Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.11. 3-б.
  • Сенуге болатын біреу бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сенуге болатын біреу бар ма?
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Көп уақытты алады, бір сәтте жоғалады
  • Сенім арту бақытты өмір үшін аса маңызды
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бауырластарымызға сенім артайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Тәңірге шын жүректен арқа сүйе
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ата-анамның сеніміне ие болу үшін не істесем болады?
    Жастардың сауалдары
Көбірек мәлімет
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.11. 3-б.

Сенуге болатын біреу бар ма?

БЕРЛИН ҚАБЫРҒАСЫ 1989 жылы құлағаннан кейін, біраз құпия сырлар ашылған болатын. Мысалы, Лидияa Шығыс Германиядағы социалистік тәртіп кезінде Штазидің, немесе Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, оның жеке басының істері жөнінде мәліметтер жинағанын білді. Лидия мұны естіп таңғалғанымен, оны қатты есеңгіреткен жайт — бұл мәліметтерді Штазиға жеткізген өзінің күйеуі екендігі. Оны сатып кеткен өзінің толық сенім артқан кісісі еді.

Лондонның “Таймс” газетінің хабарлауынша, Роберт дәрігерін “аса қадірлейтін, оған сүйсініп, сенетін” егде жастағы кісі болған. Сондай-ақ оның дәрігері “жұмсақ әрі жаны ашып сөйлейтін” адам делінген. Кейін Роберт аяқ астынан дүние салады. Бұл өлім жүрек ұстамасынан болды ма? Жоқ. Үкімет органдары әлгі дәрігердің Робертті үйінде қарап, оған да, отбасындағыларына да айтпастан, өлтіретін дәрі еккен деген қорытынды жасаған. Роберттің өзі сенген адамының қолынан қаза тапқаны көрініп тұр.

Лидия мен Роберт екеуі де сенген адамдарының құрбаны болып, соңы қайғымен аяқталды. Алайда өзге жағдайларда нәтижесі осынша қайғылы болмауы да мүмкін. Әйтсе де, өзіміз сенетін адамдардан көңілдің қалуы таңғаларлық жайт емес. Германиядағы сауалдама институты (Allensbacher Jahrbuch der Demoskopie 1998—2002) жариялаған мәліметте жауап берушілердің 86 пайызы сенген адамдарынан көңілдері қалғанын көрсетті. Бәлкім, мұндай жайт сенің басыңда да болған шығар. Сондықтан да 2002 жылы Швейцария газеті (Neue Zürcher Zeitung) “дамыған Батыс елдерінде адамдардың бір-біріне деген сенімі азайып бара жатқанына көп жыл болды” деп хабарлағанына таңғалмаймыз.

Көп уақытты алады, бір сәтте жоғалады

Біреуге сену деген не? Бұл адамның адал да шынайы екендігіне, сондай-ақ әдейілеп саған жамандық жасамайтынына күмәнданбауды білдіреді. Біреуге сену үшін ұзақ уақыт қажет, бірақ оны жоғалту бір-ақ сәт. Өздерінің сенімдері қаншама рет аяққа тапталғанын сезінген адамдардың өзгелерге сенім артулары қиын екені таңғалдырарлық па? 2002 жылы Германияның газетінде жарық көрген зерттеуге сәйкес, “жастардың үштен бірінен кемінің өзгелерге сенім артуға негіздері бар”.

Өзімізден былай деп сұрасақ болады: Сенуге болатын біреу бар ма? Сеніміміз ақталмайтын жағдайлар болып тұрса да, біреуге сену жөн бе?

[Сілтеме]

a Есімдер өзгертілген.

[3-беттегі сөздер]

Бір сауалдама жауап берушілердің 86 пайызы сенген адамдарынан көңілдері қалғанын көрсетті

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу