Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.12. 17—22 бет.
  • Жүректі сынайтын Құдай Ехобаны іздеңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жүректі сынайтын Құдай Ехобаны іздеңдер
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың Исраилді сынауы
  • Исраилдің құлдырауы
  • Біздің күндеріміздегі ұқсастықтар
  • “Жақсылықты сүйіңдер”
  • Ехобаның жауапқа тартуы
  • Рухани аштыққа қарамастан өркендеу
  • Құдай Сөзін батылдықпен айтыңдар
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Пайғамбарлардан үлгі алыңдар. Амос
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ехоба зұлымдарға шығарған үкімін жүзеге асырады
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жоел және Амос кітаптарындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.12. 17—22 бет.

Жүректі сынайтын Құдай Ехобаны іздеңдер

“Мені іздеңдер, сонда тірі жүресіңдер” (АМОС 5:4).

1, 2. Жазбалардағы Ехоба адамның “жүрегіне қарайды” деген сөздер нені білдіреді?

ЕХОБА ҚҰДАЙ Самуил пайғамбарға: “Пенде адамның тек бет-әлпетіне қараса, Жаратқан Ие жүрегіне қарайды”,— деген (1 Патшалықтар 16:7, сілтемеге қараңдар). Қалай Ехоба адамның “жүрегіне қарайды”?

2 Киелі жазбаларда, әдетте, жүрек деп адамның ішкі болмысын: қалауларын, ойы мен сезімдерін және ішкі күйін білдіреді. Сондықтан Киелі кітап Құдай жүрекке қарайды дегенде, Ол адамның сыртқы көрінісінен әрірек ішкі болмысын көреді дегенді білдіреді.

Құдайдың Исраилді сынауы

3, 4. Амос 6:4—6 дейінгі тармақтарға сәйкес, он рулы Исраил патшалығында жағдай қандай болған?

3 Амостың күндерінде жүректі сынайтын Құдай он рулы Исраил патшалығына қарағанда не көрді? Амос 6:4—6 дейінгі тармақтарда ‘піл сүйегінен жасалған төсекте жатып, жұмсақ төсекте керілген’ адамдар туралы айтылған. Олар ‘отардағы ең жақсы қой мен семіз торпақтарды жеген, “жетігеннің сазына қосылып ән салып”, ‘шарапты тостағаннан ішкен’.

4 Бір қарағанда, бұл көрініс көз қызықтырарлықтай болып көрінуі мүмкін. Байлар өздерінің сән-салтанатты керемет үйлерінде ең жақсы тамақ пен сусындар ішіп, керемет музыкалық аспап әуенінен ләззат алған. Олардың сондай-ақ ‘піл сүйегінен жасалған төсектері’ болған. Археологтар Исраил патшалығының астанасы Самариядан піл сүйегінен жасалған көптеген түрлі ою-өрнекпен нақышталған бұйымдарды тапқан (3 Патшалықтар 10:22). Олардың көпшілігімен жиһаздарды, тіпті қабырғаларды безендірсе керек.

5. Неге Құдай Амостың күніндегі исраилдіктерге наразы болған?

5 Ехоба исраилдіктердің керемет тамақтар жеп, жақсы шараптар ішіп және әдемі әуен тыңдап, өмірдің рақатын көргендеріне қарсы болды ма? Әрине, жоқ! Адамға игіліктердің бәрін молынан сыйлайтын — оның өзі ғой (1 Тімотеге 6:17). Құдайдың жанына батқаны адамдардың бұрыс нәрсені қалаулары, жүректерінің зұлымдығы және Құдай мен қандастары исраилдіктерге деген сүйіспеншіліктерінің жоқтығы еді.

6. Амостың күндерінде Исраилдің рухани күйі қандай болған?

6 Исраилдіктер ‘жұмсақ төсекте керілген, отардағы ең жақсы қойды жеген, шарапты тостағаннан ішкен және жетігеннің сазына қосылып ән салған’, бірақ болашақта не күтіп тұрғанын ойламаған да. Олар ‘апат күнін алыс деп ойлаған’. Олардың Исраилдегі жағдайға іштері ашулары керек еді, бірақ ‘Жүсіптің басына түскен мүшкіл халге жүректері ауырмаған’ (Амос 6:3—6). Халықтың экономикалық жағдайы өркендеп жатқанына қарамастан, Құдай Жүсіптің, немесе Исраилдің, рухани халінің мүшкіл екенін көрген. Алайда халық алаңсыз күнделікті тірліктерімен айналыса берген. Бүгінде көп адамдардың күйі осындай. Олар қиын уақытта өмір сүріп жатқанымызбен келісетін де шығар, бірақ мұндай қиындық өз бастарына түспейінше, оларды өзгелердің қиын жағдайы ойландырмайды және рухани нәрселер мүлдем қызықтырмайды.

Исраилдің құлдырауы

7. Құдайдың ескертулеріне құлақ салмайтын болса, Исраил халқымен не болмақ?

7 Амос кітабында өркендеп жатқандай көрінгенімен, құлдырап бара жатқан ел суреттеледі. Олар Құдайдың ескертулеріне құлақ салып, көзқарастарын өзгертпесе, Ехоба оларды жауларының қолына береді. Ассириялықтар келіп, оларды піл сүйегінен жасалған әсем төсектерінен сүйреп шығарып, құл етеді. Рақат өмір аяқталады!

8. Қалайша Исраил рухани құлдырап кетті?

8 Исраил мұндай аянышты күйге қалай түсіп қалды? Бәрі де б. з. б. 997 жылы Сүлейменнің орнына оның ұлы Рохабоғам отырып, Яһуда мен Бунямин руларынан он рулы Исраил бөлініп кетуінен басталған болатын. Он рулы Исраил патшалығының бірінші патшасы “Набат ұлы” Еробоғам I болды (3 Патшалықтар 11:26). Еробоғам өз қарамағындағы халықты Ехобаға ғибадат ету үшін сонау Иерусалимге бару тым қиынға соғады деп сендірді. Бірақ, шындығында, Еробоғам халқының қамын жеп уайымдаған жоқ еді. Ол өз қара басының қамын ойлаған (3 Патшалықтар 12:26). Еробоғам егер исраилдіктер бұдан былай да Ехобаны даңқтайтын мейрамдарға қатысу үшін жыл сайын Иерусалимдегі ғибадатханаға баратын болса, ақыр соңында олар қайтадан Яһуданың жағына шығады деп қорықты. Бұған жол бермеу үшін Еробоғам екі алтын жас бұқа кейпіндегі мүсінді жасап, оның біреуін Дан қаласына, ал екіншісін Бетелге қойды. Осылайша бұзауға табыну Исраилдің мемлекеттік дініне айналған (2 Шежірелер 11:13—15).

9, 10. а) Еробоғам I патша қандай діни мейрамдарды ендірді? ә) Еробоғам II тұсындағы Исраилде өткізілген мейрамдарға Құдай қалай қараған?

9 Еробоғам жаңадан ендірілген бұл ғибадатты беделді етіп көрсеткісі келді. Ол кей нәрселері Иерусалимде өтетін мейрамдарға ұқсас мейрамдар ұйымдастырды. 3 Патшалықтар 12:32-ден былай деп оқимыз: “Еробоғам сегізінші айдың он бесінші күнін Яһудадағы мейрам сияқты мереке күні етіп белгілеп, Бетелдегі құрбандық шалатын орында құрбандықтар әкелді”.

10 Ехоба мұндай жалған діни мейрамдарды ешқашан қоштаған емес. Ол ғасырдан аса уақыт өте, шамамен б. з. б. 844 жылы он рулы Исраилдің патшасы болған Еробоғам II тұсында Амос арқылы бұған қатысты өзінің ойын нақты айтқан болатын (Амос 1:1). Амос 5:21—24 дейінгі тармақтарда Құдай былай дейді: “Жек көрем, сендердің мейрамдарыңды қабыл алмаймын және салтанатты жиналыстар кезіндегі құрбандықтарыңды иіскемеймін. Маған құрбандық пен астықтан сый-тартулар ұсынсаңдар да, оларды қабыл алмаймын және бордақыланған бұқалардан әкелген ризашылық құрбандықтарыңа қарамаймын. Әндеріңнің үнін естіртпе, өйткені жетігендеріңнің дыбысын тыңдамаймын. Әділеттік судай ағып, шындық тасқын судай болсын!”

Біздің күндеріміздегі ұқсастықтар

11, 12. Ежелгі Исраил мен христиан әлемінің ғибадат етуінде қандай ұқсастықтар бар?

11 Ехобаның исраилдіктердің жүректерін тексергені айдан анық және ол олардың мейрамдары мен құрбандықтарын қабыл алмаған. Бүгінгі таңда да ол христиан әлемі тойлайтын Мәсіхтің туған күні мен Пасха сияқты жалған діни мейрамдарын қабыл алмайды. Ехобаның халқы үшін әділдік пен заңсыздықтың, жарық пен түнектің арасында ортақ нәрсе болуы мүмкін емес (2 Қорынттықтарға 6:14—16).

12 Христиан әлемі мен жас бұқа мүсініне табынған исраилдіктердің ғибадат етулерінде өзге де ұқсастықтар бар. Өздерін мәсіхшіміз деп атайтын кейбір адамдар Құдай Сөзіндегі шындықты мойындағанымен, жалпы христиан әлемінің ғибадатында Құдайға деген шынайы сүйіспеншілік жоқ. Христиан әлемі Ехобаны жақсы көрген болса, оған “рухында және шындықпен” сиынатын еді, өйткені Құдайға осындай ғибадат қана ұнамды (Жохан 4:24, сілтемені қараңдар). Оның үстіне, христиан әлемінде ‘әділеттік судай ағып, шындық тасқын судай’ болып жатқан жоқ. Мұның орнына Құдайдың өнегелік нормалары үнемі назардан тыс қалып жатады. Ол азғындық пен басқа да ауыр күнәларға жол беріп отыр, тіпті бір жыныстылардың некеге тұруларын да қолдайтынын айтсаңшы!

“Жақсылықты сүйіңдер”

13. Неге біз Амос 5:15-тегі сөздерге құлақ асуымыз керек?

13 Ехобаға ұнамды түрде ғибадат еткісі келетіндердің бәріне ол былай дейді: “Зұлымдықты жек көріп, жақсылықты сүйіңдер” (Амос 5:15). Сүйіспеншілік пен жек көрушілік — бейнелі жүректен шығатын күшті сезімдер. Жүрек алдампаз, сондықтан оны сақтау үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек (Нақыл сөздер 4:23; Еремия 17:9). Жүрегімізге жаман ниеттердің ұялауына жол берер болсақ, зұлымдықты жақсы көріп, жақсылықты жек көріп кетуіміз мүмкін. Егерде қалауымыздың дегеніне көніп, күнә жасай берсек, қызметте қанша құлшыныс танытқанымызбен, Құдайдың ықыласына ие бола алмаймыз. Сондықтан ‘зұлымдықты жек көріп, жақсылықты сүюге’ көмектесуін сұрап, Құдайға дұға етейік.

14, 15. а) Исраилде кімдер жақсылық істеген, бірақ халық оларға қалай қараған? ә) Біз бүгінгі толық уақытты қызметшілерді қалай жігерлендіре аламыз?

14 Исраилдіктердің бәрі бірдей Ехобаның көз алдында зұлымдық жасаған жоқ. Мысалы, Ошия және Амостың өзі ‘жақсылықты сүйген’ және Құдайдың пайғамбарлары ретінде адал қызмет атқарған. Өзгелері назир антын берген. Назир антын бергендер жүзімнен жасалған өнімдерді жемейтін, әсіресе шарапты ішпейтін (Руларды санау 6:1—4). Өзге исраилдіктер олардың мұндай жанқиярлық қызметтеріне қалай қараған? Бұл сұрақтың жаныңды түршіктіретін жауабы елдің рухани күйінің қаншалықты бүлінгенін көрсетеді. Амос 2:12-де былай делінген: “Сендер назир антын бергендерге шарап іштіріп, пайғамбарларға: — Пайғамбарлық етпеңдер,— деп бұйырдыңдар”.

15 Назир антын бергендер мен пайғамбарлардың үлгілері исраилдіктерді ұялтып, ниеттерін өзгертуге талпындыру керек еді. Бұлай етудің орнына, олар адал қызметшілерді жек көріп, оларға Құдайды даңқтауға кедергі жасауға тырысты. Ешқашан ізашар, миссионер, аралаушы бақылаушы және Бетел отбасының мүшелері ретінде қызмет етіп жүрген бауырластарымыздың толық уақытты қызметтерін тоқтатып, былайша айтқандағы “жұрт сияқты” өмір сүруге көндіруге тырыспайық. Қайта, олардың керемет істерін әрі қарай да атқара берулеріне талпындырайық!

16. Неге Амостың күндеріне қарағанда Мұсаның күндерінде исраилдіктер рухани бай болған?

16 Исраилдіктердің көбісі Амостың күндерінде бақуат тұрғанымен, “Құдаймен қатынасында бай” емес еді (Лұқа 12:13—21). Олардың ата-бабалары айдалада 40 жыл бойы тек манна жеген. Олар мейрамдарда бордақыланған мал жеп рақаттанып немесе піл сүйегінен жасалған төсектерінде жалқауланып жантаймаған. Әйтсе де, Мұса оларға: “Тәңір, Құдайларың, әрбір ісіңе батасын берді... міне, қырық жылдан бері Тәңір Құдайың сенімен бірге; сен еш нәрседен де тарыққан жоқсың”,— деп орынды айтқан (Заңды қайталау 2:7). Иә, айдалада жүрген исраилдіктердің ең қажет дегендерінің бәрі болған. Ең бастысы, олар Ехобаның сүйіспеншілігіне, қорғанышына және батасына ие болған!

17. Ехоба ежелгі исраилдіктерді Уәде етілген жерге не үшін алып келген еді?

17 Ехоба Амостың замандастарының естеріне олардың ата-бабаларын Уәде етілген жерге алып келгенін және ол жерді жауларынан тазартуға көмектескенін салады (Амос 2:9, 10). Бірақ не үшін Ехоба исраилдіктерді Мысырдан алып шығып, Уәде етілген жерге алып келді? Олар Жаратушыларынан бас тартып, шалқып өмір сүрулері үшін бе? Жоқ! Керісінше, Ехоба оларды өзіне еркін әрі рухани таза халық ретінде ғибадат ете алулары үшін босатқан еді. Бірақ он рудан тұратын Исраил патшалығы зұлымдықты жек көріп, жақсылықты сүйген жоқ. Олар Ехоба Құдайды емес, мүсіндерді дәріптеген. Неткен масқара!

Ехобаның жауапқа тартуы

18. Неге Ехоба бізді рухани құлдықтан босатты?

18 Құдайдың исраилдіктердің масқара іс-әрекеттеріне көз жұма беретін ойы болған жоқ. Ол: “Барлық жасаған заңсыздықтарың үшін жауапқа тартамын”,— деп өз ойын ап-анық айтқан (Амос 3:2). Бұл сөздер біздің де қазіргі Мысырдың — осы зұлым дүниенің — құлдығынан босатылғанымызды есімізге салады. Ехоба бізді рухани құлдықтан жеке басымыздың жағдайын жасау үшін босатқан жоқ. Ехоба бізді таза ғибадат етіп жүрген ерікті халқы ретінде өзін шын жүректен даңқтауымыз үшін босатты. Сондықтан бәріміз де Құдай берген еркіндігімізді қалай қолданып жүргенімізге есеп береміз (Римдіктерге 14:12).

19. Амос 4:4, 5-тен көрініп тұрғандай, көптеген исраилдіктер нені жақсы көріп кеткен?

19 Өкінішке орай, Исраил халқының көпшілігі Амостың айтқан маңызды хабарынан бас тартқан. Амос 4:4, 5-те пайғамбар олардың рухани ауру халдерін сипаттап, былай дейді: “Бетелге барыңдар да — күнәға батыңдар, Ғылғалға барып — қылмыстарыңды көбейтіңдер... өйткені сендер осыны жақсы көресіңдер, Исраил ұлдары”. Исраилдіктер ниеттерін түзетуге әрекеттенбеген. Олар жүректерін сақтамады. Нәтижесінде, олардың басым көпшілігі зұлымдықты сүйіп, жақсылықты жек көріп кетті. Бұзауға табынушы қыңыр халық өзгермеді. Сондықтан Ехоба оларды жауапқа тартты да, олар күнәларын арқалап өліп кетті!

20. Амос 5:4-ке сәйкес қалай әрекет етуімізге болады?

20 Ол уақытта Исраилде өмір сүрген адам үшін Ехобаға адал болып қалу оңай болмаған. Өмірдің ағысына қарсы жүзудің оңай емес екенін — кәрісі болсын, жасы болсын — бүгінгі мәсіхшілер жақсы біледі. Алайда Құдайға деген сүйіспеншілігі мен оған ұнамды болу ниеті кейбір исраилдіктерді Құдайға шындықпен ғибадат етуге талпындырған. Мұндай адамдарды Ехоба Амос 5:4-те шын жүректен былай деп шақырған: “Мені іздеңдер, сонда тірі жүресіңдер”. Сол сияқты бүгінде де Құдай күнәларына өкініп, оның Сөзіндегі тура білімді үйреніп және еркін орындау арқылы өзін іздеген адамдарға рақымын көрсетеді. Бұл жолмен жүру оңай емес, бірақ бұл жол мәңгілік өмірге жетелейді (Жохан 17:3).

Рухани аштыққа қарамастан өркендеу

21. Шынайы Құдайға ғибадат етпейтіндер қандай аштық сезінуде?

21 Ал шынайы Құдайға ғибадат етпегендерді не күтіп тұрды? Ашаршылықтың ең қауіпті түрі — рухани ашаршылық! “Міне, күндер келе жатыр, дейді Тәңір Ие, сол күндері Мен жер бетіне аштық жіберем, бұл — нанға ашығу не суға сусау емес, Құдай сөздерін естуге деген аштық” (Амос 8:11). Христиан әлемі осындай рухани аштықтан қатты күйзелуде. Бірақ олардың арасында Құдай халқының рухани өркендеп жатқанын байқайтын ақ жүректі жандар да бар, сондықтан Ехобаның ұйымына көптеген адамдар ағылуда. Құдайдың қызметшілері мен христиан әлемінің арасындағы елеулі айырмашылық Ехобаның келесі сөздерінен жақсы көрінеді: “Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар!” (Ишая 65:13).

22. Неліктен біз қуаныштымыз?

22 Ехобаның қызметшілері ретінде рухани ас-су мен алған баталарымызды шын мәнінде бағалаймыз ба? Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттерді зерттегенде және қауым кездесулері мен конгрестерге қатысқанда жүрегіміз шаттыққа бөленіп, шынында да, ән шырқағымыз келеді. Амостың пайғамбарлығын қоса алғанда, жалпы Құдай Сөзін айқын түсінетінімізге қуанып, шаттанамыз.

23. Құдайды даңқтайтындар не нәрсеге ие болуда?

23 Құдайды сүйетін және оны даңқтағысы келетін барлық адамдар үшін Амостың пайғамбарлығында үміт беретін хабар бар. Экономикалық жағдайымыз қандай болса да, осы қиындыққа толы өмірде қандай сынақтарға кезіксек те, Құдайды сүйетін біздер оның батасына және рухани ең жақсы ас-суға ие болудамыз (Нақыл сөздер 10:22; Матай 24:45—47). Олай болса, барлық даңқ — рақатын көру үшін игіліктердің бәрін сыйлайтын Құдайымызға тиесілі! Сондықтан да оны шын жүректен мәңгілік даңқтай беруге бел буайық! Егер Ехобаны, жүректі сынайтын Құдайды, іздейтін болсақ, біз осындай қуанышты мәртебеге ие боламыз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Амостың күндеріндегі Исраилдегі жағдай қандай болған?

• Ежелгі он рулы Исраил патшалығында болған жағдайдың бүгінде қандай ұқсастықтары бар?

• Бүгінде алдын ала айтылған қандай аштық жайлаған, бірақ бұл кімдерге әсер етпейді?

[19-беттегі суреттер]

Көптеген исраилдіктер бақуат тұрған, бірақ рухани жағынан көркеймеген

[21-беттегі сурет]

Толық уақытты қызметшілерді керемет істерін әрі қарай да атқара беруге жігерлендіріңдер

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу