Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w01 1.2. 3—4 бет.
  • Өнегеліліктің құлдырауы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өнегеліліктің құлдырауы
  • 2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапқа негізделген өнегелілік нормалары қажет пе?
  • Киелі кітаптың өнегелілік нормалары ең жақсы нормалар ма?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Өзімізді де, өзгелерді де мәсіхшілерге тән өнегелілікке үйретудеміз
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Моральдық құндылықтардың құндылығы
    Ояныңдар! 2019
2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w01 1.2. 3—4 бет.

Өнегеліліктің құлдырауы

“БҰРЫН-СОҢДЫ мұндай нәрсе болған емес”,— деді Германияның бұрынғы канцлері Хельмут Шмидт. Ол жақында баспасөз бетін дүрліктірген лауазымды адамдардың алаяқтық іс-әрекетіне қатты қапаланды. Бұл туралы газетте хабарланған болатын. “Ашкөздіктің салдарынан өнегелілік нормалары ұмытылды”,— деді ол.

Көп адамдар онымен келіседі. Құдай Сөзі — Киелі кітапқа негізделген және ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтайтын принцип ретінде ұзақ уақыт бойы кеңінен қолданылып келген өнегелілік құндылықтар маңызды саналудан қалып отыр. Бұл жағдай тіпті христиан елдерінде де етек алып отыр.

Киелі кітапқа негізделген өнегелілік нормалары қажет пе?

Киелі кітаптың ілімдеріне негізделген өнегелілік нормаларына адалдық пен тазалық жатады. Бірақ, жалған сөйлеу, жемқорлық және алаяқтық кеңінен тараған. Лондонда шығатын “Таймс” газетінің мәлімдемесіне сәйкес, полиция агенттерінің кейбіреулеріне “полиция тәркілеген есірткілерді алып-сату арқылы немесе қылмыскерлер әлемінің басшыларына қарсы дәлелдерді жоғалту арқылы әр кез сайын 100 000 фунт стерлинг ақша иеленеді деген айып тағылуда”. Австрияда сақтандыру саласындағы алаяқтық үйреншікті нәрсе саналады. Жақында “Германияның ғылым саласындағы алаяқтықтың ең жанжалды оқиғаларының бірі” әшкереленген кезде, Германиядағы ғылыми бірлестіктің төбесінен

жай түскендей болды. “Неміс генетиктерінің ішіндегі көрнектісі” саналатын профессорға жалған мәлімет берген, немесе мәліметтің көп бөлігін бұрмалаған, деген айып тағылды.

Киелі кітапқа негізделген өнегелілік нормаларына сондай-ақ мәңгілік одақты білдіретін неке адалдығы да жатады. Бірақ ажырасу үшін сотқа барып жатқан ерлі-зайыптылардың саны күн санап өсіп келеді. Католиктердің бір газетінде (Christ in der Gegenwart) “тіпті “ескішіл” Швейцарияның өзінде ажырасып жатқандар көбейген үстіне көбейе түсуде” делінді. Нидерландыда барлық некеге тұрғандардың 33 пайызы ажырасады. Германиядағы соңғы жылдардағы қоғамдық өзгерістерге мазасызданған бір әйел: “Неке қазір ескірген, сәннен шыққан нәрсе ретінде қарастырылады. Бүгінде адамдар өмір бойы бірге болу үшін бас қоспайды”,— деп жазды.

Екінші жағынан, миллиондаған адамдар Киелі кітаптың үйрететін өнегелілік нормаларын сенім артуға лайық және бүгінгі күні өте маңызды деп санайды. Швейцария мен Германияның шекарасында тұратын ерлі-зайыптылар Киелі кітаптың нормаларына сай өмір сүруге үйренгеннің арқасында бақыттырақ бола түскендерін сезді. Олардың пікірінше, “өмірдің барлық саласында қолдануға тұрарлық бір-ақ басшылық бар. Ол — Киелі кітап”.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Киелі кітап құнды басшылық бола ала ма? Киелі кітапқа негізделген өнегелілік нормалары бүгінгі күнге лайық па?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу