның үйінде болған бір оқиғаны қарастырайықшы. Рубасы Ыбырайымның мұрагер болатын ұлы жоқ еді, ал әйелі Сара бала көтеретін жастан асып кеткен. Ол кезде Ыбырайымның жағдайындағы кісі екінші әйел алып, бала сүюіне болатын дәстүр бар еді. Ехоба бұған жол берді, өйткені шынайы ғибадат етушілер арасындағы некеге қатысты о бастағы нормасын қайтадан күшіне ендіретін уақыты әлі келмеген еді (Матай 19:3—9).

16 Болашақ мұрагер дүниеге келу үшін, Ыбырайым Сараның айтқанына көніп, мысырлық Ажарды екінші әйелі етіп алады. Көп ұзамай Ажар жүкті болады. Ол осындай мәртебеге ие болғанына дән риза болуы керек еді. Мұның орнына жүрегінің тәкаппарланып кетуіне жол берді. Киелі кітапта: “Мұнысын [бойына бала біткенін] білген күң қожайын әйеліне менсінбей қарай бастады”,— делінген. Мұндай көзқарастың Ыбырайымның үй ішінде дау-жанжал туғызғаны сонша, Сара Ажарды қуып жібереді. Бірақ бұл қиындық көп ұзамай шешіледі. Құдайдың періштесі Ажарға: “Сен қожайын әйеліңе қайтып бар, оның айтқанына көн!”— деп кеңес береді (Жаратылыс 16:4, 9). Ажар бұл кеңеске құлақ асып, Сараға деген көзқарасын өзгерткенге ұқсайды, себебі ол көптің анасы болады.

17, 18. Неге бәріміз де тәкаппарлықтан сақтануымыз керек?

17 Ажармен болған оқиға егер әлдекімнің жағдайы жақсара қалса, тәкаппарланып кетуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұдан алатын сабақ — тіпті Құдайға таза жүрекпен қызмет етіп жүрген мәсіхші байлыққа не билікке қол жеткізгенде, тәкаппарланып кетуі мүмкін. Сондай-ақ мұндай көзқарас өзгелер оны жетістігі, даналығы не қабілеті үшін мақтайтын болса да дамуы мүмкін. Олай болса, мәсіхші тәкаппарланып кетпеу үшін қырағы болу керек. Бұл әсіресе жетістіктерге қолы жетіп, яки көбірек жауапкершілік алған жағдайда маңызды.

18 Тәкаппарлықтан аулақ болудың ең келелі себебі — Құдайдың бұған қалай қарайтындығы. Оның Сөзінде: “Көз тәкаппарлығы, жүректің асқақтығы, Бәрі де күнә — зұлымның қылықтары”,— делінген (Нақыл сөздер 21:4). Бір қызығы, Киелі кітап әсіресе ‘осы дүниелік мал-мүлікке бай’ мәсіхшілерге “менмен”, немесе тәкаппар, болмауды ескертеді (Тімотеге 1-хат 6:17; Заңды қайталау 8:11—17). Ал бай емес мәсіхшілер болса ‘қызғаныштан’ аулақ болулары керек, сонымен қатар кез келген адамның, байдың да, кедейдің де, тәкаппарланып кетуі мүмкін екенін есте ұстаулары керек (Марқа 7:21—23; Жақып 4:5).

19. Ұзиях қалайша өз атына кір келтіріп алды?

19 Басқа жаман қасиеттер сияқты тәкаппарлық та Ехобамен жақсы қарым-қатынасымызды бұзуы мүмкін. Мысалы, Ұзиях патшаның билігінің бірінші жартысын алайықшы. “[Ол] әділ істер жасап, онысына Жаратқан Ие оң көзімен қарады... Құдайға бағынып, Оның еркін сұрап, орындап жүрді де, Тәңірдің жарылқауына кенеліп, табысқа жетті” (Шежірелер 2-жазба 26:4, 5). Алайда, өкінішке орай, Ұзиях патша “кеудесін көтеріп, менменсінуді шығарды” да, өз атына кір келтіріп алды. Ол өзі туралы тым көп ойлай бастағаны соншалық, хош иісті заттарды түтету үшін ғибадатханаға кіріп кетті. Діни қызметкерлер мұндай өзімшіл әрекетті жасамау керектігін ескерткенде, Ұзиях оларға “қатты ашуланды”. Нәтижесінде, Ехоба оның денесіне алапес қаптатты. Содан ол Құдайдың шапағатына ие болмай, өліп кетті (Шежірелер 2-жазба 26:16—21).

20. а) Қалай Езекия патша өз атына кір келтіре жаздады? ә) Келесі мақалада не қарастырылады?

20 Мұны Езекия патшаның мысалымен салыстырып көруге болады. Бір жолы патша өзінің жақсы атына кір келтіре жаздады, өйткені ол “өркөкіректеніп” кеткен болатын. Бірақ, бақытқа орай, Езекия өзінің ‘өркөкіректігіне өкініп’, нәтижесінде қайтадан Құдайдың шапағатына ие болады (Шежірелер 2-жазба 32:25, 26). Езекияның тәкаппарлығының емі кішіпейілділік болғанын байқашы. Иә, кішіпейілділік — тәкаппарлыққа қарама-қарсы қасиет. Ал келесі мақалада қалайша мәсіхшілерге тән кішіпейілділікті дамытуға және оны жоғалтып алмауға болатынын қарастырамыз.

21. Кішіпейіл мәсіхшілер нені асыға күтеді?

21 Олай болса, тәкаппарлықтың беретін барлық жаман жемісін ұмытпайық. ‘Құдай тәкаппарларға қарсы тұратындықтан’, орынсыз мақтаныш сезіміне жол бермеу шешімімізге берік болайық. Кішіпейіл мәсіхші болуға талпынып жатқандықтан, біз тәкаппар адамдар мен олардың істерінің жемісін жер бетінен құртатын Құдайдың ұлы күнінен аман қалуды асыға күтеміз. “Сол күні адамның өркөкіректігі басылып, пенденің менмендігіне шек қойылып, жалғыз Тәңір Иенің ғана мерейі үстем болады” (Ишая 2:17).

Ой жүгіртуге арналған сұрақтар

• Тәкаппар адамды қалай сипаттар едіңдер?

• Тәкаппарлық қайдан бастау алды?

• Адамның тәкаппар болып кетуіне не себеп болуы мүмкін?

• Неге тәкаппарлықтан сақтануымыз керек?

[13-беттегі сурет]

Перғауынның тәкаппарлығы масқара болуына әкеп соқты

[14-беттегі сурет]

Ажар мәртебесі өскенде, тәкаппар болып кетті

[15-беттегі сурет]

Езекия өзін кішірейтіп, қайтадан Ехобаның шапағатына ие болды

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу