Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.3. 5—7 бет.
  • Не себепті дұға етуіміз керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Не себепті дұға етуіміз керек?
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дұға қиындықтарды шешуге көмектеседі
  • Барлық дұғаларға жауап берілетін уақыт
  • Құдайға қалай жақындауға болады?
    Мәңгілік өмірге алып баратын білім
  • Дұға қайткенде қабыл болмақ?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2021
  • Дұғамызды жақсартайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Құдайға дұға арқылы жақында
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.3. 5—7 бет.

Не себепті дұға етуіміз керек?

“СҰРАСАҢДАР да, ие бола алмайсыңдар, себебі ізгі ниетпен емес... Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды” (Жақып 4:3, 8). Исаның шәкірті Жақыптың бұл сөздері бізді не үшін дұға ететінімізді қарастыруға шақырып отыр.

Дұға ету дегеніміз жай ғана Құдайға не нәрсеге мұқтаж екендігімізді айту емес. Өзінің әйгілі Таудағы уағызында Иса былай деді: “Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі”. Дегенмен, Иса тағы былай да деген: “Сұраңдар, сонда Ол [Құдай] сендерге (мұқтаждарыңды) береді” (Матай 6:8; 7:7). Осылайша Ехоба біздің өзіне не нәрсеге мұқтаж екендігімізді айтқанымызды қалайды. Бірақ, дұға етуімізге бұдан да маңызды себеп бар.

Шынайы достар тек бір нәрсеге мұқтаж болғанда ғана қатынаспайды. Олар бір-бірінің қамын ойлайды және бір-біріне деген сезімдерін білдірген сайын достықтары арта түседі. Сол сияқты, дұға етудің де жай ғана мұқтаж болған нәрселерді өтінуден маңыздырақ мақсаты бар. Дұға Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайтуға және Оған шын берілгендігімізді көрсетуге мүмкіндік береді.

Иә, өзіне жақындай алуымыз үшін, Ехоба бізге дұға ету мүмкіндігін берді. Бірақ жақындай алу үшін, жаттанды сөздерді қайталай бермей, Құдайға өзіміздің ішкі сезімдерімізді ашып айтуымыз керек. Ехобаға дұға ету деген қандай керемет десеңізші! Сондай-ақ, Киелі кітаптағы бір нақыл сөзде былай делінген: “Әділдердің дұғасы Оған ұнайды” (Нақыл сөздер 15:8).

Забур жыршысы Асаф: “Құдайға жақындағаным игі!” — деп шырқады (Забур 72:28). Бірақ, Құдайға жақындау үшін біз дұға айтып қана қоймауымыз керек. Келесі мәліметтің бұған қалай нұсқайтынына көңіл аударыңызшы.

Шәкіртінің бірі Оған: “Мырза!.. мінажат етуді... үйретіңізші,— дегенде, Иса оларға былай деді: Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер: Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін, Патшалығың осында орнасын!” (Лұқа 11:1, 2). Алдымен Құдайдың есімінің кім екенін және қалай қастерленетінін біліп алмасақ, біздің дұғамыздың мағынасы бола ма? Және Құдай Патшалығының не екенін түсінбесек, Исаның осы сөздеріне сәйкес дұға ете аламыз ба? Киелі кітапты мұқият зерттейтін болсақ, бұл нәрселерді түсіне аламыз. Осылайша қол жеткізген білім Құдайды біліп, оның жолдарын түсінуімізге көмектеседі. Сондай-ақ, Ехоба Құдайды таныған сайын өзімізді оған жақын сезініп, сүйіспеншілігіміз арта түседі. Өз кезегінде бұл дұға етіп онымен еркін сөйлесуімізге көмектеседі.

Дұға қиындықтарды шешуге көмектеседі

Ехобамен тығыз қарым-қатынас дамытқанымыз қиындықтарды шешуімізге көмектеседі. Төмендегі оқиғалардың әрқайсында дұғаның қиындықты шешуге қалай көмектескеніне көңіл аударыңызшы. Бұл оқиғалар дұға етудің арқасында олардың Ехобамен қарым-қатынастарын нығайтқанының мысалы.

Бразилияда Мария атты әйел Құдайдан көмек сұрап дұға етеді. Қоғамдағы екіжүзділікті көргендіктен, оның бойында орнатылған тәртіпке деген наразылық туады. Мария тіпті күйеуін, балаларын тастап, үйінен кетіп қалады. Сондай-ақ ол есірткі қабылдай бастайды. Бірақ, еш нәрседен бақыт таппаған ол, Құдайға дұға етіп, ішкі сезімдерін ашық айтып, көмек сұрайды.

Көп кешікпей екі Ехоба Куәгері есігін қағады да, оған Құдайдың басшылығын қабылдағанның маңыздылығы туралы мәлімет жазылған “Күзет мұнарасын” қалдырып кетеді. Ондағы мәлімет жүрегіне жетіп, сол күннен бастап Мария Куәгерлермен Киелі кітапты зерттеуді бастайды. Бұл ақыр аяғында оның отбасы өмірін қайта қалпына келтіруіне себеп болды. Ехоба туралы білген соң ол оған деген сүйіспеншілігін көрсеткісі келді. “Мен жақсы жағына қарай өзгердім. Күйеуім де, жақындарым да алғашында менің Киелі кітапты зерттеуіме қарсы болды. Бірақ менің өзгергенімді көргенде, олар қарсылық жасауды қойды”,— дейді Мария. Кейінірек Мария өз өмірін дұғаларды Естушіге қызмет етуге арнады.

Әдемі жұбайы және Боливияда өркендеп келе жатқан бизнесі болса да, Жозе өзін бақытты сезінбейтін еді. Басқа әйелмен байланысы үшін зайыбы оны тастап кетеді. Ол ішкілікті көп ішетін және өзін түкке тұрғысыз сезінетін. Жозе былай дейді: “Мен Құдайға жағу үшін не істеуім керек екенін сұрап, шын жүректен дұға ете бастадым. Көп кешікпей менің жұмыс орныма Ехоба Куәгерлері келіп, үй жағдайында Киелі кітапты тегін зерттеуге ұсыныс жасады, бірақ мен олардың ұсынысын қабыл алмадым. Үш рет осылай болды. Мен дұға еткен сайын Куәгерлер келетін еді. Ақыр аяғында келесі жолы келгенде оларды тыңдауға бел будым. Мен Киелі кітапты толық оқып шыққан едім және сұрақтарым да көп болатын, бірақ олардың жауаптары әрқашан менің көңілімнен шығатын. Ехоба туралы білген соң өмірдегі мақсатым өзгерді және Куәгерлердің ішіндегі достарым мені жігерлендірердей үлгі болды. Мен көңілдесім мен араққұмар достарымнан бас тарттым. Көп кешікпей зайыбыммен және балаларыммен қайта қосылдым. Мен 1999 жылдың басында шомылдыру рәсімінен өттім”.

Италияда тұратын Тамара неке қиыншылығына тап болған кезде, даналық сұрап дұға етеді. Оны 14 жасында ұрып-соғып, үйден қуып жібергендіктен, дөрекі мінез-құлық пайда болған еді. Тамара былай дейді: “Мен Киелі кітап тауып алдым да, оқи бастадым. Бір күні кешке мен ‘даналықты тапқанның қазынаны тапқанмен бірдей екендігі’ туралы оқыдым. Мен сол даналықты өтініп, дұға еттім (Нақыл сөздер 2:1—6). Ертесіне таңертең Ехоба Куәгерлері келді. Мен олармен Киелі кітапты зерттеуді бастадым, бірақ білгенімді өмірімде қолдану үшін біраз уақыт кетті. Ақыр аяғында мәсіхшілердің өмір жолымен жүруді шештім де, шомылдыру рәсімінен өттім. Қазір күйеуіммен бірге өзгелерге Құдайдың даналығының пайдасын көруге көмектесудемін”.

Беатриз Венесуэланың астанасы Каракастағы қоғамның жоғарғы топтарына жататын адамдардың бірі болған. Сөйтсе де, некесі ойран болып, ол қатты жабығады. Әбден түңілген ол бір жолы ұзақ уақыт дұға етеді. Ертесіне таңертең есіктің қоңырауы шырылдайды. Ашу кернеген ол есіктің тесіккөзінен қарап, портфель ұстаған екі кісіні көреді. Ол үйде жоқ болғансиды, бірақ ерлі-зайыптылар кетер алдында есіктің астына бір жапырақ қағаз қалдырып кетеді. Онда “Киелі кітабыңызбен танысыңыз” деп жазылған еді. Олардың келуі түндегі дұғасының жауабы болар? Ол оларды қайта шақырып алады. Көп кешікпей ол Киелі кітапты оқуды бастайды да, кейінірек шомылдыру рәсімінен өтеді. Ақырында бақытына жеткен ол қазір өзгелерге бақытты болудың жолын үйретуде.

Кармен өзінің жоқшылықпен күресіне байланысты дұға етеді. Оның он баласы бар еді. Күйеуі Рафаэль болса ішкіш болатын. “Мен өзгелердің киімін жуып, ақша табуға тырысатынмын. Бірақ, Рафаэль ішуді үдете түсті. Біз бірге Ехоба Куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеуді бастаған соң ғана күйеуім өзгере бастады. Біз Ехобаның өзінің Патшалығы арқылы жақында дүниені кедейліктен және қанаудан құтқаратыны жайындағы уәдесі жайлы білдік. Ақыр аяғында Құдай менің дұғаларыма жауап берді!” — дейді Кармен. Ехобаның жолдары туралы білгені Рафаэльге ішуді тастауға көмектесіп, ол “жаңа... адам” болып өзгерді (Ефестіктерге 4:24). Ол отбасымен бірге әл-ауқатын дұрыстады. Рафаэль: “Біз бай бола қойған жоқпыз және жеке меншік үйіміз де жоқ, бірақ бізде өмірге қажетті нәрсенің бәрі бар және біз бақыттымыз”,— дейді.

Барлық дұғаларға жауап берілетін уақыт

Осы кісілерге дұғаның қандай да бір пайдасы болды ма екен? Болғанда қандай! Және көбінесе олардың дұғаларына мәсіхшілер қауымынан біреулер келіп, Киелі кітапты зерттеу арқылы Ехоба Құдайға жақындауға көмектескен кезде, жауап берілгеніне көңіл аудардыңыз ба? (Елшілердің істері 9:11).

Сол себепті дұға етуімізге негіз бар. Жақында Құдайдың Патшалығының келуі мен аспанда болғандай жерде де оның еркінің орындалуы жөніндегі дұғаға жауап беріледі (Матай 6:10). Жер шарын Құдай өзіне қарсы шыққандардан тазартқан соң “жер... Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға... толы болады!” (Ишая 11:9). Сонда Ехобаны сүйетіндердің барлығы ‘Құдайдың рухани балаларының салтанатты ұлылығы мен бостандығына жетіп’, бақытқа кенеледі және олардың дұғаларына міндетті түрде жауап берілетін болады (Римдіктерге 8:18—21).

[7-беттегі сурет]

Не үшін дұға етуіміз керек екенін білесіз бе?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу