Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.2. 3—4 бет.
  • Рухани күй және сіздің игілігіңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухани күй және сіздің игілігіңіз
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Арасындағы тікелей байланыс
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2019
  • Рухани қажеттіліктеріңізді қанағаттандырудың жолдары
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сіз тәндік адамсыз ба, әлде рухани ма?
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2019)
  • Жан саулығы сау болмай тұр
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2023
Көбірек мәлімет
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.2. 3—4 бет.

Рухани күй және сіздің игілігіңіз

СІЗ денсаулығыңызды күтуге көп уақыт жұмсайтын боларсыз. Күнде ұйқыға сегіз сағат, ас дайындау мен тамақтануға бірнеше сағат, сондай-ақ баспанаңыз бен ішкен асыңызға төлеу үшін еңбек етуге сегіз сағат не одан да көп уақыт кетіруіңіз мүмкін. Ал егер ауырып қалсаңыз, дәрігерге көріну мен емделуге ақшаңыз бен уақытыңызды жұмсарсыз. Сондай-ақ үйіңізді жинап тазалайсыз, жуынасыз, тіпті үнемі жаттығу жасауыңыз да мүмкін, осының бәрі де — жақсы денсаулықтың қамы.

Алайда денсаулықты жақсы сақтау үшін тәндік қажеттіліктердің қамын жасаудан да көбірек нәрсе керек. Бұл жерде өмірде сәтті болуда үлкен рөл ойнайтын тағы бір нәрсе бар. Медициналық зерттеулер адамның тән саулығы рухани денсаулығымен тығыз байланысты екенін көрсетіп отыр. Рухани денсаулықтың әлсіреуі тән саулығын нашарлатады.

Арасындағы тікелей байланыс

“Осы тақырып талқыланатын көптеген зерттеу жұмыстары рухани күйдің жақсы болуы мен денсаулықтың мықты болуының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетіп отыр”,— дейді Мельбурн университетінің (Австралия) профессоры Хедли Пич. Осы мәліметтерді түсіндіре келе, “Австралияның медициналық журналы” былай деп хабарлайды: “Сондай-ақ діндар адамдарда... қан қысымы, холестерин төмен болып... тіпті тоқ ішек обырына шалдығу қаупі аз болады”.

Сол сияқты Құрама Штаттарында 2002 жылы Беркли қаласындағы Калифорния университетінің 6 545 адаммен жүргізген зерттеуі “аптасына бір рет болса да, діни қызметке қатысатын адамдардың оған жиі не тіпті қатыспайтындармен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ жасайтынын” анықтап отыр. Зерттеу жетекшісі әрі сол университеттің денсаулық сақтау бөлімінің мұғалімі Даг Оман былай деді: “Бұл айырмашылықты тіпті әлеуметтік байланыс және салауатты өмір салтына әсері бар, темекі шегу мен жаттығуларды қоса алғанда, факторларды өзгерткен соң да байқадық”.

Өмірде рухани көзқарастағы адамдардың өзге де игілікті жақтарын айта келе, “Австралияның медициналық журналы” былай дейді: “Австралиялық зерттеулер діндар адамдар арасында неке тұрақтылығы көбірек екенін, ішімдік пен есірткі қабылдау, өз өміріне қол жұмсауды ойлайтындардың аз болатынын, уайымшылдық пен жан күйзелісі, сондай-ақ өзімшілдіктің көп кездесе бермейтінін көрсетіп отыр”. Сонымен қатар “Британияның медициналық журналында” былай деп мәлімдейді: “Сенімі күшті адамдар жақын адамы қайтыс болған кездегі қайғыдан сенімі жоқ адамдарға қарағанда, тез әрі толық арылатынға ұқсайды”.

Шынайы рухани күйге қатысты әр түрлі ойлар бар. Дегенмен де, сіздің рухани күйіңіз шынында да жан саулығыңыз бен тән саулығыңызға әсер етеді. Бұл жайт Исаның осыдан екі мың жылдай уақыт бұрын айтқан сөздеріне сай келеді. Ол: “Рухани мұқтаждықтарын мойындайтындар бақытты”,— деген болатын (Матай 5:3, ЖД). Рухани күйіңіз денсаулығыңыз бен бақытты болуыңызға әсер ететіндіктен, өзіңізден: “Сенуге тұрарлық рухани басшылықты қайдан табуыма болады? Рухани адам болу деген нені білдіреді?” — деп сұрағаныңыз абзал болар еді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу