Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • bm 8-тар., 11-б.
  • Исраил халқының Қанахан жеріне кіруі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исраил халқының Қанахан жеріне кіруі
  • Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • Ұқсас мәлімет
  • Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ол “істері арқылы... әділ деп жарияланды
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Рахабтың тыңшыларды жасыруы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Рахаб Ехобаға сенді
    Кел, балақай, оқиық!
Көбірек мәлімет
Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
bm 8-тар., 11-б.
Керней тартқан діни қызметкерлер мен атой салған Ешуа

8-ТАРАУ

Исраил халқының Қанахан жеріне кіруі

Ешуаның қолбасшылығымен исраилдіктер Қанаханды басып алды. Ехоба билерді тағайындап, исраилдіктерді көрші халықтардан құтқарып отырды.

ҒАСЫРЛАР бұрын Ехоба Ыбырайымның ұрпақтарына Қанахан жерін иелікке беруді уәде еткен болатын. Енді осы уәденің орындалатын кезі келіп жетті.

Қанахан жерін мекендеген халықтар қантөгіс пен азғындыққа белшесінен батқан еді. Сондықтан Ехоба исраилдіктерге олардың қалаларын толығымен жоюды бұйырды.

Қанахан жеріне басып кірмес бұрын, Ешуа екі барлаушыны жіберді. Олар Иерихон қаласында тұратын Рахаб деген әйелдің үйіне барды. Исраилдіктер екендіктерін біле тұра, Рахаб барлаушыларға зор көмек көрсетті. Ол Ехобаның исраилдіктерге жар болып жүргенін естіген болатын, сондықтан оның шынайы Құдай екеніне сенді. Ол барлаушылардан өзін және бүкіл отбасын тірі қалдыруды өтінді.

Содан көп ұзамай исраилдіктер Қанахан жеріне аяқ басып, Иерихонға таяп келді. Ехоба керемет жасап, қала қабырғалары құлады да, Ешуаның әскері ішке лап берді. Олар Рахаб пен оның үй-ішіндегілерінен басқасының бәрін қырып салды. Небәрі алты жылдың ішінде Ешуа Уәде етілген жердің басым бөлігін жаулап алды. Кейінірек сол жерлер Исраил руларына бөлініп берілді.

Қанахан жерінің картасы [11-беттегі карта]

Құдайға жылдар бойы қызмет етіп келген Ешуа өлерінің алдында бүкіл халықты жинады. Ол Ехобаның осы уақытқа дейінгі жасаған бар жақсылығын айтып, халықты оған адал болып қалуға шақырды. Алайда Ешуа мен өзге ақсақалдар дүние салғаннан кейін, исраилдіктер жалған құдайларға құлшылық ете бастады. Олар шамамен 300 жыл бойы Ехобаның заңдарын дұрыс ұстанбай жүрді. Сол кездері Ехоба исраилдіктерді філістірлерден және басқа да халықтардан қорғамады. Тек олар көмек сұрап жалбарынған кездері билерді тағайындап, құтқарып отырды. Исраилде бас-аяғы 12 би болды.

Отниел билердің алғашқысы, ал Самсон есімді ең мықты адам соңғысы болатын. Билер кітабында жазылған әсерлі оқиғалардан келесі бұлтартпас шындықты көруге болады: Ехобаға мойынсұнғандар оның батасына ие болады, ал тілазарлық танытқандар жапа шегеді.

Ешуа, Билер кітаптарына және Леуіліктер 18:24, 25 негізделген.

  • Неге Ехоба Рахаб пен оның отбасын аман алып қалды?

  • Ешуа дүние салғаннан кейін исраилдіктермен не болды?

  • Билер кітабынан қандай бұлтартпас шындықты көруге болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу