Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.6. 4—7 бет.
  • ‘Иеміз шынында да қайта тірілді!’

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • ‘Иеміз шынында да қайта тірілді!’
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Неліктен дәлелдерді қарастырғанымыз жөн?
  • Иса шындығында бөренеде қайтыс болған
  • Қабір бос болған еді
  • Қайта тірілген Исаны көп адамдар көрген
  • Иса тірі және адамдардың өміріне әсер етуде
  • Құдай өз ұлын қайта тірілтті
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Исаның қайта тірілуі. Біз үшін қандай мәні бар?
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса тірі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Исаның қайта тірілгені талқыға түсуде
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.6. 4—7 бет.

‘Иеміз шынында да қайта тірілді!’

Иса қайтыс болған кезде шәкірттерінің қалай қайғырғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Олардың үміттері ариматеялық Жүсіп қабірге қойған жансыз денемен бірге өлгендей болды. Иса яһудилерді римдіктердің езгісінен құтқарады деген үміттері де сөнді.

ОСЫМЕН бәрі де біткен болса, Исаның шәкірттері де, жалған мәсіхтердің шәкірттері сияқты, тарап кетер еді. Бірақ Иса қайта тірілген еді! Жазбаларға сәйкес, ол өлген соң аз уақыттан кейін бірнеше мәрте шәкірттеріне көрінген. Сол себепті, олардың кейбіреулері: ‘Иеміз шынында да қайта тірілді!’ — деп, қуаныштарын білдірген (Лұқа 24:34).

Шәкірттері Исаның Мәсіх екендігіне деген сенімдерін қорғаулары керек болды. Сонда олар Исаның Мәсіх екендігінің бұлтартпас дәлелі ретінде бірінші кезекте оның өлімнен қайта тірілгеніне нұсқады. “Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді” (Елшілердің істері 4:33).

Егер кімде-кім шәкірттерінің бірінің куәлігін келтіріп немесе оның денесінің қабірде қалғаны жайлы айғақтар келтіріп Исаның қайта тірілгенінің жалған екенін дәлелдей алған болса, мәсіхшілік ең басында-ақ күйреген болар еді. Бірақ олай болған жоқ. Мәсіхтің тірі екенін білген шәкірттері барлық жерде оның қайта тірілгенін жария етті де, көптеген адамдар қайта тірілген Мәсіхке сенушілердің қатарына қосылды.

Неліктен Исаның қайта тірілгеніне сіздің де сенуіңізге болады? Бұл оқиғаның шынында да болғанын растайтын қандай дәлелдер бар?

Неліктен дәлелдерді қарастырғанымыз жөн?

Ізгі хабарлардың төртеуі де Исаның қайта тірілгенін хабарлайды (Матай 28:1—10; Марқа 16:1—8; Лұқа 24:1—12; Жохан 20:1—29)a. Мәсіхшілердің Грек Жазбаларының өзге бөліктерінде Мәсіхтің қайта тірілгендігі жайлы сеніммен айтылады.

Шәкірттерінің Исаның қайта тірілгенін уағыздағандарына таңғалудың еш қажеті жоқ! Егер Құдай оны шынымен қайта тірілткен болса, бұл бұрын-соңды бүкіл дүние жүзі бойынша жарияланған ең керемет хабар болғаны. Бұл — Құдай бар деген сөз. Сондай-ақ бұл — Иса бүгін де тірі дегенді білдіреді.

Бұл бізге қалай әсер етеді? Иса: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану”,— деп дұға еткен болатын (Жохан 17:3). Иә, біз Иса мен оның Әкесі жайлы өмірлік маңызы бар білімге қол жеткізе аламыз. Осындай білімді өмірімізде қолданар болсақ, тіпті қайтыс болып кетсек те, қайта тірілеміз, өйткені Иса қайта тірілді ғой (Жохан 5:28, 29). Біздің Құдайдың даңқты Ұлы, патшалардың Патшасы Иса Мәсіх басқаратын Құдай Патшалығының қол астындағы жұмақ орнаған жердегі мәңгі өмірге үміт артуымызға болады (Ишая 9:6, 7; Лұқа 23:43; Аян 17:14).

Сол себепті Исаның шынымен қайта тірілген-тірілмегені жөніндегі сұрақ өте маңызды. Біздің қазіргі өміріміз де, болашағымыз да осы сұрақтың жауабына байланысты. Сол себепті біз сізді Исаның қайтыс болғаны мен қайта тірілгенін растайтын төрт түрлі дәлелді қарастыруға шақырамыз.

Иса шындығында бөренеде қайтыс болған

Кейбір скептиктер Иса бөренеге шегеленгенмен, онда тұрып қайтыс болған жоқ деп тұжырымдайды. Олардың айтуы бойынша, ол тек өлім аузында болған және қоңыр салқын қабірдің ішінде есін жиған.

Иса бөренеге көпшіліктің алдында шегеленгендіктен, оның шынында да сол жерде қайтыс болғанына куәгерлер болды. Оның қайтыс болғанын жазаның жүзеге асуына жауапты болған жүзбасы да мойындаған. Өз ісінің маманы ретінде әскер басының міндеті Исаның шынымен өлгенін анықтау болған еді. Сондай-ақ римдік басшы Понти Пилат та Исаның өлгеніне көзі жеткен соң ғана сүйегін ариматеялық Жүсіптің жерлеуіне рұқсат етті (Марқа 15:39—46).

Қабір бос болған еді

Бос қабір шәкірттері үшін Исаның қайта тірілгенінің бірінші дәлелі болды және бұл бұлтартпас дәлел еді. Иса бұған дейін ешкім қойылмаған жаңа қабірге қойылған болатын. Ол Исаны өлтірген жерге жақын орналасқан еді, сондықтан сол кезде оны оңай табуға болатын (Жохан 19:41, 42). Ізгі хабарлардың төртеуінде де ол өлген соң екінші күні таң сәріде достары қабірге қайта оралған кезде онда Исаның денесінің болмағаны туралы жазылған (Матай 28:1—7; Марқа 16:1—7; Лұқа 24:1—3; Жохан 20:1—10).

Бос қабірді көрген кезде Исаның достарымен қатар жаулары да таңғалды. Жаулары оның өліп, жерленуін ұзақ уақыт бойы күткен еді. Мақсаттарын жүзеге асырған соң олар қабірді бекітіп, күзетші қойған болатын. Сөйтсе де аптаның бірінші күні таң сәріде қабір бос болып шықты.

Исаның денесін қабірден достары алып кетті ме? Ізгі хабарлардың айтуы бойынша, олар Исаның өлгеніне қайғырып жүрген. Соған қарағанда, олардың алуы мүмкін емес. Оның үстіне, Исаның шәкірттері жалған екенін біле тұра ол үшін қатаң қудалауға ұшырап, тіпті өлуге де дайын болмаған болар еді.

Исаның денесін алып кеткен кім екен? Әрине, жаулары алып кеткен жоқ. Олар алған күнде де, кейіннен шәкірттерінің Иса қайта тірілді дегенін жоққа шығару үшін, ұрлықтарын өздері ашқан болар еді. Бірақ ондай ештеңе болған жоқ, өйткені бұл жерде Құдайдың өзі әрекет еткен еді.

Біраз уақыт өткен соң, Петір: “Исраилдіктер, мына сөзді тыңдаңдар: Құдай назареттік Исаға сендердің алдарыңда құдіретпен кереметтер жасатқан еді. Ол солар арқылы Өзінің Исаны жібергендігіне куәлік берді; Құдай бұларды Иса арқылы араларыңда істеді, соны өздерің білесіңдер. Ол Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Тәңірге сенбейтін шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер. Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын. Дәуіт пайғамбар Ол туралы былай деген: “Ықылас-ниетім әрдайым Жаратқан Иеде... Тәнім де тыншығады Саған сенім артқанымнан, Себебі Сен жанымды о дүниеге қимайсың, Тәнін, Өзіңе бағышталғанның шірітіп те қоймайсың”,— деп куәлік еткен кезде, Исаның жаулары оған қарсы ештеңе айта алмады (Елшілердің істері 2:22—27).

Қайта тірілген Исаны көп адамдар көрген

Елшілердің істері кітабында ізгі хабардың жазушысы Лұқа былай дейді: “[Иса] азапталып өлгеннен кейін оларға [елшілеріне] адам сенетін көп дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін көрсетті: қырық күн бойы елшілеріне көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтып жүрді” (Елшілердің істері 1:2, 3). Әр түрлі жағдайда — бақта, жол жүріп келе жатқанда, тамақтанып отырған кезде, Тіберия көлінің жағасында — қайта тірілген Исаны көптеген шәкірттері көрді (Матай 28:8—10; Лұқа 24:13—43; Жохан 21:1—23).

Сыншылар Иса көрінген осы жағдайлардың бәріне күмән келтіреді. Олар ізгі хабарларды жазушылар бұл оқиғаларды ойдан шығарған дейді немесе өздеріне қайшылық бардай көрінген жерлерге нұсқайды. Ал, шын мәнінде, ізгі хабарлардағы аздаған өзгешеліктер олардың алдын ала өзара келісіп алмағанын дәлелдейді. Ізгі хабарды жазушылардың бірі Мәсіхтің жердегі өміріне байланысты белгілі оқиғаларға қатысты өзгелерінің жазғандарына қосымша мәліметтер жазғанының арқасында біздің Иса жайлы біліміміз ұлғая түседі.

Исаның қайта тірілгеннен кейін шәкірттеріне көрінгені жай ғана елес болды ма екен? Оны осыншама көп адамдар көргендіктен, бұл ойды қолдайтын ешқандай да шынайы дәлел жоқ. Оны көргендердің ішінде балықшылар, әйелдер, қызметші және де тіпті Исаның қайта тірілгенінің бұлтартпас дәлелін көрмейінше сенбей күмән келтірген елші Тома да болды (Жохан 20:24—29). Бірнеше жағдайда Исаның шәкірттері өздерінің қайта тірілген Иелерін бірден танымады. Бір жолы оны 500-ден астам адам көрді, кейінірек елші Пауыл осы оқиғаны дәлел ретінде келтіріп қайта тірілудің болатынын жақтаған кезде бұл адамдардың басым көпшілігі әлі тірі болатын (1 Қорынттықтарға 15:6).

Иса тірі және адамдардың өміріне әсер етуде

Исаның қайта тірілгендігі жай ғана қызық үшін, не дауласу үшін қарастыратын нәрсе емес. Оның тірі екенін білгендері барлық жерде адамдарға оң әсерін тигізуде. Бірінші ғасырдан бері, алғашында мәсіхшілікке селқос қараған немесе ашықтан-ашық қарсы болған көптеген адамдар бұның шынайы дін екендігіне көз жеткізуде. Олардың көзқарасының өзгеруіне не себеп болды екен? Жазбаларды зерттегеннің арқасында Құдайдың Исаны ұлы рухани жаратылыс ретінде аспандағы өмірге қайта тірілткеніне олардың көздері жетті (Філіпіліктерге 2:8—11). Олар Исаға және Ехобаның Мәсіхтің төлем құрбандығы арқылы құтқарылуды қарастырғанына сенім білдіре бастады (Римдіктерге 5:8). Мұндай адамдар Құдайдың еркін орындаудан және Исаның тәлімдеріне сай өмір сүргеннен шынайы бақытқа кенелуде.

Бірінші ғасырда мәсіхші болу дегеннің нені білдіргенін қарастырайықшы. Олардың еш беделі, билігі және байлықтары да болмады. Керісінше, көптеген алғашқы мәсіхшілер өздерінің сенімдері үшін ‘мал-мүліктерін талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуанышпен қабылдады’ (Еврейлерге 10:34). Мәсіхші болу үшін көп нәрседен бас тарту керек еді және қуғынға ұшырауға тура келетін. Көп жағдайда қуғынның соңы азап шегумен бітетін.

Мәсіхші болмас бұрын кейбіреулерінің байлықтары немесе мансапқа жету мүмкіндіктері болды. Тарстық Саул атақты заң мұғалімі Гамалиелден тәлім алды және яһудилердің арасында танымал болып та үлгірді (Елшілердің істері 9:1, 2; 22:3; Ғалаттықтарға 1:14). Бірақ Саул кейіннен елші Пауыл атанды. Пауыл және көптеген өзге адамдар осы дүние ұсынып отырған бедел мен биліктен бас тартты. Неліктен бас тартты? Құдайдың уәдесіне негізделген шынайы үміт туралы және Иса Мәсіхтің қайта тірілгені туралы хабарды тарату үшін (Қолостықтарға 1:28). Олар әбден көздері жеткен шындық үшін азап шегуге дайын болды.

Бүгінгі миллиондаған адамдар жөнінде де осылай деуге болады. Сіз ондай адамдарды бүкіл дүние жүзіндегі Ехоба Куәгерлерінің қауымдарынан табасыз. Куәгерлер сізді жыл сайын өтетін Мәсіхтің өлімін еске алу кешіне шақырады. Бұл кеш жексенбі күні, яғни 2001 жылдың 8 сәуірінде, күн батқан соң өтеді. Олар сіздің осы кешке және Патшалық Сарайларында өтетін Киелі кітапты зерттеуге арналған кездесулеріне келгеніңізге өте қуанышты болады.

Неге Исаның өліп, қайта тірілгені жөнінде ғана емес, оның өмірі мен тәлімдері туралы да көбірек білмеске? Ол бізді өзіне шақыруда (Матай 11:28—30). Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх туралы тура білім алу үшін қазірден әрекет етіңіз. Осылай етер болсаңыз, Құдайдың қымбатты Ұлы басшылық ететін Құдай Патшалығының қол астында мәңгі өмір сүру мүмкіндігіңіз болады.

[Сілтеме]

a Ізгі хабарлардың ақиқат екендігіне байланысты дәлелдер жайында “Күзет мұнарасының” 2000 жылғы 1 тамыздағы нөміріндегі “Ізгі хабарлар: тарих па, әлде аңыз ба?” атты мақаланы қараңыз.

[7-беттегі суреттер]

Миллиондаған адамдар Иса Мәсіхтің шәкірті ретінде шынайы бақытқа кенелуде

[6-беттегі сурет рұқсатымен]

From the Self-Pronouncing Edition of the Holy Bible, containing the King James and the Revised versions

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу