Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.12. 5—7 бет.
  • Шынайы ғибадат адамдарды біріктіреді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Шынайы ғибадат адамдарды біріктіреді
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Біздің уақытымыздағы дүниежүзілік бауырластық!
  • Оларды біріктірген — шынайы ғибадат
  • Адамдарды шынайы бірлікке жеткізетін бір нәрсе бар ма?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайта қалпына келтірілген халқы Ехобаны дүние жүзі бойынша дәріптеуде
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаны қаһарын төгетін күні келмей тұрып іздеңдер
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның соттайтын күні жақын!
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.12. 5—7 бет.

Шынайы ғибадат адамдарды біріктіреді

ЖАЛПЫ алғанда дін адамдардың арасына іріткі салып жатқанымен, жалғыз шынайы Құдайға ғибадат ету адамдарды біріктіре алады. Исраил Құдайдың таңдаулы халқы болған кезде, көптеген басқа ұлттардан шыққан адал ниетті адамдар шынайы ғибадатқа қосылған болатын. Мысалы, Рут өзінің туған елі Моабтың құдайларынан бас тартып, Нағимаға былай деді: “Сіздің халқыңыз менің халқым, сіздің Құдайыңыз менің Құдайым болады!” (Рут 1:16). Б. з. бірінші ғасырында көптеген басқа ұлттан шыққан адамдар шынайы Құдайдың жолына түсті (Елшілердің істері 13:48; 17:4). Кейінірек Исаның шәкірттері алыс жерлерде ізгі хабарды уағыздаған кезде, өзге де ізгі ниетті адамдар бірігіп, шынайы Құдайға қызмет ете бастады. ‘Жалған тәңірлерден бас тартып... енді сендер тірі де шынайы Құдайға қызмет етіп жүрсіңдер’,— деп жазды елші Пауыл (1 Салониқалықтарға 1:9). Бүгін де шынайы Құдайға ғибадат ету адамдарды біріктіре ала ма?

Скептиктер “шынайы ғибадат” немесе “шынайы Құдай” деген дұрыс емес деп айтады. Олар шындықты қайдан білуге болатынын білмегендіктен солай деп ойлауы мүмкін. Алайда әр түрлі ортадан шыққан шындықты іздеген адамдар қалай ғибадат етуді адамдардың өздері шешпеуі керек екенін түсінуде. Біз ғибадат етуге лайық жалғыз ғана тұлға — барлық нәрсенің Жаратушысы Ехоба Құдай (Аян 4:11). Ол — шынайы Құдай және адамдардың өзіне қалай ғибадат етуі керек екенін шешуге құқы бар.

Не талап ететінін білуіміз үшін, Ехоба өзінің Сөзі — Киелі кітап арқылы бізге мәлімет беріп отыр. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың барлығының дерлік толық Киелі кітапты немесе оның бөліктерін оқуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ Құдай Ұлы былай деген еді: ‘Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтасаңдар... ақиқатты біле түсесіңдер’ (Жохан 8:31, 32). Иә, шындықты білуге болады. Және де әр түрлі діни ортадан шыққан миллиондаған адал ниетті адамдар батылдықпен шындықты өздерінің өмір жолдары етіп, бірігіп шынайы Құдайға ғибадат етуде (Матай 28:19, 20; Аян 7:9, 10).

Біздің уақытымыздағы дүниежүзілік бауырластық!

Киелі кітаптың құрамына кіретін Софония кітабындағы керемет пайғамбарлықта әр халықтан шыққан адамдардың бірігуі жөнінде айтылған: “Сонда Мен бірауыздан Тәңірдің [Ехобаның, ЖД] есімін шақырып, бір кісідей Оған қызмет ету үшін халықтарға қайтадан таза ауыз беремін” (Софония 3:9). Құдайға бірігіп қызмет атқару үшін адамдардың өз ой қалыптарын өзгертіп жатқаны қалай керемет суреттелген десеңші!

Бұл қашан орындалуы керек еді? Софония 3:8-де былай делінген: “Сонымен, қиратып талқандау үшін көтерілетін күнге дейін Мені күтіңдер,— дейді Тәңір,— өйткені Мен ашу-ызамды, бар қаһарымды төгу үшін халықтарды жинап, патшалықтарды шақыруды шештім; өйткені бүкіл жер бетін Менің қызғанышымның оты жалмайтын болады”. Иә, халықтарды жинап, оларға қаһарын төкпес бұрын Ехоба адамдардың таза ауызға, немесе таза тілге, ие болуларына мүмкіндік береді. Бүгін біз сол уақытта өмір сүріп отырмыз, өйткені Ехоба қазір халықтарды Һармагеддон деп аталатын құдіреті шексіз Құдайдың ұлы соты күнінің шайқасына жинауда (Аян 16:14, 16).

Өз халқын біріктіру үшін Ехоба оларға таза тіл беруде. Бұл таза тілге Киелі кітапта жазылған Құдай туралы және оның ниеті туралы шындық жөніндегі тура түсінік жатады. Таза тілде сөйлеу дегеніміз — шындыққа сеніп, ол туралы өзгелерге тәлім беруді және Құдайдың заңдары мен принциптеріне сай өмір сүруді білдіреді. Ол үшін адамдардың арасына іріткі салатын саясаттан аулақ болу керек және осы дүниеге сай нәсілшілдік пен ұлтшылдық сияқты өзімшіл ой қалпынан арылу қажет (Жохан 17:14; Елшілердің істері 10:34, 35). Бұл тілді барлық шындықты сүйетін адал ниетті адамдар үйрене алады. Алдыңғы мақалада атап өтілген — бір уақыттары діни көзқарастары әр түрлі болған — қазір жалғыз шынайы Құдай Ехобаға бірігіп қызмет атқарып жүрген бес кісінің мысалын қарастырайықшы.

Оларды біріктірген — шынайы ғибадат

Рим-католик шіркеуінің ілімдеріне шын берілген Фиделия мектеп сабағына қолдануы үшін қызына Киелі кітап сатып алады да, дін қызметшісінен осы Киелі кітапқа сүйеніп, шетінеп кеткен бес баласының қандай жағдайда екенін түсіндіруін өтінеді. “Сондағы көңілімнің қалғанын айтсаңшы!” — дейді Фиделия. Сол себепті ол Ехоба Куәгерлері келген кезде оларға да осы сұрақты қояды. Өзінің Киелі кітабынан өлген адамдардың қандай күйде екендігі туралы оқыған ол шіркеудің қаншалықты алдап келгенін түсінеді. Өлілердің ештеңе сезбейтінін, сол себепті жұмақ пен тозақтың ортасында немесе өзге де еш жерде қиналып жатпағанын біледі (Забур 145:4; Екклесиаст 9:5). Фиделия дінге қатысты бейнелерінің барлығынан арылып, шіркеуден шығып кетеді де, Киелі кітапты зерттеуді бастайды (1 Жохан 5:21). Ал соңғы он жылдан бері ол Жазбалардағы шындықты өзгелерге үйретіп, қуанышқа бөленуде.

Катмандуда тұрған Тара индустардың ғибадатханасы аз өзге бір елге көшіп барады. Сол себепті рухани мұқтаждықтарын қанағаттандырамын ба деген үмітпен методистердің шіркеуіне барады. Алайда адамзаттың қайғы-қасіреттерінің себебі жөніндегі сұрағына еш жауап таба алмайды. Содан, бірде оған Ехоба Куәгерлері жолығып, Киелі кітапты зерттеуге ұсыныс жасайды. Тара былай дейді: “Мен сүйіспеншіліктің Құдайы дүниеде болып жатқан қайғы-қасіреттің ешқайсысына да жауапты емес екенін түсіне бастадым... Бейбітшілік пен үйлесімділік жайлаған жаңа дүниенің орнайтынын білгенде қатты қуандым” (Аян 21:3, 4). Тара индус дінінің ілімдерін ұстанғандағы бейнелерден арылып, туған елінің діни әдет-ғұрыптарын ұстануды қойды, сөйтіп Ехоба Куәгері ретінде рухани мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге өзгелерге көмектесіп, шынайы бақытқа бөленуде.

Будда дінін ұстанатын Паня Бангкокта Ехоба Куәгерлерімен алғаш жолыққан кезде сәуегейлікпен шұғылданатын еді. Сол себепті оны Киелі кітаптағы пайғамбарлықтар бірден қызықтырды. Паня былай дейді: “Мен бүгінгі жағдайдың не себепті Жаратушымыздың бастапқыдағы ниетіне сай келмейтінін және Өзінің билігінен бас тартқандардың келтірген зияндықтарының әсерін жою үшін Оның қандай шара қолданғанын алғаш рет білген кезімде, көзім ашылғандай болды. Киелі кітаптағы мәліметтің барлығы да сондай қисынды болды. Мен Ехобаны тұлға ретінде жақсы көре бастадым; бұл мені барлық жағдайда дұрыс әрекет етуге талпындырды. Адамзаттың даналығы мен Құдайдың даналығының айырмашылығын көре білулері үшін өзгелерге көмектесуге асықтым. Шынайы даналық менің өмірімді мүлдем өзгертті”.

Уақыт өте келе Вирджилдің бойында өзінің діни нанымдарына байланысты елеулі күмәндар пайда бола бастады. Бір жолы ол қара нәсілді адамдарға және ақ адамдарға деген жек көрушілік оятатын нәсілшіл ұйымға көмектесуін өтінудің орнына, қандай болса да, кімде болса да, шындықты ашуын өтініп, Құдайға дұға етеді. Вирджил былай деп есіне алады: “Жан-тәніммен дұға еткен соң, ертесіне ұйқыдан тұрған кезімде, үйден “Күзет мұнарасы” журналын тауып алдым... Оны есіктің астындағы саңылаудан тастап кеткен болса керек”. Көп кешікпей ол Ехоба Куәгерлерімен бірге бар ынтасымен Киелі кітапты зерттей бастады. Ол әрі қарай былай дейді: “Өмірімде бірінші рет қанағат сезіндім... Жүрегімде үміт сәулесі жарқ етті”. Көп уақыт өтпей, Вирджил Құдай Сөзі — Киелі кітапқа негізделген жалғыз ғана шынайы үмітпен өзгелермен бөлісіп жүрген адамдардың қатарына қосылды.

Латын Америкасында тұратын Глэдис атты Куәгер әйел, Чароның кішкентай балаларымен қиналып жүргенін көріп, оны базарға жеткізіп салып жүреді. Бұл Чароны қатты таңғалдырады. Уақыт өте келе Чаро Глэдистің үй жағдайында Киелі кітапты тегін зерттеу жөніндегі ұсынысын қабыл алады. Өзінің Киелі кітабынан жақсы адамдардың барлығының бірдей көкке кетпейтінін, Ехоба адамзатқа жердегі мәңгі өмірді де сыйлайтынын білгенде Чаро қатты таңданады (Забур 36:11, 29). Қазір Чароның осы үміт жайында өзгелерге уағыздап жүргеніне он бес жыл болды.

Бүкіл жер бетін жалғыз ғана шынайы Құдай Ехобаға бірігіп қызмет атқарып жүрген әділ адамдар мекендеген уақытты көз алдыңызға елестетіңізші! Бұл қиял емес. Бұны Ехоба уәде еткен. Софония пайғамбары арқылы Құдай былай дейді: “Сенің араңда кішіпейіл де қарапайым адамдарды қалдырамын. Олар Тәңірдің есіміне сенім артатын болады... Жамандық жасамайтын болады, өтірік айтпайтын болады, олардың аузынан қиянат сөз шықпайды... ешкім олардың мазасын алмайтын болады” (Софония 3:12, 13). Егер бұл уәде сізді қызықтыратын болса, Киелі кітаптағы келесі үндеуге құлақ асыңыз: “Оның заңын орындайтын жер бетіндегі барлық момындар — Тәңірді іздеңдер; ақиқатты іздеңдер, кішіпейілділікті іздеңдер; мүмкін сонда сендер Тәңірдің қаһары қайнаған күні аман қаларсыңдар” (Софония 2:3).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу