Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w04 1.1. 15—20 бет.
  • Барлығы Ехобаны мадақтасын

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Барлығы Ехобаны мадақтасын
  • 2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Бүкіл жер бетіне”
  • Құлшынысқа толы куәгерлер
  • Барлығы уағыздайтын
  • Сол уақытта және қазір
  • ‘Құдай сөзі кеңінен тарады’
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шынайы мәсіхшілердің барлығы да ізгі хабарды уағыздаушылар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ізгі хабарды бар ынталарыңмен жариялаңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w04 1.1. 15—20 бет.

Барлығы Ехобаны мадақтасын

“Тәңірді мадақтап, құрметтеңдер. Тәңірдің есімін мадақтаңдар” (ЗАБУР 95:7, 8).

1, 2. Ехобаны не мадақтайды және оған қосылуға кімдер шақырылады?

ЕСЕЙ ұлы Дәуіт Бетлехемнің аймағында қой бағып жүріп, өсіп ержетті. Ол өрісте әкесінің қойын жалғыз бағып жүрген кездерінде мүлгіген түнде қаншама рет жұлдызды аспанға қарап тамашаласа керек. Сондай шақтарда көңілін тербеген сезімі Құдайдың рухының жетелеуімен шығарған 18-ші Забур жырындағы: “Құдайдың салтанатты ұлылығын аспан әлемі ашық паш етеді, Оның қолының керемет істерін ауа кеңістігі де көрсетеді, “Үндері” бар шартарапқа жайылып. “Сөздері” жер шетіне таралады”,— деген сөздерді жазып, әнге салғанда, оған шабыт бергені сөзсіз (Забур 18:2, 5).

2 Ехобаның жаратылысы, жанды тебірентетін аспан кеңістігі, тілі де, сөйлеуді де білмей-ақ, тіпті үн де шығармай күндіз-түні оның даңқын жариялауда. Жаратылыс әрқашан Құдайдың даңқын жариялай береді, әрі “шартарапқа” жайылып, адамның қаншалықты дәрменсіз екенін үнсіз мойындатады. Алайда жаратылыстың тілсіз куәлігі жеткіліксіз. Оған адал адамдардың үндері қосылу керек. Бір забур жыршысы рухтың жетелеуімен Құдайдың адал қызметшілеріне: “Тәңірді мадақтап, құрметтеңдер. Тәңірдің есімін мадақтаңдар”,— деген сөздерді арнаған (Забур 95:7, 8). Ехобамен тығыз қарым-қатынаста тұратындар сол сөздерге көңілдері толқи жауап қатады. Алайда Құдайды мадақтауға не кіреді?

3. Неге адамдар Құдайды мадақтайды?

3 Ехобаны мадақтауға көп нәрсе кіреді. Біз оны сөзбен ғана мадақтамауымыз керек. Ишая пайғамбардың тұсындағы исраилдіктер Құдайды сөзбен мадақтайтын, бірақ көбісі мұны шын көңілден істемеген. Ишая арқылы Ехоба былай деді: “Бұл халық Маған аузымен жақындап, сөзімен құрметтегенсиді, ал жүректері менен тым алшақ” (Ишая 29:13). Мұндай мадақ бекер болған. Мағыналы болу үшін мадақ Ехобаға деген сүйіспеншілікке толы жүректен шығып, оның бірегей даңқын шын көңілден мойындаудан тууға тиіс. Ехоба — жалғыз Жаратушы. Ол — зор құдірет Иесі, әрі сол ғана сүйіспеншіліктің нақ бейнесі. Ол — біздің құтқарушымыз және көк пен жердегілердің бәрі бағынуға тиіс құқылы Әміршіміз (Аян 4:11; 19:1). Осы жайттарға шынымен сенетін болсақ, оны шын жүректен мадақталық.

4. Құдайды мадақтауға қатысты Иса қандай нұсқау берген және қалай біз оны жүзеге асыра аламыз?

4 Иса Мәсіх Құдайды қалай мадақтау керектігін айтқан: “Мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар, сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді” (Жохан 15:8). Қалай біз мол жеміс бере аламыз? Біріншіден, ‘Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды’ бар көңілімізбен уағыздап, Құдайдың “көзге көрінбейтін қасиеттері” туралы жариялап жатқан барлық өзге жаратылыстардың “үніне” қосыламыз (Матай 24:14; Римдіктерге 1:20). Оған қоса, тікелей не жанама болсын, барлығымыз Ехобаны мадақтап шырқалып жатқан хорға өз дауыстарын қосатын жаңа шәкірттер дайындау ісіне ат салысудамыз. Екіншіден, киелі рухтың игілікті жемісін дамытамыз және Ехоба Құдайдың керемет қасиеттеріне еліктеуге тырысамыз (Ғалаттықтарға 5:22, 23; Ефестіктерге 5:1; Қолостықтарға 3:10). Осының нәтижесінде жүріс-тұрысымызбен Құдайды күнделікті мадақтаймыз.

“Бүкіл жер бетіне”

5. Пауылдың мәсіхшілерге өз сенімдері туралы өзгелерге айтып Құдайды мадақтау тапсырылғанына қалай баса көңіл аударғанын түсіндіріңдер.

5 Пауыл римдіктерге арнаған хатында мәсіхшілерге өз сенімдері туралы өзгелерге айтып, Құдайды мадақтау тапсырылғанына баса көңіл аударған. Сол хаттың басты тақырыбы тек Иса Мәсіхке сенім танытатындардың ғана аман қалатыны. Аталмыш хатының 10-тарауында Пауыл ‘адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатқанымен’ яһудилердің әлі де Мұса заңы арқылы адал болуға тырысып жүргендерін көрсеткен. Сондықтан ол: ‘Өз аузыңмен Исаны Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың’,— деді. Сол уақыттан бастап, “бұл жерде яһудилер мен басқа ұлттардың араларында айырмашылық жоқ, олардың жалғыз бір Жаратқан Иесі бар: Ол Өзіне сиынғандардың бәріне де шексіз рақымды. Себебі: “Иеміздің атын атап сиына жалбарынған әркім құтқарылады” деп те жазылған” (Римдіктерге 10:4, 9—13, сілтемені қара).

6. Пауыл Забур 18:5-ті қалай қолданған?

6 Сосын Пауыл: “Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді?” — деген қисынды сұрақтар қойған (Римдіктерге 10:14, 15). Ал Исраил халқы жөнінде ол былай деді: ‘Ізгі хабарды исраилдіктердің бәрі бірдей оған сеніп, қабылдаған жоқ’. Неліктен? Олар мүмкіндіктері болмағандықтан емес, сенімдері болмағандықтан солай етті. Пауыл мұны Забур 18:5-тармағын келтіріп әрі оны үнсіз жаратылыстардың куәлік келтіруіне емес, мәсіхшілердің уағыздау ісіне қолдану арқылы көрсетті. “Үндері бүкіл жер бетіне жайылып, сөздері дүниенің түкпір-түкпіріне таралды” деп жазылған ғой”,— деді ол (Римдіктерге 10:16, 18). Иә, жансыз жаратылыстың Ехобаны мадақтайтыны іспетті бірінші ғасырдағы мәсіхшілер де құтқарылу туралы ізгі хабарды барлық жерде уағыздауларымен Құдайдың даңқын “бүкіл жер бетіне” жайған. Қолостықтарға арналған хатында да Пауыл ізгі хабардың қалайша кең өріс алғанын суреттеген. Ол ізгі хабардың “аспан астындағы барлық адамзатқа дерлік” жарияланғанын айтты (Қолостықтарға 1:23).

Құлшынысқа толы куәгерлер

7. Исаның өсиетіне сәйкес, мәсіхшілердің қандай міндеттері бар?

7 Пауыл Қолостықтарға арнаған хатын Иса Мәсіх өлгеннен кейін, шамамен 27 жыл өткен соң жазғанға ұқсайды. Осындай қысқа уақыттың ішінде қалайша ізгі хабар Қолос сияқты шалғай жерге жетті екен? Бұл бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің ынталы болып, ал Ехобаның олардың құлшыныстарына батасын төккенінің арқасында жүзеге асқан. Иса: “Осы заманның ақыры болмас бұрын Ізгі хабар барлық ұлттарға да уағыздалуға тиіс”,— дегенде, ізбасарларының уағызда белсенді болатынын алдын ала айтқан (Марқа 13:10). Сол пайғамбарлыққа қоса, Иса Матай жазған Ізгі хабардың соңғы тармақтарында келтірілген өсиетін берген: “Күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп, Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер, әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!” (Матай 28:19, 20). Иса аспанға көтерілгеннен кейін көп ұзамай ізбасарлары осы сөздерді орындауға кірісті.

8, 9. Елшілердің істері кітабына сәйкес, мәсіхшілер Исаның өсиетін қалай қабыл алған?

8 Б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамында киелі рух төгілгеннен кейін, Исаның адал ізбасарларының істеген алғашқы ісі Иерусалимдегі қалың елге ‘Құдайдың ұлы істері’ туралы айтып, уағыздау болған. Сондағы уағыздары барынша жемісті болып, “үш мыңдай адам” суға шомылдыру рәсімінен өтті. Осылайша, шәкірттері Құдайды жұрт алдында әрі құлшыныспен мадақтап, жақсы жетістіктерге жете берген (Елшілердің істері 2:4, 11, 41, 46, 47).

9 Сол мәсіхшілердің істері лезде дінбасыларының назарына ілігеді. Петір мен Жоханның батылдығы қобалжытқан олар екі елшінің уағыздауына тиым салады. Сонда елшілер: “Біз көріп-естігендеріміз туралы үнсіз қала алмаймыз”,— деп жауап береді. Петір мен Жохан қоқан-лоқы көріп, босатылғаннан кейін бауырластарына оралып, бәрі бірге Ехобаға дұға етеді. Олар қаймықпастан Ехобадан: “Құлдарыңа сөзіңді зор батылдықпен уағыздайтын күш бере гөр!” — деп сұрайды (Елшілердің істері 4:13, 20, 29).

10. Шынайы мәсіхшілерге қандай қарсылық көрсетілген және олар оны қалай қабылдаған?

10 Олардың дұғалары Ехобаның еркіне сай екені көп кешікпей анық көрінді. Елшілер түрмеге жабылады, бірақ періште оларды керемет түрде босатып жіберіп: “Ғибадатханаға барып, халыққа осы Жаңа өмір жайлы Ізгі хабарды түгел жариялаңдар!” — дейді (Елшілердің істері 5:18—20). Елшілер мойынсұнды, сондықтан Ехоба әрі қарай да батасын төге берді. Ал ‘олар күн сайын ғибадатханада және үйлерде тәлім беріп, Исаның Мәсіх екендігін уағыздауларын тоқтатпайды’ (Елшілердің істері 5:42). Исаның ізбасарларына ел алдында Құдайды дәріптеулеріне қатты қарсылықтың тосқауыл бола алмағаны анық.

11. Ертедегі мәсіхшілердің уағыздау ісіне деген көзқарастары қандай болған?

11 Көп ұзамай Степан тұтқындалып, таспен ұрып өлтіріледі. Степанның өлімінен кейін Иерусалимде қатты қуғын басталып, елшілерден өзге шәкірттердің бәрі бытырап кетеді. Оларды қуғын қамықтырды ма? Түк те қамықтырған жоқ. Біз: “Бытырап кеткен сенушілер ел аралап, Ізгі хабарды таратып жүрді”,— деп оқимыз (Елшілердің істері 8:1, 4). Олардың Құдай даңқын жариялауға деген құлшыныстары әрқашан көрініп тұрған. Біз Елшілердің істері кітабының 9-тарауынан Тарс қаласынан шыққан Саул деген парызшылдың Дамаскіге сапар шегіп, сонда Исаның шәкірттерін қудаламақшы болғанда, Исадан аян алып, көзі көрмей қалғанын оқимыз. Дамаскіде Анани керемет түрде оның көзін ашады. Сонда кейінірек елші Пауыл ретінде белгілі болған Саулдың бірінші істеген ісі не болды екен? Біз мынаны оқимыз: “Көп кешікпей [“бірденнен”, ЖД] ол сол қаладағы яһуди мәжілісханаларында Исаның Құдай Ұлы екені туралы уағыздай бастады” (Елшілердің істері 9:20).

Барлығы уағыздайтын

12, 13. а) Тарихшылардың сөздеріне сай, ертедегі мәсіхшілер қауымында не нәрсе көңіл қоюға тұрарлық жайт болған? ә) Елшілердің істері кітабы тарихшылардың сөздерінің растығын қалай дәлелдейді?

12 Ертедегі мәсіхшілер қауымының әрбір мүшесі уағыздау ісіне қатысатыны көпке белгілі-тін. Сол кездегі мәсіхшілер туралы Филип Шафф былай деп жазды: “Әрбір қауым миссионер қоғамы, ал әрбір мәсіхші миссионер болатын” (History of the Christian Church). У. С. Уильямс: “Ертедегі Шіркеу мүшелерінің барлығы, әсіресе харизматикалық сыйға [киелі рухтың сыйларына] ие болғандар Ізгі хабарды уағыздағаны белгілі”,— деп жазды (The Glorious Ministry of the Laity). Сонымен қатар ол сенімділікпен: “Иса Мәсіх тапсырған уағызға қатысу ешқашан тек белгілі шендегі қызметшілердің ғана құқы болмаған”,— деп қосты. Тіпті ертедегі мәсіхшіліктің жауы Цельстің өзі: “Жүн иірушілер, етікшілер, тері илеушілер қоғамның ең қараңғы, қарапайым адамдары ізгі хабарды құлшына жариялаған”,— деп жазды.

13 Осы сөздердің растығы Елшілердің істерінде жазылған тарихи мәліметтен көрінеді. Б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамында киелі рух төгілгеннен кейін, еркек болсын, әйел болсын барлық шәкірттер Құдайдың керемет істерін ел алдында жариялаған. Степан өлтірілгеннен кейін болған қуғын кезінде бытырап кеткен мәсіхшілер ізгі хабарды жан-жаққа таратты. Шамамен 28 жылдан кейін Пауыл тек азғантай дінбасыларын құрайтын топқа емес, барлық еврей мәсіхшілерге хат жазып: “Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның “Жаратқан Ие” деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңірге арнаған құрбандығымыз болады”,— деген (Еврейлерге 13:15). Ол уағыздау ісіне деген жеке көзқарасын келесі сөздермен көрсетті: “Ал Ізгі хабарды уағыздап жүргенімнің өзі мақтануыма себеп бола алмайды, ол борышты міндетім: Ізгі хабарды уағыздамасам, қасіретке қалар едім” (1 Қорынттықтарға 9:16). Расында да, бірінші ғасырдағы адал мәсіхшілердің бәрі осындай сезімде еді.

14. Сенім мен уағыздаудың арасында қандай байланыс бар?

14 Адал мәсіхшілер уағыздау ісіне қатысуға тиіс, өйткені бұл істің сеніммен тығыз байланысы бар. Пауыл: “Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсынан ақталып, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады”,— деген (Римдіктерге 10:10). Бұл қауымның кішкентай тобы ғана — дінбасылар тобы — сенім танытатын болғандықтан, уағыздауға міндетті дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Шынайы мәсіхшілердің бәрі Иеміз Иса Мәсіхке нық сенім дамытып, сол сенімдерін ел алдында жариялауға талпынады. Әйтпесе олардың сенімдері өлі болар еді (Жақып 2:26). Б. з. І ғасырындағы адал мәсіхшілердің бәрі сенімдерін осылай паш етулерімен Ехобаның есімін мадақтауға арналған зор хорға өз дауыстарын қосқан.

15, 16. Қиыншылықтарға қарамастан уағыздау ісінің жемісті болғанын көрсететін мысалдар келтіріңдер.

15 Бірінші ғасырда Ехоба қауымның ішкі және сыртқы проблемаларына қарамастан, халқының өсіміне батасын берген. Мысалы, Елшілердің істері кітабының 6-тарауында еврейше сөйлейтін сенушілер мен грекше сөйлейтіндердің арасында келіспеушілік туғаны жазылған. Елшілер бұл келіспеушілікті шешеді. Мұның нәтижесі жөнінде біз былай деп оқимыз: “Құдай сөзі кеңінен тарап, Иерусалимде Мәсіх жолын қуушылардың саны көбейе берді. Діни қызметкерлердің үлкен бір тобы да Мәсіхке мойынсұнып, сене бастады” (Елшілердің істері 6:7).

16 Кейінірек, Яһудея патшасы Ирод Агриппа мен Тир және Сидон қалаларының тұрғындары арасында саяси дүрдараздық туады. Сонда сол қалалардың тұрғындары бітімге келуді өтініп, патшаға жағымпазданады, ал Ирод жауап ретінде халыққа арнап сөз айтады. Сол кезде жиналған халық: “Адам емес, құдай сөйлеп тұр!” — деп айғайлай бастайды. Ехобаның періштесі Ирод Агриппаға дереу жаза жібереді, сөйтіп ол “Құдайға тиісті құрметті көрсетпегендіктен” қаза болады (Елшілердің істері 12:20—23). Адам баласына үмітін артқандар қалайша абдырап қалды десеңші! (Забур 145:3, 4). Ал мәсіхшілер болса Ехобаны мадақтаудан таймаған. Сол себепті саяси жағдайдың аумалы-төкпелі болуына қарамастан, “Құдай сөзі кеңінен тарап, сенушілердің саны өсе берді” (Елшілердің істері 12:24).

Сол уақытта және қазір

17. Бірінші ғасырда қауымға көптеп келгендер не нәрсеге қосылған?

17 Иә, бірінші ғасырдағы мәсіхшілердің дүниежүзілік қауымы Ехобаның құлшынысқа толы, белсенді мадақтаушыларынан тұрған. Адал мәсіхшілердің бәрі ізгі хабар таратқан. Ал оны қабыл алғысы келетін адамдарды кезіктірсе, оларды Исаның өзі тапсырғандай, оның барлық өсиеттеріне мойынсұнуға үйреткен (Матай 28:19). Нәтижесінде қауым өсіп, барған сайын көп адам ежелдегі Дәуіт патшаның Ехобаны мадақтаған сөздеріне қосыла берген. Олардың барлығы: “Тәңір Құдайым, шын жүректен сені мадақтап, Сенің есіміңді мәңгі дәріптеймін, өйткені маған көрсеткен мейірімің өте зор”,— деген киелі рухтың жетелеуімен жазылған сөздерге үн қосқан (Забур 85:12, 13).

18. а) Бірінші ғасырдағы мәсіхшілер қауымы мен бүгіндегі христиан әлемінің арасындағы қандай айырмашылық байқалады? ә) Келесі мақалада нені қарастырамыз?

18 Теология профессоры Эллисон Трайтстің осыған орай айтқан сөздері ойландырып тастайды. Ол қазіргі уақыттағы христиан әлемін бірінші ғасырдағы мәсіхшілікпен салыстырып, былай деді: “Бүгінде әдетте шіркеу табиғи (жергілікті шіркеуге баратын отбасының балалары сенімді қабылдау) немесе көшу (бір [христиан] шіркеуінің мүшесінің басқа жерге көшу) жолымен өседі. Алайда Елшілердің істерінде [өзге дінді] қабылдау арқылы өсім болған, өйткені қауым енді ғана әрекет етуді бастаған еді”. Бұл шынайы мәсіхшілік Иса айтқан жолмен өсіп жатқан жоқ дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Бүгінде де шынайы мәсіхшілер бірінші ғасырдағы мәсіхшілер іспетті Құдайды ел алдында құлшына даңқтап жүр. Біз мұны келесі мақаладан көреміз.

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Біз Құдайды қалай даңқтаймыз?

• Пауыл Забур 18:5-тармағын қалай қолданған?

• Сенім мен уағыздаудың арасында қандай байланыс бар?

• Бірінші ғасырдағы қауымға қатысты не нәрсе көңіл қоюға тұрады?

[16-беттегі суреттер]

Уағыздау ісі мен дұға тығыз байланысты

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу