Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.12. 8—12 бет.
  • Құдай Сөзін батылдықпен айтыңдар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай Сөзін батылдықпен айтыңдар
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Бар, пайғамбарлық ет’
  • Құдай заңы аяққа тапталуда
  • Амостың үлгісіне еліктейік
  • Амос сияқты қарсылықтарға кезігудеміз
  • Қарсыластар біздің уағыздау ісімізді тоқтата алмайды
  • Пайғамбарлардан үлгі алыңдар. Амос
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Ехоба зұлымдарға шығарған үкімін жүзеге асырады
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жоел және Амос кітаптарындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жүректі сынайтын Құдай Ехобаны іздеңдер
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.12. 8—12 бет.

Құдай Сөзін батылдықпен айтыңдар

‘Бар, Менің халқыма пайғамбарлық ет’ (АМОС 7:15).

1, 2. Амос кім болған және Киелі кітаптан ол туралы не білеміз?

БІРДЕ Ехобаның қызметшісі уағыздап жүріп діни қызметкерге кезігеді. Діни қызметкер оған қатты айғайлап: “Тоқтат! Бұл жерден жоғал!” — дейді. Құдайдың қызметшісі не істеді? Ол осы талапты орындады ма, әлде Құдай Сөзін батылдықпен уағыздай берді ме? Бұл қызметшінің не істегенін оның басынан өткізгендерін жазып қалдырған кітаптан, Киелі кітаптағы оның өз атымен аталған, Амос кітабынан біле аласың. Діни қызметкермен болған кездесу жайында көбірек білмес бұрын, Амостың шыққан тегі жайында біліп алайық.

2 Амос кім болған? Ол қашан және қай жерде өмір сүрген? Бұл сұрақтардың жауабын Амос 1:1-ден табамыз: ‘Текоа малшыларының бірі Амостың сөздері. Бұл сөздерді ол Яһуда патшасы Ұзиях және Исраил патшасы Жоғас ұлы Еробоғамның тұсында естіген’. Амос Яһуда елінен болған. Оның туған қаласы Иерусалимнің оңтүстігіндегі он алты шақырым жерде орналасқан Текоа қаласы еді. Ол б. з. б. IX ғасырдың аяғында, Яһуда елінде Ұзиях, ал Исраилде Еробоғам II патшалық еткен кезде өмір сүрген. Амос қойшы болған. Амос 7:14-те ол тек “малшы” ғана емес, сонымен қатар “інжір ағашының жемісін тесуші” (ЖД) болғаны айтылады. Демек, ол науқан кезінде бақшада да еңбек еткен. Ол інжірді тесумен айналысқан. Інжірді тезірек пісу үшін осылай тесетін болған. Бұл адамды қажытатын жұмыс еді.

‘Бар, пайғамбарлық ет’

3. Өзімізді уағыздауға дайын емес сезінетін болсақ, Амос туралы білгеніміз бізге қалай көмектеседі?

3 Амос: “Мен пайғамбар да, пайғамбардың ұлы да емеспін”,— деп ашық айтқан (Амос 7:14). Ол пайғамбардың отбасында да туылмаған, пайғамбарлық етуге үйретілмеген де. Алайда сол кезде бүкіл Яһуда елінің ішінен Ехоба өзінің ісін атқаруға Амосты таңдаған. Құдай билігі бар патшаны, білімді діни қызметкерді немесе бақуатты тұратын басшыны таңдамаған. Бұл бізге жұбаныш береді. Біз де жоғары дәреженің немесе жоғары білімнің иесі емес шығармыз. Бірақ соған бола өзімізді Құдай Сөзін уағыздауға жарамсыз сезінуіміз керек пе? Әрине, жоқ! Ехоба тіпті уағыздау қиын болған аймақтарда да, бізді өзінің хабарын жариялай алуымызға қажеттінің бәрімен қамтамасыз ете алады. Ехоба Амосты осылай қамтамасыз еткен, сондықтан Құдай сөзін батылдықпен жариялауды қалайтындарға Амостың үлгісін мұқият қарастырғандары пайдалы болар еді.

4. Неге Амосқа Исраилде пайғамбарлық ету қиын болған?

4 Ехоба Амосқа: “Бар, Менің халқыма, Исраилге, пайғамбарлық ет”,— деді (Амос 7:15). Бұл қиын тапсырма еді. Ол кезде он рудан тұратын Исраил патшалығы тыныштық пен қауіпсіздікте әрі дәулетті өмір сүріп жатқан еді. Көбісінің балшық кірпіштен емес, “қашалған тастардан” жасалған “жазғы үйлермен” қоса “қысқы үйлері” де бар еді. Кейбіреулердің пілдің сүйегімен безендірілген жиһазы болды және олар “ғажайып жүзім бағының” шарабын ішетін (Амос 3:15; 5:11). Сол себепті де адамдарды басқа ештеңе қызықтырмайтын. Шынында да, Амостың уағыздаған аймағы көпшілігіміз қызмет етіп жүрген аймаққа ұқсас болуы мүмкін.

5. Кейбір исраилдіктер қандай әділетсіз істермен айналысқан?

5 Исраилдіктердің дәулетті өмір кешкендігінде тұрған жаман ештеңе жоқ еді. Бірақ кейбір исраилдіктер байлыққа арам жолмен қол жеткізген болатын. Олар байлықты ‘кедей-кепшікке қысымшылық көрсетіп’, ‘жарлыларды қанау’ арқылы жинаған (Амос 4:1). Қолдарында билігі бар саудагерлер, билер және діни қызметкерлер өзара сөз байласып, кедейлерді тонаған. Ал қазір ойша сол уақытқа өтіп, бұл адамдардың немен айналысып жатқанын бақылайық.

Құдай заңы аяққа тапталуда

6. Исраилдегі саудагерлер басқаларды қалай қанаған?

6 Алдымен базар орнына барайық. Мұнда саудагерлер арамдықпен ‘заттардың мөлшерін азайтып’, ‘мысқалдың құнын арттыруда’, тіпті “кебекті” астық ретінде сатып жатыр (Амос 8:5, 6). Саудагерлер халықты таразыдан жеуде, олар бағаны тым қатты көтерген және сапасыз тауарлар сатуда. Саудагерлер кедейлерді әбден қанап, тақырға отырғызған соң, олар өздерін құлдыққа сатуларына мәжбүр болған. Енді саудагерлер оларды “бір жұп аяқ киімге” сатып алуда (Амос 8:6). Ойлап көріңдерші, бұл бай саудагерлер өз туыстары исраилдіктердің құнын аяқ киімнің құнынан артық емес деп есептейді! Мұқтаж адамдарға жасалған неткен қиянат, неткен Құдай заңын аяққа таптаушылық! Соған қарамастан бұл саудагерлер ‘діни демалыс күнін’ ұстанады (Амос 8:5). Иә, олар діншіл, бірақ тек сырт көзге ғана солай көрінеді.

7. Неге Исраилдегі саудагерлер Құдай заңын оп-оңай бұза берген?

7 Қалайша саудагерлер Құдайдың “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” деген өсиетін бұза отырып, жазаға тартылмай жатыр? (Леуіліктер 19:18). Себебі — заңның орындалуын қадағалайтын адамдардың өздері, яғни билер, олардың сыбайластары. Сот ісі қарастырылатын қала қақпасының алдында билер ‘пара алып, сотта кедей-кепшіктердің ісін бұрмалауда’. Кедейлерді қолдаудың орнына, билер параға бола олардың құқығын аяқ асты етуде (Амос 5:10, 12). Осылайша билер де Құдайдың заңын бұзуда.

8. Зұлым діни қызметкерлер қандай жүріс-тұрысқа көздерін жұмған?

8 Ал Исраилдегі діни қызметкерлер немен айналысып жатыр? Мұны білу үшін біз тағы бір орынға баруымыз керек. Олардың “құдайларының үйлерінде” қандай күнәға жол беріп отырғанын қараңдаршы! Амос арқылы Құдай былай дейді: “Әкесі мен баласы Менің киелі есімімді масқаралау үшін бір әйелге барады” (Амос 2:7, 8). Ойлап көріңдерші! Ғибадатханада азғындықпен айналысу үшін исраилдік әкелі-балалы екеуі бір әйелге барады. Ал зұлым діни қызметкерлер болса мұндай азғындыққа көздерін жұмған (Леуіліктер 19:29; Заңды қайталау 5:18; 23:17).

9, 10. Исраилдіктер Құдайдың қандай заңдарын бұзған және мұның біздің күндерімізбен қандай ұқсастығы бар?

9 Тағы басқа күнәкар жүріс-тұрыстарына қатысты Ехоба былай деген: “Әрбір құрбандық шалатын орынның жанында кепілдікке алған киімдердің үстінде жантайып жатады және айып тағылғандардан талап етіп алған шараптарды құдайларының үйінде ішеді” (Амос 2:8). Иә, діни қызметкерлер де, жалпы халық та Мысырдан шығу 22:26, 27-дегі кепілдікке алынған киімді күн батқанша қайтарып беру туралы заңды бұзуда. Олар киімдерді жалған құдайларына арналған мейрамдарды тойлап, ішімдік ішкен кезде төсеніш ретінде қолданады. Әрі кедейлерге айыппұл ретінде төлеткен ақшаларға шарап алып, жалған құдайларға арналған мейрамдарда ішеді. Олар таза ғибадаттан соншалықты алшақтап кеткен!

10 Исраилдіктер еш ұялмастан Ехобаны және жақындарын сүю туралы Таурат заңындағы ең басты екі өсиетті бұзуда. Сондықтан Құдай олардың опасыздықтарын әшкерелеу үшін Амосты жіберді. Бүгінде өздерін христианбыз деп санайтындарды қоса алғанда бүкіл дүние ежелгі Исраил сияқты бұзылған. Біреулер шалқып өмір сүріп жатса, көптеген басқа адамдар жоқшылық көруде, оның үстіне, арамза кәсіпкерлердің, саяси және діни жетекшілердің азғындықтарын көріп ұнжырғалары түскен. Бірақ Ехоба қасірет шегіп, өзін іздеген жандарға қамқорлық етеді. Сондықтан ол бүгінгі қызметшілеріне Амос сияқты Өз Сөзін батылдықпен уағыздауды тапсырған.

11. Амостың үлгісінен не нәрсеге үйренеміз?

11 Біздің ісіміз Амос атқарған іске ұқсас болғандықтан, оның үлгісі біз үшін пайдалы болып табылады. Негізінде Амос бізге 1) не туралы уағыздауымыз, 2) қалай уағыздауымыз керек екенін және 3) неге қарсыластардың уағыздау жұмысын тоқтата алмайтынын көрсетеді. Осы ойларды жеке-жеке алып қарастырайық.

Амостың үлгісіне еліктейік

12, 13. Ехоба исраилдіктерге наразылығын қалай білдірді және исраилдіктер мұны қалай қабыл алды?

12 Ехоба Куәгерлері ретінде біз қызметімізбен, Құдай Патшалығын уағыздау мен шәкірт дайындау ісімен, белсенді түрде айналысамыз (Матай 28:19, 20; Марқа 13:10). Сонымен қатар Амостың зұлымдарға Ехобаның үкім шығаратынын айтқаны сияқты, біз де адамдардың көңілін Құдайдың ескертуіне бұрамыз. Мысалы, Амос 4:6—11 дейінгі тармақтардан Ехобаның Исраилге наразылығын бірнеше рет анық білдіргенін көруге болады. Ол халқына “нанды тапшы” еткенін, “жауын-шашын болдырмай”, ‘өсімдіктерін күйдіріп және көгертіп шіріткенін’, сондай-ақ оларға ‘індет жібергенін’ байқаймыз. Бұл апаттар исраилдіктердің өз істеріне өкініп, өзгерулеріне түрткі болды ма? Құдай: “Сендер Маған бет бұрмадыңдар”,— деген. Исраилдіктер Ехобадан қайта-қайта бас тартқан.

13 Ехоба бір беткей исраилдіктерді жазалады. Бірақ оларға алдымен пайғамбарлық ескерту айтылды. Осыған сәйкес Ехоба былай деп жариялады: “Тәңір Құдай өз құлдары пайғамбарларға сырын ашпай, еш нәрсе жасамайды” (Амос 3:7). Ехоба Нұхқа топан су туралы ескертіп және осы ескертуді жариялауды тапсырған. Сол сияқты ол Амосқа да осы соңғы ескертуді хабарлауды тапсырды. Өкінішке орай, Исраил Құдайдың бұл хабарына құлақ асып, қажетті қадамдар жасамады.

14. Амостың күндері мен біздің күндеріміздің қандай ұқсастықтары бар?

14 Біздің уақытымыз Амос өмір сүрген уақытқа өте ұқсайтынымен сөзсіз келісерсіңдер. Иса Мәсіх осы дүниенің ақырында болатын көптеген апаттар туралы алдын ала айтып кеткен. Ол сондай-ақ дүниежүзілік уағыздау ісі туралы да айтқан (Матай 24:3—14). Амостың күндеріндегідей, қазіргі таңда да адамдардың көпшілігі ақырғы күндердің белгісіне де, Құдайдың патшалығы туралы хабарға да назар аудармайды. Олар өкініш білдірмеген Исраилдің кебін кимек. Ехоба оларға: “Құдайыңмен кездесуге дайындал”,— деп ескерткен (Амос 4:12). Ехоба үкімін жүзеге асырып, Ассирия әскері Исраилді жаулап алған кезде, исраилдіктер Құдаймен кездесті. Ал қазіргі зұлым дүние Құдаймен Һар-Магедонда кездеседі (Аян 16:14, 16). Ал әзірге Ехоба шыдамдылық танытып отырғандықтан, “Тәңірді іздеңдер, сонда аман боласыңдар”,— деп, мүмкіндігінше көп адамдарға ескертуге тырысамыз (Амос 5:6).

Амос сияқты қарсылықтарға кезігудеміз

15—17. а) Амазиях кім болған және Амостың сөздері оған қалай әсер етті? ә) Амазиях Амосқа қандай айыптар тақты?

15 Амосқа не айтуымызға қатысты ғана емес, қалай айту керек жағынан да еліктеуімізге болады. Мұны 7-тараудан, яғни басында айтылған діни қызметкермен кездескен тараудан, көреміз. Бұл кісі “Бетелдің діни қызметкері Амазиях” еді (Амос 7:10). Бетел исраилдіктердің, бұзауға табынуды қоса алғанда, жолдан тайған діннің орталығы болған. Олай болса, Амазиях мемлекеттік діннің діни қызметкері болған. Амостың батылдықпен уағыздағаны оған қалай әсер етті?

16 Амазияхтың Амосқа: “Көріпкел! Бұл жерден кет те, Яһуда жеріне бар; сол жерде наныңды жеп, сол жерде пайғамбарлық ет. Бетелде бұдан әрі пайғамбарлық етпе, өйткені ол — патшаның киелі жері және патшаның үйі” (Амос 7:12, 13). Басқаша сөздермен айтқанда, Амазиях былай деген: “Үйіңе кет! Біздің өз дініміз бар”. Сонымен бірге ол Еробоғам II патшаға: “Амос Исраилдің арасында саған қарсы бүлік шығаруда”,— деп Амостың ісіне тыйым салу үшін үкімет басшыларын айдап салуға тырысып баққан (Амос 7:10). Иә, Амазиях Амосқа сатқын деген айып тақты! Ол патшаға былай деді: “Амос былай деп жатыр: — Еробоғам қылыштан өледі, ал Исраил өз жерінен сөзсіз тұтқынға кетеді” (Амос 7:11).

17 Амазияхтың сөздерінде үш өтірік бар еді. Ол: “Амос былай дейді”,— деді. Бірақ Амос пайғамбарлық айтушы менмін деп ешқашан айтпаған. Керісінше, ол әрқашан: “Тәңір Ие былай дейді”,— деп айтқан (Амос 1:3). Амосқа сондай-ақ “Еробоғам қылыштан өледі” деп айтты деген айып тағылды. Алайда 7:9-ға сәйкес, Амос: “Мен [яғни Ехоба] Еробоғамның үйіне қылышпен қарсы шығамын”,— деп пайғамбарлық еткен болатын. Құдай мұндай үкімді Еробоғамның өзіне емес, оның “үйіне”, яғни ұрпақтарына, шығарған еді. Сондай-ақ Амазиях Амос былай деп айтты деді: “Исраил өз жерінен сөзсіз тұтқынға кетеді”. Бірақ Амос Құдайға қайта бет бұрған әрбір исраилдік батаға ие болатынын да пайғамбарлық еткен. Амазияхтың шындықты бұрмалап айтып, Амостың уағыздау ісіне ресми түрде тыйым салғызуға тырысқаны айдан анық.

18. Амазияхтың қолданған тәсілдері мен қазіргі дінбасыларының тәсілдерінің қандай ұқсастықтары бар?

18 Амазиях пен Ехоба қызметшілерінің бүгінгі қарсыластарының әрекеттеріндегі ұқсастықтарды байқадыңдар ма? Амазияхтың Амостың аузын жабуға тырысқаны сияқты, қазіргі діни қызметкерлер мен әр түрлі діни басшылар және патриархтар Құдай қызметшілерінің уағыздау ісіне кедергі жасауға тырысуда. Амазиях Амосқа сатқын деп жала жапқан. Сол сияқты қазіргі діни қызметкерлер де Ехоба Куәгерлеріне ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруде деп жала жабуда. Сондай-ақ Амостың ісін тоқтату үшін патшаға жүгінгені сияқты, шіркеулер де Ехобаның қызметшілерін қудалау үшін саяси ұйымдарға жүгінеді.

Қарсыластар біздің уағыздау ісімізді тоқтата алмайды

19, 20. Амос Амазияхтың қарсылығын қалай қабылдады?

19 Амазияхтың қарсылығын Амос қалай қабылдады? Алдымен, Амос діни қызметкерге: “Исраилге уағыздама деп сен айтып тұрсың” — деді. Содан кейін Құдайдың батыл пайғамбары еш қаймықпастан, Амазиях әсіресе естігісі келмеген сөздерді айтты (Амос 7:16, 17). Амос үрейге бой алдырған жоқ. Біз үшін қандай керемет үлгі! Тіпті қазіргі заманғы Амазияхтар қатты қудалау отын тұтатып жатқан жерлерде де, әңгіме Құдай сөзін уағыздауға қатысты болғанда, біз олардың дегеніне көнбейміз. Амос сияқты біз де: “Тәңір ие былай дейді”,— деп жариялай береміз. Қарсыластар ешқашан біздің уағыздау ісімізді тоқтата алмайды, себебі ‘Құдай бізге құдіретін дарытады’ (Елшілердің істері 11:19—21).

20 Амазиях жасаған қоқан-лоқысының бәрі бекер боларын білу керек еді. Амос оған ертеректе не үшін бұл дүниедегі ешкім де оның аузына қақпақ бола алмайтынын түсіндірген еді ғой, әрі бұл — біз талқылайтын үшінші мәселе. Амос 3:3—8 дейінгі тармақтарына сәйкес, пайғамбар бірнеше сұрақ қойып және көрнекі мысалдар келтіріп, себепсіз еш нәрсе де болмайтынын көрсеткен. Сонан соң ол былай дейді: “Арыстан ақырғанда, кім қалтырамайды? Құдай Ие айтқанда, кім пайғамбарлық етпей тұра алады?” Басқа сөздермен айтқанда, Амос өзін тыңдап тұрған адамдарға былай деді: “Сендер арыстан ақырғанда қорықпай тұра алмайтындарың сияқты, егер Ехобаның өзі тапсырса, мен де Құдай сөзін уағыздамай тұра алмаймын”. Батылдықпен сөйлеуге Амосқа Құдайға ұнамды қорқыныш немесе Ехобаға деген терең қастерлі сезімі түрткі болған.

21. Құдайдың ізгі хабарды уағыздау туралы бұйрығына қалай жауап қатамыз?

21 Ехобаның уағыздау тапсырмасын біз де естудеміз. Біз бұл тапсырманы қалай қабылдаудамыз? Амос пен Исаның ертедегі ізбасарлары сияқты Ехобаның көмегімен оның сөзін батылдықпен уағыздаймыз (Елшілердің істері 4:23—31). Қарсыластарымыздың арандатқан қудалауы да, уағыздап жүрген адамдардың немқұрайдылығы да бізді тоқтата алмайды. Амос сияқты құлшыныс таныта отырып, дүние жүзіндегі Ехоба Куәгерлері ізгі хабарды батылдықпен жариялауды жалғастыра беруге талпынуда. Біз Ехобаның жақындап келе жатқан соты туралы ескертуге міндеттіміз. Бұл қандай сот? Бұл сұрақтың жауабын келесі мақаладан білеміз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Амос Құдайдан алған тапсырманы қандай жағдайда орындаған?

• Амос сияқты біз не туралы уағыздауымыз керек?

• Уағыздау ісімізді қалай атқаруымыз керек?

• Неге қарсыластар куәлік ету ісімізді тоқтата алмайды?

[8-беттегі сурет]

Құдай өз ісін атқаруды Амосқа, інжір ағашының жемісін тесушіге, тапсырған

[11-беттегі суреттер]

Амос сияқты Ехобаның хабарын сен де батыл жариялап жүрсің бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу