Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.4. 18—23 бет.
  • Ехоба ізгіліктің асқан үлгісі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба ізгіліктің асқан үлгісі
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Лайықсыз болса да адамзатқа ізгілік таныту
  • Ехобаның ізгілігінің мадақталуы
  • “Маған салтанатты ұлылығыңды көрсете гөр”
  • “Жаратқан Ие... сүйіспеншілігі берік”
  • Ехоба рақымды да қайырымды
  • Құдай қаһарлануға асықпайды
  • Ехобаның ізгілігіне еліктеңдер
  • ‘Шіркін, оның ізгілігі қандай!’
    Ехобаға жақында
  • Әрқашан ізгілік танытыңдар
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ізгілікке іңкәрсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ехобаның ізгілігіне еліктеңдер
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.4. 18—23 бет.

Ехоба ізгіліктің асқан үлгісі

“Тәңір Сабаотты даңқтаңдар, өйткені Тәңір ізгі!” (ЕРЕМИЯ 33:11, СА).

1. Неліктен біз ізгілігі үшін Құдайды мадақтауға талпынамыз?

ЕХОБА ҚҰДАЙДЫҢ ізгілігі кемелді. “Уа, Оның ізгілігі қандай ұлы десеңші!” — деп шаттанды Зәкәрия пайғамбар (Зәкәрия 9:17, СА). Жерде қуанышты өмір сүруіміз үшін Құдайдың атқарған істерінің барлығынан да Оның ізгілігін көруге болады (Жаратылыс 1:31). Бүкіл ғаламды жаратқан кезде Құдай орнатқан сан қилы заңдарды біз ешқашан толық түсіне алмаймыз (Екклесиаст 3:11; 8:17). Алайда аз ғана біліміміздің өзі, бізді, Құдайдың ізгілігін мадақтауға талпындырады.

2. Ізгілікті қалай түсіндірер едіңдер?

2 Ізгілік дегеніміз не? Ол игілікті, жақсылықты білдіреді. Алайда ол жамандық жасамаумен шектелмейді. Ізгілік — киелі рухтың жемісінің бір бөлігі болып табылады және ол іс-әрекеттен көрінетін қасиет (Ғалаттықтарға 5:22, 23, СА). Өзгелердің пайдасы үшін игілікті істер жасайтын болсақ, ізгілік танытқанымыз болады. Бүгінгі заманда біреулер үшін жақсы нәрсені өзгелер жамандық деп қарастыруы мүмкін. Алайда тыныштықта және бақытты өмір сүргіміз келсе, ізгіліктің бір ғана үлгісі болуы керек. Бұл үлгіні бекітуге кім құқылы екен?

3. Ізгіліктің үлгісі жөнінде Жаратылыс 2:16, 17-де не айтылған?

3 Ізгіліктің немесе жақсылықтың үлгісін Құдай бекітеді. Адамзат тарихының басында Ехоба алғашқы адамға былай деп бұйырған болатын: “Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жеген кезде өлесің” (Жаратылыс 2:16, 17). Иә, жақсылық пен жамандық туралы түсінікті адамдар Жаратушысынан іздеулері керек.

Лайықсыз болса да адамзатқа ізгілік таныту

4. Адам ата күнә жасағаннан кейін Құдай адамзат үшін не істеді?

4 Адам күнә жасап, Құдайдың ізгіліктің үлгісін бекіту құқын мойындаудан бас тартқан кезде, адамзаттың кемелді жағдайда мәңгі, бақытты өмір сүру мүмкіндігіне қауіп төнген болатын (Жаратылыс 3:1—6). Бірақ, күнә мен өлімді мұра еткен Адамның ұрпақтары туылмас бұрын, Құдай алдын ала кемелді Ұрпақтың келетінін айтты. “Ежелден бері келе жатқан абжылан” Шайтан Ібіліске арнап, Ехоба былай деп жариялады: “Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын, Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың” (Аян 12:9; Жаратылыс 3:15). Ехоба адамзатты күнәдан азат етуді мақсат еткен болатын. Сүйікті Ұлының азаттық құрбандығына сенім білдірген адамдарды құтқару үшін шара қолдануы арқылы Ехоба лайықсыз болса да адамзатқа ізгілік танытты (Матай 20:28; Римдіктерге 5:8, 12).

5. Зұлымдыққа бейімділікті мұра етсек те, не себепті қандай да бір мөлшерде игі істер жасай аламыз?

5 Адам ата жасаған күнәның салдарынан барлығымыз да зұлымдыққа бейімділікті мұра еттік (Жаратылыс 8:21). Дегенмен де, бақытымызға орай Ехоба қандай да бір мөлшерде жақсылық жасауымызға көмектеседі. Оның бағалы Киелі жазбаларынан әрдайым үйреніп отырған нәрселеріміз бізді ‘парасатты етіп... құтқарылуға бастап әкеліп’ және ‘барша игі іске дайындап’ қана қоймайды, сонымен қатар Құдайдың көзінде дұрыс нәрсе істеуге қабілетті етеді (2 Тімотеге 3:14—17). Алайда Жазбалардың басшылығының пайдасын көріп, игі істер жасауға қабілетті болу үшін біз Забур жыршысы сияқты ой қалпын танытуымыз керек. Ол былай деп жырлаған болатын: “Ізгісің Сен, істейсің игі істерді, үйрете гөр маған ережелеріңді” (Забур 118:68).

Ехобаның ізгілігінің мадақталуы

6. Дәуіт келісім сандығын Иерусалимге көшірген соң, леуіліктер қандай ән шырқады?

6 Ежелгі Исраил патшасы Дәуіт Ехобаның ізгі Құдай екенін мойындаған және Одан басшылық іздеген. Ол былай деген еді: “Тәңір ізгі де әділ, сол себепті күнәкарларды түзу жолға үйретеді” (Забур 24:8, СА). Исраилдіктерге берілген Құдайдың басшылығының құрамында екі тақта тасқа жазылып, келісім сандығы деп аталатын киелі сандықта сақталған он маңызды заң — Он өсиет бар болатын. Дәуіт келісім сандығын Исраилдің астанасы Иерусалим қаласына көшірген соң, леуіліктер былай деп ән шырқаған болатын: “Ехобаға ризашылық білдіріңдер халықтар, өйткені Ол ізгі және Оның рақымы мәңгілік” (ЖД) (1 Шежірелер 16:34, 37—41). Леуілік әншілер жырлаған сөздерді есту қандай қуанышты болған болу керек десеңші!

7. Келісім сандығы Ең қасиеттінің ішіне қойылып, Сүлеймен арнау дұғасын айтқан соң қандай оқиға болды?

7 Осы сияқты мадақтау сөздер Дәуіттің ұлы Сүлеймен соққан ғибадатхананы Ехобаға арнау кезінде де айтылды. Келісім сандығы жаңа соғылған ғибадатханадағы Ең қасиетті орынға қойылған соң, леуіліктер ‘ізгілігі мен мәңгілік рақымы’ үшін Ехобаны мадақтай бастады. Сол кезде ғибадатхананың іші керемет түрде бұлтқа толды. Бұл Ехобаның салтанатты ұлылығын және Оның халқымен бірге екенін білдіретін еді (2 Шежірелер 5:13, 14). Сүлеймен арнау дұғасын айтқан соң, “аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды”. Бұны көргенде барлық исраилдіктер “тас төселген алаңда жерге етпеттей жығылып: “Жаратқан Ие ізгі, Оның рақымы мәңгілік!” — деп бас ұрып ризашылық білдірді” (2 Шежірелер 7:1—3). Он төрт күнге созылған мейрам аяқталған соң ‘Жаратқан Иенің Дәуіт пен Сүлейменге және халқы Исраилге жасаған игіліктеріне қуанғаннан жүректері лүпілдеп қатты риза болған’ исраилдіктер үйлеріне қайтты (2 Шежірелер 7:10).

8, 9. а) Ізгілігі үшін Ехобаны мадақтағандарымен, исраилдіктер кейіннен қандай жолға түсіп кетті? ә) Еремия арқылы Иерусалим жайында алдын ала не айтылды және ол пайғамбарлық қалай орындалды?

8 Өкінішке орай, исраилдіктер әрі қарай да Құдайды мадақтап шырқаған әндеріне сай өмір сүрмеді. Уақыт өте келе Яһудея халқы Ехобаны ‘құр сөзбен ғана сыйлады’ (Ишая 29:13, СА). Құдайдың көрсеткен ізгілігіне лайықты әрекет етудің орнына жамандық жасай бастады. Олар қандай жаман істер жасады екен? Олар пұтқа табынды, өнегесіз қылықтар істеді, кедейлерді қанады және өзге де ауыр күнәлар жасады! Нәтижесінде б. з. б. 607 жылы Иерусалим қаласы күйретіліп, тұрғындары Бабылға тұтқынға әкетілді.

9 Құдай осылайша өз халқын жазалады. Алайда Ол, Еремия арқылы күндердің күнінде Иерусалимде, “Тәңір Сабаотты даңқтаңдар, өйткені Тәңір ізгі; өйткені Оның рақымы мәңгілік!” деп шырқаған дауыстар естілетіндігін алдын ала айтқан еді (Еремия 33:10, 11, СА). Осылай болды да. Қаланың қаңырап бос жатқанына жетпіс жыл толғанда, б. з. б. 537 жылы яһудилердің тамтығы Иерусалимге қайта оралды (Еремия 25:11; Даниял 9:1, 2). Олар Мория тауындағы ғибадатхананың орнындағы құрбандық шалатын орынды қалпына келтіріп, сол жерде құрбандық шала бастады. Оралғандарына екінші жыл болғанда ғибадатхананың негізі қаланды. Қандай керемет уақыт десеңші! Езра былай деген еді: “Құрылысшылар Тәңірдің ғибадатханасының негізін қалаған кезде, киімдерін киген, қолдарына кернейлерін ұстаған діни қызметкерлер мен шың ұстаған леуілік Асафтың ұлдарын Дәуіттің бекітуі бойынша Тәңірді мадақтау үшін тәртібімен қойды. Сөйтіп олар кезекпен “мадақтаңдар”, “Тәңірді даңқтаңдар”, “Өйткені Ол ізгі, Оның Исраилге деген рақымы мәңгілік” деп шырқай бастады” (Езра 3:1—11, СА).

10. Забурдың 117-жыры қандай айрықша мәні бар сөздермен басталып, аяқталады?

10 Осыған ұқсас Ехобаның ізгілігін мадақтау сөздерін көптеген Забур жырларынан көруге болады. Олардың ішінде Құтқарылу мейрамы аяқталған кезде исраилдік отбасылары шырқаған Забурдың 117-жыры да бар. Ол Забур жыры “Тәңірді мадақтаңдар, өйткені Ол ізгі және Оның рақымы мәңгілік” деген сөздермен басталып, осы сөздермен аяқталады (Забур 117:1, 29, СА). Осы сөздер б. з. 33-жылы Иса Мәсіхтің өлерінің алдында шәкірттерімен бірге айтқан соңғы мадақтау сөздері болса керек (Матай 26:30).

“Маған салтанатты ұлылығыңды көрсете гөр”

11, 12. Құдайдың салтанатты ұлылығының сәулесін көрген кезде Мұса қандай сөздер естіді?

11 Ехобаның игілігі мен рақымдылық қасиеттерінің байланысы алғаш рет Езра өмір сүрген уақыттан көптеген ғасырлар бұрын көрсетілген болатын. Исраилдіктер шөл далада алтын бұзауға табынып, кінәлілері жазаланғаннан кейін көп уақыт өтпей Мұса Ехобадан былай деп өтінді: “Ендеше маған салтанатты ұлылығыңды көрсете гөр”. Өзінің бет-жүзін көрсе, тірі қалмайтынын түсіндірген соң, Ехоба Мұсаға былай деді: ‘Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді өткіземін’ (Мысырдан шығу 33:13—20).

12 Келесі күні Синай тауында Ехоба бүкіл игілігін немесе ізгі қасиеттерін Мұсаның алдынан өткізді. Сол кезде Мұса Құдайдың салтанатты ұлылығының сәулесін көріп, келесі сөздерді естіді: “Жаратқан Ие! Жаратқан Ие! Рақымды да қайырымды Құдай! Қаһарлануға асықпайды, сүйіспеншілігі берік , әрдайым сөзінде тұрады; Ол сүйіспеншілігін мыңдағандарға ұдайы көрсетеді, тіпті Өзіне қарсы шығып әділетсіздік жасап, күнәға батқан адамды да кешіруге дайын. Ал (қасарысқан күнәкарды) жазалаусыз қалдырмайды. Аталарының жасаған әділетсіз істері үшін балалары мен немерелерін, тіпті шөберелері мен шөпшектерін де жазалайды” (Мысырдан шығу 34:6, 7). Бұл сөздер Ехобаның ізгілігі, сүйіспеншілігі сияқты өзге де қасиеттерімен байланысты екенін көрсетеді. Бұл қасиеттердің үстінен ой жүгірткеніміз ізгі бола білуімізге көмектеседі. Біріншіден осы керемет сөздердің ішінде екі рет қайталанған қасиетін қарастырып көрелікші.

“Жаратқан Ие... сүйіспеншілігі берік”

13. Құдайдың ізгілігі жария етілгенде қандай қасиет екі рет қайталанған және бұл неліктен орынды?

13 “Жаратқан Ие... сүйіспеншілігі берік... сүйіспеншілігін мыңдағандарға ұдайы көрсетеді”. “Сүйіспеншілігі берік” деп аударылған еврей сөзі “сүйіспеншілікпен рақым ету” дегенді де білдіреді. Құдай Мұсаға өзінің қасиеттерін жария еткенде жалғыз осы қасиеті ғана екі мәрте қайталанған. Бұл әбден орынды, өйткені Ехобаның басты қасиеті — сүйіспеншілік! (1 Жохан 4:8). “Өйткені Ол игі және рақымы мәңгілік” деген Ехобаны мадақтап айтылған әйгілі сөздерде осы қасиетке аса көңіл бөлінген.

14. Ізгілігі мен берік сүйіспеншілігін Құдай әсіресе кімдерге көрсетеді?

14 Ехобаның ізгілігін Оның ‘сүйіспеншілігінің берік екендігінен’ де көруге болады. Бұның ең үлкен дәлелі, өмірлерін Өзіне арнаған әділ қызметшілерінің қамын ойлап, қамқорлық көрсетіп отырғандығы (1 Петір 5:6, 7). Сүйіспеншілікпен Өзіне қызмет етіп жүргендерге Оның ‘сүйіспеншілігін... ұдайы көрсететіндігін’ Ехоба Куәгерлері растай алады (Мысырдан шығу 20:6). Табиғи Исраил халқы Ехобаның Ұлынан бас тартқаны үшін Оның берік сүйіспеншілігінен айырылып қалды. Алайда Құдайдың бүкіл халықтардан шыққан адал мәсіхшілерге деген ізгілігі мен берік сүйіспеншілігі мәңгі (Жохан 3:36).

Ехоба рақымды да қайырымды

15. а) Синай тауында Мұсаға Өзінің қасиеттерін жариялауды Ехоба қандай сөздермен бастады? ә) Рақымдылыққа не жатады?

15 Синай тауында Мұсаға өзінің қасиеттерін жариялауды Ехоба келесі сөздермен бастады: “Жаратқан Ие! Жаратқан Ие! Рақымды да қайырымды”. “Рақым” деп аударылған еврей сөзі адамның ішкі мүшелерін білдіруі мүмкін және “құрсақ” деген сөзбен тығыз байланысты. Демек рақым деген түсінікке адамның жан дүниесінен шыққан нәзік жанашырлық сезімдер жатады. Алайда рақымдылық жанашырлықпен шектелмейді. Ол бізді өзгелердің азабын жеңілдету үшін қандай да бір әрекет етуге талпындыруы керек. Мысалы, мәсіхші ақсақалдар бір сенімдегілерге рақымды болуы қажет екенін түсініп, орынды болған жағдайда ‘қуана қайырымдылық жасайды’ (Римдіктерге 12:8; Жақып 2:13; Яһуда 22, 23).

16. Неліктен Ехобаны қайырымды деп айтуға болады?

16 Құдайдың ізгілігін көрсететін тағы бір қасиеті, еврей тілінен қайырымдылық деп аударылған. Ондай адам “өзгелердің сезімін ескереді” және ‘әсіресе өзінен төмен адамдарға шын жүректен мейірімді’. Ехоба адал қызметшілерімен қатынас жасағанда қайырымдылықтың ең керемет үлгісін көрсетеді. Мысалы, Құдай қайырымдылық танытып, періштелері арқылы қарт пайғамбар Даниялды нығайтты және ерге шықпаған қызға, Мәриямға, Исаны дүниеге келтіру құрметіне ие болғанын хабарлады (Даниял 10:19; Лұқа 1:26—38). Ехобаның халқы ретінде біз Оған Киелі кітап арқылы қайырымдылығын көрсетіп отырғаны үшін ризамыз. Осылай ізгілік жасағаны үшін біз Құдайды мадақтаймыз және өзгелермен қарым-қатынасымызда қайырымды болуға тырысамыз. Рухани толысқандар бір сенімдегілерді “ілтипаттылық танытып” түзу жолға қайтарғанда, мейірім танытып, қайырымды болуға тырысады (Ғалаттықтарға 6:1).

Құдай қаһарлануға асықпайды

17. Неге біз Ехобаның ‘қаһарлануға асықпайтыны’ үшін ризамыз?

17 “Құдай... Қаһарлануға асықпайды”. Бұл сөздер Ехобаның ізгілігінің тағы бір жағына көңіл аударады. Ехоба шыдамдылықпен біздің кемшіліктерімізге төзуде және үлкен кемшіліктерімізді жеңіп, рухани жетістіктерге жетуіміз үшін уақыт беріп отыр (Еврейлерге 5:12—6:3; Жақып 5:14, 15). Құдайдың шыдамдылығы әзірге Оған ғибадат етпейтін адамдар үшін де пайдалы. Олардың әлі де болса Патшалық туралы хабарға құлақ асып, бұрыс жолдарынан қайтуларына уақыт бар (Римдіктерге 2:4). Алайда шыдамды болғанымен де, Ехобаның ізгілігі кейде қаһарын төгуге түрткі болады. Мысалы ол Синай тауында исраилдіктер алтын бұзауға табынған кезде солай еткен болатын. Жақында Ехоба одан да қатты қаһарына мініп, шайтанның зұлым дүниесін жояды (Езекиел 38:19, 21—23).

18. Сөзінде тұруға байланысты Ехоба мен адамзат басшыларының арасында қандай айырмашылық бар?

18 “Құдай... әрдайым сөзінде тұрады”. Үйіп-төгіп уәде беріп алып, оны орындамайтын адамзат басшыларынан Ехобаның айырмашылығы қаншалықты десеңші! Ехобаның қызметшілері Оның рухының жетелеуімен жазылған Сөзінде айтылған нәрселердің барлығына сенім арта алады. Құдай әрдайым сөзінде тұратын болғандықтан, біз барлық уақытта да Оның уәделеріне сенеміз. Көктегі Әкеміз ізгілігінің арқасында біздің рухани шындыққа байланысты дұғамызға үнемі жауап беріп, оны молынан ашып отыр (Забур 42:3; 64:3).

19. Күнәларына өкінгендерге Ехоба қалай керемет түрде ізгілік көрсетіп отыр?

19 “Құдай... Өзіне қарсы шығып әділетсіздік жасап, күнәға батқан адамды да кешіруге дайын”. Ізгілігінің арқасында Ехоба күнәларына өкінгендерді кешіруге дайын. Исаның құрбандық өлімі арқылы күнәміздің кешірілуін мүмкін еткені үшін сүйіспеншілігі мол көктегі Әкемізге шексіз ризамыз (1 Жохан 2:1, 2). Азаттық төлеміне сенім артқан әркімнің Ехобамен қарым-қатынаста болу құрметіне ие болып, Ол уәде еткен жаңа дүниеде мәңгі өмір сүруге үміттері барлығына қуаныштымыз. Бұның барлығы да адамзатқа ізгілік көрсетіп отырғаны үшін Ехобаны мадақтауға деген қандай керемет себептер десеңші! (2 Петір 3:13).

20. Құдайдың жамандықты төзбейтіндігінің қандай дәлелі бар?

20 Ехоба “қасарысқан күнәкарды жазалаусыз қалдырмайды”. Бұл да ізгілігі үшін Ехобаны мадақтауға тағы бір себеп. Неліктен олай? Өйткені ешқандай жамандыққа жол бермеу де ізгіліктің белгісі. “Иеміз Иса Мәсіх құдіретті періштелерімен... көктен түсіп келгенде” Оның жазасына ілігетіндер ‘Өзінің ізгі хабарына құлақ аспай, Құдайды танымай жүргендер’ болмақ. Олар “мәңгі өлімге кесіледі” (ЖД) (2 Салониқалықтарға 1:6—9). Сонда, “жақсылықты жек көретін” құдайсыз адамдар, ешқашан аман қалған Ехобаның қызметшілерінің тыныштығын бұзбайтын болады. Сөйтіп олар өмірдің бар рақатын көретін болады (2 Тімотеге 3:1—3).

Ехобаның ізгілігіне еліктеңдер

21. Неліктен ізгілік танытуымыз керек?

21 Ізгілігі үшін Ехобаны даңқтап, ризашылық білдіруімізге көптеген себептер бар екені сөзсіз. Оның қызметшілері ретінде осы қасиетті таныту үшін бар күшімізді салуымыз керек емес пе? Әрине, өйткені елші Пауыл мәсіхшілерді былай деп шақырған болатын: “Сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар” (Ефестіктерге 5:1). Көктегі Әкеміз бұл қасиетті әрдайым танытады, біз де солай етуіміз керек.

22. Келесі мақалада нені қарастырамыз?

22 Өзімізді шын жүректен Ехобаға арнаған болсақ, Оның ізгілігіне еліктеуді жан-тәнімізбен қалайтынымыз сөзсіз. Күнәкар Адам атаның ұрпақтары болғандықтан жақсылық істеу оңай емес. Дегенмен де, келесі мақаладан ізгілік таныту біз үшін неліктен мүмкін екенін көреміз. Сондай-ақ ізгіліктің керемет үлгісі болып табылатын Ехобаға қандай жолдармен еліктей аламыз және еліктеуіміз керек екенін қарастырамыз.

Қалай жауап берер едіңдер

• Ізгілік дегеніміз не?

• Киелі кітаптағы қандай сөздер Құдайдың ізгілігіне көңіл аударады?

• Ехобаның ізгілігінің кейбір жақтары неден көрінеді?

• Неліктен Ехобаның ізгілігіне еліктеуіміз керек?

[20-беттегі сурет]

Өздерінің мадақтау сөздеріне лайық өмір сүрмегендері үшін Ехоба өзінің ежелгі халқын жазалаған

[20-беттегі сурет]

Адал тамтық Иерусалимге қайта оралды

[21-беттегі сурет]

Мұса Ехобаның ізгі қасиеттерін керемет түрде жариялағанын естіді

[23-беттегі сурет]

Ехобаның ізгілігін Киелі кітаптан байқалатын бізге деген ықыласынан көруге болады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу