Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.11. 4—7 бет.
  • Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаға шын жүрегіңмен сенім арт
  • Ехобаға сенім арт та, бақытты бол
  • Біз сенуге болатын адамдар
  • Көңілің қалған сәттерде ұнжырғаң түспесін
  • Маған сенім артуға бола ма?
  • Бауырластарымызға сенім артайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Тәңірге шын жүректен арқа сүйе
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Сенімді адам екеніңізді дәлелдеңіз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Ата-анамның сеніміне ие болу үшін не істесем болады?
    Жастардың сауалдары
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.11. 4—7 бет.

Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды

ТАМАҚТАН улану жағымсыз күйге түсіреді. Мұны бірнеше рет басынан кешкен адам күнделікті жейтін тамағына өте мұқият қарауы қажет. Алайда бүлінген астан сақтанам деп, тамақтан мүлдем бас тарту дұрыс емес. Өйткені, бұл проблеманы шешпейді, қайта көбейтеді. Себебі тамақсыз ешкім де ұзақ уақыт өмір сүре алмайды.

Осы сияқты сенім артқан адамның алдап кеткені де жанға ауыр тиеді. Сенген адамның бір емес, бірнеше рет көңілді қалдыруы адам таңдауда өте мұқият болу керек деген ойға әкелуі мүмкін. Бірақ бізді алдады деп, адамдармен араласудан мүлдем бас тарту — дұрыс шешім емес. Неге? Өйткені күдікшілдік бақытымыздан айырады. Қанағаттанарлық өмір кешу үшін бір-бірімізге сенуге болатын қарым-қатынасқа мұқтажбыз.

“Біреуге сенім арту — адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қажет нәрселердің бірі”,— делінген бір кітапта (Jugend 2002). Германияда басылып шыққан бір газетте “әрбір адам біреуге сенгісі келетіндігі” айтылған (Neue Zürcher Zeitung). “Сенім өмірді жақсартады”, әрі “тірі жүру үшін өте қажет”. Сондай-ақ газетте сенімсіз ‘адамның өмір қиындықтарын жеңе алмайтыны’ айтылған.

Біреуге сену біз үшін маңызды болатын болса, кімге қорықпай сенуге болады?

Ехобаға шын жүрегіңмен сенім арт

Киелі кітап бізге: “Тәңірге шын жүрегіңмен арқа сүйе”,— дейді (Нақыл сөздер 3:5). Шынында да, Құдай Сөзі бізді Жаратушымыз Ехобаға сенуге қайта-қайта шақырады.

Неліктен Ехобаға сенуге болады? Біріншіден, Ехоба — қасиетті Құдай. Ишая пайғамбар былай деп жазған: “Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі!” (Ишая 6:3). Қасиетті деген ойдың өзі жеткілікті емес пе? Шынында, бұл бізді Ехобаға жақындауға талпындыру керек, өйткені оның қасиеттілігі мінсіз, жамандық атаулыдан аулақ әрі сенімді тұлға екенін білдіреді. Ехоба ешқашан сатқындық не опасыздық жасамайды, сондай-ақ оның сенімімізді аяққа таптауы мүмкін емес.

Оның үстіне, Құдай өзіне қызмет етушілерге көмектесе алатындықтан және мұны қалайтын болғандықтан да, оған сене аламыз. Мысалы, ол құдіретті күшінің арқасында әрекет етеді. Ал оның кемелді әділдігі мен даналығы іс-әрекеттерін басқарып отырады. Баға жетпес сүйіспеншілігі болса, оны әрекет етуге талпындырады. “Құдай — сүйіспеншілік”,— деп жазған болатын елші Жохан (1 Жохан 4:8). Құдайдың сүйіспеншілігі өз істерінің бәріне әсер етеді. Ехобаның қасиеттілігі мен өзге де ғажайып қасиеттері оны ең керемет Әке, біз толығымен сенім арта алатын Тұлға етеді. Ехобадан артық сенімді ешкім де, еш нәрсе де жоқ.

Ехобаға сенім арт та, бақытты бол

Ехобаға сенім артудың тағы бір келелі себебі — тек Ехоба ғана бізді жақсы түсінеді. Ол әрбір адамның Жаратушымен берік те тұрақты, сенімді қарым-қатынасқа мұқтаж екенін біледі. Осындай қарым-қатынасы барлар өздерін әлдеқайда қауіпсіз сезінеді. Дәуіт патша: “Құдайға өз үмітін артқан адам бақытты”,— деген қорытындыға келген (Забур 39:5). Бүгінде миллиондаған адамдар Дәуіттің сөздеріне қосылады.

Бірнеше мысалды қарастырайық. Дорис Доминика Республикасында, Германияда, Грекия мен Құрама Штаттарында өмір сүрген. Ол былай деді: “Ехобаға сенім артатыныма өте қуаныштымын. Ол менің тәндік, рухани және эмоциональдық мұқтаждықтарымды қалай қанағаттандыру керектігін біледі. Ол — адамның ең жақсы досы, оған тең келер дос жоқ”. Вольфганг, заң кеңесшісі, былай деп түсіндірді: “Сенің игілігіңнің қамын ойлайтын, сен үшін ең жақсы болып табылатын нәрсені істей алатын — шын мәнінде істейтін — тұлғаға сенім арта алу қандай керемет!” Азияда туылған, ал қазір Еуропада өмір сүріп жатқан Хам болса былай деп бөлісті: “Ехобаның барлық істі қадағалап отырғанына сенімдімін. Ол ешқандай да қателеспейді, сондықтан оған сенім артатыныма бақыттымын”.

Әрине, әрбіріміз Жаратушыға ғана емес, адамдарға да сенгіміз келеді. Олай болса, Ехоба бізге дана да тәжірибелі досымыз ретінде қандай адамдарға сенім артуымыз керектігі жөнінде кеңестер береді. Мұндай кеңестерді Киелі кітапты мұқият оқи отырып табуға болады.

Біз сенуге болатын адамдар

“Әміршілерге, адам баласына, үміт артпаңдар, олар құтқара алмайды”,— деп жазған забур жыршысы (Забур 145:3). Құдайдың рухымен жазылған бұл сөздер адамдардың көпшілігі сенімді емес екенін мойындауға көмектеседі. Тіпті осы дүниенің аса қадірлі “әміршілері” болғаны, мысалы, белгілі бір салада маман болғаны, оларға бірден сенім артуға болады дегенді білдірмейді. Олардың берген басшылығы жиі дұрыс болмайтындықтан, мұндай “әміршілерге” артқан сеніміміз ақталмай, тез көңіліміз қалуы мүмкін.

Әрине, бұл барлығына күдіктеніп қарауымызға себеп болмау керек. Сөйтсе де, сенуге болатын адамдарды дұрыс таңдай білу қажет екені анық. Бұл жерде нені есепке алуымыз керек? Ертедегі Исраилдің мысалы бізге көмектесуі мүмкін. Исраилде маңызды жауапкершілікті жүктейтін адамдарды таңдау қажет болғанда, Мұсаға “бүкіл халықтың арасынан бірсыпыра қабілетті адамдарды таңдап ал. Олар Құдайдың терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет” деген кеңес берілді (Мысырдан шығу 18:21). Бұдан не нәрсеге үйрене аламыз?

Сенуге боларлық міндет жүктелердің алдында, бұл ер кісілер Құдайға ұнамды белгілі бір қасиеттерді танытқан болатын. Олар Құдайдан қорқатынын дәлелдеген; Жаратушыны терең қастерлейтін, оған ұнамсыз болудан қорқатын. Бұл кісілердің Құдайдың нормаларын ұстануға барынша тырысатындары бәріне белгілі еді. Олар арам табысты жек көрген, бұл олардың билікті теріс пайдаланудан сақтайтын рухтарының күшті екенін көрсеткен. Олар өз бастарының не туысқандары, яки достарының пайдасы үшін біреудің сенімін аяққа таптамайтын еді.

Сенімді адамдарды таңдағанда, осы жайларды ескергеніміз ақылдылыққа жатпас па екен? Құдайдан қорқатынын көрсететін адамдарды білеміз бе? Олар Құдайдың жүріс-тұрысқа қатысты нормаларын ұстануға қатаң бел буған ба? Дұрыс емес істерден шын ниетпен бас тарта ма? Қандай да бір жағдайда тек өз қамын ойламайтын не өз пайдасына шешуге тырыспайтындай адал ма? Осындай қасиеттер танытатын ер кісілер мен әйелдер сенуге тұрады.

Көңілің қалған сәттерде ұнжырғаң түспесін

Сенімді адам іздегенде, шыдамды болуға тиіспіз, өйткені өзгеге сенім арту үшін уақыт қажет. Ол адамның сенімді екеніне біртіндеп көз жеткізген абзал. Қалай? Ол үшін белгілі бір уақыт бойы адамның жүріс-тұрысын, оның белгілі жағдайларда қалай әрекет ететінін байқасақ болады. Ол кішкене істерде сенімді ме? Мысалы, ол алған затын уақытында қайтара ма, сондай-ақ келісілген кездесуге уақтылы келе ме? Егер осылай болса, онда ол адамға бұдан үлкенірек істерде де қорықпастан сенуге болатынын байқармыз. Бұл “Кішкене істе сенімді болған үлкен істе де сенімді” деген принципке сәйкес келеді (Лұқа 16:10). Таңдай білгеннің және сабырлы болғанның арқасында өзгелер қатты көңілімізді қалдыратын жағдайларға кезікпеуіміз мүмкін.

Ал егер әлдекім көңілімізді қалдырса ше? Киелі кітапты оқығандар тұтқынға алынатын түні елшілері Иса Мәсіхтің қатты көңілін қалдырғанын білер. Яһуда Исқариот оны сатып кетсе, ал өзгелері қорқып қашып кеткен еді. Ал Петір тіпті Исадан үш рет танған еді. Осындай қысылтаяң сәтте елшілерінен көңілі қалса да, бұл жай Исаға бірнеше аптадан соң, қалған 11 елшісіне сенуге кедергі болған жоқ (Матай 26:45—47, 56, 69—75; 28:16—20). Сол сияқты әлдекім біздің де көңілімізді қалдырса, мұны ол сенімсіз болғандықтан істеді ме, әлде тәннің бір мезеттік әлсіздігінен бе, сол жөнінде ойлауымыз керек.

Маған сенім артуға бола ма?

Сенім артатын адамды таңдай білгісі келетін адам өз-өзімен әділ болып, былай деп сұрағаны жөн: “Маған сенім артуға бола ма? Бұл үшін өзіме не өзгеге қандай талап қоямын?

Әрине, сенімге тұрарлық адам тек шындықты айтады (Ефестіктерге 4:25). Ол өз басының игілігін ойлап, сөздерін әркімге әрқалай айтпайды. Егер ол уәде берсе, оны орындау үшін қолынан келгеннің бәрін істейді (Матай 5:37). Ал егер оған әлдекім өз сенімін артқан болса, сенімді адам ол туралы өзгеге тіс жармайды, өсектемейді. Сенуге болатын адам өз жұбайына адал. Ол порнография көрмейді, сондай-ақ тәтті қиялға берілмейді, қылымсымайды (Матай 5:27, 28). Сенуге болатын адам өзін және отбасын асырау үшін ауыр еңбек етеді. Ол өзгелердің арқасында оңай ақша табудың жолын іздемейді (1 Тімотеге 5:8). Осындай ақылға қонымды Киелі кітаптағы нормаларды есте ұстағанымыз сенуге болатын адамдарды ажырата білуімізге көмектеседі. Оның үстіне, осындай нормалар әрқайсысымызға өзімізге сенім артқан адамдардың сенімін ақтауға көмектеседі.

Барлық адамдарға сенуге болатын, біреудің көңілін қалдыру өткеннің ісі болған жерде өмір сүру қандай рақат! Бұл жай ғана арман ба? Киелі кітаптың уәделеріне шындап сенетін адамдар үшін, Құдай Сөзі ешбір жалғандық, өтірік пен қанаушылық, қайғы мен ауру, тіпті өлім де болмайтын “жаңа жердің” болатынын айтып отыр (2 Петір 3:13; Забур 37:11, 29; Аян 21:3—5). Бұл көбірек білуге тұрарлық керемет болашақ емес пе? Ехоба Куәгерлері осы жайында және басқа да маңызды тақырыптар туралы көбірек мәлімет беруге қуанышты.

[4-беттегі сурет]

Күдікшіл болу бақытымыздан айырады

[5-беттегі сурет]

Ехоба — ең сенімді Тұлғамыз

[7-беттегі суреттер]

Бәріміз де бір-бірімізге сенуге болатын қарым-қатынасқа мұқтажбыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу