Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.10. 4—7 бет.
  • ‘Момындар жерді мұра етеді’. Қалай?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Момындар жерді мұра етеді’. Қалай?
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Құдайдың жерге қатысты бастапқы ниеті
  • Өзгермейтін Құдай
  • Уәде етілген мұраға қол жеткізу
  • ‘Көктегідей, жер бетінде де’
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай жер үшін нендей нәрселерді ойластырып қойды?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
  • Жұмақтағы жақсы өмір жақын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.10. 4—7 бет.

‘Момындар жерді мұра етеді’. Қалай?

“СІЗ мүмкін Исаның ‘момындардың жерді мұра ететіні’ жайлы жан тебірентерлік сөздерін естіген боларсыз. Бірақ адамдардың бір-біріне және жерге жасап жатқан қиянаттарын ескерер болсақ, қалай ойлайсыз, мұра ретінде момындарға бір нәрсе қала ма?” (Матай 5:5; Забур 36:11).

Мириам есімді Ехоба Куәгері Киелі кітапқа негізделген әңгімені бастау үшін бір кісіге осы сұрақты қояды. Ол егер Исаның өзі осылай уәде еткен болса, жер тас-талқаны шыққан, тұруға жарамсыз үйінді емес, мұра деп аталуға лайықты орынға міндетті түрде айналу керек екенін айтады.

Бұл жауаптың жарқын болашаққа деген үмітпен айтылғандығында сөз жоқ. Бірақ болашаққа осындай сеніммен қарауға негіз бар ма? Әрине, өйткені Киелі кітапта бұл уәденің орындалатынына анық көз жеткізетін себептер бар. Бұл уәденің орындалуы Құдайдың адамзат пен жерге қатысты ниетімен тығыз байланысты. Оның үстіне, Құдай ниетінің бәрін іске асыратынын уәде етеді (Ишая 55:11). Олай болса, Құдайдың адамзатқа қатысты бастапқы ниеті қандай және бұл қалай орындалады?

Құдайдың жерге қатысты бастапқы ниеті

Ехоба Құдай жерді белгілі бір ниетпен жаратқан. “Аспанды жасаған Жаратқан Ие — шынайы Құдай. Ол жерді де қалыптастырып, нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты. Құдай былай дейді: “Мен Жаратқан Иемін, Менен өзге құдай жоқ!” (Ишая 45:18). Демек, жер адамдар тұру үшін жаратылған. Оның үстіне, Құдай жерді адамзаттың мәңгілік тұрағы етуге ниеттенген. Ехоба ‘жерді берік негізге қалаған: ол мәңгі шайқалмайды’ (Забур 103:5; 118:90).

Құдайдың жерге қатысты ниеті оның алғашқы адам жұбына берген тапсырмасынан да көрінеді. Ехоба Адам мен Хауаға: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға иелік етіңдер!” — деді (Жаратылыс 1:28). Құдай сеніп тапсырған жер Адам мен Хауаның және олардың ұрпақтарының мәңгілік үйіне айналу керек еді. “Көк — көк Тәңірдікі,— деп жырлаған забур жыршысы бірнеше ғасыр өте,— бірақ жерді ол адамдарға берген” (Забур 113:24).

Осы керемет болашаққа жету үшін Адам мен Хауа және олардың ұрпақтары Жаратушы әрі өмір беруші Ехоба Құдайды өздерінің Әміршісі ретінде мойындап, оған қуана-қуана бағынулары керек еді. Ехоба мұны: “Саған бақтағы барлық ағаштың жемісін жеуге болады. Бірақ сен жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің, өйткені жесең, өлесің”,— деген бұйрық бергенде, айдан-анық көрсетті (Жаратылыс 2:16, 17). Адам мен Хауа Едем бағында өмір сүре берулері үшін осы қарапайым әрі анық айтылған бұйрыққа бағынулары керек еді. Осылай ете отырып, олар көктегі Әкелерінің өздеріне істеген бар жақсылығы үшін ризашылықтарын білдірер еді.

Адам мен Хауа Құдайдың бұйрығын бұзып, саналы түрде Құдайға бағынбаған кезде, өздеріне керектің бәрін берген Тұлғадан бас тартқандарын көрсетті (Жаратылыс 3:6). Осылайша олар өздерін ғана емес, бүкіл ұрпақтарын да ғажайып Жұмақ үйінен айырды (Римдіктерге 5:12). Алғашқы адам жұбының мойынсұнбаушылығы Құдайдың жерді жаратқандағы ниетіне кедергі болды ма?

Өзгермейтін Құдай

Малахи есімді пайғамбары арқылы Құдай: “Өйткені Мен, Тәңір, Мен өзгермеймін”,— деген (Малахи 3:6). Осы тармақты түсіндіре отырып, Киелі кітапты зерттеуші француз ғалымы Люис Филон бұл сөздерді Құдайдың уәдесін орындайтынымен тығыз байланыстырған. “Ехоба бүлікші адамдарын жойып жіберуіне болар еді,— деп жазды Филон,— бірақ екі сөйлемейтіндіктен, ол қандай жағдай болмасын, берген уәделеріне берік болып қалады”. Жеке адамға, халыққа не бүкіл адамзатқа болсын, берген уәделерін Құдай ұмытпайды, қайта, өз уақытында орындайды. “Жасаған келісімін, мыңдаған ұрпаққа өсиет еткен сөзін, мәңгі ұмытпайды” (Забур 104:8).

Алайда Ехобаның жерге қатысты бастапқы еркінің өзгермегеніне қалайша сенімді бола аламыз? Бұған сенімді бола алатын бір себеп — киелі рухтың жетелеуімен жазылған Сөзі Киелі кітаптың басынан аяғына дейін Құдайдың жерді бойсұнғыш адамдарға беремін деген ниеті жайлы оқуға болады (Забур 24:13; 36:9, 22, 29, 34). Сонымен қатар Жазбаларда Құдайдың батасына ие болғандардың қауіпсіздікте өмір сүріп, “әркім өз жүзімдігі мен інжір ағашының астында” отырғаны әрі ‘оларды ешкім қорқытпайтыны’ суреттеледі (Миха 4:4; Езекиел 34:28). Ехоба таңдаған сол адамдар “үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады”. Олар тіпті дала аңдарымен де тату болады (Ишая 11:6—9; 65:21, 25).

Киелі кітап Құдайдың өз уәдесін орындайтынын басқа да жолмен алдын ала сипаттайды. Сүлеймен патшаның кезінде Исраил халқы көркейіп, бейбіт өмір сүрді. “Сүлейменнің күндерінде Яһуда мен Исраил Даннан Бер-Шебаға дейін әрқайсысы өз жүзімдігі мен інжір ағаштарының астында тыныш өмір кешті” (3 Патшалықтар 4:25). Киелі кітапта Исаның “Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор” екені айтылады және оның басқаратын кезін айта келе, забур жыршысы былай деп пайғамбарлық еткен: “Оның күндерінде әділ гүлденеді және ай жоқ болғанша бейбітшілік мол болады”. Ол кезде “жерде, тау басында нан мол болады” (Лұқа 11:31; Забур 71:7, 16).

Сөзіне берік Ехоба Құдай уәде етілген мұраға ие болудың мүмкін екенін ғана емес, сонымен қатар оны бар сән-салтанатымен қалпына келтіретініне сендіреді. Аян 21:4-те уәде етілген жаңа дүниеде Құдайдың ‘барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбататыны, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайтыны’ айтылған. Бұл уәде етіліп жатқан нәрсе — нағыз Жұмақ (Лұқа 23:43, ЖД).

Уәде етілген мұраға қол жеткізу

Жерді Патшасы Иса Мәсіх болып табылатын және көктен билігін жүргізетін үкімет Жұмаққа айналдырады (Матай 6:9, 10). Алдымен, ол Патшалық ‘жерді құртқандардың өздерін құртады’ (Аян 11:18; Даниял 2:44). Одан соң “Тыныштық пен амандықты сыйлайтын Әмірші” ретінде Иса Мәсіх: “Оның құрған билігі арта түсіп, Орнатқан тыныштығы шексіз болады”,— деген пайғамбарлық сөздерді орындайды (Ишая 9:6, 7). Бұл Патшалықтың қол астында, қайта тірілгендерді қоса алғанда, миллиондаған адамның жерді мұра етуге мүмкіндіктері болады (Жохан 5:28, 29; Елшілердің істері 24:15).

Бұл керемет мұраға кім ие болады? Исаның сөздеріне мән беріңізші: “Кіші пейілділер бақытты: Олар жерді иемденетін болады!” (Матай 5:5). Кішіпейіл немесе момын болу деген нені білдіреді? Сөздіктерде “момын” немесе “жуас” деген сөздер, әдетте, жұмсақ, ұстамды, көнбіс, қарапайым, тіпті ұялшақ деп түсіндіріледі. Алайда түпнұсқадағы грек сөзі бұдан әлдеқайда терең мағына береді. Уильям Баркли өзінің бір еңбегінде бұл сөз “жұмсақтықты білдіргенмен, мұндай жұмсақтықтың артында болаттай беріктік тұратынын” айтқан (“New Testament Wordbook”). Бұл дегеніміз адамды жәбірленсе де, өкпелеместен немесе кек қайтаруды ойламастан, төзуге қабілетті ететін ой-ниетті білдіреді. Мұндай қабілет адамның Құдаймен жақсы қарым-қатынасының арқасында пайда болады, әрі бұл қарым-қатынас ол үшін күштің қайнар көзіне айналады (Ишая 12:2; Філіпіліктерге 4:13, ЖД).

Момын адам кішіпейілділікпен өмірінің барлық саласында Құдайдың талаптарына сай өмір сүреді; ол қайтсе де өзінің немесе басқалардың көзқарасы бойынша әрекет етуге тырыспайды. Ол сонымен қатар үйренуге бейім, Ехобадан тәлім алуға дайын. Забур жыршысы Дәуіт: “[Ехоба] момындарды ақиқат жолына бағыттайды, момындарды Өзінің ақ жолына үйретеді”,— деп жазған (Забур 24:9; Нақыл сөздер 3:5, 6).

Сіз жерді мұра ететін момындардың арасында боласыз ба? Киелі кітапты зейін қойып зерттеу арқылы Ехоба мен оның еркі жайлы біле отырып және үйренгендеріңізді іс жүзінде қолдана отырып, сіз де мұра ететін жер мен ондағы мәңгілік өмірді қуанышпен күте алатын боласыз (Жохан 17:3).

[5-беттегі сурет]

Құдайдың жерге қатысты ниеті оның Адам мен Хауаға берген тапсырмасынан анық көрінеді

[6, 7-беттегі сурет]

Сүлеймен басқарып тұрған кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздік уәде етілген мұраның бейнесі болған

[Түпдерек]

Sheep and background hill: Pictorial Archive (Near Eastern History) Est.; Arabian oryx: Hai-Bar, Yotvata, Israel; farmer plowing: Garo Nalbandian

[7-беттегі сурет]

Әділетті жаңа дүние жақын, сіз онда боласыз ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу