Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w03 1.7. 4—7 бет.
  • Қалай кейбіреулер сұрақтарына жауап тапты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қалай кейбіреулер сұрақтарына жауап тапты
  • 2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Құдай деген кім?
  • Қайғы-қасіреттің себебі неде?
  • Мағыналы өмір
2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w03 1.7. 4—7 бет.

Қалай кейбіреулер сұрақтарына жауап тапты

МИЛЛИОНДАҒАН адамдар Құдайға жалбарынады. Кейбіреулер сұрағандарына жауап алатындарына сенеді. Басқалары Құдайдың дұғаларды еститіндігіне күмәнданады. Ал көптеген адамдар жауап іздегенмен, өздерінің өтініштерін дұға арқылы Құдайға айту ойларына келмеген.

Киелі кітап шынайы Құдайды “дұғаларды Тыңдаушы” ретінде көрсетеді (Заб. 64:3). Егер сіз дұға ететін болсаңыз, оның шынайы Құдайға бағышталып жатқанына сенімдісіз бе? Сіздің айтып жатқан дұғаңыз Құдайдың құлағына шалына ма?

Көптеген адамдар өздерінің дұғаларын шынайы Құдайдың естіп отырғанына сенімді. Олар қалайша жауап алды? Олар нені түсінді?

Құдай деген кім?

Діни қызметкерлерден және тақуалардан білім алған Португалиядағы бір мұғалім әйел шын жүректен өзінің нанымын ұстанып жүреді. Кейіннен, шіркеу оның маңызды деп есептеп жүрген салт-жораларын өзгертіп, кейбіреуін түкке тұрғысыз етіп тастаған соң, ол бір түрлі болып абыржып қалады. Саяхаттап жүріп, ол Шығыс діндерімен танысады да, оның ойында күдік туады. “Жалғыз шынайы Құдай бар ма? Бар болса Оған қалай ғибадат ету керек,”— деген сұрақ оны толғандыра бастайды. Діни қызметкерге Киелі кітапта жазылған нәрселер жайында сұрақтар қойғанда, ол бұлтақтап, сұрақтарын жауапсыз қалдырады да, әйел мүлдем түңіледі.

Католик шіркеуі сол мұғалім тұратын қалада шіркеуге келушілердің ешқайсысы да Ехоба Куәгерлерімен сөйлеспеу керек екені туралы ескерту жазылған үндеу таратқан болатын. Алайда ол кісінің сұрақтары әлі жауапсыз еді. Бір күні Ехоба Куәгерлері оның үйіне келіп әңгімелескенде, әйел қызығушылық танытады. Бұл оның Ехоба Куәгерлерімен бірінші рет сөйлесуі еді.

Өзінің көптеген сұрақтарына жауап алу үшін, әйел Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастайды. Әр апта сайын бұл әйелде көптеген сұрақтар дайын тұратын. Ол Құдайдың есімі кім, шынайы да жалғыз Құдай бар ма, Оған сиынғанда бейнелерді қолдануға бола ма деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап алғысы келді. Оның алған жауаптарының барлығы да адамның пікіріне емес, Киелі кітапқа негізделген еді, сондықтан әйел бұған таңқалып, алған тәліміне қатты қуанады. Бірте-бірте ол өзінің көптеген сұрақтарына жауап алады. Бүгінде ол әйел Иса Мәсіхтің сөзі бойынша, Ехобаға ‘нағыз сиынушыларға’ лайықты түрде, яғни рухында және шындықта қызмет етуде (Жохан 4:23).

Шри Ланкада бір отбасы Киелі кітапты үнемі оқитын, алайда өздерін мазалайтын сұрақтардың көбісіне жауап таба алмайды. Дін қызметкері де оларға көмектесе алмайды. Алайда бір күні Ехоба Куәгерлері оларға келіп, Киелі кітапқа негізделген әдебиет тастап кетеді. Кейінірек, Ехоба Куәгерлері олардың Киелі кітапқа байланысты сұрақтарына қанағаттандырарлық жауап бергенде, олар үй жағдайында Киелі кітапты зерттеуге келіседі. Сөйтіп зерттеу барысында білген нәрселері оларды қатты қызықтырады.

Бірақ әйелінің санасында жастайынан барып жүрген шіркеудегі айтылған сөздер қалып қойғандықтан, Исаның айтқан сөздеріне, яғни ‘Құдайдың шынайы да жалғыз’ екеніне сенуі қиын болады. (Жохан 17:1, 3). Оны шіркеуде Иса Мәсіх Әкесіне тең және бұл күмәнсіз сенетін “құпия” деп үйретіпті. Ол Ехобаның есімін қолданып, шын жүректен және ашына айтқан дұғасында Иса Мәсіхтің негізінде кім екенін түсінуге көмектесуін сұрайды. Содан кейін ол қажетті орындарды ашып, мұқият тағы да оқып шығады (Жохан 14:28; 17:21; 1 Қорынттықтарға 8:5, 6). Сол кезде оның көзі ашылғандай болды: ол көк пен жердің жаратушысы және Иса Мәсіхтің Әкесі жалғыз, шынайы Құдай Ехоба екенін айқын түсінді (Ишая 42:8; Еремия 10:10—12).

Қайғы-қасіреттің себебі неде?

Әйүп атты кісі айтып жеткізуге болмайтын ауыр қасірет шеккен. Оның барлық балалары қатты дауылдан қайтыс болады, өзі тақыр кедейге айналады. Сонымен қатар азапты ауруы және жалған достарының қысымы жанына қатты батады. Осының бәрі Әйүптің аңдамай сөйлеп қалуына әсер етеді (Әйүп 6:3). Бірақ Құдай оның жағдайын түсінді (Әйүп 35:15). Құдай оның жүрегінде не жатқанын білді және оған қажетті кеңес берді. Ехоба адамдарға қазірде осылайша көмек беруде.

Мозамбикте тұратын Кастроның шешесі өлгенде, оның жасы онда еді. Қатты қайғырған Кастро: “Ол неге бізді тастап кетті”,— деп сұрайтын. Кезінде Құдайдан қорқатын әке-шешенің қолында тәрбиеленсе де қатты түңілді. Оның ойы мен жүрегіне не нәрсе жұбаныш болды? Ол үлкен ағаларымен Чичева тілінде жазылған кішкентай Киелі кітапты оқып, талқылағанда, үлкен жеңілдік сезінетін.

Бірте-бірте ол шешесі Құдайдың әділетсіздігінен емес, мұра еткен кемелсіздіктің кесірінен қайтыс болғанын түсінді (Римдіктерге 5:12; 6:23). Киелі кітаптағы қайта тірілу туралы үміт керемет жұбаныш болды, өйткені бұл оның шешесін қайта көруге мүмкіндігі бар екенін көрсетті (Жохан 5:28, 29; Елшілердің істері 24:15). Өкінішке орай төрт жылдан кейін оның әкесі де көз жұмады. Бұл жолы Кастро қайғымен күресуге дайын еді. Қазіргі таңда ол Ехобаны сүйеді және Оған адалдықпен қызмет етуде. Оның тапқан қуанышы оны танитын барлық адамдарға аян.

Жақынын жоғалтқан көптеген адамдар да Кастроға жұбаныш берген Киелі кітап шындығынан жұбаныш табуда. Зұлым адамдардың кесірінен қасірет шегіп жатқан адамдар Әйүп сияқты былай деп сұрайды: “Неге әділетсіздер өмір сүріп жатыр” (Әйүп 21:7). Адамдар Құдай сөзінде жазылған жауапқа құлақ асқанда, Құдайдың әрекеттерінің бәрі жақсылық әкелетінін түсінеді (2 Петір 3:9).

Құрама штаттарда туып өскен Барбара соғыстың жан түршігерлік көріністерін өз көзімен көрген жоқ. Алайда ол соғыс болып жатқан дүниеде туып өсті. Күніге соғыстағы болып жатқан қатыгездік жайында естіліп жатты. Мектепте оқып жүргенде тарихи оқиғалардың ауыспалылығы түсінбеушілік тудыратын. Бұның барлығының артында не тұрды? Болып жатқан нәрселер Құдайды ойландыра ма? Барбара Құдайдың бар екеніне сенетін, бірақ оған деген сезімі тиянақты емес еді.

Алайда Ехоба Куәгерлерімен араласа келе Барбараның көзқарасы өзгере бастады. Ол куәгерлермен Киелі кітапты зерттеп, Патшалық сарайындағы қауым кездесуіне барып қана қоймай, үлкен конгреске де қатысты. Сонымен қатар ол сұрақтарына жауап алғанда, Ехоба Куәгерлерінің әрқайсысы әр түрлі жауап бермегенін байқады. Куәгерлердің барлығының сөзі бір жерден шығатын, өйткені олар не айтса да Киелі кітапқа сүйенетін.

Осы дүниені Ібіліс Шайтан билеп тұрғандықтан, Куәгерлер осы дүние соның рухын танытатынын Құдай сөзінен көрсетіп береді (Жохан 14:30; 2 Қорынттықтарға 4:4; Ефестіктерге 2:1—3; 1 Жохан 5:19). Олар Барбараға ойында түсінбеушілік тудырған оқиғалардың барлығы Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткенін түсіндірді (Даниял 2, 7, 8 тараулар). Құдай қажет деп тапса, болашаққа үңіліп қарай алады, сондықтан оны бізге алдын ала айтқан. Оқиғалардың кейбіреулері Құдайдың еркімен болған. Басқаларының болуына Ол жол берген. Куәгерлер Барбараға Киелі кітаптан қазіргі күнде болып жатқан оқиғалардың қуаныштысын да, қайғылысын да көрсетіп, олардың нені білдіретінін көрсетті (Матай 24:3—14). Олар Барбараға жақында жер бетінде жаңа өмір болатынын және ол жерде әділдіктің орнайтынын, қайғы-қасіреттің мүлдем болмайтынын айтады (2 Петір 3:13; Аян 21:3, 4).

Бірте-бірте Барбара Ехобаның қайғы-қасіретке жауапты емес екенін және оны күштеп тоқтатпайтынын, яғни адамдар қаламаса өзінің өсиеттерін орындауға мәжбүрлемейтінін түсінді (Заңды қайталау 30:19, 20). Құдай бізге мәңгілік бақытты өмір сүре алуымызға барлық жағдайды жасап қойған, бірақ қазір біз Оның әділ нормаларымен жүруді шын жүректен қалайтынымызды көрсетуге мүмкіндік беріп отыр (Аян 14:6, 7). Барбара Құдайдың не талап ететіндігін білуге және оған сәйкес өмір сүруге белін бекем буды. Сонымен қатар ол Ехоба Куәгерлерінің арасынан Исаның шынайы ізбасарларын айыратын шынайы сүйіспеншілікті байқайды (Жохан 13:34, 35).

Оған көмектескен білім сізге де көмектесе алады.

Мағыналы өмір

Жетістікте өмір сүріп жатқан адамдардың өзінде тыныштық бермейтін сұрақтар бар. Мысалы, Ұлыбританияда тұратын Мэтью атты жас жігіттің әрқашан шын Құдайды және өмірдің мағынасын табуға деген қатты ықыласы болған. Оның әкесі өлген кезде, Мэтью 17 жаста еді. Бұдан кейін ол музыкант болу үшін жоғары білім алады. Кейін ол материалдық бағыттағы өмірдің бос әурешілік екеніне көзі жетеді. Ол үйін тастап Лондонға кетеді де, онда есірткіге құмартып, түнгі клубтар, астрология, спиритизм, дзэн-буддизмнің және басқа да пәлсапаның шырмауында қалады. Осылайша, ол өмірден бір қанағаттандырарлық жол іздейді. Бұның барлығынан әбден түңілген ол қатты дауыспен Құдайдан шындықты табуға көмектесуін сұрайды.

Екі күн өткен соң ол өзінің ескі танысын кездестіріп, оған мүшкіл жағдайын айтады. Бұл кісі кезінде Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеген екен. Ол Мэтьюге 2 Тімотеге 3:1—5 тармақтарды көрсеткен кезде, қоршап тұрған осы дүниенің Киелі кітапта қаншалықты тура суреттелгені оны таңқалдырады. Исаның таудағы уағызын оқығанда, бұл оның жүрегін толғантады (Матай 5—7 тарау). Ехоба Куәгерлері туралы жаман хабар оқығандықтан алғашқыда барғысы келмесе де, ақыры жақын арада орналасқан Патшалық Сарайына баруды шешеді.

Ол жерде естігені Мэтьюге қатты ұнап, ол қауымдағы бір ақсақалмен Киелі кітапты зерттеуді бастайды. Біраз уақыттан кейін, ол іздегенін тауып, Құдайдан тілегіне жауап алғанын көреді. Ехобаға жақпайтын істерді тастағанда, ол бұның пайдасын көреді. Құдайдың алдында орынды қорқыныш таныта бастағандықтан, ол өмірін Құдайдың заңдарына сай келтіре бастайды. Мұндай өмірдің мағынасы бар екендігін Мэтью түсінді (Екклесиаст 12:13).

Мэтью және жоғарыда айтылып кеткендер тағдырлары солай болғандықтан өмірде осылай қанағат сезіміне бөленіп жатқан жоқ. Құдайдың сүйіспеншілікке толы ниеті бар екенін және бұл оған бағынуды қалағандардың барлығына қатысты екенін білу үшін тағдырдың қажеті де жоқ (Елшілердің істері 10:34, 35). Бұл ниетке сәйкес соғыс, ауру мен аштық болмайтын, тіпті өлімнен азат етілген мәңгілік өмір келе жатыр (Ишая 2:4; 25:6—8; 33:24; Жохан 3:16). Осыны қалар ма едіңіз? Қалайтын болсаңыз, қанағат әкелетін өмірдің кілтін қалай табуға болатынын жақсырақ білу үшін, Ехоба Куәгерлерінің Патшалық Сарайында Киелі кітапқа негізделіп өткізілетін қауым кездесулеріне барсаңыз болады. Сізді шын жүректен шақырамыз.

[7-беттегі сурет]

Құдайға оның есімін қолданып, бар ынта-ықыласыңызбен дұға етіңіз

[7-беттегі сурет]

Киелі кітаптың ілімдерін бұрмаламай үйрететіндермен оны зерттеңіз

[7-беттегі суреттер]

Патшалық Сарайында болатын кездесулерге барып тұрыңыз

[4-беттегі сурет рұқсатымен]

Hiker: Chad Ehlers/Index Stock Photography

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу