Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w02 1.3. 3—4 бет.
  • “Алтын ереже”. Жалпыға арналған өсиет

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Алтын ереже”. Жалпыға арналған өсиет
  • 2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Алтын ереже еленбеуде
  • Алтын ереже деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • “Алтын ереже”. Оны қолдануға болады
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қызметте “алтын ережені” ұстанайық!
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алтын бұзау
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w02 1.3. 3—4 бет.

“Алтын ереже”. Жалпыға арналған өсиет

“Барлық істе де басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер!” (Матай 7:12).

БҰЛ сөздерді екі мың жылға жуық уақыт бұрын Иса Мәсіх өзінің әйгілі таудағы уағызында айтқан болатын. Содан бері ғасырлар бойы осы қарапайым ғана сөздер жайында көп айтылып, көп жазылды. Мысалы ол сөздер “Жазбалардың негізгі мәні”, “мәсіхшілердің жақындарына қатысты міндеттерінің түйіні” және “негізгі әдептілік принципі” ретінде дәріптелді. Көпшілікке танымал болғаны сонша, ол жиі “алтын ереже” деп те аталады.

“Алтын ереженің” негізінде жатқан принципті тек христиан әлемі ғана мойындамайды. Иудаизмде, буддизмде және грек пәлсапасында бұл негізгі әдептілік принципі әр түрлі жолмен түсіндіріледі. Мысалы, шығыс елдерінің тұрғындары ең ұлы оқымысты және ұстаз ретінде құрмет тұтатын Конфуцийдің пікірі, әсіресе қиыр шығыста, кең тараған. Конфуцийдің төрт кітабының үшіншісі болып табылатын “Аналекталар” кітабында бұл принцип үш мәрте кездеседі. Екі мәрте шәкірттерінің сұрағына Конфуций былай деп жауап берген: “Өзіңе істелгенін қаламаған нәрсені өзгелерге істеме”. Тағы бір жолы Цзыгун деген шәкірті: “Өзгелердің маған істегенін қаламайтын нәрселерді, мен де оларға істегім келмейді”,— деп мақтанғанда, ұстазы оның меселін қайтарып, былай деп жауап берген болатын: “Әрине, алайда бұлай істеуге сен әлі дайын емессің”.

Бұл сөздерді оқыған адам Конфуцийдің пікірінің кейінірек Иса айтқан ойға ұқсас екенін, тек ол ойдың жамандыққа қатысты жағы айтылғанын байқайды. Исаның “алтын ережесінің” анық көрініп тұрған бір ерекшелігі, ол жағымды түрде айтылған және де өзгелерге жақсылық жасауды талап етеді. Адамдар Исаның “алтын ережесіне” сай өмір сүріп, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, әрқашан көмектесуге дайын болды делік. Онда бүгінгі дүние әлдеқайда жақсы болған болар ма еді? Әрине!

Бұл ереже жақсылық жасауға байланысты айтылды ма, жамандық жасамауға қатысты ма, жоқ әлде тағы бір өзге түрде айтылды ма, маңыздысы әр кезде, әр жерде, әр түрлі ортадан шыққан адамдар “алтын ережеде” айтылған принципке үлкен сенім артқан. Бұл Исаның таудағы уағызында айтқан принциптің барлық жағдайда әрі барлық ұрпақтың қолдануына тұрарлық өсиет екенін паш етеді.

Өзіңізден былай деп сұраңызшы: “Өзгелердің маған құрметпен қарап, әділ және шыншыл болғанын қалаймын ба? Ұлтшылдық, қылмыс, соғыс болмайтын дүниеде өмір сүргім келе ме? Әрқайсысы бір-бірінің көңіліне қарап, бір-бірінің қамын ойлайтын отбасының мүшесі болғым келе ме?” Мұндай мүмкіндіктен кім бас тартар еді дейсіз? Өкінішке орай, қазір өте аз адамдар ғана осындай жағдайда өмір сүреді. Көптеген адамдар үшін бұлай болу мүмкін еместей көрінеді.

Алтын ереже еленбеуде

Тарих бойы адамдардың құқын аяққа басқан жалпы адамшылыққа қарсы қылмыстар жасалды. Олардың ішінде құл саудасы, өлім ордасы болған фашистердің концлагерьлері, балаларды күштеп жұмысқа салу және көп жерлерде болған қатыгез зұлматтар бар. Айта берсең, жан түршігерлік нәрселер көптеп саналады.

Жаңа, жетілдірілген әдістер мен жабдықтар қолданылатын бүгінгі заманда өзімшілдік кең жайлаған. Өздерінің мүддесі мен құқына келгенде, өзгелердің сезімін есепке алатын адамдар аз (2 Тімотеге 3:1—5). Не себепті соншама көп адамдар өзімшіл, қатыгез, мейірімсіз және өзін ғана ойлайтын болды екен? Оны орындау мүмкін емес және қазіргі өнегелілік нормаларына да сай емес деп, әлі де көпшілікке танымал “алтын ережені” елемеудің салдары емес пе екен? Өкінішке орай, бұл жағдай тіпті Құдайға сенеміз дейтіндердің арасында да көптеп кездеседі. Сондай-ақ қазіргі осы дүниеде қалыптасып отырған жағдайдың ағымына қарағанда, адамдардың жүрегінде өзімшілдік күшейе бермек.

Сол себепті келесі маңызды сұрақтарды қарастыруымыз керек: “Алтын ережеге” сай өмір сүру дегеніміз не? Соған сай өмір сүріп жүрген адамдар бар ма? Бүкіл адамзат “алтын ережеге” сай өмір сүретін уақыт бола ма? Бұл сұрақтардың дұрыс жауабын келесі мақаладан табуға болады.

[3-беттегі сурет]

Конфуций және басқалар “алтын ереженің” принципін әр түрлі жолмен үйреткен

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу