Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.12. 3-б.—7-б., 3-абз.
  • Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘ИЕРИХОН ЖАЗЫҚТАРЫНДА’
  • (Ешуа 1:1—5:15)
  • ЖАУЛАП АЛУ ЖАЛҒАСУДА
  • (Ешуа 6:1—12:24)
  • ЕШУАНЫҢ СОҢҒЫ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУЫ
  • (Ешуа 13:1—24:33)
  • ‘Сөздің бірі де бекер болған жоқ’
  • Исраил халқының Қанахан жеріне кіруі
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ол әрқашан уәделерін орындайды
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ешуа. Мазмұны
    Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
  • Күннің тоқтап тұруы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.12. 3-б.—7-б., 3-абз.

Ехобаның сөзі тірі

Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары

МОАБ жазықтарында б. з. б. 1473 жылы қоныстанған исраилдіктер: “Жол азықтарыңды дайындап алыңдар, себебі үш күннен соң, әкелеріңнің Құдайы Тәңір Ие сендерге мұра етіп беріп отырған жерді иелену үшін Иорданның арғы жағына өтесіңдер”,— деген сөздерді естігенде, қатты қуанған болу керек (Ешуа 1:11). Олардың қырық жыл бойы шөл даланы кезулері аяқталды.

Жиырма жылдан сәл аса, Исраилдің көсемі Ешуа Қанахан жерінің ортасында тұрып, исраилдіктердің ақсақалдарына: “Міне, мен сендерге қалған халықты, Иорданнан күн батысқа қарай ұлы теңізге дейін өзім көзін жойған барлық халықты руларыңның меншігіне жеребе бойынша бөліп бердім. Тәңір Иелерің сендерге айтқандай, жерлерін иелікке алуларың үшін оларды сендерден өзі қуып шығады және көз алдарыңда жояды”,— деп жариялады (Ешуа 23:4, 5).

Ешуа б. з. б. 1450 жылы жазып, өз есімімен атаған осы кітапта 22 жылда болған қызықты тарихи оқиғалар жазылған. Уәде етілген жаңа дүниенің табалдырығында тұрғандықтан, біздің жағдайымыз кезінде Уәде етілген жерді иемденуге дайын тұрған исраилдіктердің жағдайына ұқсас. Сондықтан бар ынтамызбен Ешуа кітабына көңіл қояйық (Еврейлерге 4:12).

‘ИЕРИХОН ЖАЗЫҚТАРЫНДА’

(Ешуа 1:1—5:15)

Ехоба Ешуаға: “Құлым Мұса қайтыс болды; сондықтан тұр, мына Иорданнан өзің де, бүкіл халық та өтіп, Мен оларға, исраил ұлдарына, беретін жерге бар”,— деп, маңызды тапсырма береді (Ешуа 1:2). Ешуа бірнеше миллион халықты Уәде етілген жерге алып кіру керек. Алдымен, ол Иерихонға, бірінші жаулап алатын қалаға, екі барлаушыны жібереді. Ол қалада Ехобаның өз халқы үшін жасаған құдіретті істері туралы естіген жезөкше әйел Рахаб тұратын. Ол екі барлаушыны құтқарып қалып, көмектеседі де, олар әйелдің өмірін сақтап қалуға уәде беріп кетеді.

Барлаушылар оралғанда Ешуа мен халық жолға шығып, Иорданды кесіп өтуге дайын болатын. Өзен арнасынан шығып, тасып жатса да, бұл оларға кедергі бола алмайды, себебі Ехоба өзеннің жоғарғы жағындағы суын тоқтатып қояды да, ол дуал тәрізді тұрып қалады, ал төменгі жағы Өлі теңізге ағып кетеді. Иорданнан өткен соң, исраилдіктер Иерихонның жанындағы Ғылғалға қос тігеді. Төрт күн өте, абиб айының 14 күнінің кешінде олар Иерихонның жазығында Құтқарылу мейрамын тойлайды (Ешуа 5:10). Ертеңіне олар сол жердің өнімдерін жей бастайды да, Ехоба оларға манна беруін тоқтатады. Осы уақытта Ешуа шөл далада туылған ер адамдардың бәрін сүндеттелу рәсімінен өткізеді.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

2:4, 5 — Неге Рахаб барлаушыларды іздеп жүрген патшаның адамдарын алдап жіберді? Рахаб өз басын өлімге тіге отырып, барлаушыларды құтқарып қалды, себебі ол Ехобаға сенім білдіре бастаған. Сондықтан ол барлаушылардың қайда жасырынғанын Құдайдың халқына зұлымдық істегелі жүрген адамдарға айтуға міндетті емес еді (Матай 7:6; 21:23—27; Жохан 7:3—10). Оның үстіне, Рахаб патшаның адамдарына бұрыс бағыт көрсетіп жібергенін қоса алғанда, “істерінің арқасында әділ деп жарияланды” (Жақып 2:24—26, ЖД).

5:14, 15 — “Тәңір Иенің әскерінің көсемі” деген кім? Уәде етілген жерді жаулап алу басталғанда Ешуаны жігерлендіруге келген көсем адам болып туылғанға дейінгі Иса Мәсіхтің, яғни “Сөздің”, өзі болуы мүмкін (Жохан 1:1; Даниял 10:13). Бүгін даңқты Иса Мәсіхтің рухани соғысқа қатысып жүрген Құдай халқымен бірге екенін білу сондай нығайтады!

Біз үшін сабақ:

1:7—9. Рухани істерімізде жетістіктерге жету үшін Киелі кітапты күнделікті оқу, ондағы айтылғандар туралы ой жүгірту және білгендерімізді іс жүзінде қолдануымыз керек.

1:11. Ешуа Құдайдың қамтамасыз етуін күтіп, қарап отырмай, халыққа жол азықтарын дайындауды бұйырған. Исаның қажетті нәрселерді ойлап, уайымға салынбауды ескертуі мен “көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді” деп уәде етуі өзімізді асырау үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ дегенді білдірмейді (Матай 6:25, 33).

2:​4—13. Ехобаның құдіретті әрекеттерін естіп, уақыттың тығыз екенін түсінген Рахаб Ехобаның халқының жағына шығуды шешеді. Киелі кітапты зерттеп жүргенімізге біраз уақыт болса және “соңғы дәуірде” өмір сүріп жатқанымызға көзіміз жеткен болса, Құдайға қызмет етуді бастағанымыз дұрыс болмас па еді? (2 Тімоте 3:1).

3:15. Иерихонға жіберілген барлаушылар жақсы хабар әкелгенде, Ешуа Иорданның суының тартылуын күтпестен, тез арада әрекет етті. Сол сияқты шынайы ғибадатқа келгенде, қолайлырақ жағдайдың тууын күтіп отырмай, батыл әрекет етуіміз керек.

4:4—8, 20—24. Иорданнан алынған он екі тас Исраил үшін ескерткіш ретінде қалған. Ехобаның бүгінде өз халқын жауларынан құтқаруы да, оның өз халқымен бірге екенін еске салып отырады.

ЖАУЛАП АЛУ ЖАЛҒАСУДА

(Ешуа 6:1—12:24)

Иерихон қаласы “қақпаларын жауып алды... одан ешкім шыққан жоқ, ешкім кірген де жоқ” (Ешуа 6:1). Қаланы қалай алуға болар еді? Ехоба Ешуаға жаулап алу тәсілін айтады. Көп ұзамай дуалдар құлап, қала талқандалады. Рахаб пен оның үй іші ғана аман қалады.

Келесі жаулап алатындары патша отыратын қала Ай еді. Оған жіберілген барлаушылар қаланың тұрғындары азғантай екенін, сондықтан оны басып алу үшін көп әскердің қажет емес екенін айтып келеді. Алайда қалаға жіберілген 3000 адам Айдың тұрғындарынан жеңіліп, қаша жөнеледі. Неге? Себебі Ехоба исраилдіктермен бірге емес. Яһуда руынан шыққан Ахан Иерихонға шабуыл жасағанда, күнә жасаған еді. Жағдай түзелген соң, Ешуа тағы да Айға шабуыл жасайды. Исраилдіктерді бір рет жеңіп, дәмеленіп қалған Ай қаласының патшасы олармен соғысуға құлшынып-ақ тұр. Бірақ Ешуа Ай әскерінің осы сенімділігін пайдаланып, тәсіл қолданады да, қаланы алады.

Гибеон — үлкен қала, ол “Айдан да үлкен және оның тұрғындарының бәрі ержүрек адамдар” (Ешуа 10:2). Сөйтсе де, Исраилдің Иерихон мен Айды алғанын естіген соң, Гибеон тұрғындары қулық жасап, Ешуамен бейбіт келісімге қол жеткізеді. Басқа халықтар мұны өздеріне төнген қауіп ретінде көреді. Бес патша қолдарын біріктіріп, Гибеонға шабуыл жасайды. Исраил гибеондықтарды құтқарып алады да, жауларының күл талқанын шығарады. Исраил Ешуаның басқаруымен оңтүстіктегі және батыстағы қалаларды басып алады, сонымен қатар солтүстіктегі бас қосқан патшаларды талқандайды. Иорданның оңтүстігіндегі исраилдіктер жаулап алған патшалардың жалпы саны отыз бірге жетеді.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

10:13 — Мұндай құбылыс қалайша болуы мүмкін? Аспан мен жердің негізін қалаушы “Жаратқан Ие орындай алмайтындай іс бар ма?” (Жаратылыс 18:14). Қаласа, Ехоба жердің қозғалысына әсер етіп, жер бетінен бақылаған адамға күн мен ай қозғалыссыз тұрғандай болып көрінетіндей ете алады. Немесе ол жер мен айдың қозғалысына әсер етпей, күн мен ай сәулелерінің сынуын пайдаланып, осы аспан шырақтары бір орында тұрып-ақ жарық түсіріп тұрғандай әсер қалдыра алады. Қалай болған жағдайда да, адамзат тарихында “бұған дейін де, бұдан кейін де... мұндай күн болған емес” (Ешуа 10:14).

10:13 — “Яшардың кітабы”, немесе “Әділдің кітабы”, деген не? Бұл кітап туралы “Садақ жыры” деп аталатын ән айтылған 2 Патшалықтар 1:18-ден (сілтемені қара) де оқуға болады. Онда Исраил патшасы Саул мен оның ұлы Жонатанға айтылған жоқтау айтылады. Бұл кітап тарихи жырлар мен өлеңдер жинағы болған болуы мүмкін, әрі еврейлерге жақсы таныс болса керек.

Біз үшін сабақ:

6:25; 9:22, 23. Иерихон жойылған кезде айтқан Ешуаның қарғысы шамамен 500 жыл өткен соң орындалды (3 Патшалықтар 16:34). Нұхтың өз немересі Қанаханға айтқан қарғысы гибеондықтар қара жұмысшыларға айналғанда орындалды (Жаратылыс 9:25, 26). Ехобаның сөзі ешқашан орындалмай қалмайды.

7:​20—25. Кейбіреулер Аханның ұрлығын ауыр күнә емес деп ақтауы ықтимал. Олар оның әрекеті басқаларға зиян тигізген жоқ деп түсіндіруі мүмкін. Мұндай адамдар ұрлық пен Киелі кітаптың заңдарын бұзуға да осылай қараулары мүмкін. Бірақ біз заңға қайшы немесе азғын әрекеттер жасауға Ешуа сияқты үзілді-кесілді қарсы тұруымыз керек.

9:15, 26, 27. Біз жасаған келісімімізді бұзбауымыз керек және берген сөзімізде тұруымыз керек.

ЕШУАНЫҢ СОҢҒЫ МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУЫ

(Ешуа 13:1—24:33)

Енді жасы келген, шамамен 90-ға таяған, Ешуа жер бөлуді бастайды. Қандай қиын іс! Рубен, Ғад және Манаса руының жартысы өздерінің үлестерін Иорданның шығыс жағынан алып қойған болатын. Қалған руларға жеребе тастау арқылы өзеннің батыс жағынан жер бөлінуде.

Киелі шатыр Ефрем руының жерінде Шилоның жанына қойылды. Халеп Хебронға, ал Ешуа Тимнат-сера қаласына ие болды. Леуіліктерге бас сауғалайтын 6 қаланы қоса алғанда 48 қала берілді. Рубен, Ғад және Манаса руының жартысынан шыққан жауынгерлер Иорданның шығыс жағындағы иеліктеріне қайтып бара жатып, “үлкен етіп” құрбандық шалатын орын жасайды (Ешуа 22:10). Иорданның батыс жағындағы рулар мұны жолдан таюшылық екен деп түсініп, рулардың арасында соғыс басталып кете жаздайды, бірақ ашық пікір алысудың арқасында қан төгілмей қалады.

Ешуа біраз уақыт Тимнат-серада болған соң, Исраил ақсақалдарын, рубасыларын, билері мен әулет басшыларын жинап алып, оларды батыл болуға және Ехобаға адал болып қалуға шақырды. Кейін Ешуа бүкіл Исраил руларын Сихемге жинайды. Бұл жерде ол Ехобаның Ыбырайымның уақытынан бері жасаған істерін айтып шығады және халықты тағы да ‘Тәңір Иеден қорқып, оған таза көңілден және шын жүректен қызмет етуді’ өсиет етеді. Халық: “Тәңір Иемізге қызмет етеміз, оның айтқандарын тыңдайтын боламыз”,— деп жауап береді (Ешуа 24:14, 15, 24). Бұдан кейін Ешуа 110 жасқа келіп, қайтыс болады.

Киелі кітапқа негізделген сұрақтардың жауаптары:

13:1 — Мұндағы сөздер Ешуа 11:23-тегі сөздерге қарама-қайшы емес пе? Жоқ, себебі Уәде етілген жерді жаулап алу екі бөліктен тұрады: біріншісі Қанахан жерінің 31 патшасын талқандаудың арқасында қанахандықтарды күшінен айыру болса, екіншісі ру болып және жеке адамдардың күшімен жерді толық иемденіп алу (Ешуа 17:14—18; 18:3). Исраил ұлдары қанахандықтарды толығымен қуып шықпағанымен, олардың қалғаны Исраил үшін қауіпті емес еді (Ешуа 16:10; 17:12). Ешуа 21:44-те: “Тәңір Ие оларға жан-жақтан тыныштық берді”,— деп жазылған.

24:2 — Ыбырайымның әкесі Тарахтың пұтқа табынушы болған ба? Басында Тарах Ехоба Құдайға қызмет етпеген. Ол Урдағы кеңінен танымал Син есімді ай құдайына табынған болу керек. Яһудилердің ел аузынан қалған әңгімесі бойынша, ол тіпті мүсіндерін жасаушы болған екен. Алайда Ыбырайым Құдайдың бұйрығы бойынша Урдан көшкенде, Тарах онымен бірге Харанға көшкен (Жаратылыс 11:31).

Біз үшін сабақ:

14:10—13. Жасы 85-ке келсе де, Халеп өзіне Хебронның аймағын тазартуға қатысты ауыр тапсырма беруін өтінген. Бұл аймақта ерекше денелі келген адамдар, Анак ұлдары, тұратын. Бірақ Ехобаның көмегімен осы тәжірибелі сарбаз жеңіп шығады да, Хеброн бас сауғалайтын қалаға айналады (Ешуа 15:13—19; 21:11—13). Халептің үлгісінен біз қиын теократиялық жауапкершіліктер алудан қорықпауға үйренеміз.

22:9—12, 21—33. Басқалар туралы жаман ойлаудан сақ болуымыз керек.

‘Сөздің бірі де бекер болған жоқ’

Жасы келген Ешуа Исраилдегі жауапкершілік артылған адамдарға: ‘Тәңір Құдайларың сендерге айтқан ізгі сөзінің бірі де бекер болған жоқ; бәрі айтқанындай болды’,— деп айтады (Ешуа 23:14). Ешуа кітабындағы тарихи оқиғалар бұның растығын анық көрсетеді!

Елші Пауыл: “Киелі жазбалардағылардың бәрі бізге тәлім болсын деп баяғыда жазылып қалдырылды. Керемет болашағымыздан үмітімізді үзбеу үшін олар арқылы табандылық пен жігерлілікке үйренеміз”,— деп жазған (Римдіктерге 15:4). Біз Құдайдың уәделеріне артқан үмітіміздің бекер болмайтынына сенімді бола аламыз. Оның уәделері бекер болмайды; бәрі де айтқанындай болады.

[7-беттегі карта]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

Ешуаның басшылығымен жер жаулап алынды

БАШАН

ҒАЛАҚАД

АРАБА

НЕГЕВ

Иордан өзені

Тұз теңізі

Ябок өз. аңғ.

Арнон өз. аңғ.

Хазор

Мадон

Сарон

Шимрон

Жокниам

Дор

Мегіддо

Кедеш

Танақ

Хефер

Тирза

Әфек

Таппуах

Бетел

Ай

Ғылғал

Иерихон

Гезер

Иерусалим

Маккеда

Жармұт

Адоллам

Либна

Лахиш

Еглон

Хеброн

Дебир

Арад

[5-беттегі сурет]

Рахабтың неге әділ деп жарияланғанын білесіңдер ме?

[7-беттегі сурет]

Ешуа Исраилді ‘Тәңір Иеден қорқып, оған қызмет етуге’ шақырды

[6-беттегі сурет]

Аханның ұрлығы жеңіл-желпі заң бұзушылық болмаған: оның нәтижесі өте ауыр болды

[6-беттегі сурет]

Исраилдіктер Тәңірге сенгендіктен, Иерихон қамалдары құлап түсті (Еврейлерге 11:30)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу